Анықтамалық- жолсілтеме қызылорда, 2017 ж


Оқырманның құқықтары мен міндеттері



жүктеу 2,71 Mb.
бет5/7
Дата06.02.2020
өлшемі2,71 Mb.
#28442
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

Оқырманның құқықтары мен міндеттері:

Оқырмандардың мынаған құқығы бар:



    • кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;

    • ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

    • кітапханада электронды техника бар жағдайда облыстық оқу ұйымдарының жиынтық электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады;

Оқырмандар мынаған міндетті:

- әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;

- кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;

кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:

- кітапханаға сырт киіммен кіруге;

- оқу залына сөмкемен кіру;

- кітапхана бөлмелерінде тыныштық тәртіп бұзу;

- кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу;

- кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу);

- картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу;

- қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру;



Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

Кітапхананың мынаған құқығы бар:

- берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға;

- кітапхананы пайдалану қағидасын бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға;

- оқырмандардан жоғалған немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда оқырманның жұмыс орны бойынша сол басылымның шынайы нарықтық құнынан он есе мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына баруға.

Кітапхана мынаған міндетті:

- өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық көп пікірлілік қағидаларын басшылыққа алуға;

- кітапханада оқырманның жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға;

- оқырмандардың талап-тілегін зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;

- кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету мен кітаптарды насихаттауды жетілдіруге, сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізіп, бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыс істеудің әртүрлі нысандарын пайдалануға;

- білім алушылардың оқуына басшылық жасап, олардың бойына кітапқұмарлықты дарытып, үнемі білімін өздігінен жетілдіруге, білімге ұмтылысын оятуға;

- кітапхана-библиографиялық білім негіздері жөнінде ауызша кеңестер мен факультативтер өткізу жолымен оқырмандардың оқу мәдениетін көтеруге;

- қорда бар кітаптарды, баспа басылымдары мен материалды белгіленген қағидаларға сәйкес есепке алып, сақтауға әрі пайдалануға;

- ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге.



Кітапхананың жұмыс кестесі

Университет кітапханасының жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін. Демалыс күні –сенбі, жексенбі.

Жатақханалардағы кітап беру пункті сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні



Кітапхананың жұмыс кестесін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры бекітеді.

.




1.3. Студенттер жатақханасы

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі университеттің студенттік кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, топтар мен Студенттер Кеңесі жиналыстарының шешімі негізінде студенттік жатақханалар тұрғындарының контингентін қалыптастырады.

Тамыз айында студенттік кәсіподақ комитеті өзін-өзі басқару Кеңесі жасаған жатақханалардағы курс бойынша орналасу тобын бекітеді. Тамыз айының соңынан бастап әрбір курста жатақханалардағы орындарды бөлу жөнінде комиссиялар жұмыс істейді.

Бірінші курс студенттерін жатақханаларға орналастыру 1-қыркүйекке дейін жүргізіледі және орын алуға ниет білдірушілерге беріледі.

Жатақханалардағы орналастыру аяқталғаннан кейін, бірінші қазаннан бастап бөлмелерді төлқұжаттандыру жүргізіледі. Әрбір бөлменің төлқұжаты Студенттік Кенесте сақталады, оған тұрғындардың аты-жөні енгізіліп, бөлмедегі студенттердің материалдық жауапкершілігіндегі барлық инвентарлар белгіленеді.

Мұндай тәртіп жатақханалардағы мүліктердің сақталуына, қоғамдық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бөлме төлқұжаттарына жыл бойына тұрғындарға жасалған ескертпелер енгізіледі. Мамыр-маусым айларында бөлмелерге аттестациялау өткізіледі, онда берілген ескертпелер негізінде студенттердің жыл бойына атқарған қоғамдық жұмыстарына қарай оларға келесі оқу жылында жатақхана беру жөнінде шешім шығарылады.



Жатақхана тұрғындарының міндеттері:

  • Жатақхананы пайдалану ережелерін қатаң сақтауға;

  • Өзіне бекітілген және жатақхана мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге;

  • Жатақханада өткізілген мәдени іс-шараларға қатысуға;

  • Жатақхана маңында жүргізілетін тазалық жұмыстарына қатысуға;

  • Өзінің тұрып жатқан кіре берісі мен қабатының, бөлмесі мен тұрмыстық орындарының тазалығын сақтауға;

  • Кезекшілік кестесі бойынша уақытылы шығуға;

  • Жатақхана тұрғындарына басқа бөлмеге, ал кезекші оқытушыларға жазғы мезгілде сағат 23.00-ден кейін, қысқы мезгілде 22.00-ден кейін тұрғынның рұқсатынсыз бөлмеге кіруге болмайды;

  • 2008 жылдың 04 желтоқсанының №6959–а бұйрығына сәйкес студенттік жатақханаларға бөгде кісілердің, яғни (ата-ана, туыстары, достары, таныстары, тағы басқа) кіруіне тыйым салынады.

  • Оқу жылының аяғында әр студент өзінің бөлмесін, әр қабаттың старостасы қабаттың дәлізін және санузельдерді жөндеуден өткізіп, тапсыруға;

  • Күзетшіге рұқсат қағазын көрсетуге;

  • Студенттік кеңеспен, оның төрайымымен тікелей байланыс жасауға.

Жатақхана тұрғындарының құқығы:

  • Жатақхана кеңесінің төрағасын сайлауға (студенттер кеңесі) және оның құрамын сайлауға, сайлануға;

  • Жатақхананың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін студенттер кәсіподақ комитетінің алғысымен марапатталуға;

  • Ата –анасы , туыстары келген жағдайда тиісті құжаттармен демалыс бөлмесінде жүздесуге;

  • Танымайтын бөтен адамдар есік қаққанда, жанында студенттер кеңесінің төрағасы немесе старостасы болмаған жағдайда есікті ашпауға;

Жатақхана тұрғындарына тиым салынады:

  • Бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше орналасуға;

  • Тұрғын бөлмелерде электр және оттан қауіпті приборларды пайдалануға;

  • Бөтен адамды түнеуге қалдыруға;

  • Жатақханаға ішкілік ішкен күйде келуге, бөлмеде спиртті ішімдіктерді ішуге және сақтауға;

  • Жатақханада темекі шегуге;

  • Терезеден қоқыс төгуге;

  • Сағат 23.00-ден кейін радиоқабылдағыш, магнитофон, телевизор дауысын бөлмеден тысқары естілетіндей күшейте қосуға;

  • Жатақханаға қысқы маусымға орай сағат 22-00-ден кейін кіруге.

Жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін орындамау үшін қолданатын әкімшілік шаралар: Жатақхана тәртібін бұзғаны үшін Студенттер кеңесінің құрамы мынадай жаза қолданады:

  • Ескерту;

  • Сөгіс;

  • Қатаң сөгіс;

- Жатақханадан шығару

Жатақхана тұрғыны ішкі ережелерді, өзіне жүктелген міндеттерді себепсіз орындамаса, егер бұрын да оған ескертулер қолданылған болса, тәртіп жөніндегі шара ретінде жатақханадан шығару ережесі қолданылады.

Жаза қолданғанға дейін жатақхана тәртібін бұзушыдан түсініктеме талап етіледі. Әкімшілік шараны жағымсыз әрекет ашылғаннан кейін 1 аптадан кешіктірмей қолданылуы тиіс. Жатақахана тәртібін бұзғаны жөніндегі жаза әкімшілік шешімі түрінде шығарылады.

Жатақхана тұрғындарының асханада сақтауға міндетті ережелері:

- Асханада тазалық ережелерін сақтау.

- Асты ұқыпты әзірлеу.

- Асты кезекпен әзірлеу

Асты әзірлеу барысында өзгелерге кедергі келтірмеу және техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

Асты ішіп болғаннан кейін орнын тазалап кету.

Асханада кезекшілік кестесі бойынша тазалық күнін жүргізіп тұру.

Тұрғындар жатақхана асханасындағы ережелерді сақтамаған жағдайда студенттік кеңестің шешімімен жатақханадан шығарылады.



Жастар ісі жөніндегі комитет

Жастар ісі жөніндегі комитет - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Студенттік өзін-өзі басқару - университеттегі оқу-тәрбие үрдісінің жалпы басқару жүйесінің элементі және студенттердің өздерінің қоғамдық пікірін зерттеу негізінде мүдделерін, қажеттіліктерін барынша ескеруді көздейді.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің мақсаты:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңын орындау;

- Университет жастары мен студенттерінің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;

- Жатақханаларда тұратын студенттердің азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту;

- Студенттік жастардың отансүйгіштік рухын үйлесімді дамыту;

- Қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің функциялары:

- студенттердің мүдделерін қолдау және қорғау, оқу процесінің тиімділігін жоғарылату;

- белсенді өмірлік және азаматтық позицияны құруға көмектесу;

- студенттердің әр түрлі қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін қызығушылықтары бойынша ұйымдар құру және жүргізуді ұйымдастыру;

- студенттік және жатақхана өмірін жарқын және бай өткізуге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру (спорт саласында ойындар, түрлі тақырыптар бойынша пікір-таластар, ойын-сауық кештері);

- оқу үрдісін басқаруда студенттердің қатысуын арттыру;

- ЖОО-да білім беру сапасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар үшін ашық саясатты енгізу;

- студенттердің білім беру траекториясын құруға толық қатысуы;

- студенттердің ғылыми-зерттеу бағытта жұмыс жасауына жәрдемдесу, студенттерді ғылымға баулу, түрлі ғылыми жобаларға, конференцияларға, студент бизнес инкубаторларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға шақыру, студенттің өмірін ғылым саласы бойынша қызықты, жан-жақты етіп өткізу.

Жастар комитетінің құрамында 15 жастар ұйымдары жұмыс жасайды:




Жастар ұйымының атауы

Ұйымның міндеттері

«Жас Отан» Жастар қанаты

«Жас Отан» Жастар қанатының міндеттері: Елбасының саясатын қолдауға, демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құруға жастарды тарту; жастар арасында аламаты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар патриоттық тәлім-тәрбие беруге бағытталған.

Студенттік кеңес

Студенттік кеңес мақсаты студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жəне бос уақытта спорттық жəне мəдени жұмыстармен айналысуын қамтамасыз ету; мәдени іс-шараларды ұйымдастырады; студенттерге әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету; студенттердің мүдделерін қорғау.

ҚМУ «Қазақстан Студентерінің Альянсы»

ҚСА-ның негізгі міндеттері:

Студенттердің мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу;



жастардың арасында патриоттық сезімдерді қалыптастыру.

«Ұлағат Ұландары» педагогикалық жасағы

Облыстың білімді, көшбасшы жастарынан құрылған бұл ортаға мүшелікке студенттер арнайы іріктеуден өтіп қабылданады. Позитивті ұстанымдағы жастар қашан да мәдени іс-шаралардың ұйытқысы. Бұл ұйым мүшелері жаз айларында облыстың және Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының балалардың жазғы тынығу лагерлерінде тәлімгер және тәрбиеші ретінде қызмет жасап жүр. Ұлағаттық жастар «Атамекен» балалар ауылында, балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйінде, қарттар үйінде түрлі мәдени шаралар өткізіп тұрады.

«Зерде» студенттердің ғылыми қоғамы

«Зерде» ғылыми студенттік қоғамы студенттерді ғылыми жұмыстарға, ғылыми жобаларды дайындауға, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатысуына жәрдеседі.Студенттердің интеллектуалды қабілеттерін дамытуды көздейді.

«Dream club» интелектуалды ұйымы

«Dream club» ұйымы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің құрамына енеді. Бұл ұйым білімді, көшбасшы, белсенді студенттерді қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайды.

«Қыз жібек» қыздар клубы

«Қыз жібек» қыздар клубының негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы Қыз Жібегін қалыптастыру және университет білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.

«Ақиқат» саяси дебат клубы

Бұл дебат орталығы кезкелген студент мүше бола алатын арнайы клуб. «Ақиқат» студенттердің шешендік қабілетін шыңдап, интеллектуалды ойлау деңгейін арттыруды көздейді. «Ақиқат» саяси дебат клубы университет ішілік, облыстық, республикалық деңгейдегі дебат ойындарын жүйелі өткізіп тұрады.

«Жасыл ел» ерікті жұмысшылар жасағы

Жасақтың негiзгi мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

«Қыран» еріктілер жасағы

Университеттің жанында құрылған «Қыран» еріктілер жасағы полиция қызметкерлерінің жас көмекшілері болып табылады. Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

«Жайдарман» КВН клубы

Клубтың мақсаты – қоғамда орын алып жатқан кемшіліктерді, мәселелерді астарлы әзілмен халыққа жеткізу, тіл мәдениетін дамуына өз үлесін қосу, жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, сахна мәдениетіне тәрбиелеу, кез келген ортада өзін-өзі ұстауға, болашақта қоғамға өз пайдасын тигізетін азаматтар тәрбиелеу.

«Сыр сымбаты» спорт клубы

«Сыр сымбаты» спорт клубының мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен шұғылдануға шақыру. Сонымен қатар, спорт клубы студенттердің дене тәрбиесі және спорт тарапынан көптеген қызығушылықтарын қанағаттандырып, оларды жан-жақты дамытуды, студенттік командалардың қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық Универсиадаларға қатысуына жағдай жасауды көздейді.

«ҚМУ шақырады!» жастар қозғалысы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан құрылған «ҚМУ шақырады!» жастар қозғалысы университетіміздің белсенді студенттерінің бос уақытын тиімді пайдаланып, көшбасшылық қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері арқылы ерікті түрде қалалық, облыстық мектептермен байланыс жасай отырып оқушыларды университет қабырғасына тарту, қызықтыру мақсатында құрылған үгіт-насихат бағытындағы жастар ұйымы.

«Жауһазын»

Студенттік театры



Студенттік театр мақсаты студенттер арасында шығармашылықты дамыту, олардың кәсіби тұрғыдан дамуына ұйытқы болу.

«Демеу» Студенттік кәсіподақ

Студенттік кәсіподақтар ұйымы туралы жалпы ереже Кәсіподақтар бастауыш ұйымы қоғамдық бірлестігі “Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының филиалы (құрылымдық бөлімшесі) болып табылады, сондай-ақ білім беру және ғылым қызметкерлері мен жастарды, олардың еңбек, кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғап және өкілдік ету үшін, ерікті түрде біріктіреді.


2. КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

2017-2018 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі


Іс-шаралар

Мерзімі

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-не талапкерлерді тіркеу, студенттер қатарына қабылдау

28 тамыз

1 курс студенттері үшін элективті пәндерге таңдауды жүргізу

29 тамыз-2 қыркүйек

1 курс білім алушыларының бейімделу аптасы

29 тамыз-2 қыркүйек

Конституция күні (демалыс)

30 тамыз

Құрбан айт мейрамы (демалыс)

1 қыркүйек

2017-2018 оқу жылындағы күзгі семестр

Білім күні

2 қыркүйек

Күндізгі оқу бойынша 1-5 курстарының күзгі семестрі

төмендегі мамандықтардан басқа:



4 қыркүйек-22 желтоқсан

Күндізгі бөлім бойынша І аралық бақылау 1-5 курстары бойынша

16-27 қазан

Күндізгі бөлім бойынша ІІ аралық бақылау 1-5 курстары бойынша

11-22 желтоқсан

Midterm Examenation

6 -10 қараша

Тәуелсіздік күні (демалыс)

16-17 желтоқсан

Күндізгі бөлім бойынша кәсіби практика

Оқу үдерісінің кестесіне сай

Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе

Күндізгі бөлім бойынша күзгі семестрдің сынақ-емтихан сессиясы (1-5 курстарға)

25 желтоқсан-12 қантар

Жаңа жыл (демалыс)

1,2 қаңтар

Рождество мейрамы (демалыс)

7 қаңтар

Күндізгі бөлім студенттеріне қысқы демалыс (1-5 курстарға)

15-26 қантар

2017-2018 оқу жылындағы көктемгі семестрі

Күндізгі бөлім бойынша көктемгі семестрдің басталуы

(1-5 курс)



29 қантар – 18 мамыр

Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе

Оқу үдерісінің кестесіне сай

Кәсіби практика

І аралық бақылау 1-4 курстары бойынша

12-23 наурыз

ІІ аралық бақылау 1-4 курстары бойынша

23сәуір-4 мамыр

Халықаралық әйелдер күні (демалыс)

8 наурыз

Наурыз мерекесі (демалыс)

21,22,23 наурыз

Қазақстан халықтарының бірлігі күні (демалыс)

1 мамыр

Отан қорғаушы күні (демалыс)

7 мамыр

Жеңіс күні (демалыс)

9 мамыр

Midterm Examenation

2-6 сәуір,9-13 сәуір

2-3 курс студенттерінің таңдау курстары бойынша элективті пәндерге жазылуы

12-23 наурыз

Күндізгі бөлім бойынша көктемгі семестрдің сынақ-емтихан сессиясы

21мамыр-8 маусым

Қорытынды аттестаттау барлық мамандықтарға

9 сәуір-18 мамыр

16 сәуір-25 мамыр

23 сәуір-1маусым

14 мамыр -22 маусым



Астана қаласының күні (демалыс)

6 шілде

Әскери жиын

2 шілде-10 тамыз

Жазғы семестр

11 маусым-20 шілде


2.2 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау
1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (Ереже) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық, midterm және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді университет өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың емтихан тапсыру және сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде жүзеге асырады.

3. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес анықталады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.

Кесте 1

Пән бойынша бағалау жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық

құрамы, %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

4. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады.

5. Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын орындау, білім алушының өзіндік жұмысы, аралық бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.

6. Аралық бақылау әрбір пән бойынша бір академиялық кезеңде екі рет өткізіледі.

7. Аралық аттестаттау, midterm оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу оқу процесінің тіркеуші офисіне жүктеледі.

9. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.

10. Сараланған (дифференциалдық) сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.

Сараланған (дифференциалдық) сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.

11. Білім алушылардың кәсіби  практикадан (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) өтуі кезінде бағалануы сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының практикада болу мерзіміндегі жұмысы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, практика есебін қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі.

Пән бойынша бақылау түрі тек курстық жұмысты (жобаны) қорғау болған жағдайда, білім алушының білімін бағалау сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының курстық жұмысты (жобаны) орындауына 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, курстық жұмысты (жобаны) қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі. Бұл жағдайда курстық жұмыстың (жобаның) бағасы мемлекеттік стипендияны, курстан курсқа көшіру балына есептеуде ескеріледі. Пән бойынша курстық жұмысты (жобаны) тапсыру беріліп, бірақ сол пәннен бақылау түрі емтихан болған жағдайда курстық жұмысты (жобаны) бағалау пән бойынша ағымдық бағалауға енгізіледі.

12. Кәсіби практиканың қорытындысы бойынша білім алушы жасалған жұмысы бойынша кафедраға жетекші және кеңесшімен тексерілген күнделік-есепті ұсынады және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияға тапсырады.

Есепті қорғаудың нәтижесі №125 бұйрығымен бектіліген бағалау жүйесіне сәйкес бағаланады.

Есепте мамандығына байланысты атқарылған жұмысы, практика базасы туралы, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетілу керек.

Есеппен қоса:

-мекеме мөрі және практика базасында тағайындалған жетекшінің қолымен бекітілген білім алушыға берілген пікірі;

-мекеме басшысымен бекітілген және мөр қойылған практиканың жұмыс жоспар-графигі;

-кәсіби практикадан өткен жөнінде күнделік-есеп;

-білім алушының практикаға келіп кеткен жөніндегі жолдама;

- өз бетінше орындаған жұмыстардың материалдары.

Практика мерзімі аяқталғаннан кейін және өндіріс орнынан бекітілген жетекшінің мініздемесі берілгенсоң, білім алушы практика есебін кафедрада бекітілген комиссияға қорғайды.

Практиканың қорытынды бағасы ведомостқа қойылады және ол оқу процесінің тіркеуші офисіне тапсырылады.

Практика қорытындысы GPA және курстан курсқа ауысуына әсер етеді.

13. Денсаулық жағдайына байланысты немесе басқа да бір дәлелді себептермен кәсіби практикадан өтпеген білім алушыға оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың бұйрығымен практикадан қайтып өтуге мүмкіндік беріледі. Дәлелсіз себептермен практикадан өтпеген немесе «F қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушыға бұл академиялық берешек болып есептеледі және бұл жағдайда білім алушы келесі академиялық кезеңде теориялық білім алумен қатар немесе жазғы семестрде практикаға қайтадан жіберіледі.

14. Midterm –академиялық кезеңнің ортасында білім алушылардың білім деңгейін бақылау түрі. Midterm екі аралық бақылаудың ортасында 10-шы аптада өткізіледі.

15. Білім алушылардың оқу жетістіктерін және білімді игеру деігейін анықтау үшін аралық бақылау өткізіледі (Midterm). Қорытынды бақылаудың барлық түрлері жазбаша түрінде ұйымдастырылады (оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың пәндерінен басқа).

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың бекітілген пәндері бойынша 1, 2 аралық бақылау тест түрінде өткізіледі, ал емтихан және midterm жазбаша түрінде қабылданады. Midterm тапсырмаған білім алушы емтиханға жіберілмейді. Midterm 100-балдық жүйе бойынша бағаланады. БАОӨЖ-нан қойылған апталық бағалары емтиханда алған бағаға қосылады.

16. Midterm форматында өткізілетін аралық бақылауға пән оқытушысы кафедра меңгерушісімен бекітілген жазбаша тапсырмалардың жинағын дайындайды. Білім алушыларға арналған оқу бағдарламасында (sillabus) әдебиеттер тізімі, методикалық нұсқаулар, сұрақтар тізімі ұсынылады. Білім алушылардың midterm аралық бақылаудың жазбаша жауаптары факультет деканаттарында сақталады.

17. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді. Сонымен қатар жазғы семестр уақытында қосымша емтихан сессиясы өткізілуі мүмкін.

18. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихан сессиясының нәтижелері бойынша университет ректорының бұйрығымен білім алушылар курстан курсқа көшіріледі.

19. Емтихан сессиясының мезгілдігі және ұзақтығы университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітілген академиялық күнтізбе және мамандықтың жұмыс оқу жоспарымен айқындалады.

20. Емтиханды өткізу үшін топқа дәріс бермейтін тиісті біліктілігі бар оқытушы-профессор құрамынан эксперттік комиссия құрылады.

Емтиханға оқу процесінің тіркеуші офисінің жазбаша рұқсатысыз емтиханға қатысы жоқ басқа қызметкерлерге кіруге болмайды.

21. Факультет деканының емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде білім алушының аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.

Емтихандық сессияға жіберу екі кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезеңде факультет деканының жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ білім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;

2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және аралық бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру емтихан ведомостарындағы әрбір білім алушының тегінің тұсына оқу процесін тіркеуші офисі тиісті белгі қоюымен орындалады.

Аталған пән бойынша жіберу рейтингісін алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

22. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.

Емтиханда білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

23. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», D, D+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен білім алушының сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.

24. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң білім алушыға оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.

Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингісінің бағасы (орташа рейтинг) мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.

25. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) пән бойынша қорытынды бағаның 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-ын құрайды.

26. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, білім алушының транскриптіне жазылады.

27. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

28. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

29. Факультет деканы кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) білім алушыға емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.

Факультет деканы білім алушыға денсаулығына, сәбиінің дүниеге келуіне, жақын туыстарының қайтыс болуына, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруына рұқсат береді.

30. Емтихандар ауызша, жазбаша немесе тест түрде өткізіледі.

31. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен беріледі.

32. Барлық оқыту нысанына арналған емтихандар кестесін тіркеуші офисі факультет деканымен бірлесе жасайды.

Емтихандар кестесін бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді. Сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей емтихандар кестесі білім алушылар мен оқытушылар назарына жеткізіледі.



33. Емтиханға келгенде білім алушының қолында студенттік билет болуы міндетті.

34. Қорытынды бақылау өткізу үшін оқу процесінің тіркеуші офисі тарапынан емтихан қабылдаушыға білім алушылардың академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингісі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.



35. Білім алушының пән бойынша дәрісханалық жұмысының, оқытушымен өзіндік жұмысының және аралық, қорытынды бақылау (емтихан) жұмыстарының әрқайсысы, сондай-ақ сабақтардағы әрбір жауап, тапсырылған жеке тапсырма, әрбір зертханалық жұмыс және реферат 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. Білім алушылардың білімін бағалауда тапсырма түрінің ерекшелігі мен күрделілігін анықтайтын коэффициенттер (салмақтық үлес) беріледі. Сол тапсырма бойынша білім алушының ағымдық бақылау бағасы 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланған бағасын осы салмақтық үлеске көбейту арқылы есептелінеді (2- кестеде жеке тапсырмалар түрлері бойынша салмақтық үлестер 3-бағанда келтірілген).

36. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. Бағалау приципі 1-қосымшада көрсетілген.

Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау бағасы пән ерекшеліктеріне байланысты тарсырмалар түрлері бойынша бағалануы 2-кестеде берілген.

2-кестедегі дәрісханалық және білім алушының өзіндік жұмысындағы тапсырмалардың түрлері пән ерекшеліктеріне байланысты құрылымдалады, сабаққа қатысуға 0,15 салмақтық үлес міндетті түрде беріледі, қалған тапсырмалардың тізімі мен салмақтық үлесі оқытушының таңдауымен өзгертілуі мүмкін. Дәрісханалық жұмыс бойынша қосынды салмақтық үлес 0,60-тан аспауы және білім алушының өзіндік жұмысы бойынша қосынды салмақтық үлес 0,40-тан аспауы қажет.

Есептеулерге түсіндірме: 11-бағандағы нәтиже сол тапсырма түрі бойынша әрбір аптадағы білім алушының алған бағаларының (100 пайызға дейін) орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады.

Тиісті тапсырма бойынша 12-бағандағы ағымдық бақылаудың бағасы сәйкес жолдардағы 11-бағандағы орташа арифметикалық қосындының 3-бағандағы салмақтық үлеске көбейтіндісі түрінде анықталады.

Әрбір тапсырманың 12-бағандағы нәтижелері қосылып, ағымдық бақылаудың нәтижесін береді.

2-ағымдық бақылаудың қорытынды бағасы да осы тәртіппен шығарылады.

Есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі.

Осы келтірілген тәртіппен білім алушының кез-келген кезеңдегі (мысалы алғашқы 1-3 апта аралығындағы) ағымдық бақылауының бағасын есептеуге болады.

37. Білім алушының пән бойынша қорытынды бағасының 60%-ын оқытушы бағалайды (ағымдық бақылау), ал емтихан бағасы қорытынды бағаның 40%-ын құрайды, қорытынды бақылау (емтихан) оқу процесін тіркеуші офисі арқылы ауызша, жазбаша немесе тест түрінде өткізіледі.

38. Жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

Жазбаша емтиханның үш деңгейлік сұрақтары кафедрада бекітіліп деректер қорына еңгізіледі. Күрделі деңгейдің сұрағы есепте болу мүмкін.



Жазбаша емтиханда әрбір білім алушыға әртүрлі деңгейдегі сұрақтары бар еркін түрде жауап парағы шығады. Әр жауап парағына білім алушы туралы ақпарат штрих-код арқылы енгізіледі. Жауап парағында білім алушы туралы ешқандай ақпарат болмайды. Білім алушы сұраққа жауаптарын бір немесе бірнеше жауап парағына жазады. Емтихан аяқталғаннан кейін жауап парағы жиналып пән бойынша бекітілген эксперттерге беріледі. Эксперттер бағалап болғаннан кейін емтихан ведомосы толтырылады. Ведомостқа қойылған бағаны оқу процесін тіркеуші офисінің әдіскері «Платонус» бағдарламасына енгізеді.

Кесте-2


Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы




Тапсырма

түрлері


Салмақтық үлесі


Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)



t1- 1-ағымдық бақылау (%)

Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)

t2- 2-ағымдық бақылау(%)

1

апта


2

апта


3

апта


4

апта




5

апта


6

апта


7

апта


8

апта


9

апта


10

апта


11 апта

12 апта

13

апта


14 апта

15 апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

І

Дәрісханалық жұмыс, оның ішінде


0,60







60







60

1

Сабаққа қатысу

0,15


























































2

Сабақтағы белсенділік





























































3

Бақылау жұмысы





























































4

Зертханалық жұмыс





























































ІІ


СӨЖ, оның ішінде:

0,40







40







40

1

ЕГЖ (презентация)





























































2

Үй тапсырмасы





























































3

Реферат, баяндама
































































Ағымдық бақылау

1

























100




























100

39. Ауызша емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

40. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген.
Кесте 3

Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)


Тест балы

Әріптік жүйе

бойынша бағасы

Пайыздық құрамы, %

20

А

100

19

А

95

18

А-

90

17

В+

85

16

В

80

15

В-

75

14

С+

70

13

С

65

12

С-

60

11

D+

55

10

D

50

9-0

F

49-0

Ал, тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген.



Кесте 4

жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау