- Зерттеліп отырған мәселені шешуге бағытталған ұсыныстар мен тұжырымдардың
қалыптастырылуы.
6 Магистерлік жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар
6.1 Жалпы талаптар
Магистерлік жоба бір интервал арқылы компьютерде, А4 форматындағы ақ
қағаздың бір жағында принтерді қолдану арқылы басылып орындалады. «Times New
Roman» шрифті, 14 кегль. Магистерлік жоба мәтінін келесі парақ мөлшерлерін сақтай
отырып теру керек: сол жағы – 30 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, оң жағы – 10 мм, төменгі
жағы – 20 мм.
Белгілі бір терминдерге, формулаларға көңіл аудартудың компьютерлік
мүмкіндіктерін, әр түрлі гарнитура шрифтерін қолдануға рұқсат етіледі.
терілген мәтіннің сапасы және кестелер, суреттер жобаны орындау тәсілінен тәуелсіз
анық көріну талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Магистерлік жобаны орындауда біркелкі тығыздылық, қарама-қарсыластық және
суреттердің анықтылығын сақтау қажет. Жобада сызықтар, әріптер, сандар және белгілер
жайылмай, нақты болуы керек.
Магистерлік жобаны дайындау үдерісінде анықталған қателер, графиктік дәл
келмеулерді ақ бояумен бояу, өшіру арқылы түзету жасауға, мәтіннің (графиктің) дәл сол
жерінде машина арқылы теру тәсілімен немесе қара сиямен түзетілген мәтінді (графикті)
жазуға жол беріледі.
Мәтіндік парақтағы бүлінулер, былғанулар немесе толық жойылмаған алдыңғы
мәтіннің (графиктің) іздеріне жол берілмейді.
Магистерлік жобада аты-жөндер, ұйымдар, кәсіпорындар, басылымдардың
атаулары, және басқа да өзіндік атаулар тұпнұсқа тілінде беріледі.
Атауларды қысқартуға және ұйымдар атауларын алғашқы рет айтуда түпнұсқадағы
атауын қоса келтіріп жоба жазылып отырған тілге аударуға рұқсат етіледі.
6.2 Жоба құрамы
«Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен
қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен
қатар тараулар және бөлімшелер сияқты магистерлік жобаның құрылымдық элементтері
құрылымдық элементтердің тақырыбы болып табылады. Оларды парақтың жоғарғы
бөлігінде жолдың басынан соңынан нүкте қоймай жазбаша әріптермен, қою шрифтпен
жазу керек астын сызуға болмайды.
Магистерлік жобаның негізгі бөлімін тараулар мен бөлімшелерге бөлу керек.
Тараулар мен бөлімшелердің атаулары болады. Атаулар тараулар мен бөлімшелердің
мазмұнын көрсетуі керек.
Тараулар мен бөлімшелердің атаулары азат жолдан жазбаша әріптермен, соңынан
нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек. Егер тақырып екі сөйлемнен тұратын болса,
онда оларды нүктемен бөледі.
Жобаның әрбір тарауы жаңа беттен басталып жазылады. Тарау және параграф
мәтіннен бір жол түсіріліп бөліп ( бір Enter) жазылады. Бір тараудың ішіндегі
параграфтар астынан және үстінен бір интервалмен бөлінеді.
Тараулар мен параграфтардың атауы жолдың басынан соңынан нүкте қоймай
жазбаша әріптермен, жақшаға алынбай жазылады.
Мысал:
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржы жүйесінің түсінігі
Параграф мәтіні
1.2 Қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері
6.3.Жоба беттерінің нөмірленуі
Магистерлік жоба беттерін араб сандарымен бүкіл жоба мәтіні бойынша ретін сақтай
отырып нөмірлейді. Беттің нөмірін парақтың төменгі бөлігінің ортасына соңынан нүкте
қоймай белгілейді.
Титулдық парақты беттердің жалпы нөмірленуіне қосады, бірақ титулдық парақта
нөмір қойылмайды.
Бөлек бетке сызылған кестелер мен сызбалар жобаның жалпы нөмірленуіне
кіргізіледі.
6.4 Бөлімдер, тараулар мен бөлімшелердің нөмірленуі
Жоба тарауларының бүкіл жұмыс барысында араб сандарымен белгіленген азат
жолдан жазылған, соңында нүкте қойылмаған реттік нөмірі болуы керек. Бөлімшелердің
әр тарау шегіндегі нөмірлері болуы керек. Бөлімшенің нөмірі нүктемен бөлінген
тараудың және бөлімшенің нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңынан нүкте
қойылмайды. Тараулар да бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше пункттерден тұруы
мүмкін.
Мысал
1 Типтері және негізгі көлемдері
1.1
1.2 >Жобаның бірінші бөлімінің пункттерінің нөмірленуі
1.3
2 Техникалық талабы
2.1
2.2 > Жобаның екінші бөлімінің пункттерінің нөмірленуі
2.3
Егер жоба қосалқы тараулардан тұратын болса, онда пункттердің номірленуі
қосалқы тараулардың шегінде нөмірленуі тиіс және ол тараудың, қосалқы тараудың,
параграфтың және пункттің нүкте арқылы бөлінген нөірлерінен тұруы тиіс., мысалы:
3 Зерттеу әдісі
3.1 Аппараттар, материалдар және реактивтер
3.1.1
3.1.2 >Жобаның үшінші тарауының бірінші қосалқы тарауының пунктінің нөмірі
3.1.3
3.2 Тәжірибеге дайындалу
3.2.1
3.2.2 >Жобаның үшінші тарауының екінші қосалқы тарауының пунктінің нөмірі
3.2.3
Пункттер қажет болған жағдайда қосалқы пункттерге бөлінуі мүмкін және ол пункт
шегіндегі нөмірлермен нөмірленуі тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.
Пункттер және қосалқы пункттерішінде тағы да бөлінуі мүмкін.
Әр бөлінудің алдында сызықша қою қажет немесе қажет болған жағдайда жұмыстың
мәтінінде кіші әріптерге сілтеме жасалған кезде оның соңына жақша қойылады (з, и, о,
ч, ь,ъ,ы әріптерінен басқа).
Бөлінуді әрі қарай жүзеге асырған кезде соңына жақша қойылатын арап сандарын
пайдалану қажет, ал жазба жаңа жолдан басталады, оны төмендегі мысалдан көруге
болады:
мысал
а)________