жаңашылығын негіздеу үшін іс-шаралар базасы болып табылады. Жүргізілген зерттеудің
негізгі ұйғарымдары магистрантқа оның тақырыпты таңдауында басты себеп болған
өзекті мәселені теориялық жағынанан ашып және тәжірибелік шешуде өз үлесін қомақты
көрсетуге мүмкіндік беретін болғаны құптарлық болар еді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы және апробациясы оның авторы
тарапынан төменде берілген үш шараның біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруы
арқылы анықталуы мүмкін:
– орындалған жұмыстың нәтижелерін зерттеу объектісінде енгізу және одан
растайтын құжат алу;
– зерттеу нәтижелерін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, тақырыптық
«дөңгелек үстелдерде» және т.б. талқылау;
– жоба мазмұны шеңберінде кем дегенде 1-2 мақала жариялау.
5.8. Негізгі бөлім
Магистерлік жобаның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін
және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі. Магистерлік жобаның негізгі
бөлімі келесілерді қамтиды:
– зерттеу бағытының негіздемесі келтірілген зерттеу бағытын таңдау, міндеттерді
шешу әдістері және олардың салыстырмалы бағалауы, ғылыми-зерттеу жұмысын
жүргізудің таңдап алынған жалпы әдістемесінің сипаттамасы;
– теориялық зерттеу мазмұны мен сипатын, зерттеу әдістерін, есептеу әдістерін,
эксперименталдық жұмыстар жүргізудің қажеттілігін негіздеуді, әзірленген объектілер
әрекеті қағидалары мен сипаттамаларын анықтауды қамтитын теориялық және (немесе)
эксперименталдық зерттеу үдерісі;
– қойылған міндеттердің толық шешілуі және жұмыстың алдағы бағыттары
бойынша ұсыныстарды бағалау және қорытындылауды, алынған нәтижелердің
шынайылығын бағалау мен отандық және шетелдік жұмыстардың сондай нәтижелерімен
салыстыруды қамтиды.
Магистерлік жобаның негізгі бөлімі бөлімдерден және бөлімшелерден тұрады.
Жұмысты үш бөлімнен және оның әрқайсысы бөлімшелерден тұратындай етіп құруға
кеңес беріледі.
Жұмыстың бірінші тарауы ғылыми әдебиеттер мен ресми материалдарды сыни
талдау негізінде зерттеліп отырған тақырыптың ғылыми-теориялық және әдістемелік
сұрақтарын ашуға арналып, сонымен қатар тек біздің республикамыз ғана емес, шетелдік
экономиканың даму жағдайлары бойынша әр түрлі көзқарастардың талқылануын
жалпыландыруды қамтиды. Бұл көзқарастарды салыстырмалы талдау магистерлік жоба
авторының теориялық дайындық деңгейі, экономикалық ойлауының кеңдігі және жалпы
білімділігі туралы куәландырады. Бұл деңгей көп жағдайда автордың өз ойларын
қаншалықты ғылыми негіздей алғандығымен және экономикалық категориялар мен
түсініктерге жаңа позицияда анықтама беруімен анықталады. Магистерлік жоба авторы
зерттеліп отырған мәселеге өз көзқарастарын жоспарлық-нақты, әдеби-статистикалық
және болжамдық-есептік материалдарды терең зерттеу нәтижелерімен растауға ұмтылуы
керек.
Талдаудың негізгі нәтижелерін баяндауға жұмыстың
екінші тарауы арналады, бұл
жерде негізгі басымдық зерттеу объектісінің даму үдерісін сипаттайтын көрсеткіштер
өзгерістерінің жалпы заңдылықтарын анықтауға, сонымен қатар, сол объектінің тиімді
дамуын қамтамасыз етудің әкімшілік-басқарушылық, ұйымдық-құқықтық және
шаруашылық-экономикалық механизмдерін қолданудағы кемшіліктер мен жағымсыз
тұстарды анықтауға жұмсалады. Жалпы, екінші тарауда жұмыс орындалып отырған
фирмалар мен компаниялар қызметі талданады және соңғы жылдардағы экономикалық
көрсеткіштерге терең талдау жүргізіледі. Компанияның алғашқы мәліметтерін
жүйелендіріп, экономико-математикалық әдістер көмегімен мұқият өңдеу керек. Ол
кесте, графиктер, диаграммалар, сызбалар арқылы қорытылып, сандар және фактілер
зерттеліп отырған объектінің нақты жағдайы туралы дұрыс және объективті көрініс беруі
қажет. Зерттеу объектісі ретінде тауарлар мен қызметтер рыноктары (мысалы, дербес
компьютерлер рыногы) алынуы мүмкін. Бұл кезде фактілер ғана көрсетіліп қоймай,
сонымен бірге даму беталыстары анықталып, кемшіліктер мен себептер ашылып, оларды
жою жолдары белгіленеді. Ұсынылатын іс-шаралардың тереңдігі мен негізделгендігі
екінші тараудың толық және сапалы жазылуына байланысты. Аталған тарауды жазу
кезінде магистрант нақты материалдарды терең талдай алатындығын және алған жаңа
білімін пайдалана білетіндішіг көрсете алуы тиіс және алнғын тұжырымдар мен
нәтижелерді негіздеу мен оған аргументтер келтіре алуы тиіс.
Көрсетілген кемшіліктерді жою және сол механизмдерді тиімді пайдалану
жағдайларын жетілдірудің негізгі жолдары мен тәсілдерін ғылыми-әдістемелік негіздеу
магистерлік жобаның үшінші тарауының негізгі мазмұнын құрайды. Оның негізгі
мазмұнын аша отырып, автор тақырып ретінде таңдап алынған тәжірибелік сипаттағы
мәселелер мен міндеттерді ғылыми-ұйымдастырушылық тұрғыда шешуге бағытталған
ұсыныстар, ұйғарымдар және қорытындылар қалыптастыруға бағдарлануы керек.
Аталған тараудың ерекшелігі сонда, онда магистерлік жобада көрініс тапқан
автордық ұсыныстары мен тұжырымдарының практикалық тұрғыда пайдаланылуы және
пайдаланудың шынайылығын білдіретіндігінде.
5.9.Қорытынды
Қорытынды магистрдің ғылыми зерттеу кезінде алынған теориялық немесе
практикалық тұрғыдағы нәтижелерді қамтуы тиіс. Негізгі тұжырымдар әр тараудың
соңында келтіріледі, дегенмен маңызды деген тұжырымдар мен нәтижелер қорытындыда
топтастырлуы тиіс.
Қорытынды келесілерді қамтуы керек:
– магистранттың зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;
– қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалау;
– нәтижелерді нақты қолдану бойынша мәліметтер және ұсыныстар әзірлеу;
– енгізудің тиімділігін технико-экономикалық бағалау;
– орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін сол облыстағы ең жақсы жетістіктермен
салыстырғандағы бағалау.
5.10.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі магистерлік жобаны жазу барысында
қолданылған көздер туралы мәлімет беріп, арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Әдебиеттер тізімі Д қосымшасына сәйкес рәсімделуі керек.
5.11.Қосымшада орындалған магистерлік жобамен байланысты, бірақ қандай-да бір
себептерге байланысты негізгі бөлімге енгізілмеген материалдарды көрсету ұсынылады.
Осылайша, магистерлік жоба келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- Таңдап алынған тақырыптың теориялық және практикалық тұрғыдан өзекті болуы;
- Оның өңделу деңгейінің арнаулы ғылыми әдебиеттерде және оның практикалық
шешімін табуы;
- Зерттеу объектісіндегі болып жаткан мәселелердің талдануы;
- Зерттеліп отырған объектінің мәселелерін талдау;
- Нақты мәселелердің зерттеу нәтижесі мен негізгі тұжырымдардың негізделуі мен
аргументтелуі;