Корица – хош иісті ағаштың кептірілген бұтақтарының қабығы. Ол сабанша немесе ұсақталған ұнтақ түрінде болады. Корица құрамындағы ылғалдың массалық үлесі 12,5%-дан аспайды. Түсі қоңыр, тек қана корицаға тән дәмі мен ерекше хош иісті, дәмі жағымды басқа дәм мен иіссіз болып келеді. Имбирь – осылай аталатын тропикалық өсімдіктің кептірілген тамыры, иісі жағымды және дәмі өткір. Түйіліп ұсақталған күйде шығыс елдерінің тәтті тағамдарын дайындағанда қолданылады. Құрамындағы ылғалдың массалық үлесі 12%-дай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |