бағалап, сонымен қатар магистерлік жобаның мазмұны және рәсімделуі бойынша
кемшіліктерін көрсете отырып (қосымша Ж) рецензия дайындайды. Ресми оппоненттің
рецензиясының қорытындылаушы бөлімінде бағасы (баллдық жүйе бойынша) және
сәйкес мамандық бойынша магистр дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетілген,
аргументтелген қорытынды беріледі.
Магистерлік жобаны мұқият қарап шыққанан кейін рецензент авторға магистр
академиялық дәрежесін беру болады немесе беруге болмайтыны туралы тұжырым жасап,
қол қойып, өзі жұмыс жасайтын ұйымның мөрін қойып береді.
Ресми рецензенттің рецензиясының көшірмесі магистрантқа жобаны қорғаудан 10
күннен бұрынғы мерзімнен кешіктірілмей берілуі керек.
Магистрант келесілер бар болса, кешенді емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін
қорғауға жіберіледі:
ғылыми жетекшінің (бар болса ғылыми кеңесшінің) оң пікірлері;
осы Ереженің 20 бетінде келтірілген магистерлік жоба бір немесе бірнеше
пунктін орындаса;
жоба тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым;
алдын ала қорғау бойыншахаттаманың жобаны көпшілік алдында қорғауға
ұсыну туралы жазбаша қорытындысы;
жобаға жан-жақты сипаттама берілген және баллдық жүйе бойынша бағасы мен
сәйкес мамандық бойынша магистр дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетілген ресми
рецензенттің рецензиясы.
Егер ғылыми жетекші (ғылыми кеңесші) немесе сараптамалық кеңес «қорғауға
жіберілмейді» не «қорғауға ұсынылмайды» деген кері қорытынды берсе, онда
магистрант магистерлік жобаны қорғай алмайды.
Магистранттың жобаны қорғауға жіберілуі жобаны қорғау күнінен екі аптадан
бұрын мерзімнен кешіктірілмейЖОО ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
Магистерлік жобаны қорғау Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК)
алдында жүзеге асырылады.
Магистранттар МАК техникалық хатшысына келесі құжаттар тапсырылуы тиіс:
1) талапқа сәйкес рәсімделген аяқталған жоба;
2) жобаны бекіту туралы құжат;
3) белгіленген тәртіппен рәсімделген ғылыми жарияланымдардың тізімі мен
олардың көшірмесі (қосымша З)
4) жобаны плагиаттықа тексеру туралы қорытынды;
5) кафедра меңгерушісінің қолы қойылып, бекітілген магистраттың жеке жұмыс
жоспары;
6) магистарынттың жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, барлық пәндер
бойынша бағалардың қойылғаны, курстық жұмыстың және практика түрлерінің
тапсырылғаны туралы факультет деканының анықтамасы;
7) магистранттың ғылыми жетекшісінің пікірі (ғылыми кеңесшінің);
8) алдын ала қорғау хаттамасы;
9) магистерлік жобаның ресми рецензентінің рецензиясы.
Қорғауды кейінге қалдыру немесе оны жіберуге тыйым салудың себептері
келесідей болуы мүмкін:
- бағдарламалық курстар бойынша қарыздар немесе кері бағалардың болуы;
- ақылы түрде оқитын магистранттың келісім шарттарын орындамауы;
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдардың болмауы;
- магистранттың магистерлік жобаны алдын-ала қорғауға келмеуі;
- магистерлік жұмыс бойынша алдын-ала қорғауда анықталған ескертулердіне
жоймауы;
- магистранттың кафедра меңгерушісі бекіткен күнтізбелік жоспар-графикті өз
уақытында орындамауы;
- сараптама комиссиясының кері пікірі;
- магистерлік жобаны ұсыну мерзімі мен формасын сақтамауы, сонымен қатар
ғылыми жетекшінің пікірінің немесе ресми оппоненттің рецензиясының болмауы/немесе
кері пікірдің болуы.
Бір магистерлік жобаны қорғау ұзақтығы 15 минуттан аспауы керек.
Қорғау кезінде автор зерттеліп отырған мәселе бойынша тек теориялық білімін ғана
емес, сонымен қатар шешендік шеберлік деңгейін, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап
бере білуін және өз позициясын негіздей отырып қорғай алуын көрсетуі керек.
Магистерлік жобаны қорғау нәтижелері бойынша МАК мүшелері коллегиалды
түрде қорытынды баға қояды.
Магистранттың жобаны қорғау нәтижесі бойынша және магистранттың оқу
кезіндегі үлгерімінің нәтижесі бойынша оң баға алған жағдайда ізденушіге «магистр»
академиялық дәрежесі беріледі.
Қорғау нәтижесі бойынша МАК кері шешім шығарған жоба қайталап қорғауға
өңделген түрде кері шешім шығарылғаннан кейін бір жылдан ерте емес мерзімде
ұсынылуы мүмкін қайта қорғауда қорғауға жіберудің барлық процедурасы қайтадан
жүргізіледі, сараптама комиссиясының мүшелері, ресми рецензент толық ауыстырылуы
керек.
Магистрант кешірілетін жағдай бойынша келмей қалған жағдайда қорғауды
кейінге қалдыру туралы шешімді (бір жылдан артық емес уақыт) мемлекеттік
аттестациялау комиссиясы қабылдайды.
Жобаны қорғау нәтижесі оны өткізген күні жарияланады.
ҚОСЫМША А
Алматы экономика және статистика Академиясы
«Қаржы» кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.д.,
профессор К.Ж. Бертаеваға
«6М050900-Қаржы» мамандығының 1 курс
магистранты
Аты-жөні, мекен-жайы: ______________________
телефоны: үй. ___________________________
ұялы тел.________________________________
ӨТІНІШ
Сізден
магистерлік
жоба
тақырыбын
келесідей
тұжырымда
«___________________________________________________________»
бекітуді
сұраймын.
Ғылыми жетекшіні тағайындауыңызды сұраймын: ________________________________
________________________________________________________________________________
Магистрант қолы: __________________
Күні: _____________
_________________ магистранттың қолы
Күні _______________