Дәмдеуіштер Тағамдық өнімдердің дәмін жақсарту және ерекше татымдылық беру мақсатында дәмдеуіштер қолданылады. Наубаханаларда дәмдеуіштер ретінде: зире, кориандр, анис, корица, имбирь, қалампыр, шафран, көкнәр, күнжіт т.б қолданылады. Бұл дәмдеуіштер - өсімдіктерден алынатын , құрамында хош иісті , эфир майлары мол заттар. Сондай-ақ жасанды дәмдеуіштер – ванилин мен арованилон да қолданылады. Толық жетіліп, кептірілген зиренің жемісі сұрлау қызғылт түсті , ашқылтым күйдіргіш дәмді, ерекше иісті болып келеді. Құрамындағы ылғалдың үлесі 12% аспайды, эфир майының массалық үлесі - 2%-дан кем емес, зирені бүтіндей және ұсақталған күйінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |