7
-
дайын дипломдық жұмысты «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы меңгерушісінің
қорғауға жіберуі;
-
дипломдық жұмысты сыртқы рецензиялауға жіберу;
-
дипломдық жұмысты қорғау үшін ғылыми жетекшімен бірге баяндама мен
таныстыру материалын (кестелерді, графиктерді, диаграммаларды және т.б.) дайындау;
-
Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) алдында дипломдық жұмысты
қорғау.
Бүкіл дипломдық жұмыс мемлекеттік аттестациялау комиссиясында (МАК)
қорғаудан 3 апта бұрын уақыттан кеш емес аяқталуы және ғылыми жетекшіге
берілуі тиіс.
1.4 Әдебиет таңдау. Нақты материалдарды жинау және талдау
Дипломдық жұмыстың маңызды бөлігі библиографияны іріктеу болып табылады.
Библиографияда тақырып бойынша негізгі теориялық жұмыстар, орыс тіліне аударылған,
сондай-ақ түпнұсқа тіліндегі монографиялық зерттеулер, статистикалық басылымдар
болуы тиіс.
Әдебиетті іріктеу дипломдық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін бірден
жүргізіледі. Әдебиетті іріктеуді студент өздігінен жасайды.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде, қағида бойынша, мерзімдік баспаның арнайы
басылымдарындағы жедел ақпарат және компьютер желісіндегі мәліметтер пайдалы
болып табылады.
Студент Интернет желісінің ресми сайттарының ақпараттық ресурстарын
пайдалана алады. Тек Интернет желісі материалдарының негізінде ғана дипломдық
жұмыс жазуға болмайды, мұндай жұмыс қорғауға қабылданбайды.
Тақырып бойынша іріктелген әдебиеттердің тізімін ғылыми жетекшімен келісу
қажет.
•
Дипломдық жұмыс үшін дереккөздерді алдын ала іріктеу сатысында
практикалық мәліметтерді жинау мен талдау маңызды болып табылады.
Қажетті нақты материалдарды жинауды студент нақты ұйымда қолданылатын
ақпараттық мәліметтерді зерттеу жолымен, сондай-ақ тікелей бақылау, қажетті есептерді
жүргізу, желі мәліметтерін талдау негізінде жүзеге асырады.
1.5 Дипломдық жұмыстың жетекшісі
Диплом жұмысын жазатын студентке дипломдық жұмысын даярлау және қорғау
кезінде теориялық және практикалық көмек көрсету мақсатында жетекші:
1.
Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауда және оның жоспарын әзірлеуде студентке
консультативтік көмек көрсетеді.
2.
Зерттеуді жүргізу әдістемесін таңдауда көмек көрсетеді.
3.
Зерттеуді орындау үшін қажет нақты материалдарды іріктеу мен әдеби
дереккөздерді таңдау жөнінде кеңес береді.
4.
Дипломдық жұмыстың орындалу барысын және оны дайындау графигінің
сақталуын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
5.
Дипломдық жұмыс аяқталғаннан кейін оның орындалу сапасының және талаптарға
сәйкестігінің бағасын береді, ол үшін дипломдық жұмысқа пікір білдіруді
рәсімдейді.
6.
Студентті дипломдық жұмысты қорғауға дайындайды – қорғауға арналған
баяндама мен көрнекі материалдар бойынша кеңес береді.
Дипломдық жұмысты даярлау мен орындаудың әр түрлі сатыларында ғылыми
жетекшінің міндеттері өзгеріп отырады.
Дипломдық жұмысты даярлаудың бірінші сатысында ғылыми жетекші
8
тақырыпты қарастыруға қалай кірісу керектігі туралы кеңес береді, жұмыс жоспарын
түзетеді және пайдаланылатын әдебиеттер тізімі бойынша нұсқаулар береді,
дипломдық жұмысты жазу графигінің орындалуын бақылайды.
Жұмысты орындау барысында ғылыми жетекші оппонент ретінде жұмыс істеп,
диплом жұмысын жазатын студентке дәлелдемелердің, композицияның, стильдің,
мазмұндау логикасы мен бірізділігінің және т.б. кемшіліктерін көрсетіп, оларды
қалай жоюға болатындығы туралы кеңес береді.
Ғылыми жетекшінің нұсқаулары мен ескертулерін диплом жұмысын жазатын
студент есепке алуы тиіс. Егер студенттің пікірі ғылыми жетекшінің нұсқауларымен
қайшы келетін болса, соңғысы, айырмашылықтардың тереңдігіне қарай, не жұмысты
қорғауға жібермеуге, не пікір білдіруде студенттің ғылыми жетекшінің нұсқауларын
орындамағаны туралы атап көрсетуге құқылы.
Дайын дипломдық жұмысқа жетекші жазбаша пікір білдіреді, онда жұмыс
мазмұнының қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін, жұмыстың сонылығы мен
дербестігінің дәрежесін атап көрсетеді, сондай-ақ жұмысты қорғауға ұсынады (немесе
ұсынбайды). Қойылған талаптарға сай емес жұмыс қорғауға жіберілмейді.
Дипломдық жұмыс жетекшісінің жазбаша пікір білдіруінде мыналар қамтылуы
тиіс:
-
зерттелген тақырыптың өзектілік дәрежесі;
-
жұмыс тақырыбының оның мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашылуының
толықтығы;
-
материалдың мазмұндалуының толықтығы, дәлелділігі, жүргізілген зерттеудің
дербестік дәрежесі;
-
мазмұндалған материалдың түсінілуі үшін қисындылық, бірізділік және
қолжетімділік дәрежесі;
-
орындалған жұмыстың негізгі жетістіктері;
-
студенттің дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету дәрежесі;
-
студенттің мазмұндалған материалдан келіп шығатын логикалық қорытындыларды
жасау қабілеттілігі;
-
жұмыста кездесетін кемшіліктер және олардың жалпы мазмұнға ықпал ету
дәрежесі;
-
қорғау кезінде көбірек көңіл аудару немесе толығырақ тоқталу қажет болатын
мәселелерге қатысты нұсқаулар;
-
дипломдық жұмыстың рәсімделу деңгейі, қосымшалардың негізгі мәтінге сәйкестік
дәрежесі;
-
оны МАК отырысында қорғауға жіберу (немесе жібермеу) жөніндегі ұсыныс.
2.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
МЕН МАЗМҰНЫ
2.1 Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері
Дипломдық жұмыс – студенттің дербес шығармашылық зерттеуі.
Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылатындар:
-
мұқаба;
-
титул беті;
-
дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша тапсырма;
-
мазмұны;
-
нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгіленулер және қысқартулар;
-
кіріспе;
-
негізгі бөлім;