13
Мазмұн жұмыстың құрылымын көрсетеді. Онда кіріспе, тараулар мен
параграфтардың атаулары, қорытынды, әдебиет, қосымшалар және олар орналасқан
беттердің нөмірлері атап көрсетіледі.
Тараулар мен параграфтар мәтіннің негізгі мазмұны қысқаша көрсетілетіндей
атауларға (тақырыптарға) ие болуы тиіс, бұл орайда дипломдық жұмыс тақырыбының
тұжырымдалуы қайталанбауы тиіс. Мәтінде келтірілетін барлық тақырыптар мен
тақырыпшалар өздерінің астында орналастырылған мәтіннің тақырыптамасын қысқаша
түрде көрсетуі тиіс.
Тараулар мен бөлімдердің атаулары 2-14 сөзді қамтиды, яғни, олар әдетте
компьютерде басылған екі жолдан артық орын алмайды. Атауларға қысқартылған сөздер
мен аббревиатуралар, сондай-ақ формулалар енгізілмейді.
Бөлімдер мен қосалқы бөлімдердің атауларын азат жол басындағы бос жерден бас
әріптен бастап, соңына нүкте қоймастан, астын сызбастан басу керек. Егер атау екі
сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен бөледі. Соңғы сөйлемнен кейін нүкте
қойылмайды.
Бөлім (қосалқы бөлім) тақырыптары мен одан кейін келетін мәтін арасындағы
арақашықтық – үш жоларалық (бірлік) интервалға немесе 10 мм-ге, ал қосалқы бөлім
тақырыбы мен алдыңғы мәтіннің соңғы жолының арасындағы арақашықтық төрт
жоларалық (бірлік) интервалға немесе 15 мм тең болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың тараулары араб цифрларымен нөмірленеді, ал
параграфтардың өздерінің реттік нөмірлері болуы тиіс (мысалы, 1.2, 2.1). Кіріспе мен
қорытындыға нөмір берілмейді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) бөлімдерінің нүкте қойылмастан, араб
сандарымен белгіленген және азат жол басындағы бос жерден бастап жазылған бүкіл
құжат шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Қосалқы бөлімдердің әрбір бөлім шегінде өз
нөмірленуі болуы тиіс. Қосалқы бөлімнің нөмірі нүктемен бөлінген бөлім мен қосалқы
бөлім нөмірлерінен тұрады. Қосалқы бөлім нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Бөлімдер екі және одан көп қосалқы бөлімдерден тұруы мүмкін.
Үлгі
1.
Типтер және негізгі көлемдер
1.1
1.2
1.3
2.
Техникалық талаптар
2.1
2.2
2.3
Дипломдық жұмыстың (жобаның) әрбір бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау
қажет. Қосалқы бөлімдер бір бөлімнің ішінде өзара мәтіннен екі жол шегініспен
ажыратылады.
Келтірілетін деректер, сандық мәліметтер және дәйексөздер түпдеректерге
сілтемелермен қамтамасыз етілулері тиіс. Әдеби дереккөздерден мәтін алу кезінде
авторды көрсетпеуге болмайды. Бірде-бір сілтемесі жоқ дипломдық жұмыстар
авторға түзетуге қайтарылады.
Әдістемелерді, формулаларды, анықтамалық және нормативтік материалдарды,
сондай-ақ басқа авторлардың жұмыстарынан дәйексөздерді пайдалану кезінде
дереккөздерге сілтеме беру қажет. Сілтемелер бет сайын, яғни, дәйексөз келтірілген
материал орналасқан беттің төменгі жағында беріледі.
Жалпы қабылданған аббревиатуралар мен мыналардан басқа, мәтіндегі сөздерді
қысқартуға болмайды: бет - б., қосымша - қос., тармақ - т.
Құжаттың бірінші бөлімінің қосалқы бөлімдерінің нөмірленуі
Құжаттың екінші бөлімінің қосалқы бөлімдерінің нөмірленуі
14
Мәтінде келтірілген математикалық, физикалық, метрикалық және т.б. шамалардың
шартты белгіленулері белгіленген стандарттарға сай болулары тиіс.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтінін бет жиектерінің мынадай
өлшемдерін сақтай отырып, қағазға басу қажет: сол жақ - 30 мм, жоғарғы жақ - 20
мм, оң жақ - 10 мм және төменгі жақ - 25 мм.
3.2
Кестелер мен графикалық материалдарды рәсімдеу
Кестелер көрнекілік және көрсеткіштерді салыстырудың қолайлылығы үшін
қолданылады. Кестелердің тақырыптары қысқа және кесте мазмұнын толық көрсететін
болулары тиіс. Кестенің атауы кестенің үстінде «1-кесте» деген сөздерден кейін келесі
жолда азат жол басындағы бос жерден бастап орналасуы тиіс. Кестенің реттік нөмірі №
белгісінсіз көрсетіледі. Кестелер мен графикалық материалдарды рәсімдеу З қосымшада
көрсетілген.
Кестелерді дипломдық жұмыс бойынша оның басынан аяғына дейін нөмірлеуге
болады. Жеке тарау шегінде нөмірлеуге де болады, бұл орайда шифр тарау, параграф
нөмірлерінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Кестені ол туралы алғаш сөз болатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте
орналастыру қажет.
Дипломдық жұмыста (жобада) барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме
беру кезінде «кестені» оның нөмірін көрсете отырып жазу қажет.
Жолдарының саны көп кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кестенің
бір бөлігін басқа параққа (бетке) көшіру кезінде «кесте» сөзі және оның нөмірі кестенің
бірінші бөлімінің үстіңгі сол жақ бұрышында бір рет көрсетіледі, басқа бөліктерінің үстіне
кестенің нөмірі көрсетіледі және «жалғасы» сөзі жазылады, мысалы: «1-кестенің
жалғасы». Кестені екінші параққа (бетке) көшіру кезінде тақырып тек оның бірінші
бөлімінің үстіңгі жағында ғана орналастырылады. Кестенің бір бөлігін көшіру кезінде
кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді.
Бағаналарының саны көп кестені қосымшаға шығарған мақсатқа сай болады.
Егер кестеде орналастырылған параметрлердің барлығы бір шамамен берілген
болса, осы өлшем бірлігінің қысқартылған белгіленуі кестенің үстіңгі жағына
орналастырылады.
Егер кесте бағаналары мен жолдарындағы сандық мәліметтер әр түрлі өлшем
бірліктерінде берілген болса, олар әрбір бағананың атауында немесе кестенің тиісті
жолында көрсетіледі.
Мәліметтер болмаған жағдайда кесте бағаналарында сызық белгісін (сызықша) қою
қажет. Кестенің астыңғы жағында келтірілген мәліметтердің дереккөздерін көрсету қажет.
Кесте бағаналарындағы сандарды бүкіл бағана бойынша сандар дәрежелері бірінен
соң бірі орналасатындай етіп қою мақсатқа сай болады. Бір бағанада барлық шамалар
үшін ондық белгілердің бірдей саны сақталуы тиіс.
Егер кестенің әр түрлі жолдарында (бағаналарында) қайталанатын мәтін бір сөзден
тұратын болса, онда оны бірінші рет жазылғаннан кейін тырнақша белгілеріне ауыстыруға
болады; егер екі немесе одан да көп сөздерден тұратын болса, онда алғашқы қайталанған
кезінде оны «Сол» сөзімен, ал одан кейін тырнақша белгілерімен ауыстыруға болады.
Қайталанатын сандардың, таңбаланулардың, белгілердің, математикалық және химиялық
таңбалардың орнына тырнақша қоюға болмайды. Егер кестенің қандай да бір жолында
сандық немесе басқа мәліметтер келтірілмейтін болса, онда сызық белгісі қойылады.
Ішінен екі-үш сан пайдаланылатын бір жолдан ғана кесте құрылмайды.
Кестелерден басқа, барлық өзге суретті бейнелерді (сызбаларды, суреттерді,
диаграммаларды) мәтінде суреттер деп атау қажет.
Суретті бейнелерді (сызбаларды, карталарды, графиктерді, диаграммаларды,
фотосуреттерді) дипломдық жұмыста (жобада) тікелей олар туралы алғаш сөз болатын