|
«Қан айналымы биохимиясы» модулі бойынша ақпараттық топтамаАспартатаминотрансфераза (АсАТ) –
|
бет | 9/59 | Дата | 13.03.2023 | өлшемі | 1,31 Mb. | | #41731 | түрі | Сабақ |
| Қан айналымы биохимиясы- инф блок (копия)Аспартатаминотрансфераза (АсАТ) – NH3 бірінші молекулаға тасымалдай отырып, оксалоацетаттан аспартаттың түзілуін катализдейтін фермент. Екінші реакция өнімі – α-кетоглутарат болып табылады. Кейін мочевина циклінде өңделетін NH3-ң амин қышқылдарынан бөлініп шығуында реакцияның маңызы зор, өйткені реакция кезінде алынған аспартат аргининосукцинат түзілуі үшін қажет. МИ бар науқастарда АсАТ деңгейі ауырсыну басталғаннан кейін 8-12 сағаттан кейін қалыпты деңгейден асады, максималды мәні 24—З6-шы сағатқа жетеді және 3-4 күнде қалпына қайта оралады. Бұл ферменттің көп мөлшері бауыр тіндерінде кездеседі, бұл оның миокард некрозына қатысты арнайлығын айтарлықтай төмендетеді. АсАТ МИ-ң ерте және кеш диагнозын қою үшін ыңғайсыз, ол тек сезімтал және нақты маркерлермен бірге қолданылады. Миокард некрозына қатысты төмен арнайылығына байланысты МИ диагнозын қою үшін ЛДГ секілді бұл маркерді де қолдану қазіргі уақытта мақсатты емес деп қабылданған.
АЛТ жоғарылауынан асып түсетін AСT-ң жоғарылауы зақымдалған жүрек бұлшықетіне тән; егер АЛТ көрсеткіші AСT-дан жоғары болса, онда бұл, бауыр жасушаларының бұзылғандығын көрсетеді.
Миокардтың зақымдануына тән емес реакцияға нейтрофильді лейкоцитоз кіреді (окклюзиядан бірнеше сағат өткен соң пайда болады және 3-7 күнге созылады, лейкоциттердің саны 1 мкл /12000-15000-ға жетеді). ЭТЖ баяу көтеріледі, 1-ші аптада шыңына жетеді және көбінесе 1-2 апта бойы жоғары күйінде болады.
Май қышқылдарын байланыстыратын жүрек нәруызы (МҚБжН) аминқышқылдарының ретті тізбегі бойынша қаңқа бұлшықеттерінің көлденең жолақты бұлшықет тінінде болатын май қышқылдарын байланыстыратын нәруызбен (МҚБН) бірдей, бірақ қаңқа бұлшықеттерінде аз мөлшерде кездеседі. МҚБжН-ң максималды мөлшері миокард тінінде - 0,5 мг/г болады. МҚБжН-ң салыстырмалы түрде көп мөлшері кездесетін жалғыз бұлшықет – бұл диафрагма (миокард тініндегі құрамның шамамен 25%). МҚБжН-ң белгілі-бір мөлшері аорта тіндерінде кездеседі және аортаның қабаттала аневризмі кезінде қанда оның мөлшерінің жоғарылайтындығын болжауға болады. МҚБжН негізінен жасушалардың цитоплазмасында еркін орналасқандықтан, кардиомиоциттің жасушалық мембранасы зақымданған жағдайда ол қан ағымына тез түседі. Дені сау адамдардың қанында МҚБжБ аздаған мөлшері ғана айналымда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|