1. Мамыров Н.Қ. , Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика, Алматы,2003ж
2. Под.ред. Хубиева К.А. Макроэкономика, Москва 2004 г
3. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика, Москва 2007 г
4. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. Алматы., 2002 ж., 118 бет.
5. М.Ә. Тілеужанова, Макроэкономика, Алматы 2008 ж, 512 бет
Қосымша әдебиеттер
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория оқу құралы., Астана: 2002 ж, 464 бет.
2. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері., 1998 ж.
3. Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник. – М.; 2001г -568с.
4. Курс экономической теории: учебник. П.р. Чепурина М.Н. – Киров; АСА,2001г-252с.
5. Макконел Р., Брю С. Экономикс. – М.: – 2000.
6. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика – М; Дело. – 1995г.
7. Сожина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория; Учебник. – М.,: НОРМ., 2001г.
8. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономика. – М., 2000г.
9. Журавлева Г.П. Общая экономическая теория. М., 1998г.
10. Экономика: Учебник/Под.ред. А.С. Булатова. – М.: изд.БЕК., 1995г– 632 с.
11. Маркс К.Капитал. Т 1, 2, 3, 4.
Анықтамалық әдебиеттер
1. Е.Е. Румянцева. Новая экономическая энциклопедия. Москва. Инфра- М. 2006.
Интернет-көздері
www.Unive.kz
http://www.ek-lit.agava.ru (кітапхана)
http://www.Unіve.kz (кітапхана)
http://www.eup.ru (кітапхана)
http://www.eviews.com ( Eviews бағдарламасы, жаттығулар )
http://www.wikipedia.com (cөздік, түсіндірме сөздік)
12. Студенттің оқу бойынша жетістіктерін бақылау сұрақтары (өзі дайындалу үшін сұрақтар тізімі, қорытынды бақылауға дайындық үшін сұрақтар және т.б.)
Рубеждік бақылау жүргізуге арналған сұрақтар (тесттік тапсырмалар)
1 нұсқа
1.Макроэкономика қандай сұрақтарды зерттейді?
A) Үй шаруашылықтары, фирма, жеке тұтынушылар мен өндірушілердің сияқты мінез-құлқын зерттейді.
B) Жалпы экономикалық жүйеде инфляцияны, жұмыссыздықты, ақша айналысын және экономикалық тепе-теңдіктің себептерін талдайды.
C) Өндірістің өнімін сату және өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеу сұрақтарын.
D) Қант қызылшасының өндірісін ұлғайту процесін мәселесін зерттейді.
E) Шағын бизнес секторын мен қызметін талдайды.
2.Макроэкономикалық процестерді оқып үйренудің негізгі әдістері мен құбылыстарына не жатпайды?
A) Микроэкономикалық талдау.
B) Математикалық модельдеу.
C) Қисық сызықпен (кестемен) моделдеу.
D) Ғылыми тәжірибе.
E) Ауызша моделдеу.
3.Кейнсшілдер:
A) Ақша макрореттеудің нeгiзгi құралы деп есептейді.
B) Рынокқа ішкі тұрақтылық тән екеніне сенеді.
C) Рынокқа тек еркін бәсекелестік сипат тән деп сенеді.
D) Мемлекеттің экономикаға араласуы дұрыс деп есептейді.
E) Жинақтар әрқашан инвестицияларға тең деп есептейді.
4.Макроэкономиканың негізін қалаушы кім:
A) Д. Кейнс;
B) К. Макконел мен С. Брю;
C) П. Самуэльсон;
D) У. Викри.
E) У. Нордхауд;
5.Төменде берілгендердің қайсысы эндогенді айнымалыларға жатады:
A) Резервтік норманы өзгерісі.
B) Салық мөлшерлемесі мен мемлекеттік шығындарды өзгерту.
C) Инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі.
D) Ақша жиынының өзгерісі.
E) Ұлттық банктің ашық нарықта бағалы қағаздарды сатуы.
6.Ұлттық табыстың көлемін анықтағанда көрсетілген агрегаттық мөлшердің қайсысы пайдаланылмайды?
A) Корпорация кірісі.
B) Мемлекеттік трансферттік төлемдер.
C) Несиеге алған қаржыларынан кәсіпкерлердің төлейтін пайыздары.
D) Ренталық кіріс.
E) Еңбек ақы және жалақы.
7.Соңғы тұтыну бағасын есептейтiн көрсеткiш
A) ЖІӨ.
B) ЖТ.
C) ҰТ.
D) ҚТ.
E) ТҰӨ.
8.Мемлекеттiң iшiнде өндiрiлген майдың бағасы ЖҰө-ге қосылады, егер
A) Ол шетел компаниямен өндiрiлген май болса.
B) Ол сол елдiң үй шаруашылығымен сатып алынған болса.
C) Экспортқа шығарылған болса.
D) Қытай жұмысшыларымен өндiрiлген болса.
E) Ол сол елдiң кондитерлiк фабрикасымен сатып алынған болса.
9.Көрсеткіштердің қайсысы өндіріс факторлары иелеріне төлемді нақты
бейнелейді:
A) ТҰӨ;
B) ҚБТ;
C) инвестициялар.
D) ҰТ;
E) ЖТ;
10.Ішкі таза инвестиция неге жұмсалады:
A) тұтынған капиталдың орнына;
B) трансфертті төлемдерге.
C) өндірісті кеңейтуге;
D) өндірістік қорды құруға;
E) жөндеу жұмыстарына;
11.ЖҰӨ-ді табыс әдісімен есептегенде не қарастырылмайды?
A) пайда;
B) мемлекеттік сатып алу шығындары;
C) пайыз;
D) жалақы;
E) рента;
12.ЖҰӨ-ді шығын әдісімен есептегенде не қарастырылмайды:
A) жанама салықтар;
B) таза экспорт;
C) инвестиция.
D) мемлекеттік сатып алу шығындары;
E) тұтыну шығындары;
13.Фишер индексі:
A) Тауарлардың бір-бірін ауыстыруын есепке алады.
B) Барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді.
C) Ласпейрас және Пааше индекстерінің қосындысы.
D) Ласпейрас және Пааше индекстерінің көбейтіндісі .
E) Пааше және Ласпейрас индекстерінің орташа шамасы .
14.Автономдық тұтыну мөлшерінің өзгеруі графикалық түрде былайша көрінуі мүмкін:
A) Жоспарланған шығындар қисығымен көлденең ауысуы.
B) Жоспарланған шығындар қисығының жылжуы.
C) Жоспарланған ұлттық өнім алынған амортизация..
D) Табыс деңгейінің өзгеруіне карай тұтыну функциясының қисығымен көлденең ауысуы.
E) Жоспарланған шығындар қисығының бұрышының өзгеруі.
15.Тұтыну функциялары – бұл:
A) Тұтыну көлемінің мемлекеттің экономикалық саясатына тәуелділігі.
B) Тұтыну көлемінің жинақтаушы қорынан тәуелділігін.
C) Жиынтық тұтынушы шығындары мен инвестициялары арасындағы байланыс.
D) Тұтыну көлемінің инвестицияға тәуелділігі.
E) Жиынтық тұтынушы шығындары мен табыстарының арасындағы байланысы.
16.Тұтынуға деген шекті бейімділік – бұл:
A) Тұтынуға бөлінген, қолда бар табыстың әр қосымша бірлігіне үлесі.
B) Жиынтық тұтынудың жиынтық табысқа қатынасы.
C) Инвестицияға бөлінген жылдық кірістің үлесі.
D) Тұтыну мен жинақтауға жіберілген жылдық кірістің үлесі.
E) Тұтынуға бөлінген, қолда бар жылдық табыстың үлесі.
17.Қандай формула тұтынуға деген орташа шекті бейімділікке сәйкес келеді?
A) МРС = Сөсуі/Yөсімі.
B) MPS = Sөсуі/Yөсімі.
C) АРС = С/Y.
D) ФС = C+МРС/У.
E) АРS = S/Y.
18.Тұтыну функциясының формуласын анықтаңдар:
A) С=а+в (у-т)
B) MPS = Sөсуі/Yөсімі.
C) ЖІӨ = С+ І+ Q+Хn.
D) ФС = C+МРСУ.
E) АРС = С/Y.
19. Төмендегiлердiң қайсысы дұрыс:
A) тепе-теңдiк жағдайда тауар-материалды қорға инвестиция болады.
B) тепе-теңдiк өнiм деңгейi әлуеттi ЖҰө-ға тең болуы мұмкiн емес.
C) тепе-теңдiк жиынтық шығындар барлық импорттық табыстарға тең.
D) тепе-теңдiк табыс деңгейiнде жоспарлы және нақты шығындарға теңеспейдi.
E) тепе-теңдiк жағдайында жиынтық шығындар барлық экономикалық агенттердiң жиынтық табыстарына тең.
20. Егер халық барлық табысының бiр бөлiгiн тұтынуға жұмсамаса және жұмсалмаған сомасын банкке салса, онда ол:
A) Жинақтайды, инвестициялайды.
B) инвестициялайды, бiрақ жинақтамайды.
C) жинақтайды, бiрақ инвестицияламайды.
D) жинақтайды, бағалы қағаздарды сатуға қолданатын жинағының жартысын инвестицияламайды.
E) жинақтамайды, инвестицияламайды.
21. Жалпы инвестицияларға келесiлер кiрмейдi:
A) өндiрiске деген капитал салымдары.
B) үй құрылысына инвестициялар.
C) таза жинақтар.
D) жеке жинақтар.
E) амортизация.
22. “Нарықтық фиаско” ұғымы нені мазмұндайды:
A) экономикалық шок.
B) бәсекелестілік қабілеттен айырылу;
C) өзін-өзі реттеу қабілетін жоғалту;
D) нарықтық инфрақұрылымның ыдырауы;
E) нарықтық жүйенің жойылуы;
23. Қысқа мерзім кезеңінде қолда бар табыс өскен сайын:
A) АРС өседі, ал АРS кемиді.
B) АРС кемиді, ал АРS өседі.
C) АРS те, АРС да өседі.
D) АРС төмендейді, АРS өседі.
E) АРS те, АРС да өзгермейді.
24. «Табыстар-шығындар» үлгісіндегі 45° -ғы сызық келесіні көрсетеді:
A) Халықтың әртүрлі табыс деңгейінде қор жинағына қанша сақтайтынын.
B) Халықтың тұтыну шығындары мен табысының тепе-теңдігін.
C) Тұтыну мен қор жинағының өзгермейтінін.
D) Халықтың әртүрлі табыс деңгейінде тұтынуға жұмсайтын шығындарын.
E) Тұтыну мен қор жинағының тепе-теңдігін.
25.Тұтыну функциясы сызбасындағы 45°-ғы сызық келесіні анықтауға мүмкіндік береді:
A) Үй шаруашылықтарының әр-түрлі табыс деңгейінде қор жинағына бөлетін қаржы көлемін.
B) Үй шаруашылықтарының әр-түрлі табыс деңгейінде тұтынуға жұмсайтын қаржы көлемін.
C) Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдігін.
D) Үй шаруашылықтарының әр-түрлі табыс деңгейінде тұтынуға жұмсайтын шығындарын.
E) Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары мен табысының теңесу нүктелерін.
2 нұсқа
1.Төмендегі түсініктердің қайсысы макроэкономикада оқытылады?
A) Жеке сұраныс.
B) Жеке ұсыныс.
C) Экономикалық саясат.
D) Фирманың активтері.
E) Кәсіпорынның іс-әрекеті.
2.Мысалы, Орталық банк хабарлауы бойынша есепті ставка ақшаға деген сұранысты төмендетеді инфляцияның баяулауына әкеледі. Бұл хабарламада қандай макроэкономикалық талдаудың қорытындылары сипатталады?
A) Позитивтік.
B) Математикалық моделі.
C) Жүйелі функционалдық.
D) Формалдық логика.
E) Нормативтік.
3.Макроэкoномикалық талдаудың ерекшеліктеріне жатады:
A) көрсеткіштерді комбинациялау.
B) модельдер жасау.
C) берілгендерді агрегаттау.
D) корреляциялық тәуелділікті құрастыру.
E) графиктерді құрастыру.
4.Мемлекеттiң iшiнде өндiрiлген өнiмiн сатып алуға емес жұмсалған табысты:
A) жинақтар.
B) шығын.
C) табыс.
D) инъекция.
E) ағым.
5.ҰЕЖ-гі инвестиция мазмұнына не кірмейді:
A) фирманың жаңа құрылғыны сатып алуы;
B) жаңа қордың құрылуы.
C) қор нарығынан акция сатып алу;
D) индивидтің жаңа үйді сатып алуы;
E) фирма қорының артуы;
6.Қор өзгермелілеріне жатады:
A) Тұтынушылық шығындар.
B) Мемлекеттік қарыз.
C) Салым үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі.
D) Бір айдағы жұмыссыздар саны.
E) Бір жылдағы инвестицияның көлемі.
7.ТҰӨ қалай есептеледі?
A) ЖҰӨ-нен жанама салықтар алынады.
B) ҰТ-қа амортизация қосылады.
C) ЖҰӨ-ге жанама салықтар қосылады.
D) ЖҰӨ-нен инвистициялар алынады.
E) ЖҰӨ-нен амортизациялық аударымдар алынады.
8.Ласпейрестің индексін есептегенде негізіне алынатындар:
A) Бірінші кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
B) Соңғы кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
C) Ағымдағы кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
D) Өткен кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
E) Базалық кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
9.Егер номиналды табыс 8% көтерілсе, ал баға деңғейі 10% өссе, онда нақты табыс:
A) 2% азаяды.
B) 18% ұлғаяды.
C) өзгермейді.
D) 18% азаяды.
E) 2% ұлғаяды.
10.Егер жиынтық сұраныс атаулы ЖҰө деңгейiнен жоғары болса, онда экономикада
A) бюджет тапшылығы бар болады.
B) қаржылық шектеу бар.
C) дефляциялық ажырасу бар болуы.
D) жалпы макроэкономикалық тепе-теңдiк болады.
E) Инфляциялық ажырасу бар болуы.
11.Ұлттық есеп жүйесiндегi қолданылатын «жеке жинақ» терминi:
A) жанұяның барлық активтерiнiң жалпы сомасы.
B) белгiлi бiр табыс.
C) тұтынуға жұмсалмаған және белгiлi бiр мерзiмдегi табыс.
D) банктегi немесе тек қана бағалы қағаздар сату қолдану .
E) жанұя барлық активтерiнiң жалпы сомасынан оның мiндетiн шегеру.
12.Төмендегi көрсетiлген көрсеткiштердiң қайсысы мемлекеттiң әскери мүмкiндiгiне көбiрек сәйкес келедi:
A) атаулы ЖҰө көлемi .
B) орташа жанұялық табысы.
C) жан басына шаққандағы атаулы ЖҰө көлемi.
D) нақты ЖҰө көлемi.
E) жан басына шаққандағы нақты ЖҰө көлемi.
13.Капиталды тұтынуға шығын – ол:
A) таза инвестиция;
B) жалпы инвестиция;
C) шетел инвестициясы;
D) портфельді инвестиция.
E) амортизация;
14.Жалақы ЖҰӨ қай әдіспен есептегенде қолданылады:
A) табыс әдісі бойынша ЖҰӨ есебінде;
B) ТҰӨ есебінде.
C) шығын әдісімен ЖІӨ есебінде;
D) таза субсидия есебінде;
E) таза экспорт есебінде;
15.Егер ағымдағы жылғы баға базалық жылғы бағадан төмен болса, онда нақты ЖҰӨ:
A) Атаулы ЖҰӨ-ге тең болады.
B) Атаулы ЖҰӨ өзгермейді.
C) Атаулы ЖҰӨ-нен төмен болады .
D) Көлемін анықтау мүмкін емес.
E) Атаулы ЖҰӨ-нен жоғары болады.
16.Мемлекеттік трансферттік төлемдерге жатады:
A) Рента.
B) Кәсіпорын пайдасы .
C) Сақтандыру төлемдері.
D) Дивиденд.
E) Менеджердің жалақысы.
17.С = а + в (У-Т) тұтыну функциясының негізін салушы:
A) Фишер.
B) Маршалл.
C) Лукас.
D) Модильяни.
E) Кейнс.
18.Төменде берілген элементтердің қайсысы өзіне нақты инвестицияны жатқызбайды?
A) Еңбек ақыға кеткен шығындар.
B) Жаппай жөндеуге кеткен шығындар.
C) Жер учаскілерін алуға бағытталған инвестициялар.
D) Табиғат пайдалану обьектілерін алуға бағытталған инвестициялар.
E) Негізгі капиталға инвестиция.
19. Егер қолда бар табыс көлемі төмендесе, онда:
A) тұтыну шығындары да қор жинау да өседі.
B) тұтыну шығындары өседі, ал қор жинау көлемі қысқарады.
C) тұтыну шығындары қысқырады, ал қор жинау көлемі өседі.
D) тұтыну шығындары және қор жинау өзгермейді.
E) тұтыну шығындары және қор жинау көлемі қысқарады.
20. Дефляция дегенiмiз-ол:
A) толық жұмысбастылыққа жақын жағдайларға артық жиынтық шығындар, жиынтық сұраныс нәтижесiнде пайда болады.
B) инфляция деңгейiнiң төмендеуi.
C) бағаның орташа деңгейiнiң төмендеуге тұрақты тенденциясы.
D) бағаның орташа деңгейлерiнiң салыстырмалы өзгеруi.
E) өнiм бiрлiгi орташа шығындардың көбеюi және жиынтық ұсыныстың төлемдер нәтижесiнде пайда болуы.
21. Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор:
A) Таза инвестиция.
B) мемлекеттiк шығындар.
C) таза салық.
D) пайыз мөлшерлемесi.
E) Таза экспорт.
22. Жинақтауға шекті бейімділік – бұл:
A) табыс өсімі мен жинақтау өсімінің соммасы.
B) табыс көлемінің жинақтау көлеміне қатынасы;
C) жинақтау өсімінің табыс өсіміне қатынасы;
D) табыс өсімінің жинақтау өсіміне қатынасы;
E) жинақтау көлемінің табыс көлеміне қатынасы;
23. Үнемділік оғаштығы дегеніміз:
A) Адамдардың көбірек үнемдеуге ұмтылуынан қоғамда көп көлемде қор жиналуы.
B) Қор жинау өсімінің инвестиция өсіміне қарағанда азырақ болуы.
C) Инвестиция көлемінің қор жинау көлеміне қарағанда азырақ болуы.
D) Инвестиция өсімі мен қор жинау өсімінің бір деңгейде болуы.
E) Адамдардың көбірек үнемдеуге ұмтылуынан қоғамда аз көлемде қор жиналуы.
24. Жеке қор жинағы былайша анықталады:
A) Қолдағы табыс минус тұтыну шығындары.
B) Тұтыну шығындары минус – қолдағы табыс.
C) ЖҰӨ минус мемлекеттік шығындар.
D) ЖҰӨ минус тұтыну шығындары.
E) Қолдағы табыс плюс тұтыну шығындары.
25. Егер елдегі қолда бар табыс көлемі өсетін болса, онда:
A) Тұтыну мен қор жинағына орташа бейімділік өседі..
B) Тұтынуға орташа бейімділік өседі, ал қор жинағына орташа бейімділік кемиді..
C) Тұтыну мен қор жинағына орташа бейімділік өзгермейді.
D) Тұтыну мен қор жинағына орташа бейімділік кемиді.
E) Тұтынуға орташа бейімділік кемиді, ал қор жинағына орташа бейімділік өседі.
3 нұсқа
1.Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі болып табылатындар:
A) Эксперименттік зерттеу.
B) Математикалық есеп.
C) Көрсеткіштерді біріктіру.
D) Құбылыстарды синтездеу.
E) Тәжірибелі жұмыс.
2.Макроэкономикалық саясат – бұл:
A) Кәсіптік, координациялық экономика қалыпына және жеке экономиканың субъектілеріне бағытталған.
B) Кәсіпкерлердің пайдасын есептейді.
C) Тұтынудың функционалдық тәуелсіздік өзгерістер табыстың өзгеруінен байқалады.
D) Өндіріс шығынын өсуі байқалады.
E) Мемлекеттік мақсатына қарай бағытталған кәсіптік оның институттарын, заңдылық, орындаушы органдарды сипаттайды.
3.Қоғамдық игіліктер жиынтығы деп айтылған сөз қандай экономикалық санатты білдіреді?
A) Жиынтық қоғамдық өнім.
B) Ұлттық байлық.
C) Ұлттық табыс.
D) ТҰӨ.
E) ЖҰӨ.
4.Мемлекеттiң iшiнде өндiрiлген өнiмдi сатып алуға жұмсалған тұтыну шығыны
A) экзогендiк.
B) утечка.
C) инъекция.
D) эндогендiк.
E) кiрiс.
5.Нормативті талдау, бұл:
A) Экономикалық саясат негізінде жасалатын қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.
B) Экономикада нендей жағдайлар болып жатыр деген сұраққа жауап алу үшін қолданылады.
C) Экономикалық саясаттағы, экономикалық шаралардағы өзгерістерді өндіріс, сауда, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіреді.
D) Нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды.
E) Экономикалық саясат пен нақты экономикалық шаралардың жақсы, не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау.
6.Қандай макроэкономикалық шамалар «агрегат» ұғымына қатысты:
A) ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ, бағаның орташа деңгейі.
B) Еңбек ақы және жинақ қоры.
C) Жеке иеленушідегі бағалы қағаздардың саны.
D) Қарағандыдағы тұрғылықты қордың құны.
E) Инвестициялар.
7.Пааше индексін есептегенде негізіне алынатындар:
A) Бірінші кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
B) Соңғы кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
C) Өткен кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
D) Ағымдағы кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
E) Базаның кезеңдегі тауарлар қоржының құрылымы.
8.Фирманың ЖҰӨ-ге қосқан үлесін есептеу үшін өндірілген өнімнің құнынан шегеру қажет:
A) бизнеске жанама салықты.
B) аралық өнімдер құнын.
C) бөлінбеген пайданы.
D) амортизацияны.
E) басқа фирмаларға сату көлемін.
9.Егер атаулы ЖҰө мен баға деңгейi өссе, онда:
A) нақты ЖҰө бағаға қарағанда аз өседi.
B) нақты ЖҰө өзгермейдi.
C) нақты ЖҰө кемидi.
D) бұл көрсеткiштермен нақты ЖҰө-нiң динамикасын анықтай аламыз.
E) нақты ЖҰө артады.
10.(Y+TR+N-T)-C теңдеуi келесiнi бiлдiредi:
A) жеке жинақтар.
B) таза жинақтар.
C) мемлекеттiк жинақтар.
D) қалған әлемнiң жинақтары.
E) жалпы жинақтар.
11.Тұтыну баға индексi ненi көрсетедi?
A) тұтынушылар қоржының орташа бағалар деңгейiнiң өзгеруi.
B) инфляция деңгейiнiң өзгеруi.
C) жұмыссыздық деңгейiнiң өзгеруi.
D) мәдениет деңгейiнiң өзгеруi.
E) халықтың бiлiм деңгейiнiң өзгеруi.
12.Таза экспорт қай есепте қолданылады:
A) жалпы жинақтау көрсеткішінде.
B) табыс ағымы бойынша ЖҰӨ есебінде;
C) қосымша құн әдісі бойынша ЖҰӨ есебінде;
D) таза экономикалық әл-ақуал көрсеткішінде;
E) шығын әдісі бойынша ЖҰӨ есебінде;
13.ЖҰӨ құрамындағы инвестиция теріс сан болады, егер:
A) Шағын фирмалар өздерінің сақтау қорын азайтса.
B) Жоспарланған инвестиция нақты инвестицияға тең болса.
C) Амортизация жалпы инвестициядан көп болса.
D) Жоспарланған инвестиция нақты инвестициядан аз болса.
E) Жеке тұтыну қолдағы табысқа тең болса.
14.Ұлттық табыс (ҰТ) келесі түрде анықталады:
A) ТҰӨ – амортизация.
B) ТҰӨ + жанама салықтар.
C) ТҰӨ + субсидиялар.
D) ТҰӨ + амортизация.
E) ТҰӨ (таза ұлттық өнім) – жанама салықтар.
15.ЖҰӨ -нің ЖІӨ-нен айырмашылығы:
A) ЖҰӨ-ге тек соңғы өнім кіреді, ал ЖІӨ құрамына барлық өндірілген өнім кіреді.
B) ЖҰӨ - бұл соңғы өнімдер жиынтығы, ал ЖІӨ - қосымша құндар жиынтығы.
C) ЖҰӨ көлемі нақты бағалармен есептеледі, ал ЖІӨ көлемі - атаулы бағалармен.
D) ЖІӨ көлемі нақты бағалармен есептеледі, ал ЖҰӨ көлемі - атаулы бағалармен.
E) ЖҰӨ ел ішінде және шет елдерде өндірілген өнімді есепке алады, ал ЖІӨ құрамына тек ел ішінде өндірілген өнім кіреді.
16.С = а + в (У-Т) тұтыну функциясындағы в коэффициенті нені көрсетеді:
A) Салық мөлшерлемесін.
B) Автономиялық тұтынуды.
C) Тұтынуға шекті бейімділікті.
D) Аренда ақысын.
E) Еңбекақы мөлшерлемесін.
17.Тұтынуға шекті бейімділік нөл мен бірдің арасында өзгеріп отырады деп кім дәлелдеген:
A) Фишер.
B) Кейнс.
C) Модильяни.
D) Оукен.
E) Маршалл.
18.Қандай факторларға инвестициялар тәуелді емес?
A) Кірістің үміттену мөлшеріне.
B) Еңбек ақы қорына.
C) Салық салуының деңгейіне.
D) Инфляция деңгейіне.
E) Қаржы салушылардың салыстырмалық шамалары мен пайыздың мөлшерінің деңгейіне.
19. Тұтыну функциясы мына түрде жазылады:
A) С = С(Т + I)
B) С = С(с)
C) C = C(W IP)
D) С = (К)→ F(K)
E) С = С(У-Т)
20. Макроэкономикада “кейнсиандық крест” не бiлдiредi?
A) AS қисығы.
B) IS-LM қисығының қиылыспауы.
C) IS қисығы.
D) Жиынтық шығындардың жиынтық табысқа теңесуін.
E) LM қисығы.
21. Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторларға жатпайтыны
A) Экономикалық күту.
B) Үй шаруашылығының табысы.
C) Үй шаруашылығында жиналған байлық.
D) Өндiрiстiк инвестициялар.
E) Баға деңгейi.
22.Табыс өскен сайын:
A) MPC пен MPS бірге өседі;
B) MPC мен MPS өзгермейді.
C) MPC өседі, MPS азаяды;
D) MPS мен MPC бірге қысқарады;
E) MPS өседі, MPC азаяды;
23. Автономды тұтыну - бұл:
A) Тепе-теңдік деңгейден төмен тұтыну.
B) Табысқа байланысты емес тұтыну.
C) Тепе-теңдік деңгейге сәйкес келетін тұтыну.
D) Тұтынуға жұмсалатын табыстың бір бөлігі.
E) Жинақ қорына мүмкіндік беретін тұтыну деңгейі.
24. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдік :
A) Қолда бар табысқа тәуелді.
B) Мемлекеттік шығыстар мен салықтардың өзгермелі шамалары анықтайды.
C) Номиналды пайыз мөлшерлемесімен анықталады.
D) Тауарлар мен қызметтер нарығындағы өндірістің берілген технологиясымен анықталады.
E) Нақты пайыз мөлшерлемесімен анықталады.
25. Төмендегілердің қайсысы инвестиция тұрақсыздығының негізгі факторына жатпайды:
A) Мемлекеттік шығындар өзгерісі.
B) Инновациялардың тұрақсыздығы.
C) Экономикалық күтулердің өзгергіштігі.
D) ЖҰӨ-нің циклдық ауытқулары.
E) Құрал-жабдықтардың ұзақ мерзімде жұмыс істеуі.
4 нұсқа
1.Макроэкономика нені оқытады?
A) Игіліктер нарығын.
B) Тұтынушылар іс - әрекетінің теориясын;
C) Фирманың экономикасын;
D) Өндіріс факторлары нарығын;
E) Жалпы экономиканы;
2.Төменде берілген элементтердің қайсысы макроэкономиканың әдістерінің негізгі элементтеріне жатпайды?
A) Индукция және дедукциялык әдіс.
B) Экономикалық-математикалық моделі.
C) Материяны зерттеу әдісі.
D) Абстракциялық әдіс.
E) Функционалды талдау.
3.Жабық экономикадағы шығындар мен табыстардың айналымы төмендегінің қайсысын дәлелдейді?
A) экономикадағы табыстар шығындарға тең.
B) экономикадағы табыстар шығындардан көп.
C) экономикадағы табыстар шығындардан аз.
D) экономика теңестірілмеген, сондыктан сырттан қарыздар
қажет.
E) жинақталған қаражаттар мен несиелердің болуына
байланысты шығындар табыстардан көп.
4.Ауыспалы ағындар:
A) ұлттық байлық көлемi.
B) елдiң iшiндегi бiр жылдағы тұтыну шығыстарының көлемi.
C) экономикадағы капитал көлемi.
D) жұмысшылардың жалпы саны
E) мемлекеттiк қарыз.
5.Экзогенді айнымалыларға төмендегілерді жатқызуға болады:
A) Инфляция деңгейі, жұмыссыздық.
B) Икемділік коэфиценті.
C) Валюта бағамы, пайыз мөлшерлемесінің деңгейі
D) Салық мөлшерлемесі, ақша жиынын өзгерту және мемлекеттік шығындар.
E) Еңбек өнімділігі және еңбекақы.
6.Егер де ұлттық табыстан корпорация табысына салынатын салықты алып тастаса, бөлінбеген табысты және әлеуметтік сақтандыруға салымдарды алып тастаса, содан кейін таза трансферттік төлемдерді қосса, онда шығатын сома-бұл:
A) Қолда бар табыс.
B) Амортизация.
C) ЖҰӨ.
D) ТҰӨ.
E) Жеке табыс.
7.ЖҰӨ көлемі, қосымша құн арқылы есептелген:
A) барлық факторлық табыстардың соммасы.
B) барлық өндіруші фирмаларға қосымша құн соммасы + таза экспорт.
C) барлық өндіруші фирмалардың қосымша құн соммасы.
D) С + І + G + (Х - ІМ).
E) C+I+G.
8.ЖҰӨ және ТҰӨ ұлттық шоттарында “таза инвестиция” дегеніміз:
A) қандай да бір тауар, мемлекеттік кәсіпорында өндірілген.
B) жыл аяғында қорлардың өсуі.
C) жыл аяғына дейін толық пайдаланылмаған, сатып аланған кез келген товар.
D) обликация сатып алу.
E) қандай да бір акция сатып алу.
9.Мыналардың қайсысы ЖҰӨ құрамына кiрмейдi
A) Үйдегi дайындалған ас.
B) корпорациядан сатып алынған акция.
C) көршiден сатып алынған кiтап.
D) көршiден сатып алынған телевизор.
E) дұкеннен сатып алынған жаңа кiтап.
10.ЖҰӨ дефляторына қандай индекс түрi сәйкес келедi?
A) Экономикалық өсу дәрежесi.
B) Фишер индексi.
C) Ласпейрес индексi.
D) өмiр сүру индексi.
E) Пааше индексi.
11.Экономистер экономиканың өсуінің белгісі деп нені санамайды:
A) экономикалық потенциал өсімі;
B) өмір деңгейінің өсімі;
C) AD мен AS-тың бір мезгілді қозғалысы;
D) құрылатын игіліктің дамығандығы;
E) капиталмен әлсіз жарақтану.
12.Егер халық саны нақты ЖҰӨ көлеміне қарағанда жоғары қарқынмен өссе, онда бір адам басына шаққандағы нақты ЖҰӨ:
A) Өседі..
B) Халық санының өзгерісі ЖҰӨ көлеміне әсер етпейді.
C) Өзгермейді.
D) Атаулы ЖҰӨ көлемі өседі.
E) Төмендейді.
13.Макроэкономикада индекстерді қолдану мына жағдайды анықтауға мүмкіндік береді:
A) Экономикадағы орташа баға өзгерісін.
B) Икемділік коэфицентін.
C) Нақты тауарға бағаның құрылуын.
D) Баға өзгерісінің сұранысқа әсерін.
E) Жеке салалардағы баға өзгерісін.
14.Тұрақты табыс жағдайында МРС және МРS көрсеткіштерінің сомасы неге тең?
A) 1000
B) 10
C) 1
D) 0
E) 100
15.Тұтынуға шекті бейімділік — ол:
A) Табыс өсімінің жинақ өсіміне қатынасы.
B) Тұтыну өсімінің қолдағы табыс өсімінің бірлігіне қатынасы.
C) Табыстың жинаққа қатынасы.
D) Табыс пен шығын айырмасы.
E) Шығынның жинаққа қатынасы.
16.Кейнстің қарапайым мультипликатор үлгісі мынаны көрсетеді:
A) Салық өсімінің жинақ өсіміне қатынасы.
B) Табыс өсімінің инвестиция өсіміне қатынасы.
C) Табыс өсімінің мемлекеттік шығын өсіміне қатынасы.
D) Ақша массасы өсімінін, табыс өсіміне қатынасы.
E) Инвестиция өсімінің жинақ өсіміне қатынасы.
17.Төменде берілген баптардың қайсысы мемлекеттік бюджет шығындарына жатпайды:
A) Мемлекеттік қарыздар бойынша төлемдер.
B) Қорғанысқа кеткен шығындар.
C) Әкімшілік-басқарушылық шығындар.
D) Мемлекеттік меншіктен түскен кірістер.
E) Шетел мемлекеттеріне көмек
18. I = е - dr инвестициялық функциясы үшін проценттік мөлшерлеме нөлге тең жағдайдағы инвестицияның мәні қандай?
A) 0.
B) d.
C) е-d.
D) –е.
E) е.
19. Классикалық теория бойынша егер ұй шаруашылықтары тұтынудан кейiн қалған табысының бiр бөлiгiн банкке орналастырса, онда ол
A) жинақтайды да, инвестиция да жасайды.
B) жинақтайды, бiрақ инвестиция жасамайды.
C) жинақтамайды да, инвестиция жасамайды да.
D) инвестиция жасайды, бiрақ жинақталмайды.
E) жинақтайды, бiрақ жинақтаудың бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен бөлiгiне инвестиция жасалынбайды.
20. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнстiк кесiндiсiне сәйкес келетін, жиынтық сұраныстың өсуi төмендегілердің қайсысына сәйкес келеді:
A) баға төмендейдi, ал нақты ЖҰӨ көлемi өседi.
B)нақты ЖҰӨ өседi, бiрақ баға деңгейiне әсер етпейдi.
C) баға деңгейi де, нақты ЖҰӨ -де өседi.
D) баға өседi, нақты ЖҰӨ көлемi қысқарады.
E) бағалар өседi, бiрақ нақты ЖҰӨ динамикасына ешқандай әсер етпейдi
21. Фирманың инвестицялық мақсатарының бiрi:
A) тұтынуды кемiту.
B) болымсыз жағдайлардан қорғану.
C) жаңа технология қолдану.
D) сұраныс пен ұсынысты теңестiру.
E) балалардың болашағын қамтамасыз ету.
22. Д. Кейнс тұтыну деңгейі неге тәуелді дейді:
A) пайыздық мөлшерлемеге.
B) жанұя мүшелерінің жасына;
C) тұтынушының мекен-жайына;
D) табыс деңгейіне;
E) тұтынушының талғамына;
23. Халықтың табасы өскенде МРС және МРS қалай өзгереді:
A) МРС > 0, МРS < 1.
B) МРS төмендейді, МРС өседі.
C) МРS те, МРС да өседі.
D) МРS те, МРС да өзгермейді.
E) МРС төмендейді, МРS өседі.
24.Автономды инвестиция дегеніміз:
A) Қолда бар табыс деңгейіне тәуелді инвестициялық шығындар.
B) Кез-келген ұлттық табыс деңгейінде өндірушілердің жұмсауға дайын инвестициялық шығындары.
C) Ағымдағы қолда бар табыс деңгейіне тәуелді инвестициялық шығындар.
D) Көлемі және динамикалық өзгерісі ағымдағы табыс деңгейіне байланысты өзгеретін инвестиция.
E) Қолда бар табыс деңгейіне тәуелсіз инвестициялық шығындар.
25. Инвестицияға шекті бейімділік мынадай қатынас арқылы анықталады:
A) Ұлттық табыс өзгерісінің инвестициялар өзгерісіне.
B) Тұтыну шығындарының инвестициялар өзгерісіне.
C) Қор жинағы өзгерісінің инвестициялар өзгерісіне.
D) Инвестициялар өзгерісінің қор жинағы өзгерісіне.
E) Инвестициялар өзгерісінің ұлттық табыс өзгерісіне.
Достарыңызбен бөлісу: |