2-тақырып. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері
Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналған.
Сатылатын тауар біртектес (стандартты) және тауарладың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.
2.1 Сұраныс
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауарлардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
2.1-кесте
Шұжыққа сұраныс
1 кг-ның бағасы (теңгемен)
|
Сұраныс көлемі (1 айға, кг)
|
900
800
700
600
500
400
300
200
100
|
3,5
4
4,5
5
5,5
6
6,5
7
7,5
|
2.1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда), оны сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген.Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 2.1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ның бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6кг шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты.Сұраныс бұл тұтынушының , сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету.
Сұраныс көлемі - сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауарлардың санын көрсетеді.
2.1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауарлардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:
1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2. Әр уақытта тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екінші ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.
3. Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімдіділігі дейді.
Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етініңорнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).
Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі
2.1-суреттегі сұрыныс қисығы шұжықтың бағасы мен тұтынушылардың бір айда сатып алатын оның саны арасындағы қатынасы көрсетеді (сұранысқа әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда).
Егер де берілген факторлардың кез келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс кестесін құрап, жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықтайды.
2.1-суреттен көретініміз, шұжықтың бағысы 500-ден 600 теңгеге дейін өскенде, сұраныс көлемі 5,5-тен 5 кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс қисығының бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Осы келтірілген мысалымызда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік, онда сұранысқа ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық. Оны математика тәсілімен көрсетсек, сұраныс функциясы деп атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады:
QD = f ( P ),
мұнда, QD – сұраныс көлемі;
Р – зерттеліп отырған тауардың бағасы.
Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген тауарлардың бағасы – Р, басқа тауарлардың бағасы (Рa, Рb...), тұтынушылардың табысы ( І ) және олардың талғамы ( Т ). Осы жоғарыда айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай туәелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:
QD = f ( P, Рa, Рb...І, Т )
мұнда, QD – белгілі бір уақыттағы берілген тауарға деген сұраныс
көлемі;
Р, Рa, Рb... – берілген тауардың және басқа тауарлардың
бағасы;
І – тұтынушының табысы;
Т – тұтынушының табысы.
Біз бұдан бұрын келтірілген мысалымызда, қарастырып отырған тауардың бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттелік және сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық.
Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді дейік. Мысалы, басқа тауарлардың бағасының өзгеруі. 2.2-суретте екі тауарға деген сұраныс қисығы көрсетілген. Сиыр етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңге болып, белгілі бір уақыттан кейін 200 теңгеге дейін жоғарылады дейік. Соның нәтижесінде сиыр етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кемиді. а суреттен көріп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс көлемі А нүктесінен В нүктесіне жылжиды және осы тауардың бағасы жоғарылаған уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды.
Сиыр етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңгеден 200-ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты болғанда сұраныс көлемі азаяды (2.2 а-сурет), қозғалыс сұраныс қисығының бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар сиыр етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы (2.2 ә-сурет) түгелімен оңға жылжиды.
Ә
Р
250
200 А1 В1
150
D2
100
D1
50
0 10 20 Q
-
2.2-сурет. Сиыр етінің бағасы өсуінің құс етіне деген сұранысқа тигізетін ықпалы. Ал 2.2 ә-суретте осы жоғарыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне деген сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Сиыр етінің қымбаттауына байланысты, құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қисығы түгелімен D1 – ден D2 – ге дейін оңға жылжиды. Бұл жерде ескеретін нәрсе, құс етінің бағасы тұрақты деп ұйғарамыз. Сиыр етінің бағасы 150 теңге болғанда ( D1 қисығының бойындағы А1 нүктесі), ал сиыр еті 200 теңгеге дейін қымбаттаған кезде олар 20 кг құс етін сатып алған (D2 қисығында В1 нүктесі).
2.2 а-суреттегі сұраныс қисығының бойымен жылжытуды экономистер сұраныс көлемінің өзгеруі деп, ал 2.2 ә-суреттегі сұраныс қисығының түгелімен жылжыуын – сұраныс өзгеруі деп атайды.
Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының өзгеруі нәтижесінде болады (вертикальды осьте көрсетілген айнымалы шама). Сұраныс өзгеруі (сұраныс қисығының түгелімен жылжуы) графикте көрсетілмеген бағадан басқа фактор әсер еткенде болады. Келтірген мысалымызда тұтынушылар сиыр еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын болады, себебі бұл тауарлар бір-бірін ауыстыра алады. Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы, сары май мен маргарин, пиджак пен свитер және т.б. Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автомобиль мен бензинді қарастырайық. Бензиннің бір литрінің бағасы 30 теңге болғанда тұтынушы 1 жетіде 40 литр алады дейік, ал баға 40 теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді. 2.3 а-сурет. Өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады.
Р Р
50 400
В В1 А1
40 300
А D1
30 200
100 D2
20
10 D 0 50 100 Q
Автомобиль саны, дана
0 20 40 60 80 100 Q
Бензин мөлшері,л
2.3-сурет. Бензин бағасы өсуінің автомобильге деген сұранысқа әсері.
Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 теңгеге дейін жоғарылағанда, оған деген сұраныс көлемі 40л-ден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда (2.3 а-сурет) сұраныс көлемі өзгереді және автомобиль нарығында да өзгеріс болады (2.3 ә-сурет), басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда автомобильге деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды.
Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан автомобильдің бағасы өзгермесе де оған деген сұраныс азаяды.2.3 а-суретте көрсетілгендей сұраныс қисығы түгелімен солға D1 –ден D2-ге дейін жылжиды. Ал сұраныс көлемі А1 нүктесіндегі 100 бірліктен В1 нүктесіндегі 50 автомобильге дейін кемиді. Сонымен, егер бір тауардың бағасы жоғарылаған уақытта, екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, онда бұндай тауарларды бірін-бірі толықтыратын немесе комплементарлы тауарлар деп атаймыз. Бірін-бірі толықтыратын тауарларға төмендегідей мысалдар келтіруге болады; автомобиль мен бензин, тенис ракеткасы мен добы және т.б.
Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды төмендегідей екі түрге бөлеміз: 1) нормалды немесе кәдімгідей; 2) сапасы төмен тауарлар. Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарды (табыстан басқа факторлар тұрақты болғанда нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз. Мысалы, тұтынушылар табысы өскен сайын сиыр етіне деген сұранысы көбейеді. Себебі сиыр еті диеталық және жеңіл қорытылатын тағам болғандықтан тұтынушылардың осы тағамға деген сұранысы жоғарылайды (бағасы өзгермеген жағдайда).
2.4-суреттен көріп отырғанымыз табыс өзгергенде сиыр етіне деген сұраныс өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1 –ден D2-ге дейін оңға қарай жылжып тұр. Табысы аз кезінде сатып алушы бір айда А нүктесіне сәйкес 20 кг сиыр етін алған болса, ал енді табысы жоғарылағанда В нүктесіне сәйкес 40 кг ет алады. Суреттен көріп отырғанымыздай сиыр етінің бағасы А және В нүктелерінде тұраұты 200 теңге қалпында қалады.
250 B
200 A
150
100 D
50
D2
D1
0 10 20 30 40 50
2.4-сурет. Тұтынушылар табысы өсуінің сиыр етіне деген сұранысқа тигізетін ықпалы.
Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарларға деген сұраныс та азаяды, сұраныс қисығы солға жылжиды.
P
B A
200
D1
D2
0 15 20 Q
2.5-сурет. Тұтынушы табысы азаюының сиыр етіне деген сұранысқа тигізетін әсері.
Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбейген уақытта тұтынушылар сарымай алады да, ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс солға қарай жылжиды.
P
B A
D1
D2
Тауардың мөлшері,кг
Q
2.6-сурет. Табыс өскен уақытта сапасы төмен тауарға деген сұраныстың өзгеруі.
Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды, бірақ кей уақытта анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамымен қалауы болып табылады. Тағам-сатып алушы үшін әрбір тауардаболатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруіне немесе жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі мүмкін.
Талғам өзгеруі-бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді (музыка, мода, киім, тамақ). Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап, оны күтсе, онда шылымға; өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.
Бағаның өзгеруін күту-бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.
Достарыңызбен бөлісу: |