Алматы экономика және статистика академиясы


Материалдық емес активтерді түгелдеу және есеп беруде олардың мәнін ашу



жүктеу 3,7 Mb.
бет10/17
Дата12.02.2018
өлшемі3,7 Mb.
#9404
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

3. Материалдық емес активтерді түгелдеу және есеп беруде олардың мәнін ашу

Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу. Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектідерінін егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің кұрылымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты .барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да, тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдык емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын . растайтын құжатгары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқын қуаттайтын құжаттар жатады.



Есеп беруде материалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтерінің есебі үшін кабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: , амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі , немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеннің басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; - кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық құны және т.б. көрсетіледі.

Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны, материалдық емес активтердің амортизацияланбай қалған кезені; иелік ету күкығы шектелген материалдық емес активтердің баланстық кұны; міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстык кұны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.

Қаржылық есеп беруде есептік кезендегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалык жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компаниянын жарнама шығындары; субъектіні күру кезіндегі жұмсалған, шығындар; материалдық емес активтерді алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.

Субъект одан баска да материалдық емес активтерді есептік бағалау өзгерістерінің нәтижесі және сипатын, олардың материалдық салдарын ашу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастырудың мақсаты неде?



  1. Материалдық ақтивтің жіктелінуі көрсетіңіз?

  2. Материалдық емес активтердің көрсетілуі және инвентаризациясы ?

  3. Қаржылық есепте материалдық емес активті көрсету?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010

  4. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 2008ж.


11-тақырып. Капитал есебі
Дәріс мақсаты: жарғылык капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасын анықтау.


  1. Меншікті капиталдың құрылымы.

  2. Қаржылық капитал жайлы түсінік және оның қалыптасу тәртібі.

  3. Жарғылық капитал есебі.

  4. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі.




    1. Меншікті капиталдың құрылымы

Өндіріспен,саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтарды,ақшалай қаражаттары,қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет.Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады.Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Субъекті мүліктернің (капиталының)құралу көздері

Субъекті мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады.Шаруашылық субъектісі меншікті капиталның көздері болып мыналар саналады:


  • жарғылық қор;

  • резервтік капитал;

  • бөлінбеген пайда.

Қосымша төленген капитал–қоғамның өзінің акцияларын атаулы (номиналдық) құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал–негізгі құралдар мен инвестицияларды бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және т.б. туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал–келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толотыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс)–шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен,бюджетке төленген салым сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе субъектінің құрылғаннан бастап жұмсалынбаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген шаруашылық субъекті меншікті капиталының жалпы сомасы яғни,барлық активтер сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандығы қалған сомасы субъектінің немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс.Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда субъекті қызметінің рентабельділігі төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда шаруашылық субъектісі жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады.Жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады,ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды. Жарғылық капиталға салынатын салымдары,ақшалары,бағалы қағаздарыда,мүліктері де,мүліктік құқықтар және басқадай мүліктер болуы мүмкін.




    1. Компанияның меншікті капиталын қалыптастыру реті

Меншікті капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады.

Меншікті капиталдың негізгі элементтерінің мінездемесі (1 кестеде) берілген. Қаржылық менеджмент шегінде, компанияның меншікті капитал құралдарын қолданудың кемшіліктерін, артықшылықтары мен шектеулерін талдаудың артықшылықтары бар. Себебі, осы талдаулар (анализ) компанияның қаржылық мүмкіндігін көрсетеді.

Жарғылық капитал компанияның қызмет атқаруына қаржылық негіз болып табылады. Акциялар шығару арқылы жарғылық капиталды құрудың мақсаты – компанияның қызмет етуіне қаражат жинау және өмірлік цикл шегінде үздіксіз қаржыландыру. “Акционерлік қоғам туралы” ҚР заңына сәйкес акционерлік қоғамның жарғылық капиталының көлемі оның құрылтайшылық құжаттарында “акциялардың жиынтық номиналдық құны бойынша құрылтайшыларға тиісті болып тіркеледі”.

Кесте 1

Меншікті капиталдың негізгі элементтерінің мінездемесі



Негізгі элементтер

Құрамдас

Қаржыландыру көздері

Қолдану бағыты

Жарғылық капитал

Жай және артықшылықты акция шығару негізінде тартылатын капитал

Акция эмиссиясы

Ұйымның негізгі қызметін қамтамасыз ету

Қосымша капитал

Еңгізілген қосымша капитал

Эмиссиялық табыс;

Қайтарымсыз негіздегі құндылықтар



Жарғылық капиталды өсіруге. шығыстарды жабуға, пайданы иеленушілер арасында орналастыруға жұмсау

Қайта бағалаудан капитал

Активтерді артық бағалау

Жинақталған капитал

Пайда

Резервтік капитал

Міндетті немесе ерікті түрде құрылатын капитал

Пайда

Шығыстарды, шығындарды жабу

Облигацияларды жабу

Акцияларды қайта рып, сатып алу


Бөлінбеген пайда



Пайда

Ұйымның негізгі қызметін жүзеге асыру




  1. Жарғылық капитал есебі.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандай да болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:

- «Жай акциялар»,

- «Артықшылығы бар акциялар»,

- «Салымдар мен жарналар»

- деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасына:

Д-т: «Төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Жай акциялар» немесе

«Артықшылығы бар акциялар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:

Д-т: «Ақшалар» шоты,

К-т: «Төленбеген капитал» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:


  • «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар»,

  • «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар»,

  • «Есеп айырысу шотындағы ақшалар»,

  • «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар»,

  • «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар»

- деп аталатын шоттарының тиісиілері дебиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «материалдық емес актив», «негізгі құрал», «материалдық құндылықтар» тағы да басқа түрде салынатын болса:

Д-т: «Материалдық емес активтер»,

«Негізгі құралдар»,

«Материалдық құндылықтар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері,

К-т: «Төленбеген капитал» деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:

Д-т: «Материалдық емес активтер»;

«Негізгі құралдар»;

«Материалдық құндылықтар»;

«Ақшалар» және тағы да басқа шоттардың тиістісі.

К-т: «Салымдар мен жарналар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.

«Қайтарылып алынған капитал» деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:

Д-т: «Қайтарылып алынған капитал» шоты,

К-т: «Ақшалар» шоты түрнде екі жақты жазу жазылады.

Егер акционерлік қоғам өз ақцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:

Д-т: «Қарапайым акциялар» немесе

«Артықшылығы бар акциялар» шоттарының тиістісі,

К-т: «Қайтарылып аланған капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда «Қосымша төленген капитал» деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал «Қосымша төленбеген капитал» деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның «негізгі құралдарын», инвестицияларын сондай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:

Д-т: «Ақшалар» шоты,

К-т: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:

Д-т: «Қайтарылып алынған капитал» шоты,

К-т: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның негізгі құралдары, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:

Д-т: «Негізгі құралдар»;

«Материалды құндылықтар»;

«Инвестициялар» және тағы да басқа шоттардың тиістісі,

К-т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген

капитал»;

«Инвестицияларды қайта бағалағаннан аланған қосымша төленбеген

капитал»;

«Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоттарының тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Сонымен қатар:


  • негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:

Д-т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Негізгі құралдардың тозуы» шоты түрінде;

- негізгі құралдардың пайдалануына қарай олардың қосымша бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:

Д-т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты түрінде;

- негізгі құралдарды бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының азаю сомасына:

Д-т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Негізгі құралдар» шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.

«Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:

- қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:

Д-т: «Инвестицияларды қайта бағалағаннан аланған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Қаржылық инвестициялар» шоты түрінде;

- қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:

Д-т: «Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К-т: «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» немесе «Құнды қағаздарды сатудан алынатын табыс» шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады.



  1. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі Резервтік капитал — акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану кұрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі "Резервтік капитал" бөлімшесінін мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: "Заңдармен белгіленген резервтік капитал" және "Басқа да резервтік капитал".

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың кұжаттарында (жарғысыңда, құрылтайшылардың шарттарыңда) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

3. Бөлінбеген пайда есебі



Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы акпараттарды жинақтауға арналған пайдаланады.

Есеп берілетін жылдың соңында жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады

Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:

- жыл ішінде алынған табыс сомасына "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліп, "Есепті жылдын бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің қарыздары есебін анықтау

  2. Күмәнді қарыздардың есебін ұйымдастыру

  3. Берілген аванстардың есебін ұымдастыру

  4. Болашақ кезеңнің есебін ұйымдастыру

  5. Еншілес тәуелді серіптестіктердің борыштарының есебін ұйымдастыру


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 2008 г.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 2008ж.


12-тақырып. Міндеттермен есебі
Дәріс мақсаты: Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз және кредиторлық берешек және т.б міндеттемелерді танып білу және оның есебімен танысу


  1. Міндеттер туралы түсінік Зайымдар есебі.

  2. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есебі.

  3. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың есебі.

  4. Қызмекерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі.




  1. Міндеттер туралы түсінік Зайымдар есебі.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 3000-3500 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым - қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді. Алынған қарыздар сомасы «Банктердегі аккредитив чектердегі, карт - шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің «Шетел валютасындағы ағымдағы корреспондеттік шоттардағы ақша», «Ұлттық валютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша», «Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек», «Берушілер мен мердігерлермен есеп айырсу» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.

Өтелген кредиттер сомасына «Қарыздар» бөлімшесінің (ақшалай қаражаттың есебі бойынша шоттарымен корреспонденцияда «Банктердің қысқа мерзімді қарыздары» аралық шоты) тиісті шоттары дебеттеледі.

Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.


  • қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезең шығыстарына жатқызудың дұрыстығы.

  • 3 бөлімшенің «Қарыздар» («Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты) шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы.

  • баланста «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімшесінде Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтірледі.

  • қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша соманың негізділігін анықтау қажет.

  • овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс берілетін қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай - ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.

«Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» шотына аналитикалық есеп, қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі.

Банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит түрінде болады.

Кредиторлық берешек аудиті-кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері.

Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысында, сондай-ақ есеп айырсудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын санаған жөн.

Бұларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп кеткен берешек және т.б.

Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырсу бойынша-қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша-кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша-жабдықтаушыларға және т.б.мерзімі өткен берешектер саналады.

Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:



  • 1 Төлем тәртібін сақтауды тексеру.

  • 2 Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру.

  • 3 Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру.

  • Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айырсу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілік арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық берешектің есепті кезеңінің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:



  • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

  • алынған аванстар;

  • салықтар бойынша берешек;

  • төленуге тиісті дивиденттер;

  • негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша берешек;

  • АҚ лауазымдық адамдарына берешек;

  • басқадай кредиторлық берешек;

«Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын «Төленетін шоттар» шотымен салыстыруы қажет, ол мыналар үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырсу жөніндегі ақпараттарды жинақтап қорытуға арналған:

  • алынған қорлар мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;

  • алынған ҚОРЛАР ,айналымнан тыс активтер, есеп-қисап құжаттары әлі түспеген жұмыстар мен көрсетіліетін қызметтер;

  • қабылдау кезінде табылған ҚОРЛАР артығы мен айналымнан тыс активтер;

  • тасымалдау мен т.с.с бойынша алынған қызметтер;

Бұл шот бойынша есептеулерді мынадай екі бағыт бойынша жүргізу қажет:

  • Қабылданған материалдық ресурстар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау




  1. жүктеу 3,7 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау