Алматы экономика жәНЕ



жүктеу 463,02 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата21.12.2019
өлшемі463,02 Kb.
#24722
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 

 

 



17 

«Ескертпе»  сөзін  азат  жол  басындағы  бос  жерден,  бас  әріптен  бастап,  арасын 

сиретіп және астын сызбай басу қажет. 

Ескертпелерді  тікелей  олардың  өздері  қатысты  болатын  мәтіндік,  графикалық 

материалдан  кейін  немесе  кестеде  орналастыру  қажет.    Егер  ескертпе  біреу  болса, 

«Ескертпе» сөзінен кейін сызықша қойылады және ескертпе бас әріптен бастап басылады. 

Бір  ескертпе  нөмірленбейді.  Бірнеше  ескертпе  реті  бойынша,  нүкте  қойылмастан,  араб 

сандарымен  нөмірленеді.  Кестеге  ескертпе  кестенің  соңында,  кестенің  аяқталуын 

білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.  

 

3.5 

Пайдаланылған  әдебиет тізімін рәсімдеу 

 

Дипломдық  жұмыстың  соңында  оны  жазу  кезінде  пайдаланылған  дереккөздер 

тізімі  келтіріледі.  Тізім  жеке  парақта  құрастырылады  (Е  қосымшасы).  Дереккөздер 

туралы  мәліметтер  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  мәтінінде  дереккөздерге 

сілтемелердің  пайда  болуы  тәртібінде  орналастырылуы,  нүкте  қойылмастан,  араб 

сандарымен нөмірленуі және азат жол басындағы бос жерден басылуы тиіс. 

Библиографиялық  сипаттаманың  құрылымы  мынадай  элементтерді  қамтиды: 

автордың тегі мен аты-жөні, атауы, кімнің редакциясымен шыққандығы, томы, бөлімі, 

шығарылымы,  басылып  шыққан  орны,  баспасы,  жылы.  Автордың  тегі  атау  септігінде 

көрсетіледі.  Аты-жөні  тегінен  кейін  жазылады.  Егер  авторлар  екеу  немесе  үшеу  болса, 

барлық авторлардың тектері мен аты-жөндері дереккөздегі нұсқасымен беріледі.  

Басылып  шыққан  орны  қысқартылып  жазылады.  Басылып  шыққан  жылы  «ж.» 

әрпінсіз, толық көрсетіледі. 

Журналдар  мен  газеттерден  алынған  дереккөздерді  сипаттау  кезінде  авторлардың 

тектері  мен  аты-жөндері,  мақаланың  атауы,  содан  соң  екі  қиғаш  сызық  (//),  журналдың 

немесе  газеттің  атауы,  нүкте,  сызықша,  жылы,  сызықша,  журналдың  нөмірі  немесе 

газеттің шыққан мерзімі, нүкте жазылады.  

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінде  келтірілген  дереккөздердің  саны  25-тен  кем 

болмауы тиіс. 

 

3.6 Қосымшаларды рәсімдеу 



 

Қандай  да  бір  себептермен  жұмыстың  негізгі  бөліміне  енгізіле  алмайтын, 

дипломдық жұмысты орындаумен байланысты материалдар қосымшаларға шығарылады. 

Қосымшаларда мыналар қамтылуы мүмкін: 

бастапқы және қосалқы сандық мәліметтерден тұратын кестелер; 



математикалық есептер, формулалар; 

сызбалар, суреттер; 



жұмысты орындау барысында әзірленген нұсқаулар, әдістемелер; 

қосалқы сипаттағы суреттік бейнелер, бастапқы құжаттама және т.б. 



Қосымшалар  берілген  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  жалғасы  ретінде  оның 

кейінгі  парақтарында  рәсімделеді.  Дипломдық  жұмыста  бір  қосымшадан  артық 

қосымшалар саны болған жағдайда, олардың барлығы араб цифрларымен нөмірленулері 

тиіс (№ белгісінсіз). Әрбір қосымшаның атауы болуы және жаңа парақтан басталуы тиіс.     

Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  мәтінінде  барлық  қосымшаларға  сілтемелер 

берілуі тиіс (мысалы, 1-қосымша, 2-қосымша, 3-қосымша, ...). 

  

Қосымшалар  мәтіндегі  оларға  жасалған  сілтемелердің  ретімен  орналасады.  Егер 



қосымша  ретінде  дербес  мәні  бар  құжат  пайдаланылатын  болса,  оны  жұмысқа 

түпнұсқалық  күйінде  салады.  Оның  титул  бетінің  оң  жақ  жоғарғы  бұрышында  

«Қосымша»  сөзі көрсетіледі  және нөмірі қойылады.  

Әрбір қосымшаны, беттің жоғарғы жағының орта тұсынан «Қосымша» сөзін және 

оның белгіленуін көрсете отырып, жаңа беттен бастау қажет.   

Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол мәтінге қатысты симметриялы күйде, жеке 




 

 

 



18 

жолға бас әріптен бастап жазылады. 

Егер дипломдық жұмыста (жобада) бір қосымша болса, оны белгілемеуге болады. 

Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) қалған бөлігімен ортақ, бүкіл мәтін 

арқылы өтетін нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс. 

3.7 

Дипломдық жұмыстарды «Антиплагиат» жүйесі негізінде тексеру  

Плагиат  деп  (өзгелерден  алу)  дипломда  қағазда  немесе  электрондық  түрде 

жарияланған басқа жұмыс мәтіндерін, оларға сілтеме жасамай пайдалануды және алынған 

материалдар  көлемі  жұмысты  немесе  оның  бөлімдерін  автордың  өзі  жазғаны  туралы 

күмән тудырған кездерді  айтады. Плагиат деп негізгі мәтінді сөзбе-сөз көшіруді немесе 

алынған  мәтіннің  сөздерін  алмастырғанмен,  мағынасын  өзгертпей  қолдануды  да  айтуға 

болады.  

Плагиат  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  студенттің  өзі  орындамай  жазғандықтан, 

оқу  тәртібін  бұзған  болып  саналады.  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  «Антиплагиат» 

жүйесі арқылы тексеру нәтижелері қорытынды баға қою кезінде есепке алынады.  

Студент  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  өз  өтінішімен  бірге  оған  "Антиплагиат" 

жүйесі  жөніндегі  тексеру  нәтижесін  қоса  отырып,  кафедраға  МАК  емтихандарының 

жұмысы басталғанға дейін 2 аптадан бұрын кешіктірмей табыс етуі керек.  

Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  электрондық  және  қағаздағы  мәтінін  қойылған 

талаптарға және мамандық бойынша көрсетілген тізімге сәйкес емтиханның техникалық 

хатшысы  қабылдап  алып,  кафедра  меңгерушісіне  (деканның  оқу  ісі  бойынша  орынба-

сарына)  береді.  Деканның  оқу  ісі  бойынша  орынбасары  өз  көз  мөлшерімен  дипломдық 

жұмыстың  (жобаның)  қағаздағы  және  электрондық  түрдегі  нұсқаларының  сәйкестігін 

тексеруді  жүзеге  асырады.  Тексеру  сәйкестігі  дұрыс  болған  жағдайда,  ол  МАК  жұмысы 

басталғанға  дейін  2  аптадан  бұрын  кешіктірмей,  жұмысты  осы  мамандық  бойынша 

"Антиплагиат"  бағдарламасының  деректер  базасына  енгізіп,  дипломдық  жұмыстың 

(жобаның)  қағаздағы  нұсқасына  "Электрондық  нұсқа  тапсырылды"  деп  жазбаша  белгі 

қойып,  оны  өзінің  қолымен  куәландырады.  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  қағаздағы 

және электрондық түрдегі нұсқалары сәйкес болмаса, ол кафедраға қайтарылады. 

Мамандық бойынша барлық жұмыстар базаға енгізілгеннен кейін, автоматты түрде 

«Антиплагиат» программасының есеп беру нәтижесі қалыптастырылады, ол декан орын-

басары қолымен расталып, диплом қорғалатын кафедра меңгерушісіне беріледі. 

Дипломдық  жұмыстағы  (жобадағы)  қолданылған  өзге  жұмыс  үлестері  20%-дан 

төмен болған жағдайда жұмыс қорғауға жіберіледі де, антиплагиат нәтижесі 100 б (АН = 

100б) болып есептеледі. 

Дипломдық  жұмыстағы  (жобадағы)  қолданылған  өзге  жұмыс  үлестері  20%-дан 

артық  болған  жағдайда,  жұмыс  факультет  деканы  бекіткен  факультет  деканының 

орынбасарынан,  кафедра  меңгерушісінен  және  мұғалімдер  құрамынан  тұратын    Комис-

сияның қарастырылуына жіберіледі. 

Комиссия  студенттің  қатысуымен  түпкілікті  шешім  қабылдайды.  Комиссияның 

хаттамасы бойынша шешім мынадай түрде: қорғауға жібермеу (өзге жұмыс үлестері 40%-

дан  артық  болған  жағдайда)  немесе  жекелеген  бөлімдер  мен  тарауларды  толықтырып 

(өзге  жұмыс  үлестері  20-39%  болған  жағдайда),  қайта  тексеру  мерзімін  белгілеу  тәрізді 

жалпы шешім қабылданады. 

Дипломдық  жұмыстағы  өзге  жұмыс  үлестері  20-39%  болған  жағдайда,  жұмыс 

тақырыбы өзгертілмей, ол қайта толықтыруға жіберіледі де, МАК жұмысы басталуынан 

бір  апта  бұрын  тағы  да  тексеріледі.  Егер  екінші  рет  тексеру  қорытындылары  бойынша 

"Антиплагиат" нәтижесі  нормативтік талаптарға (20%-дан төмен) сәйкес келсе, онда  осы 

нәтижені  ескере  отырып,  жетекші  пікірі  мен  алдын  ала  қорғау  бағалары  арқылы 

бағалаудың  орташа  арифметикалық  ортасы  есептеледі.  Мұнда  антиплагиат  үшін 

қойылатын баға 60 б (АБ = 60 б.) болып есептеледі. 

 



жүктеу 463,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау