11
2.4 Зерттеудің практикалық бөлімі (зерттелетін тақырып аясында нұсқауларды
әзірлеу)
Жұмыстың бұл бөлімінде алдыңғы талдау барысында анықталған проблемалардың
әдістемелік, ұйымдастырушылық және қаржылық шешімдері; автордың ұсыныстары мен
нұсқаулары болуы тиіс.
Жұмыстың бұл бөлімінде басты назар оларды жүзеге асырғаннан кейін белгілі бір
ақпараттық және экономикалық нәтижені қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зерттеу
тақырыбы бойынша іс-шаралардың кешенін әзірлеуге аударылады.
Автордың нұсқаулары мен ұсыныстары:
-
дипломдық жұмыстың ІІ бөлімінде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне, сондай-
ақ І бөлімде мазмұндалған теориялық және әдістемелік ережелерге сүйенуі;
-
нақты, кешенді, жақсы дәлелді болуы;
-
отандық және шетелдік озық тәжірибені, ақпаратты өңдеу істерінің даму
деңгейінің негізгі үрдістерін есепке алу ісі;
-
зерттелетін тақырыптың салалық, аумақтық және ұйымдық айрықшалығын
бейнелеп көрсетуі тиіс.
Іс-шаралар мен нұсқауларды әзірлеу және негіздеу болжалданатын іс-әрекеттердің
мұқият жоспарлануын, олардың барлық ықтимал салдарын есепке алуды, әр түрлі
бағыттардағы мүдделер мен мақсаттарды есепке алуды, ресурстық, уақыттық, бағалық,
бәсекелік және өзге де шектеулерді бағалауды, қабылданатын шешімнің оңтайлылық
өлшемін анықтауды, басқарушылық шешімді рәсімдеу мен белгілеуді көздейді.
2.5 Қорытынды
Қорытындыда дипломдық жұмыстың барлық бөлімдері бойынша негізгі
түйіндердің және талдау жүргізуден келіп шығатын нұсқаулардың қысқаша
тұжырымдамасы беріледі. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен әзірленімдердің
ақпараттарды өңдеудегі орны мен тиімділігінің негізгі көрсеткіштері қысқаша келтіріледі.
Сондай-ақ соның негізінде дипломдық жұмыс орындалған, ұйымдағы қарастырылатын
проблемаларды шешуге қосқан өз үлесін де көрсету қажет.
Ұсыныстар мен нұсқаулар өзара байланысты болулары және зерттелетін нысанның
атқарылу ісін жақсартуға бағытталуы тиіс. Ұсыныстар мен нұсқауларды әзірлеу кезінде
олардың негізділігіне, нақтылығына және мақсаттылығына көңіл аударылады. Солардың
аясында іс жүзінде жүзеге асырылуға қабылданатын ұсыныстар әзірленетін дипломдық
жұмыстар ерекше бағаға ие болады.
2.6
Пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға
сәйкес рәсімделеді (Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі Д қосымшасында
келтіріледі).
Қосымшаға негізгі бөлімде көрсетілмеген, дипломдық жұмысты орындаумен
байланысты материалдар енеді.
12
3.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ РӘСІМДЕУ СТАНДАРТТАРЫ ЖҮЙЕСІ
3.1
Мәтінді рәсімдеу
Таңдалған тақырыпқа тәуелсіз, дипломдық жұмыста мынадай бөлімдер болуы тиіс:
Кіріспе.
1-
тарау. Зерттеу тақырыбының қазіргі деңгейі және оның теориялық және
әдістемелік аспектілері.
2-
тарау. Зерттелетін проблеманың нақты ұйымдағы ақпараттарды өңдеуде қолдану
істерін талдау.
3-
тарау. Ұсынылған мүмкіндіктерді әзірлеу және студент ұсынған іс-шараларды
негіздеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі.
Қосымшалар
Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі (қосымшаларсыз) 60-80 бет құрауы тиіс.
Тым үлкен көлем, сондай-ақ жеткіліксіз көлем де дипломдық жұмыстың кемшілігі ретінде
қарастырылады.
Дипломдық жұмыс (жоба), компьютер мен принтерді қолдана отырып, А4
пішініндегі ақ қағаздың бір жақ бетінде бір интервал арқылы баспа тәсілімен орындалуы
тиіс. Қаріпі (шрифті) - Times New Roman, кәдімгі, кеглі (мөлшері) 14 пт. Кестелер мен
сызбаларда, сілтемелерде Times New Roman 12-13 шрифтері қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың құрылымы мыналарды қамтуы тиіс: кіріспе – 3 беттен кем емес,
қорытынды - 3-5 бет.
Барлық тараулар дипломдық жұмыстың жалпы көлемінде мөлшерлес үлесті
салмаққа ие болулары тиіс.
Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау барысында анықталған қателерді,
жаңсақтықтарды және графикалық дәлсіздіктерді тазартып өшіре немесе ақ бояумен бояй
отырып және дәл сол жерге машинамен немесе қолмен жазу тәсілімен (қара сиямен
немесе қара тушьпен) түзетілген мәтінді (графиканы) енгізе отырып түзетуге болады. Бұл
орайда жұмыстың әдеби рәсімделуіне ерекше көңіл бөлу, тым ұзақ сөйлемдерден,
публицистикалық стильден аулақ болу қажет.
Мәтінде көлемі үлкен кестелер мен есептерге жол бермей, мазмұндауға суретті
бейнелер, графикалар, кестелер, диаграммалар және т.б. ілесе жүруі тиіс. Қажет болған
жағдайда оларды дипломдық жұмысқа берілген қосымшада орналастырып, негізгі мәтінде
оларға сілтемелер беруге болады.
Фамилиялар, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың атаулары, бұйымдардың
атаулары және басқа да жалқы есімдер дипломдық жұмыста (жобада) түпнұсқа тілінде
келтіріледі.
Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны»,
«Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе»,
«Қорытынды», «Пайдаланылған дереккөздер тізімі» жұмыстың құрылымдық
элементтерінің тақырыптары болады.
Дипломдық жұмысқа енгізілген материалдар мынадай бірізділікте құрастырылады:
титул беті; мазмұны; кіріспе, жұмыстың тараулары (теориялық, талдамалық,
практикалық); қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі; қосымшалар.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін, бүкіл мәтін бойынша өтетін нөмірлеу
тәсілін қолдана отырып, араб цифрларымен нөмірленуі қажет. Титул беті парақтардың
жалпы нөмірленуіне енгізіледі. Титул бетінде нөмір қойылмайды. Нөмірлеу кіріспеден
басталады. Бет нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасында нүктесіз қойылады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін және дипломдық жұмыстың (жобаның)
құрамына енетін қосымшаларды нөмірлеу негізгі мәтінмен жалғасуы тиіс.