Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет17/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

 

 II НЕЛІКТЕН ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ - ШАҚ ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ 



Ерте  балалық  шақта  кейінгі  бүкіл  өмір  бойғы  денсаулықтың,  оқу-үйрену  қабілетінің  және  мінез-

құлықтың  аса  маңызды  негіздері  қаланады.  Өмірінің  алғашқы  жылдарында  балалар  тәуелді  және 

дәрменсіз нәрестелерден өз бетінше жүріп-тұра алатын, сөйлей алатын және мәселелерді белсенді 

шеше  алатын  балаларға  айналады.  Осындай  түбегейлі  өзгерістер  үдерісіне  табиғат  пен  тәрбие,  ген 

және қоршаған орта арасындағы күрделі өзара әрекеттестік себепші болады. Балалар өсетін ортаның 

дамытушы  қасиеттері  және  балалардың  ата-аналарымен,  тәрбиелеушілерімен,  отбасымен  және 

қоғаммен  құратын  адами  қарым-қатынастары  олардың  дамуына  ең  елеулі  және  ұзаққа  созылатын 

әсерлердің бірін тигізеді.  

Баланың дамуы – баланың көру, есту, сөйлеу, қимылдау, ойлау және мәселе шешу қабілетінің бірте-

бірте  көріну  үдерісі.  Барлық  балаларда  бірдей  қабілеттер  дамиды,  бірақ,  генетикалық  фонға  және 

қоршаған  ортадағы  жағдайларға  қарай  әртүрлі  жылдамдықпен  дамиды.  Ананың  жасы  және  жүкті 

болар алдында оның ағзасындағы темір теңгерімі сияқты факторлар да баланың дамуына әсер етеді. 

Балалар  тәрбиеленетін  әлеуметтік  және  физикалық  орта  әдетте  олардың  білімқұмарлығын,  білім 

алуға деген қызығушылығын және өз-өзіне сенімділігін дамыта алу қабілетініне әсер етеді. 

Даму үдерісі белгілі бір уақыт кезеңдерінде жүруі үшін оған нақты ресурстар арнау қажет. Осындай 

ресурстар  арнау  үшін  балаға  күтім  көрсететін  ересектер,  соның  ішінде,  ата-аналар,  отбасылар, 

медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да тұлғалар жауапты.  

2.1 Даму салалары деген не?  

Өмірінің  алғашқы  жылдары  балалардың  бойы  ғана  емес,  салмағы  да  өседі.  Олар  бірнеше  бағытта 

немесе салада дамиды. Жалпы, осындай салаларға келесілер кіреді: 

•  Физикалық даму – қимыл-қозғалысты меңгеру, тепе-теңдікті сақтау және денедегі ірі бұлшық 

еттерді  (мысалы,  жүгіру,  секіру  және  баспалдақпен  көтерілу  үшін  қажет  болатын  арқадағы 

және  аяқтардағы  бұлшық  еттерді)  және  ұсақ  бұлшық  еттерді  (мысалы,  ұсақ  заттармен  іс-

әрекеттер  жасау  үшін  немесе  қарындаш  ұстау  үшін  қажет  болатын  саусақтардағы  бұлшық 

еттерді) пайдалану қабілетін дамыту; аталмыш үдерістер сәйкесінше ірі және ұсақ моториканы 

дамыту атауымен белгілі. 

•  Әлеуметтік-эмоциялық даму – бұл баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті. Кіші 

жастағы балалар достасуды, топтық ойындарға қатысуды, өзгелерге жанашырлық танытуды, 

ынтымақтасуды, әділдік және белгілі бір әрекеттерді кезек-кезекпен орындау, сонымен қатар, 

әлеуметтік  ортада  ненің  лайықты  және  лайықсыз  екені  сияқты  ұғымдардың  мәнін  түсінуді 

үйренеді.  Балалар  өз-өзіне  деген  сенімділігін,  өзін-өзі  құрметтеуді  және  эмоцияларын 

тізгіндеуді дамытады. 

•  Танымдық  даму  –  оқу-үйрену  және  күрделірек  ақыл-ой  қабілетінің  барған  сайын  артуы. 

Балалар өмірінің алғашқы жылдары білімқұмарлығы дамиды және олар «қалай?», «қашан?» 

және «неге?» деген сияқты сұрақтар қоюды үйренеді. Балаларда зейін қою ұзақтығы артады, 

олар тапсырмаларға көңіл бөлуді және мәселе шешуді үйренеді, түстерді ажырата бастайды, 

сандар мен әріптерді оқып үйрене бастайды.     




 

•  Коммуникативтік  даму  –  сөз  түсіну,  қажеттіліктерін,  ойларын  және  эмоцияларын  ауызша 



жетізу қабілеті. Өмірінің алғашқы жылдары балалар былдырлаудан бір немесе екі сөзді қосып 

айтуға  көшеді,  ал  кейін  толық  сөйлемдерді  қолдану  арқылы  сөйлеп  үйренеді.  Бала  алған 

әсерлерін  сипаттауды,  өткен,  осы  және  келер  шақ  туралы  әңгімелеуді,  әңгімеге  қатысуды 

үйренеді.  Балада  өзіне  оқып  беретін  кітаптардағы  әңгімелерді  және  хикаяларды  тыңдауға 

құштарлығы оянады. 

•  Бейімделу дағдылары – балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс-

әрекеттерді  жасауға  үйренісу  дағдыларының  дамуы.  Ерте  балалық  шақ  аяқталарда 

балалардың  көпшілігі  ересектердің  көмегінсіз  киіне  алады,  тамақ  іше  алады,  жуына  алады, 

тісін  тазалай  алады  және  дәретханаға  бара  алады.  Сонымен  қатар,  олар  тамақтану  кезінде 

қасық  пен  шанышқы  ұстауды,  ойыншықтарын  және  кітаптарды  жинауға  көмектесуді  және 

қарапайым  тәртіппен  өмір  сүруді,  мысалы  белгілі  бір  уақытта  ұйықтауды,  ойнауды  және 

тамақтануды үйренеді.  



2.2 

   


Даму кезеңдері деген не?  

Алғашқы қадам, алғаш рет күлімсіреу және қолмен «сау бол» деген ишарат білдіру сияқты дағдылар 

даму  кезеңдері  деп  аталады.  Балалар  ойнағанда,  әлденені  үйренгенде,  сөйлегенде,  түрлі  мінез 

көрсеткенде  және  қимылдағанда  (еңбектегенде,  жүргенде  және  т.с.с.)  даму  кезеңдерінен  өтеді. 

Балалар түрлі даму салаларындағы даму кезеңдерінен бірдей реттілікпен өтеді. Баланың бойында ірі 

моторика дамуы әдетте келесі ретпен жүреді: аударылудан отыруға, еңбектеуге, тік тұруға, ал кейін 

жүруге ұласады. 

Толығырақ ақпаратты «Даму мониторингі және скринингі» модулінен таба аласыздар.  

2.3 Қандай факторлар баланың ерте жаста дамуына әсер етеді  

 2.3.1 

         



Жақсы тамақтану және тиісті медициналық қызметтер көрсету   

Жақсы  тамақтанудың  баланың  өсуі  мен  дамуы  үшін  өмірлік  маңызы  бар.  Жүкті  әйелдің  және  кіші 

жастағы баланың тамағы әртүрлі және құнарлы болуы тиіс. Онда бала ағзасына өсуге көмектесу үшін 

ақуыздар және қажетті майлар, балаға сырқаттарға қарсы тұруға көмектесетін А дәрумені, баланың 

миы дұрыс  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  йод  және  баланың  ақыл-ой  және  физикалық  қабілеттерін 

қорғау үшін темір сияқты қажетті құнарлы құрамдас бөліктер болуы тиіс. 

Алғашқы алты айда талап еткен сайын тек емшекпен емізу, емізуді екі және одан да көп жыл бойы 

жалғастыру, сонымен қатар, алты айлығынан бастап қауіпсіз және нәрлі өнімдерді уақытылы енгізу 

кіші  жастағы  балалардың  денсаулығына  оңтайлы  азықпен  және  пайдамен  қамтамасыз  етеді. 

Тамақтандыру уақыты – баланың бауыр басуы үшін және оны эмоциялық деңгейде ынталандыру үшін 

маңызды мүмкіндік. 

Дұрыс  тамақтандыруды  және  тиісінше  медициналық  қызмет  көрсетілуін  қамтамасыз  ету  үшін 

патронаж мейірбикесі ата-аналарға және балаға күтім көрсететін тұлғаларға келесілер туралы айтуы 

керек:  



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау