Алматы экономика және статистика академиясы


Екіжақтылық принцип жөніндегі ұғым



жүктеу 3,7 Mb.
бет5/17
Дата12.02.2018
өлшемі3,7 Mb.
#9404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2. Екіжақтылық принцип жөніндегі ұғым

Нарықтық қатынастар мен жеке меншіктік жағдайында кез келген заңды және жеке тұлғалар өзінің бизнесін ашып, белгілі бір мақсаттағы кәсіптік құрылымдар құруына құқылы. Бизнес пен кәсіпкерліктің түпкі мақсаты - халықтың (отандық, шетелдік) сұранысы мен тұтынысына жауап берерлік, базарлы сауда жүйесінде бәсекеге түсерлік сапалы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, жұмыстар орындап, табыс табу болып табылады.

Айталық Асан атты азамат өзінің жылдар бойы жинаған 950,0 мың теңге ақшасын жаңадан ашқан «Асан жҮ» компаниясына салып, бұл компанияны тиісті орындарда заңды түрде тіркеуден өткізді. Яғни Асанның сандығындағы (қалтасындағы) 950,0 мың теңге банктегі Асан ашқан, заңды тұлға болып танылған «Асан жҮ» компаниясының есеп шотына құйылды. Ең бірінші операция басталды деп есептелік. Біздер бұл операцияның негізінде меншікті капиталдың қалыптаса бастағандығын, мұның негізінде Асан, осы құрылған «Асан жК» компаниясынан акция (құжат) алатындығын және Асанның акционер екендігін түсіндік. «Асан жҮ» компаниясының банктегі есеп шотына құйылған 950,0 мың теңге ақша қаражаты - «актив» болып танылады да, берілген акцияның негізіндегі меншікті капитал 950,0 мың теңге міндеттемелер «пассив» болып танылады.

Ендігі жерде «Асан жҮ» компаниясы 950,0 мың теңгенің активтік қаражатына ие болып, бұл қаражаттың көзі меншікті капитал екендігіне сендік. Осы екі үрдіс әрқашанда тепе-теңдікте болуы керек. Нақты ақша - 950,0 мың теңге = Меншікті капиталға яғни 950,0 мың теңгеге теңестірілді. Сонымен «Асан жҮ» компаниясының қызметіндегі бірінші операцияға сай екі жактылық принцип пайда болып, операцияның маңызы бухгалтерлік есептің екі счетына жазылды. Ең бірінші операцияның экономикалық маңызына қарай «Асан жҮ» компаниясы Асанға 950,0 мың теңге қарыз болды. Есеп жүргізу ережесіне қарай Асанның жеке меншігінде болған ақшаны инвестицияланған капитал деп атаймыз. Немесе активті қаражат Асаннан «Асан жҮ» компаниясына өтті. «Асан жҮ» компаниясы Асанның салған 950,0 мың теңгесін табыс тауып, пайда түсірудің негізінде қайтарып беру міндеттемесін қабылдады. Нөлден бастап жаңадан құрылған «Асан жК» компаниясына Асанның салған ақшасы - меншік иесінің осы компанияға билік жүргізушінің, яғни осы компанияны қаржыландырушының ақшасы болып табылады. Бұл қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуы, қайда, қалай жұмсалуы бақылау мен тексеру үрдісінде болуы қажет. Мұндай жүмыстарды «Асан жҮ» компаниясына тағайындалған бухгалтер орындауға тиісті.

Ендігі жерде жоғарыда келтірілген операциялар маңызын түсінсек, онда меншік иесінің, яғни Асанның қаржыландырған сомасын неге инвестицияланған (келтірілген) капитал немесе қабылданған міндеттеме деп айтқанымызға жауап беріп көрелік.

Біріншіден, меншік иесі өзінің салған (бастапқыда құйған) ақшасын қайтарып алғысы келеді.

Екіншіден, бизнес жүргізудің, оны басқарудын тәртібін акционерлер белгілейді. Акционерлер осы компанияға билік жүргізіп, тапсырмалар береді, салған ақшасын қайтарып алуды мақсат тұтады.

Сонымен, «Асан ж К» компаниясы 950,0 мың теңгенің активін ала отырып, Асанның алдында 950,0 мың теңгеге міндеттеме қабылдап, бұл міндеттемені Асанның инвестициялаған капиталы деп атайды. Яғни 950,0 мың теңге Асан жағынан қарағанда -инвестиция, ал «Асан ж К» компаниясы тұрғысынан қарағанда — міндеттеме екендігін түсіндік. Егер ақша тұрғысынан қарағанда Асанның ақшасы акцияға айырбасталып, ақшаның айырбасқа түсетін қасиеті орындалды. Ақшаның иесі ақшаны өз қалауы бойынша санаға сиярлық жолдармен ұтымды жұмсауы керек. Еңбекпен табылған ақша сенімді жерде сақталып, алдағы уақытта өз иесінің мұқтажын өтейді.

Айтқандарға сүйене отырып, біздер:

Активтер қарапайым екіжақтылық теңеудің сол жағында (сол жаққа), ал меншікті капитал оң жағында (оң жаққа) орналасатындығын түсіндік. Бүл теңдік бухгалтерлік есепке тән болғандықтан, мұның өзін екі жақтылық принциптің бастапқы кезеңдегі қалыптасуы деп атаймыз. Бұдан біздер, активтердің жалпы сомасы әрқашанда меншікті капитал сомасымен тепе-теңдікте болатындығын білдік. Яғни активтер мен меншікті капитал ерісіндегі қозғалыстардың барлық сомасы тепе-теңдік жағдайда сақталуы керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан ережесіне сай активтер мен меншікті капитал сомасының тепе-теңдігі - баланс деп аталады. Сондықтан бухгалтерлік баланстың сол жағында көрсетілетін 950,0 мың теңге активті ресурстар ретінде танылып, бұл соманың көздері меншікті капитал - 950,0 мың теңгеге тең болатындығын тағы да есте сақтау керек. Баланстық тепе-теңдік әрқашанда сақталып, активтер баланстың сол жағында, ал пассивтер баланстың оң жағында орналасатындығын біз екіжақтылық принцип деп атаймыз. Бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан екі жақтылық қағидаға сай, кез келген шаруашылық операциялары балансқа жазылатындығын ешқашанда естен шығармау керек.

Шаруашылық операциялары (фактілер) деп - ақшаның, тауарлардың, көрсетілген қызметтердің құны жағынан эквиваленттік айырбасқа түсуін айтады. Орындалған операциялар негізінде «ненің қайдан келіп», «қайдан кеткендігін» білеміз. Ұйымдардың экономикалық қызметінде күнделікті орындалған операциялар немесе шаруашылық әрекетке түскен фактілер бухгалтерлік есеп счеттары арқылы тіркеледі. Демек, кез келген шаруашылық операцияларының мазмұны екі жақты жазуды талап етеді.

Сонымен, жоғарыда аты аталған «Асан жК» компаниясы шаруашылық операцияларын жүргізе бастады деп есептелік. Алайда, «Асан жК» компаниясы осы компанияны ары қарай ұлғайту жөніндегі бизнес-жоспарын жасай келіп, бастапқы 950,0 мың теңге қаражаттың жеткіліксіз екендігін түсінді. Ендігі жерде, «Асан жК» компаниясы бұл компанияның үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті қаржыландыру көздерін іздей бастайды. Қосымша қаржы көзін банктерден несие алу арқылы толтыруға болатындығын Асан (компанияның кожайыны) біледі. Заңды мүмкіндікті пайдалана отырып, Асан өзінің «Асан жК» компаниясына қосымша 900,0 мың теңге банктен несие алды. Кез келген банк өзінің берген несиесінің үстіне пайыздық үстеме қойып беретіндігі белгілі. «Асан жК» компаниясының шаруашылық жүргізу өрісінде банктен несие алуға байланысты екінші операция орындалды. Банктен алынған 900,0 мың теңге несие бухгалтерлік есептің тиісті счеттарына екі жақтылық принциппен жазылады. Мұның негізінде «Асан жК» компаниясының ақша қаражаты 900,0 мың теңгеге өсіп, сонымен бірге банк алдындағы міндеттеме сомасы да көбейді. Баланстық мәліметте «Банктер несиесі» деген бап пайда болды. «Банктер несиесі» «Асан жК» компаниясының балансында ағымдағы міндеттемелер болып танылады.

Енді «Асан жК» компаниясының құзырында: 950,0 мың теңге меншікті капиталға + 900,0 мьщ теңге міндеттемелер қосылып, «Асан жК» компаниясының активті ақша қаражатының сомасы 1850,0 мың теңгені құрады. Яғни «Асан жК» компаниясының бухгалтері қанша көлемдегі ақшаның қайдан түскендігін, (көздерін) бұл ақшаның қандай жолдармен тиімді жұмсалатындығын (активтерді) білетін болды. Осы мысалдардан көріп тұрғандай, әрбір шаруашылық операцияларының маңызы сомалары баланстық теңдікке түсіп, ұйымдар мен т.б. құрылымдардағы активтер мен бұлардың көздері әрқашан баланстық теңдікке сай келетіндігін білдік. Яғни, Активтер = Меншікті капитал + Міндеттемелер теңдеуі әрқашанда сақталуы керек.

Нарықтық қатынастар өрісінде, кәсіпкерлікті іске асыруда, бизнестік жүйені тиімді жүргізуде, аралық экономикалық қатынастарды дұрыс бағытқа салу мен шешуде екіжаққа да ұтымды жасалған шаруашылық операциялары арқылы бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасады.

Кез келген ұйымның қалыпты жағдайда өз қызметін іске асыруы үшін белгілі бір көлемде қаражат керек екендігін айттық. Ұйымның өнім өндіріп, қызмет көрсетуі үшін, басқаларға жұмыстар орындап беруі үшін белгілі сыртқы тұлғалардан алынған қаражаттарын бухгалтерлік есеп тілінде - активтер деп атадық. Егер активтердің белгілі бір бөлігін меншік иесі өз қалтасынан, өзінің жинаған ақшасынан осы ұйымға (компанияға) салса, онда мұндай активтер көзін меншікті капитал деп атадық. Меншік иесі тек бір ғана тұлға болып танылып, ақша қаражаты, тек меншік иесінің қалтасынан ғана қалыптасқан жағдайда, мына қарапайым теңдеу туындайды: Активтер = Меншікті капитал.

Егер активтердің белгілі бір бөлігі меншік иесі болып танылмаған (меншік иесіне жатпайтын) сыртқы тұлғалардан қалыптасса, онда мұндай қаражат көздерін міндеттемелер деп атадық. Яғни осы ұйымның басқалардан уақытша алған қарызы активтер сомасын көбейтіп отыратындығын, мұндай қарыздар түбінде қайтарылатындығын міндеттемелер деп таныдық.

Банктерден несие алу катаң түрде қойылған ережелерге сай жүргізіледі. Несие алу үшін «Асан жК» компаниясы банктердің койған барлык талаптарына (критерилеріне) жауап берерлік кұжаттар дайындауы керек. Мысалға, банктер, әсіресе жаңадан ұйымдастырылған кұрылымдардан кепілдікке қойылатын (залог) сомалар мөлшерін талап етеді. Кепілдікке ғимараттар, жер, мүліктер т.б. койылуы мүмкін. Несие беру үрдісінде банктер тәуекелшілікке түседі. Бұлардың берген несиесінін жалпы сомасы акционерлер салған ақша көлемінен көп болмауы керек. Егер банктер акционерлердің салған акшасынан көп сомадағы нгсііені беріп жіберген жағдайда бұлар аса жоғары деңгейдегі тәуекелшілікке түседі. Дей тұрғанмен банктер, бухгалтерлер сиякты катаң тәртіпті біртіндеп сақтайды.

Сонымен қатар жоғарыда айтылған баланстық теңдеуден активтер (сол жағы) және меншікті капитал мен міндеттемелер (оң жағы) сомасы бірдей болатындығы бухгалтерлік есептегі екі жақтылық принципке тән екендігін білдік.

Яғни активтер ұйымның меншігіндегі қаражаттарды көрсетсе, капитал және міндеттемелер кімнің қанша көлемде осы ұйымға салған қаражаттарының көздерін көрсетеді. Теңдеудің екі жағындағы сомалар жинағы бірдей болатындығын екіжақтылық принциппен тағы да дәлелдедік.

Ұйымдар өз мақсаты мен қызметін ары қарай жүргізу мен ұлғайту үшін көптеген әртүрлі шаруашылық операциялары мен фактілерді іске асырып, бұлардың мазмұнын есепке алуға тиісті. Яғни күнделікті орындалған экономикалық қатынастар мен бизнес-жоспарды, бәсекелестік үрдісті іске асыру тұрғысында ұйымдардағы активтер, меншікті капитал мен міндеттемелер өрісінде жиі-жиі екі жақтылық өзгерістер болып отырады. Қандайда болмасын өзгерістерге қарамастан әрқашан да активтер сомасы = меншікті капитал + міндеттемелер сомасымен тепе-теңдікте болатындығын естен шығармау керек.

Өз кезегінде активтер: ғимараттардан, жабдықтаушы құралдардан, тауарлы-материалды құндылықтардан, тасымалдау құралдарынан, осы ұйымның басқалардан алатын алашақтарынан немесе берешек қарыздардан, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шоттарындағы ақшалардан тұрады.

Міндеттемелер: осы ұйымның басқаларға төлеуге тиісті ақшаларынан және қарызға алынған тауарлар мен материалдар үшін төленетін ақшаларды қайтарып беру сомаларынан тұрады.

Ендігі жердегі әңгімені осы жоғарыда айтылғандарды дәлелдеп, екі жақтылық принципті оқырмандарға ары қарай түсіндіру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі баланстың (екі жақтылық теңдеудің) қалыптасуынан бастағанды жөн көрдік.
3.Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық аналитикалык, жіктеу счеттарының дебеті мен кредитіндегі айналым сомаларының жинағы синтетикалық жинақтау счеттарының дебеті мен кредитіндегі айналым сомасының жинағымен бірдей болуы керек деген ұғым бар. Яғни аналитикалык жіктеу счеттары синтетикалық жинақтау счеттарының құрамында жүргізілетіндігі есеп тәжірибесіне енген. Синтетикалык счет деп - жинақтаушы, ал аналитикалық счет деп - жіктеуші счеттарды айтады. Синтетикалық счеттарды - баланстық счеттар деп те атайды. Баланстық счеттардағы қалдыққа сай бухгалтерлік баланс жасалынады. Синтетикалық счеттарда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі жинақталған сомалар көрсетіледі. Жинақтау тек қана ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Синтетикалық счеттарда жинақталған көрсеткіштер арқылы ұйымдардың активті қаражаттарының жалпы көлемі мен бұлардың қозғалысын, қорлану көздерінің қалыптасуын, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың жалпы сомасын, сонымен қатар банктерден алынған қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді қайтарудың жағдайы жөніндегі ақпараттар алуға болады.

Нарықтық қатынастардың талабына сай бухгалтерлік есеп ұғымына «капитал», «меншікті капитал», «міндеттемелер», «инвестициялар», «акционерлік капитал», «резервтік капитал», «бөлінбеген таза пайда», «вексельдер» сияқты категориялар енгізілді. Жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша мағлүмат алу үшін ең әуелі синтетикалық счеттар қолданылады. Алайда ұйымдар қызметін жан-жақты және тиімді басқару үшін тек қана жалпылама жинақталған мәліметтер мен ақпараттар жеткіліксіз. Жинакталған ақпараттар жіктелуге тиісті. Бухгалтерлік есеп объектілеріндегі фактілерді дәйекті түрде жіктеп, талдау және сипаттау үшін аналитикалық счеттарды қолдану қажеттігі туындаған. Яғни топтастырылып жинақталған активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалысын, бұлардың жекелеген баптары мен түрлеріне қарай жіктеп, көрсету үшін аналитикалык жіктеуші счеттар қолданылады. Аналитикалық жіктеуші счеттар тек қана синтетикалық жинақтаушы счеттардың қүрамында жүргізіліп, бүларға жазылған мәліметтер бірдей уақытта орындалады.

Синтетикалық және аналитикалық счеттар арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған. Синтетикалық жіктеу счеттарындағы мәліметтерді кеңінен пайдалану арқылы ұйымдардағы әрбір құндылықтардың, мүліктер мен негізгі құралдардың, тауарлы-материалды босалқылардың, есеп беруге, есеп айырысуға, өндірілген өнімдер, тауарлар, алынған міндеттемелер мен несиелер, т.б. жекелеген түрлері бойынша мәліметтер алып, экономикалық және қаржылық тұрғыдан талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Ендігі жерде аналитикалық және синтетикалық счеттар арасындағы байланысты көрсету үшін мысалдар келтірелік. Келтірілген синтетикалық счет бойынша үйымның қолда бар материалдарының жалпы сомасын ғана көруге болады. Қолда бар осы материалдардың қандай жекелеген түрлерден тұратындығын, қалайша өзгеретіндігін, бүлардың санының қаншалығын білу үшін аналитикалық жіктеу счеты қажет. «Материалдар» счетындағы материалдарды шартты түрде А және Б деп, екі түрге бөліп қарайтын болсақ, онда аналитикалық счет төмендегіше жүргізіледі.

Кесте құру нәтижесінде синтетикалық жинақтау счетының бастапқы қалдығы А және Б материалдары бойынша жалпы 80 мың теңге болып көрсетілсе, кіріс және шығыс операциялары «материалдар» счетына жазыланнан соң қалған соңғы қалдық А материалдары бойынша 20 000 теңге, ал Б материалдары бойынша 55 000 теңге болып, жалпы қалдық сома 75 000 теңге болды.

Яғни «материалдар» счеты А және Б материалдары бойынша жіктеліп, аналитикалық счетқа жоғарыдағы мысалдағы мәліметтерге сай синтетикалық жинақтау счетында көрсетілген материалдардың жалпы сомасы мен бірдей дәрежеде жазылды. Орындалған үш операцияның негізіне қарай жіктеліп, материалдардың жекелеген түрлеріне бөлініп, сомасы мен санына, бұлардың аталуына қарай аналитикалық жіктеу счетына жазылатындығы дәлелденді. Бұдан аналитикалық жіктеу счетындағы материалдардың қозғалысы мен жағдайын күнделікті бақылап отыру үшін, натуралды және ақшалай өлшемдердің қолданылатындығын да көруге болады. Сонымен қатар синтетикалық жинақтау счетындағы жекелеген сомалардың жинағы бірдей көлемде болатындығын да есте ұстау керек.

Синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттары арасындағы принциптер мен әдістер тек қана «материалдар» счеты бойынша жүргізіліп қоймай, бухгалтерлік есептің басқа да объектілері бойынша (мысалға, негізгі қүралдар, есеп айырысулар, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, міндеттемелер, т.б.) қолданылып іске асырылады. Ескерте кететін жағдай - ұйымдардағы активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебін жүргізуде натуралды өлшем бірліктері қолданылмайды.

Сонымен, синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттары арасындағы өзара байланыс негізінде мына төмендегідей қорытындыға келуге болады.



  1. Синтетикалық жинақтау счетындағы бастапқы және соңғы қалдық аналитикалық жіктеу счеттарындағы қалдықтың жалпы сомасымен бірдей болып, экономикалық маңызы жағынан да бір тектес үғымды көрсетеді.

  2. Жекелеген аналитикалық жіктеу счеттары синтетикалық жинақтау счетының негізінде жүргізіліп, синтетикалык счеттағы көрсеткіштерді құрамдас бөліктерге бөліп, жіктеп көрсету үшін қолданылады. Мысалға, синтетикалық жинақтау счетының дебеті мен кредитіндегі қалдық аналитикалық жіктеу счеттарындағы осындай қалдықтармен бірдей сомада болады. Сол сияқты синтетикалық жіктеу счеттарындағы дебеттік және кредиттік айналым сома аналитикалық жіктеу счеттарындағы дебеттік және кредиттік жекелеген айналым сомалары жинағымен сай келеді.

  3. Есеп жүргізу кезеңінің соңына қарай аналитикалық жіктеу мен синтетикалык жинақтау счеттарының жинағын өзара салыстыра отырып, талдау және жіберілген қателерді түзету жұмыстарын іске асыруға болады.

Ағымдағы есеп көрсеткіштерін тексеру, немесе айналым ведомостысын жасау

Ұйымдардың шаруашылық қызметіне тиімді басшылық жасап, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі мен арнайы принциптер және қолданбалы тәсілдерге сай келуін тексеру үшін сенімді жинақталған мәліметтер кажет. Жоғарыда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер, сондай-ақ өндіріс пен сату және жабдықтау үрдісіне байланысты жинақталған мәліметтер мен ақпараттарды әрбір айдың аяғына қарай бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы жинақталатындығын айтқанбыз.

Есеп объектілері мәліметтерін жинақтап, тексеру үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде айналым ведомостысы жасалынады. Айналым ведомостысын жүргізу арқылы әрбір жекелеген счеттарға жазылған шаруашылық фактілерінің мазмүнын ай сайын тексеріп отыру мүмкіндігі туындайды. Айналым ведомостысында шаруашылық операцияларын жүргізуде қолданылған счеттар бойынша қалдық пен айналыс сомасының жиынтығы шығарылады. Айналым ведомостысы бухгалтерлік есеп жазуларын тексеруде қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бұл қүжат аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау счеттарының көрсеткіштері негізінде арнайы кесте түрінде жасалады. Ол аналитикалық айналым және синтетикалық айналым ведомостысы болып екіге бөлінеді.

Ең әуелі синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жүргізілетін айналым ведомостысын жүргізудің тәртібіне тоқталайық.

Арнайы үлгідегі кестеге әрбір жекелеген счеттттар бойынша дебеттік немесе кредиттік (счеттардың активтік және пассивтік болып бөлінуіне қарай) бастапқы қалдықтар жазылып, бұдан соң ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомасының жинағы есептелінеді. Осы операциялар орындалғаннан соң, әрбір счеттар бойынша келесі айдың басына жазылатын дебеттік және кредиттік қалдықтар шығарылады. Есте сақтайтын жағдай, активті-пассивті кейбір счеттар бойынша бірдей кезеңде әрі дебеттік, әрі кредиттік қалдықтар болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардың негізіне сүйене отырып, ендігі жерде айналым ведомостысын жасау әдісін көрсетуге болады.

Есептелініп шығарылған жинақтарға қарағанда, синтетикалық жинақтау счеттары бойынша ақпан айына жасалған айналым ведомостысындағы дебеттік және кредиттік бастапқы қалдықтардың, ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомалардың, сондай-ақ; шығарылған соңғы дебеттік және кредиттік қалдық сомаларының жинақтары бірдей екендігін көруге болады. Осылайша шығарылған жинақтардың бірдей болып, тең келуінің нәтижесі активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебінің баланста (Активті қаражаттар = меншікті капитал + міндеттемелер теңдігін) екі жақты жүргізіліп, счеттар бойынша екі жақтылық принциптің дүрыстығы тексерілгендігін дәлелдейді. Батапқы кіріспе қалдықтың (272010 теңге) дебеттік және кредиттік бірдей болуы, кіріспе баланстағы активтік және пассивтік сомалар жинағының теңестірілгендігін, активті қаражаттар мен бұлардың көздерінің екі жақты топтастырылып, баланстык теңдіктің дұрыс көрсетілгендігін растайды.

Ақпан айының ішіндегі айналым жинақтың (45600 теңге) дебеттік және кредиттік соманың бірдей болуы бухгалтерлік есеп счеттарына жазылған соманың дұрыстығы мен екі жақты жазу принципінің дүрыс орындалғандығын көрсетеді. Жазу жүйесінде қате жіберілмегендігі дәлелденді. Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған айналым ведомостысындағы соңғы қалдық (258900 теңге) кіріспе баланс пен ай ішіндегі дебеттік және кредиттік жазулардың, сонымен қатар айдың аяғына қарай активтік және пассивтік жазулар теңдігінің қатесіз орындалғандығын байқаймыз. Яғни баланстық теңдеу сақталып, екіжақтылық принцип орындалды.

Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған ведомостың ерекшелігі шығарылған үш егіз жинақтың бірдей сомада болуында. Бірінші егіз жинақ баланстық теңдік принципінің дұрыстығын және жекелеген счеттар бойынша дебеттік және кредиттік бастапқы қалдықтардың бірдей сомада жинақталғандығын көрсетеді. Екінші егіз жинақ жекелеген счеттар бойынша ай ішіндегі айналым сомаларының дебеті мен кредитіндегі мәліметтердің дұрыстығын көрсетсе, үшінші егіз жинақ соңғы қалдықтың дебеттік және кредиттік счеттар бойынша дүрыс шығарылғандығын көрсетеді. Сонымен, айналым ведомостысын жасау арқылы ағымдағы шаруашылық фактілерінің бухгалтерлік есеп счеттарына дұрыс жазылғандығымен қатар екіжақты жазу принципінің бұрмаланбағандығын және жекелеген счеттар қорытындысын шығаруға болатындығы дәлелденді.

Егер айналым ведомостысын жасаған кезде жоғарыда көрсетілген егіз жинақтар бірдей болмаған жағдайда, счеттарга жазылған жазулар бойынша кеткен қатені көрсетеді. Айналым ведомостысын жасаудың түпкі мақсаты жіберілген қатені түзету болып табылады. Мысалға, шаруашылық фактілерінің мәліметттері счеттардың дебетіне жазылып, кредитіне жазылмай қалған немесе бір счеттың кредитіне артық жазылып, дебетіне кем жазылған жағдайда айналым ведомостысын жасау арқылы түзетуге болады.

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде екі жақты жазу принципі бұзылмаған жағдайда бір счеттың дебетінің орнына басқа счеттың дебеті қате қолданылып, жазылатын сома өзгермеген жағдайда айыалым ведомостысын қолдану мүмкін емес. Жіберілген мұндай қателерді түзету үшін кері жазу әдісі қолданылады.

4. Синтетикалық жинақтаушы бухгалтерлік есеп счеттарының қазақстандық жұмыс жоспарын сипаттау

Синтетикалық жинақтаушы счеттардың жұмыс жоспарының түпкі мақсаты-Қазақстан Республикасы аймақтарында орналасқан заңды тұлғалардың бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесін халықаралық қаржылық стандарттарға көшіру процесінің негізін салуға әсер ету болып табылады.

Счеттардың жұмыс жоспарын жасау Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жөніндегі заңнамалар талабына сай орындалған. Сонымен қатар счеттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есеп ақпараттарының сенімділігі мен тұнықтылығын ары қарай сақтауға арналған. Жаңа счеттарға көшу процесін қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі ерекшеліктерін халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарымен үйлестірудің және батыс компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірбиесімен сәйкестірудің бастапқы кезеңі деп түсінген жөн.

2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданылатын счеттардың қазақстандық жұмыс жоспарының мақсаты есеп жүргізу ережелері мен тәсілдерін сапалы қаржылық ақпараттар қалыптастыруға және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сәйкестендіру болып табылады.

Счеттардың қазақстандық жұмыс жоспары негізінен бухгалтерлік есепке тән шаруашылық фактілерімен операцияларды тіркеу және бұларды топтастыру, сондай-ақ синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін белгілеуге арналған.

Қандайда болмасын шаруашылық операцияларын жүргізуші заңды тұлғалардың барлығы да өздерінің технологиялық, өндірістік, қызметтік және шаруашылықтық ерекшеліктеріне сай синтетикалық және аналитикалық счеттар ашып, бұларға күнделікті орын алған нақтылы шаруашылық операциялары мазмұнын ақшалай өлшеммен өлшеп жазуға міндетті.

Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспары төрт сан қою белгісінен: - бірінші сандық белгі - счеттардың қай тарауға жататындығын; екінші сандық белгі - счеттардың қай тармақтарға жататындығын; үшінші сандық белгі - счеттардың қай синтетикалық счеттар тобына жататындығын; төртінші сандық белгіні ұйымдардың өздері белгілейді.

Счеттардың жұмыс жоспарында тізімделген синтетикалық счеттар сабақтастығын сипаттау арқылы активтердің өтеушілік қабілетінің төмендеуінен бастап, активтердің жоғары дәрежеде төлем өтеушілік қасиеттерін көрсетуге арналғандығын көруге болады.

Счеттардың жұмыс жоспары төмендегі 8 тараудан құрылған:

1 Тарау – «Қысқа мерзімді активтер»

2 Тарау - «Ұзақ мерзімді активтер»

3 Тарау «Қысқа мерзімді міндеттемелер»

4 Тарау – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»

5 Тарау – «Капитал және резервтер»

6 Тарау – «Табыстар»

7 Тарау – «Шығындар»

8 Тарау – «Өндірістік есеп счеттары»
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есеп счеттарының қүрылымы мен атқаратын міндеріне қарай мақсаты қандай?



2. Дербес қолданылатын счеттар атқаратын міндетіне қарай бөлінеді?

3. Міндеттемелік счеттар, операциялық счеттар, таратушы операциялық счеттар дегеніміз не?

4. Екі жақтылық принцип дегеніміз не?

5. Нарықтық қатынастардың талабына сай бухгалтерлік есеп ұғымына қандай категориялар енгізілді?

6. Синтетикалык счеттар, аналитикалық счет дегеніміз не?

7. Счеттардың жұмыс жоспары қанша тараудан құрылған. Толығырақ қарастырыңызда.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2010.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010


4-тақырып. Есеп саясаты
Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені тусіндіру


  1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты

  2. Есеп саясатының ұйымдық және теникалық аспектілері


1. Есеп саясатының мәні мен мақсаты

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 2010 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылык корытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылык қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніңдегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніңдегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсырү жөніңдегі тәртіптер қарастырылған.

Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Есеп саясаты деп қандай мазмұнды түсінеміз?

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

«Есеп саясаты деп -Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.

Ары қарай осы стандарттың 19-шы бабында: «Ұйымдарда бухгалтерлік есеп стандарттары қабылданбаған жағдайда ұйым басшылары қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушыларды қамтамасыз ету мақсатында, ішкі есеп саясатын жасау мақсатында өз жағдайлары мен ойларын енгізуіне болады» делінген.

Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылык операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр кайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінщ түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудщ тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты деп — ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бүған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылық принциптері жатады.

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бүйрықтарын, хаттарын т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері (мысалға, есеп процедурасынын әдіснамалығы) мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген типтегі ұйымдар, құқылы тұлғалар өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржыльщ жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерш есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалык процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады.

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болатындығын білгеніміз жөн.

Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн. Есеп саясатының міндеттері:


  • есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;

  • нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;

  • қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;

  • ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді (негізгі және айналымдағы) бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;

- синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау, тауарлы-материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану т.б.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мүның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және үйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылык және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қоланылынады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.

Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады. Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі «жоғарыдан» және «төменнен» реттелетін жағдайда қалыптасады.

Бірінші, «жоғарыдан» реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші, «төменнен» реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялык ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты - арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.

Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.

Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы үйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне (мысалы, өндірістік үрдістің үлғаюы, базарлы саудаға түсу, жаңа өнімдер өндіру технологиясы) тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялык процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне (мысалға ұзақ мерзімге ұтымды жасалған жалдау процесі, пайда мен ақша қаражатының көбеюі) әсер етеді. Сонымен қатар жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындығын есте сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы тиімділікті сипаттайды. Осыған орай ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.

Алайда кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, сондай-ақ төленетін дивиденттік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер жіберіп, өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікепей байланысты емес шығындарды жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден түратындығын ескере отырып, бір баптың тиімділігін (пайда көлемін) ұлғайту мақсатында есеп объектілерінің басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында жан-жақты қаралуы керек. Әрбір жанама жағдайдағы оқиғалардың қайшы жағьт (екінші) болатындыгын, мүның өзі экономикалық қарама-қайшылық тудыратынын білген жөн. Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс. Әйткенмен де есеп саясатының мазмұнын ашып көрсету арқылы дербес түрде шешімдер қабылдап, каржылық қорытынды есеп өрісіндегі объективтік ұғым қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
2. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері
Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:


  • арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен атқаратын міндеті;

  • есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін мазмұнда ұйым басшысының бұйрығы шығарылады;

  • есеп саясатын сапалы жасау үшін жауапты есеп қызметкерлері мен қатар өнім өндіру технологиясын заң актілері мен нормативтік материалдарды, қаржы жүйесі ерекшеліктерін жақсы білетін тәжірибелі мамандар қатыстырыл ады;

  • есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті құжаттар мен есеп объектілерінің тізімі жасалынады;

  • есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, бұлардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.

Есеп саясатының үйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:

- ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет атқару ерекшеліктері;

- ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;

-акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.

Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек.

Есеп саясатының қысқаша мазмүны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:



  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;

  • есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;

  • негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.

Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттык көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.

Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және үйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.

Айтылғандарға орай есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмүнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда үйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісім-шарт, т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады.

Сонымен есеп саясатының ұйымдык және техникалық аспектілерінің мазмүны мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының қаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.



Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына карай сипатталады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Есеп саясаты» ұғымына ХҚЕС 1«Қаржылық қорытынды есеп тапсыру».

  1. Есеп саясаты мазмұнының мақсаты мен атқаратын міндетін түсіндіріңіз.

  1. Есеп саясатының негізгі міндеттерін атап, бұларға қысқаша түсінік беріңіз.

  1. Не үшін жәж қандай мақсатта есеп саясаты «жоғарыдаю» және «төменнен» реттеледі?

  1. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп саясатын жасаушы бухгалтерлер қандай мәселелерді білуі керек?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2010.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010


5-тақырып. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебі
Дәріс мақсаты: нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне үйымның аты, ақша төлеуші занды немесе жеке түлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандькы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуын анықтау

  1. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленті

  2. Ағымдағы активтердің мағынасы және мазмұны

  3. Ақша қаражаттарының есебі

  4. Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі




  1. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленті


Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ үйымның хат және басқа да қүжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналғанЖасса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар белмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш (сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш (сургуч) басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жүмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни үйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы) бүйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіп-орынның касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жүмсауға тиісті нақты ақшаларының сомасы және бүл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке көсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы үйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк меке-месінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қаты-суымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен үйымдардың кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін тол-тырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, ягаи қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша телеген занды немесе жеке түлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау бары-сында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне үйымның аты, ақша төлеуші занды немесе жеке түлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандькы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.
Мысалы: кәсіпорыңцардың сатып алушысы болып табылатын заңцы түлға 2009 жылдың 13 желтоқсаныңда алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы бағамдық айырмашылығы 149-ға тең) деп алатын болсақ бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:

Д-т: Касса $ 5000 (745000 тг.)

К-т: Тауарларды сатудан алынған

табыс $ 5000 (745000 тг.)

Мүндағы 745000 тг. = 149 х 5000



Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.

Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.


  1. Ағымдағы активтердің мағынасы және мазмұны

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.

Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

-банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;

-кәсіпорынның кұру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;

- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар;

Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.

Қандайда болмасын занды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз арбитраждың бұйрығы, соттың үкім қағазы, салық комитеті немесе қаржы полициясының бұйрығы тағы да басқа занда қаралған жағдайлар негізінде аударылуы мүмкін. Есеп айырысу шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Ұйымдардың өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына нақты ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына кәсіпорының сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа заңды немесе жеке түлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несие, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан кәсіпорынның басқа занды немесе жеке түлғалардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады. Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақшалардың көлемінде шот иесінің, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі.

Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кедең органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжатгар саналады. Есеп айырысу құжатгарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың (кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің) қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін кәсіпорындар және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шоттының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістелген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың кешірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестіп тексеріледі. Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі 2-ші (екінші) журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.


  1. Ақша қаражаттарының есебі

Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі. Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет. [2, 12 бет]

«Ақшалай қаражаттың козғалысы туралы есеп» 7 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы - олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.

«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатка қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.

Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уакытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операция-ларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.

Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.

Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен ресімдейді.

Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде де, ақпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады. [2, 15 бет]

Қолма-кол ақша берумен байланысты операциялар шығыстық кассалық ордермен № КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі.

Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қол-мен өңдеуде де, ақпаратты компьютерде өндегенде де қолданылады. Бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған уәкілетгі тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.

Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ШКО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл мен жасыл түстен басқасымен) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек. ККО, ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.

Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:

- кұжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;

- құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;

- құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.

Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады. [3, 65 бет]

Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын кассалык кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО, ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдін есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО, ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес кассалық операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде 1 рет жасалады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына шығындық кассалық ордер жазылады. Егер қолма-қол ақша сомасы кірістік кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.

Касалық операциялардың синтетикалық есебін 1010 “Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша” , 1020 “Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта” шттары кіретін 1000 “Кассадағы қолма-қол ақша” бөлігіде жүргізіледі.

1010,1020 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер негіз болып табылады.



Кесте 1. Дебет бойынша 1010,1020 шоттарда кассаға түскен қолма қол ақша сомасы


Операциялар мазмұны


Дебет

Кредит

1

Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақшалай қаражат (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындары және т.б.)

1010

1030

2

Тапсырыс берушілерден сатып алушылардан кассаға көрсеткен қызмет, өнім үшін түскен қолма-қол ақша

1010

1210

3

Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айырысу (өткізуден, жұмыстан, көрсеткен қызметтен) түсім

1010

6010

4

Өткізілген негізгі құралдар, МЕА құнды қағаздар үшін төленген түсім

1010

6210

5

Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға түсті

1010

1030

6

Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды

1010

1250

7

Банктен қысқа мерзімдік қарыз қолма-қол ақшамен алынды

1010

3010

8

Алдағы кезеңдер анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы

1010

3520

9

Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы

1010

6160

10

Өкіметтің атқару органдарынан қолма-қол субсидия алынды

1010

6140

11

Жабдықтағаны, орындалған қызмет үшін аванс түскенде

1010

3310

12

Еншілес серіктестіктерден (тәуелді, бірлесіп бақыланатын) қайтқан берешектер

1010

1210

жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау