3. Негізгі құраддардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері
Жерді тұрақты пайдалану құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңына сәйкес жер территориялык кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және территориялык негіздегі кез келген еңбек процесі белгіленген. Жер өндіріс процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласынын, атап айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай-ақ, бекітілген заңдар негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.
Қазакстан Республикасында жердің мемлекеттік те, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауына болады.
4. Негізгі құралдарды есептен шығару
Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген зандарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, кұрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен кұрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ак баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдык. (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара (объектіні кайта жабдықтау және жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпка келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылыл тасталынады.
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін (құрылтайшылардың немесе уәкілдіктердің жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның кұрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, кажетті жағдайда объектілердің уакытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын,ақау белгілерінің тізімін, машиналардыңапатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар кұжаттарды пайдаланады.
Үйлер мен ғимаратгар негізгі кұрастырушы белшектері тозғанда, кайта калпына келтіріп жендеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар - тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының кепшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар - биологиялық өсіп-әнуі біткенде, ендірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимаратгарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық (нормативті) пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.
Негізгі құрал-жабдықтарды (автокөлік құралдарынан баска) толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннен кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын коймаға өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруга жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылыктардың бағасы актінің "Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі" деген бөлімінде қарастырылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Негізгі құралдың түсінігі қандай?
2. Бастапқы (тарихи) құны дегеніміз не?
3. Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару қалай жүзеге асады?
4. Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі қалай ұйымдастырылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Президентінің Бухалтерлік есеп туралы 26.12.2005 №2732 заң күші бар Жарлығы.
Бухгалтерлік есептің станадарттары және әдістемелік ұсынымдары. Алматы, Кәуса бұлақ баспасы, 2010
Субъектілерді қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шотарының Бас жоспары. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 18.11.2010 қаулысы.
Инструкция пот заполнению регистров бугалтерского учет. Утверждена приказом Департамента методологии Бухгалтрского учета и аудита Министрества Финансов Р от 24.11.2011 №72.
Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» Алматы, «Центраудит», 2010.
Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2010
Белобжецкий И.А. Аудит. В 2-х частях. М.: Бухгал-терский учет, 2011 г.
Дюсембаев К.ПІ. Теория аудита. Алматы. Экономика. 2005 г.
9-тақырып. Материалды емес активтердің есебі
Дәріс мақсаты: Материалдық емес активтердің есебін және Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуын анықтау
Материалдық емес активтердің есебі
Материалдық емес активтерді бағалау және тану
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтерді түгелдеу және есепберуде олардың мәнін ашу
Материалдық емес активтердің есебі
Материалдык емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепкетіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға жөне бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардын бағасы да халық үшін қолайлы болады.
Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау аркылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.
Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың, бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдык емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезендік шығысқа жатқызыдады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материаддық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.
Егер де Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттілігін камтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы куресетін препаратқа "АВВА" кәсіпорынның лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келісімнің белсенді нарығы болмайды.
Материалдык емес активтердін түсуі мен шығарылуы "Материалдык емес активтерді қабылдау-беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметгері көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді баскд кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Актінің толтырылған үлгісі 103 б. келтіріліп отыр.
Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардын дебеті бойынша — материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы калдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша — материалдық • емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге темендегі шоттар кіреді: "Лицензиялық келісімдер", "Бағдарламалық жабдықтау", "Патенттер", "Ұйымдастыру шығындары", "Гудвилл", "Материалдық емес басқа да активтер".
2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу "Материалдық емес активтердің мүліктік есеп карточкасында" жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алу үшін қолданылады. Материалдык емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді алу-беру актісінің", техникалық және басқа құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын қүжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі "Материалдық емес активтерді алу-беру актісі" болып табылады.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз күшінен де жасалуы мүмкін, ол кезде оның құны нақты тікелей шығынымен де және үстеме шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшін, 10 "Материалдық емес активтер" шоттарының бөлімшесіне, жеке "Материалдык емес активтерді жасау шығындары" деп аталатын ішкі (субшоты) ашылуы мүмкін.
Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енеді:
материалдык емес активтерді жасауға қатысқан еңбеккерлердің еңбек ақысы;
заң бойынша белгіленген еңбек ақыдан жасалатын аударымдар;
материалдық емес активтерді жасау кезінде тұтынатын материалдар мен атқарылатын қызметтер;
несие үшін төленетін пайыздар (марапаттаулар);
басқа да шығындар;
-үстеме шығындар.
Материалдық емес активтерді жасауға кеткен барлық шығындар өзінің анықтамасы мен тұжырымдамасына сәйкес келген кезден бастап, 2700 "Материалдық емес активтердің" бөлімше шоттарының және "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшотының дебеті бойынша есепке алынады.
Ал сәйкес кезеңге дейінгі орын алған барлық шығындарға 7210 шоты дебеттеліп, 2700"Материалдық емес активтерінің" бөлімше шоттары және "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшоты кредиттеледі.
Субъектінің күшімен жасалған материалдық емес активтерді өз арналымы бойынша қолдануда қолданса, онда олардың дайындық кезеңінен бастап, жасалған шығындарды 10 "Материаддык емес активтерінің" бөлімше шоттарының, "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшотының кредитінен 2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің тиесілі шоттарының дебетіне есептен шығарылады.
Материалдық емес активтерді жасау кезінде оның құнын анықтауға бір мысал келтірт көрейік. Өсімдік қоспасынан әзірленген дәрі-дәрмек кезертгеулерді фармацевтік зауыты жүргізді. 2008 жылы зауыт 300 мың теңге шығыс жасаған. Ал 2009 жылдың басында сол көрсетілген шығынның жұмсалғандығы дәлелденді, сосын сол аталған технологияны іске асыру үшін 2009 жылы ақпанда 500 мың теңге, ал наурызда 250 мың тенге жұмсалған.
Фармацевтік зауытынын 300 мың теңге шығарған шығыны, дайындалатын препараттың технологиясыньщ сәйкес келуіне дейінгі шығысы 7210 шотының дебетінде және 3350,3310, т.б. шоттарының кредитінде есепке алынады. Ал калған шығыны (500 + 250 =750) материалдық емес активтер ретінде, "Тәжірибелік — конструкторлык жұмыс" деп аталатын субшоттың кредитінде және "Басқа да" шотының дебетінде есепке алынады.
Субъектінің өзі жасаған тауар белгілері материалдық емес актив ретінде танылмайды, өйткені олардың накты құнын анықтау мұмкін бола бермейді. Компанияның жасаған жарнама шығындарынан тауар белгісіне тиесілісін анықтау мүмкін емес, бірақ ол субъектінің атағын шығаруға қолайлы жағдай туғызады және нарық жағдайында тауардың қозғалысын арттырады. Сондықтан бұндай жарнамаға кеткен шығындар есептік кезеңнің шығыстарына жатқызылады және материалдық емес активтердің алынатын құнына енгізілмейді.
Демек, мына шығындар жұмсалғанымен материалдық емес активтерге жатпайды, олар тек кезендік шығыстар болып танылады:
өндірістік немесе жаңа цехтардың ашылуына дейінгі кеткен шығындар (егер бұл шығындар негізгі кұралдын бастапқы құнына қосылмаса);
кәсіпорынды ашуға, заңды құжаттарын (жарлық, құрылтай келісім шарттарын, мөрін, штампын тб.) әзірлеуге кеткен шығындар;
мамандарды оқытуға кеткен шығындар;
жарнамаға кеткен шығындар;
жетілдіруге, көшуге, қайта кұруға кеткен шығындар;
субъектінің жасаған: тауар белгілеріне, фирма атауларына т.б. шығындар;
белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін мемлекет берген лицензияға кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса);
-патенттерге кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса). Алғашқыда, материалдық емес активтерді алу ретінде танылған шығыстары, біршама уақыт өткеннен кейін оның құнының бір бөлігі болып саналмайды. Бірақ бұндай шығындарды нақты бір материалдық емес активтерге жатқызу қиын, әдетге, олардың экономикалық олжа әкелетінін анықтау оңай емес.
Материалдық емес активтерді бағалау және тану
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және физикалық (табиғи) нысанда биматериалды болып табылады.Материалдық емес активтерді тану және оларды бағалау көпшілік жағдайда ұйымның осы активтерді тікелей пайдалану арқылы болашақ мерзімді болжамды экономикалық пайда алу ықтималдығына байланысты болады және осы жағдайда активтің құны дұрыс анықталуы мүмкін.
Материалдық емес активтердің бастапқы құндарын өлшеу олардың басқа жақтан алынғандығына (сатып алу, ұйымдарды біріктірудіің нәтижесінде алу, мемлекеттік субсидиялар есебінен) немесе ұйымның өзімен жасалғандығына байланысты және оны төмендегідей тәртіппен көрсетуге болады:
Материалдық емес активтерді алудың және бағалаудың тәртіптері
Материалдық емес активтер объектісін алу тәртіптері
|
Активтерді бағалау (құндарын анықтау)
|
Құрылтайшылардың Жарғылық қорға салған салымдары
|
Егер заңмен басқалай қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша
|
Басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан төлем арқылы сатып алу
|
Материалдық емес активтерді сатып алу және оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындарды негізінде
|
Басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардың әншейін алу
|
Материалдық емес активтерді кірістіруге және оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындардың негізінде
|
Материалдық емес активтер ұйымға сатып алудың, ұйымдарды біріктірудің, айырбастаудың негізінде немес мемлекеттік субсидиялардың есебінен кірістіріледі.
Материалдық емес активтер танылу сәтінде сатып алуға жұмсалған шығындар мен пайдалануға дайындау шығындарынан (активтерді сатып алуға, меншік құқығын беруге байланысты төленген төлемдер) тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.
Сатып алу шығыдары сатып алынған активтің немесе активтердің ағымдағы құндары бойнша анықталады,оған сатып алу бағасы, баждар, сатып алуға төленген орны толтырылмайтын салықтар, акивтерді пайдалануға дайындау шығындар (заңгерлердің,бағалушылардың қызметтері), делдал ұйымдарға төленген сыйлықтар және материалдық емес активтерді алуға байланысты басқа да шығындар жатады.Егер материалдық активтерді алу кезінде оларды пайдалануға жарамды жағдайына дейін жеткізу үшін қосымша шығандар жұмсалатын болса, онда бұл шығындар материалдық емес активтердің бастапқы құндарын жоғарылатады.Материалдық емес активтердің бастапқы құндарына капиталдандырылмаған несиелер бойынша сыйақылар қосылмайды.
Төлем мерзімі шектеулі материалдық емес активтердің бастапқы құны болып төлемді кейінге қалдырғаны үшін шығыстарға апарылатын, сатып алуға төленген сыйақыларды қоспағандағы активтердің сату құны мойындалады.
Материалдық емес активтер басқа материалдық емес активтерге айырбастау немесе жартылай айырбастау арқылы алынуы мүмкін.Мысалы, құнды қағаздарға айырбасталып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны сатып алынған материалдық емес активтердің құнына тең құнды қағаздардың сату құны бойынша бағаланады.
Материалдық емес активтер бірдей қызметтің түрінде пайдаланылатын ұқсас активтерге айырбастау арқылы мүмкін,сондай-ақ ұқсас активтердегі үлестік қатысуға сатылуы мүмкін.Екі жағдайда да жаңа активтің өзіндік құны берілген активтің баланстық құнына тең болады.Мұндай айырбас табыс әкелмейтін мәміле деп аталады.
Материалдық емес активтер әншейін немесе өкіметтік субсидиялар арқылы ең төменгі төлем бойынша алынуы да мүмкін.Мемлекеттен әншейін алынған немесе мемлекеттік субсидиялар есебінен ең төменгі төлем бойынша алынған материалдық емес активтер, егер сатылу құны «белсенді нарық» сілтемесімен анықталса, онда материалдық емес активтерді ұйым сатылу (сату)құны бойынша мойындайды.Активтердің белсенді нарығы жоқ болған жағдайда мұндай материалдық емес түрлері нөлдік немесе номиналдық, не болмаса материалдық емес активтерді пайдалануға жарамды жағдайына дейін жеткізу үшін жұмсалған нақты шығындардың сомасы бойынша анықталады.Материалдық емес активтерді осындай жолмен сатып алу бухгалтерлік есепте келесі жазулармен көрсетіледі: материалдық емес активтер есебі шоттарының дебеті (2700 «Материалдық емес активтер бөлімінің шоттары») және 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер» немесе 6280 «Өзге кірістер» бөлімі шоттарының кредиті.
Егер материалдық емес активтер ұйымдардың бірігуі нәтижесінде алынса,онда олардың бастапқы құндары болып осы активтердің белсенді нарығының нақты бар екенін дәлелденген жағдайда, мәміле жасалған күндегі активтердің сатылу құны есептеледі.Активтердің осы түрлері бойынша белсенді актив нарығы болмаса, онда материалдық емес активтер мойындалмайды, бірақ гудвилға қосылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалдық емес активтердін есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:
заңды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;
жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;
тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін;
келешектегі бәсекелестіктердің және басқа да субъектілердің әрекеті (іс-қимылы) материаддық емес активтердін бүгінгі белсенділік қабілетгілігін шектеуі мүмкін;
- материалдық емес активтердін кейбір түрлерінің кызмет ету мерзімі сол активтердің құрамдас бөлшектері болуы мүмкін.
Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық қүқық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінін қызмет ету мерзімінен аспауы керек.
Материалдық емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.
Материалдық емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді.
Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін таңдау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою кұны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңындд анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою құны, әдетте нольге тең болады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есепке алуға 2740 "Материалдық емес активтердін амортизациясы" деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған:
"Материалдық емес активтердің амортизациясы — лицензиялық келісімдер",
"Материалдық емес активтердің амортизациясы — бағдарламалық жабдықтау",
"Материалдық емес активтердің амортизациясы - патенттер",
"Материалдық емес активтердің амортизациясы — ұйымдастыру шығындары",
"Материалдық емес активтердің амортизациясы - "Гудвилл",
"Материалдық емес активтердің амортизациясы — тағы басқалары".
Бұл шоттар пассивті, ретгеуші, контрактивті болып келеді, олардың кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның (тозудың) қалдығы, ағымдағы айда есептелінген амортизациясы және есеп берілген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетіледі, ал дебеті бойынша - материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығарылған (төмендетілген) сомасы көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапкы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп отырады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлык түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықталуы тиіс.
Амортизацияның (тозу) есептелінген сомасына: 7110 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату шығындары", 7210"Жалпы және әкімшілік шығындары", 8410 "Негізгі кұралдардын тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы", шоттары дебеттеледі де, 2740 шоттары кредиттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |