Анықтамалық- жолсілтеме қызылорда, 2017 ж



жүктеу 2,71 Mb.
бет7/7
Дата06.02.2020
өлшемі2,71 Mb.
#28442
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

Бакалавриат

Кесте 5


Курс

Өту балы

GPA

1

1,5

2

1,67

3

1,84

4

1,9

54. Өту балын алған білім алушылар факультет деканының ұсынысы негізінде университет басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

55. Ең төменгі өту (GPA) балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

56. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

57. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже алған жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, ол емтихандық ведомосы мен сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.

58. Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.

59. Транскрипке білім алушының қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.

60. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.



61. Бітіруші курстың білім алушысы жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

62. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушылардың білімі 1-кестеге сәйкес әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

63. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушы сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

64. Емтихан сессиясының қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, факультет мәжілістерінде, университетің Ғылыми Кеңесінде талқылануға ұсынылады.

65. Университет емтихан сессиялардың (қысқы және жазғы) қорытындысы бойынша білім саласындағы өкілетті органға тиісті нысанда электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.

66. Академиялық қарызы үшін білім алушы унверситеттен шығарылмайды. Егер курстан курсқа өту балын білім алушы жинақтай алмаса, ол сол курсқа қайта қалдырылады. Бұл жағдайда білім алушы жеке оқу жоспарын толықтырады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.

67. Мемлекеттік білім гранты есебінен оқитын білім алушы курстан курсқа өту балын жинақтай алмаса, яғни, сол курсқа қайта қалдырылса, мемлекеттік білім грантынан айырылып, ақылы негізде оқуын жалғастырады.

68. Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушылардың емтихан тапсыру нәтижелері «А», «A-» «B», «B+», «B-» аралығында болған жағдайда оларға ректордың бұйрығымен шәкіртақы тағайындалады.

69. Барлық оқу мерзімі бойынша емтихандарды «А», «A-» «B», «B+», «B-» бағаларымен тамамдаған, қорытындысында үлгерімінің орташа балы 3,5 және одан жоғары болатын, мемлекеттік емтихан мен қорытынды жұмысты (дипломдық жұмысты, жобаны) «өте жақсы» деген бағаға (А, А-) тапсырған студентке үздік диплом беріледі.

2.3 Білімгерлердің Ар Кодексі

Білімгер өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады.Білімгер үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады. Білімгер парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.

Білімгер салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.

Білімгер жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, білімгерлер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды. Білімгер жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.

Білімгер жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды

Білімгер академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату.

Білімгер болашақта Қазақстан Республикасының азаматы ретінде лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.
2.4 Кредиттік оқыту технологиясы терминдерінің сөздігі
1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

6) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

7) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;

8) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;



10) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

11) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БАӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс. БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;

12) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

13) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;

14) Midterm - академиялық кезеңнің ортасында жүргізілетін студенттердің оқу жетістіктерін бақылау түрінде ұйымдастырылады. Midterm кезінде бақылау түрі жазбаша-ауызша (жазбаша жауап парағына жазып, ауызша қорғау) болады.



15) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

16) екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;

17) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;

18) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

19) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

20) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

21) қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;



22) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

23) оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;

24) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

25) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

26) білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (БАОӨЖ)– бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;

27) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

28) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;

29) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);







жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау