|
Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлеріАяқтың сүйектері: жамбас белдеуінің сүйектері
|
бет | 4/40 | Дата | 19.04.2023 | өлшемі | 262,69 Kb. | | #42223 | түрі | Құрамы |
| лд экзамен (копия)Аяқтың сүйектері: жамбас белдеуінің сүйектері.
Жамбас белдеуі (лат. pelvis) — сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған қағқаның маңызды бөлігі. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі.
Аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің сүйектері, құрылысы.
Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан,балтыр және және аяқбасы сүйектерінен құралған.Сандағы негізгі сүйек –ортан жілік.Ортан жілік –адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны.Оның денесі және екі жағында ұштары болады.Жоғары ұшында ұршық басы ,одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады.Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады.Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады.Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады.Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып ,алдыңғы жағы бірігіп,тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында олтаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады.Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек.Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады.Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жліншік сүйектерінен тұрады.Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек .Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады.Онда екі төмпек ,ортаңғы және сыртқы төмпек болады.Сүйек үш қырлы болғандықтан ,үш жиегі және үш беті бар.Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады.Кіші жіліншік денесі үш қырлы ,жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек.Төменгі ұшы жуантықтау болады,оны сыртқы тобық деп атайды.
Аяқ басы сүйектері тілерсек,табан және бақай сүйектері бөлімдерінен тұрады.Тілерсек сүйектері балтыр мен табан сүйектерін жалғастыратын жеті сүйектен:топай,өкше,қайық,текше пішінді және сына тәрізді үш сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің саны бесеу.Бақай сүйектерінің 1-ші бақай сүйектері 2 башпайдан ,қалған 2-5-шілері 3 башпайдан құралған.Табан сүйектерінің негізі,денесі жэәне басы болады.Башпай сүйектері де дәл сондай бөлімдерден құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|