90
Командалық
жол
интерпретаторы
(командалықинтерпретатор,командалық қоршау, қоршау) – қолданушы және
жүйе арасындағы "диалогты" ұйымдастыру үшін қолданылатын Linux ОЖ-
дегі бағдарлама. Командалық интерпретатордың негіздері: редактор және
командалық жолдағы командаларды талдаушы (анализатор команд), жоғарғы
деңгелі жүйелі-бағытталған бағдарламалау тілі, командалардың ӛзара және
жүйемен әрекеттесуін ұйымдастыру құралы
"Администратор" түсінігі. Linux ОЖ-де басқа қолданушылардың
жүйедегі ӛкілеттігінен ерекше айырмашылығы болатын бір ғана қолданушы
бар- ол «0» идентификаторымен берілген қолданушы. Әдетте UID=0 арқылы
кӛрсетілген қолданушының есеп жазбасы root (ағылш., "түбір") деп аталады.
Қолданушы root - бұл Linux жүйесінің "әкімшісі"(администратор). Кез келген
Linux жүйесінде басқа есеп жазбасы болмаған жағдайда да root қолданушы
үшін есеп жазбасы міндетті түрде беріледі. Осындай UID арқылы кӛрсетілген
қолданушы жүйеде кез келген іс- әрекет орындай алады, яғни кез келген
қателік немесе дұрыс жасалмаған әрекет жүйеге қатер жасау, мәліметтерді
ӛшіру тәріздес мәлелелерге жағдай жасауы мүмкін. Күнделікті жұмыс жасау
үшін жүйеде root арқылы тіркелмеген дұрыс.
Жүйеге тіркелу. Егер жүйеге шақыру экран орталығында графикалық
терезе түрінде рәсімделген болса Ctrl+Alt+F1 пернелерін басу қажет-
бейнережимге
ауысу орындалып, қара түсті фонда келесі мәтін шығады:
Welcome to Some Linux / tty1
localhost login:
Парольді ауыстыру. Егер есеп жазбасы кӛп қолданушылық жүйенің
әкімшісі арқылы жасалған болса, ол пароль қарпайым болуы мүмкін,
"123456"., "empty" т.с.с. Linux-те пароль ұзындығына немесе пайдаланған
символдарға шектеу қойылмаған. Қолданушы кез келген уақытта ӛзінің
паролін ӛзгерте алады, ол үшін ағымдағы парольді білу қажет.
Машинамен мәтіндек принципте жұмыс істеу жүйелік пернетақта және
монитор бейнекартасына кӛңіл аудармай біріңғай шектелген құрылғы
кӛмегімен мәтін енгізіп, оны жүйеге беру және жүйеден қолданушыға қажет
мәліметтермен жабарламалар алуға мүмкіндік береді. Осындай құрылға
терминал деп аталады. Жалпы жағдайда терминал – бұл қолданушының
мәтіндік ақпарат беруге қабілетті жүйеге кіру нүктесі. Терминал ретінде
компьютерге мәліметтерді тізбектеп беретін порт (дербес компьютерде ол
"COM port" деп аталады).)арқылы қосылған жеке сыртқы құрылғы болуы
мүмкін. Терминал ролін (жүйе қолдауымен) бағдарламада атқара алады
(мысалы, xterm немесе ssh). Сонымен қатар, Linux-тегі виртуалды консоль -
қазіргі компьютерлерге сәйкес құрылғылар кӛмегімен бағдарламалық
ұйымдастырылған терминалдар.