4
КІРІСПЕ
Жоғары оқу орнындағы оқытудың қорытынды кезеңі мамандық бойынша кешенді
мемлекеттік емтихан тапсыруды және дипломдық жұмысты қорғауды қамтитын
студенттердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы болып табылады.
Мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтихан жалпы кәсіби және арнайы
дайындық бойынша негізгі теориялық және практикалық маңызды мәселелерді қамтиды.
Дипломдық жұмыс практикалық талдау, қаржылық, кредиттік, банктік жүйелердің
даму проблемаларын диагностикалау, ұйымдардың қаржыларын басқаруды жетілдіру
бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, оны негіздеу дағдыларын, оның экономикалық және
әлеуметтік тиімділігін анықтауы және дамытуы тиіс.
Дипломдық жұмысты дайындауға кірісе отырып, студенттің әдістемелік
нұсқауларды мұқият қарап шығуы және, бұл орайда ғылыми жетекшінің әдістемелік
көмегіне сүйене отырып, оларды диплом жұмысын жазудың бүкіл кезеңдерінде
басшылыққа алуы қажет.
Дипломдық жұмысты орындай отырып, студент зерттеліп отырған проблематика
бойынша негізгі білімдерін; әр түрлі библиографиялық көздерден алынған материалдарды
өздігінен жүйелеп, талдай білетіндігін көрсетуі тиіс; ол зерттеу тақырыбына қатысты
өзекті проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуі және негіздеуі; өз
жұмысын қисынды құрып, материалды қиюластырып және сауатты мазмұндауы және оны
Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында табысты қорғауы тиіс.
1.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1
Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаттары мен міндеттері
Дипломдық жұмыс – жоғары білікті маманды даярлауды аяқтайтын оқу үдерісінің
аса маңызды кезеңі. Дипломдық жұмысты жазу мен қорғау студенттің теориялық
дайындығын, оның «Ақпараттық жүйелер» мамандығы аясында кәсіби міндеттерді
шешуге дайындығын анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқитын студенттер дипломдық
жұмыс жазады.
Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі мақсаттары болып табылатындар:
1.
Студенттің мамандық бойынша теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту және
кеңейту.
2.
Өздігінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын дамыту.
3.
Өз мамандығы және кәсіби қызметінің бағыты аясында практикалық міндеттерді
шешу дағдыларын дамыту.
4.
Студенттің мамандық бойынша өздік жұмысқа және ақпараттық жүйелердің нақты
практикалық міндеттерін шешуге теориялық және практикалық дайындығының
деңгейін анықтау.
Қойылған мақсаттарға сәйкес, студент дипломдық жұмысты орындау барысында
мына міндеттерді шешуі тиіс:
1.
Таңдалған тақырыптың өзектілігін, оның практикалық маңыздылығын негіздеу.
2.
Таңдалған тақырып бойынша теориялық ережелерді, нормативтік, әдістемелік
құжаттаманы, статистикалық материалдарды, анықтамалық және ғылыми әдебиетті
зерттеу.
3.
Тақырыпқа қатысты пікірталастық мәселелер бойынша өз көзқарасын айқындау.
4.
Нақты талдау жүргізу үшін қажетті материал жинау.
5.
Ақпаратты өңдеу мен талдаудың тиісті әдістерін қолдана отырып, жиналған
мәліметтердің талдауын жүргізу.
5
6.
Жүргізілген талдаудың негізінде қорытындылар шығару және қарастырылып
отырған бағыт бойынша ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша
нұсқаулар әзірлеу.
7.
Ұсынылып отырған ақпараттық шешімдерді технологиялық тұрғыдан негіздеу
және олардың экономикалық тиімділігін көрсету.
8.
Дипломдық жұмысты нормативтік талаптарға сай рәсімдеу.
9.
Дипломдық жұмысты қорғауға баяндама және таныстыру материалын дайындау.
Дипломдық жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар:
-
жоспардың болуы;
-
жұмыс құрылымының анықтығы;
-
материалды мазмұндаудың логикалық бірізділігі;
-
субъективті және екіұшты түсіндіру мүмкіндігін жоққа шығаратын
тұжырымдардың қысқалығы және нақтылығы;
-
дәлелдемелердің сенімділігі;
-
жұмыс нәтижелері мазмұндалуының нақтылығы;
-
қорытындылардың дәлелділігі және нұсқаулардың негізделгендігі;
-
түлектің біліктілігін анықтайтын (дипломдық) жұмыстың мазмұны және
рәсімделуі бойынша стандарт талаптарына сәйкес болуы.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығын арттыру үшін, ол студент
жұмыс істейтін немесе диплом алдындағы практикадан өтетін нақты ұйым мысалында
орындалады.
6
1.2
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны бекіту
Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын түлекті дайындап шығаратын кафедра
әзірлейді және Оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді. Бұл орайда студентке зерттелуінің
мақсатқа сай екендігін негіздей отырып, мамандық (бағыт) аясындағы өз тақырыбын
ұсыну құқығы беріледі.
Дипломдық жұмыстар тақырыптарының шамамен алынған тізімі жыл сайын
жаңартылып тұрады, студенттердің тақырыптарының қайталануына жол
берілмейді.
Студент кафедра ұсынған тізімнің ішінен өздігінен кез келген өзін қызықтыратын
дипломдық жұмыс тақырыбын таңдайды. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдаудың
негізгі өлшемі студенттің ғылыми және практикалық қызығушылығы, сондай-ақ
түлектерді дайындап шығаратын кафедраның меңгерушісімен және оқытушыларымен
алдын ала кеңесу болып табылады. Студентке бекітілген тақырыптаманың құрамына
енбеген тақырыпта дипломдық жұмыс (жоба) орындауға құқық беріледі. Бұл жағдайда
студент кафедраға ұсынылған тақырыпты зерттеудің мақсатқа сай екендігінің егжей-
тегжейлі негіздемесін немесе шет ұйымның тапсырыстық тақырыпты орындауды ұсынған
хатын береді.
Сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттерге өндірістік қажеттілікке сәйкес
дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға рұқсат беріледі.
Студент тақырыпты таңдайды, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы меңгерушісінің
атына өтініш жазады және оны кафедраға тапсырады (А қосымшасы). Кафедраның
атынан кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілерін
тағайындайды. Дипломдық жұмыстардың жетекшілері болып штат профессорлары,
кафедра доценттері, сондай-ақ ғылыми, педагогикалық және практикалық жұмыстың
жеткілікті дәрежедегі тәжірибесі бар аға оқытушылар тағайындалады. Студенттер ғылыми
жетекшінің кандидатурасына қатысты өз тілектерін білдіре алады, алайда соңғы шешімді
кафедра меңгерушісі қабылдайды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы студентке соңғы курстың басында беріледі және
жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны бекіту диплом
алдындағы практика басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
1.3
Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі кезеңдері
Түлектерді дайындап шығаратын кафедра дипломдық жұмысты орындау
басталғанға дейін әдістемелік нұсқауларды жасап шығарып, студенттерді олармен
қамтамасыз етуі керек, оларда мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкес дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар белгіленеді.
Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындау бойынша студенттің мерзімдік
есеп беруінің мерзімдерін белгілейді. Осы мерзімдерде студент оның дипломдық
жұмысының дайындық дәрежесін белгілейтін ғылыми жетекшісі мен кафедра
меңгерушісінің алдында есеп береді.
Студент жұмыстың мына кезеңдерін орындауы тиіс:
-
тақырып бойынша әдебиетті іріктеп алу және оны зерттеу;
-
дипломдық жұмыстың жоспарын (мазмұнын) әзірлеу;
-
зерттеуге жататын мәселелердің жай-күйін сипаттайтын нақты материалдарды
жинау және талдау;
-
дипломдық жұмыстың тиісті бөлімдерін жазу;
-
дипломдық жұмысты ғылыми жетекшісіне көрсету;
-
ғылыми жетекшінің ескертулері бойынша кемшіліктерді жою, жұмысты ақырғы
рәсімдеу және оны ғылыми жетекшінің пікір білдіруіне тапсыру;