Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 3,05 Mb.
бет9/16
Дата18.12.2017
өлшемі3,05 Mb.
#4750
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Өз кезегінде 100.20-нысан 100.20.001-жолға қосымша нысанның негізінде толтырылады, онда C бағаны бойынша нәтижесінде мынадай теріс бағамдық айырма пайда болған шетелдік валютадағы операциялардың атауы көрсетіледі:

» валюталық шоттар бойынша;

» валюталық кредиттер бойынша;

» сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысулар бойынша;

» жеткізіп берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар бойынша;

» өзге де операциялар бойынша.

Нысандармен қысқаша танысудан мынадай қорытынды шығарамыз: 2012 жылғы нысандарда өзгерістер жоқ және (2012 жылғы сияқты) бағамдық айырманың талдамалық есебін бағамдық айырма пайда болған операциялардың атауы бойынша (валюталық шоттар бойынша, валюталық кредиттер бойынша; сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысулар бойынша; жеткізіп берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар бойынша; өзге де операциялар бойынша жүргізген дұрыс.

Біз қарастырған бағамдық айырманы есепке алуға қойылатын қолданыстағы барлық талаптарды және 01.01.2012 жылдан бастап біздің алдымызда тұрған бағамдық айырманы есепке алудағы өзгерістерді кесте түрінде қорытындылауға болады:



Атауы

Кезең
Бухгалтерлік есеп

Салық есебі

Валютаның қолданылатын бағамы

2012 жыл

ҚР Ұлттық Банкі

2012 жыл
Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы

2012 жыл

Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы

Бағамдық айырма ұғымы

2012 жыл

Бағам өзгерген жағдайда есепті валютадағы шетелдік валюта бірлігінің бір санының бухгалтерлік есеп пен салық есептілігі жүйесін де көрсету нәтижесінде туындаған айырма

Шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша айырма, яғни "Өткізілген операциялар бойынша туындайтын айырма"

2012 жыл

2012 жыл

Шетелдік валютада жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма

Оң бағамдық айырманың салық есебі

2012 жыл




Жиынтық жылдық табысқа енгізіледі.

2012 жыл




2012 жыл




Кіріске оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асуы кіреді.

Теріс бағамдық айырма бойынша шегерімдер

2012 жыл




Шегерімге жатқызылуға тиіо теріс бағамдық айырманың ең кеп сомасы салық төлеушінің оң бағамдық айырма түрінде алған табыс сомасы плюс салық салынатын табыстың 50 проценті мөлшеріндегі сомамен шектеледі

2012 жыл




2012 жыл




Егер теріс бағамдық айырма сомасы оң бағам дық айырма сомасынан асатын болса, көлемі шегерілуге тиіс.

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2012 жылдан бастап бағамдық айырманың бухгалтерлік есебінде де, салық есебінде де бірдей бағам - нарықтық бағам пайдаланылады. 2012 жылдан бастап салық есебінде бағамдық айырманы анықтауда бағамдық айырма операция жасалған күн мен бухгалтерлік есепте ұлттық валютамен көрсету нәтижесінде ол бойынша есеп айырысу күні арасында туындайтыны туралы түсініктеме жоқ, яғни "өткізілген" немесе "өткізілмеген" бағамдық айырма ұғымы болмайды. 2012 жылдан бастап бағамдық айырманың салықтық есебі едәуір оңайлатылады, ал бағамдық айырма ұғымы 9-"Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу" БЕС-нда берілген оның айқындамасына барынша жақындайды деуге болады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Салықтар мен айыппұлдар шегерімі

2. Қызметтік іссапарға және өкілдік бойынша шығындарға компенсация сомаларының шегерімі

3. Теріс курстық айырма бойынша шегерімдер
12-тақырып.Ғылыми-зеттеу,жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер және залалдардың салық есебі.

Дәріс мақсаты: Негізгі құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделі сипаттағы басқа да шығындарды қоспағанда, табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығыстар шегерімдерінін есебімен таныстырып уйрету

Сұрақтары:
1. Ғылыми-зеттеу,жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер есебі.

2.Залалдардың салық есебі.


1. Ғылыми-зеттеу,жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер есебі.

Ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер (98-6ап)

Негізгі құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделі сипаттағы басқа да шығындарды қоспағанда, табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстар актісі және тиісті ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары жүргізілгенін растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылады.
Жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстар актісі және тиісті ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары жүргізілгенін растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылады.

29-"Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығындарды есепке алу" ҚБЕС-на сәйкес теориялық зерттеулерге, әдебиетті іріктеу мен зерделеуге, зерттеу бағытын таңдауға, техникалық ұсыныстар әзірлеуге, тәжірибелік сынақтар жүргізуге, жаңа әрі неғұрлым жетілдірілген материалдардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеуге жұмсалған шығыстар ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындар ретінде сыныпталады.

Қандай шығыстар ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ал қандайлары тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жататынын және осы шығындарды тануды қарастырайық.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына: жаңа ғылыми немесе техникалық ілімдер мен ұғымдар, мысалы, ықтимал жаңа немесе жақсартылған өнімдер немесе технологиялар алу мақсатында қолданылатын түпнұсқалық және жаспарлы зерттеулер; жаңа ғылыми немесе техникалық ілімдер мен ұғымдар алуға бағытталған жұмыстар жатады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындар олар жұмсалған есепті кезеңдегі шығыстар ретінде танылады және келесі есепті кезеңдерде актив ретінде танылмайды.

Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар - жаңа және неғұрлым жетілдірілген материалдарды, тетіктерді, өнімдерді, технологияларды, жүйелерді немесе қызмет көрсетулерді ғылыми-зерттеу немесе басқа да ілімдер нәтижесінде қолдану негізінде олардың коммерциялық өндірісі басталғанға дейін жоспарлау және жобалау, мысалы, тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру және сынау; жаңа технологияларды қолдана отырып аспаптар, айлабұйымдар, қалыптамалар мен мөртабандар әзірлеу.

Тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындарды, егер олар мына өлшемдерге сай келсе, актив ретінде тану керек:

1)тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындар сомасын барынша сенімді дәрежеде айқындауға болады;

2)тәжірибе-конструкторлық жұмыстар өнімінің техникалықжағынан орындалатындығы көрсетілуі мүмкін;

3)субъект тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың өнімін өндіруге және рынокқа қоюға немесе пайдалануға тырысады;

4)тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың өнімін өткізетін рыноктың болуы немесе, егер оны субъектінің ішінде қолдану жоспарланса, оның пайдалылығы көрсетілуі мүмкін;

5)тиісті ресурстардың болуы немесе тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың өнімін рынокқа қоюды немесе қолдануды аяқтау үшін олардың қолайлылығы көрсетілуі мүмкін.

Бұл орайда актив ретінде танылған тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындар, өндірістік шығыстарға, сондай-ақ өнімді өткізуге және өнім маркетинг кезінде шыққан әкімшілік шығындарға сәйкес келетін тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындар шегерілгеннен кейін, болашақтағы тиісті экономикалық пайдалардың есебінен өтелуі мүмкін болатын сомадан аспауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген тармақтарда айқындалған активтерді тану белгілеріне сай келетін тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындарды материалдық емес актив ретінде ескеру керек.

Егер тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындар жоғарыда көрсетілген тармақтарда айқындалған активтерді тану белгілеріне сай келмесе, мұндай шығындарды олар жұмсалған есепті кезеңдегі шығыс ретіндегі шығындар деп тану керек. Бастапқыда шығыстар деп танылған тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға шыққан шығындарды келесі есепті кезеңдерде актив ретінде тану керек емес.

Тәжірибе-конструкторлық және тәжірибе-зерттеу жұмыстарына тікелей байланысты, бірақ ондай болып табылмайтын, қызметке назарларыңызды аударғымыз келеді:

1)коммерциялық өндірістің бастапқы кезеңінде инженерлік қолдау;

2)өнімді күнделікті сынақтан өткізуді қоса, коммерциялық өндіріс процесінің сапасын бақылау;

3)коммерциялық өндіріс процесінде туындаған ақауларды жою;

қолда бар өнімнің сапасын жақсарту, кеңейту немесе басқаша жетілдіру жөніндегі жұмыс;

4)өнімнің қолда бар сипаттамасын тұрақты коммерциялық қызметтің бір бөлігі ретінде сатып алушының нақты талаптары мен мұқтаждарына сәйкес келтіру;

5)қолда бар өнімнің дизайнын маусымдық немесе басқа да кезеңдік өзгертулер;

6)өндірістік қуаттарды, жабдықты салуға, көшіруге, орнын ауыстыруға немесе іске қосуға байланысты жобалау мен құрылыс салуды қоса қызмет, бұған тек қана ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жөніндегі нақты жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын құрылыстар мен жабдықтар кірмейді.

Субъект ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды өз күшімен де, жақтас ұйымдарды тарта отырып та жүргізе алатынын ескеру қажет.

"Орындаушы" субъектісінің шығындарын есепке алу

МЫСАЛ.


"Икс"ЖШС-нің Х материалының жаңа түрін жобалауға 2012 жылы жұмсаған шығындары 1 542 000 теңге болды. Бұл жоба активті танудың барлық белгілеріне сәйкес келді, бұл орайда жаңа X материалы жаңа сапа, пайдалану кезінде үнем жасалды, және осының бәрі салыстырмалы түрде арзан өзіндік құнмен жасалды деген өлшемдерге ие болады деп болжанды. Демек, "Икс" ЖШС жоба бойынша шығындарды капиталдандырып, активтердің құрамында көрсете алады.

Алайда есепті кезеңнің соңында рынокта халықтың зор сұранысына ие болған V материалының жаңа түрі пайда болды. "Икс"ЖШС-нде өнімге (X материалға) сұраныс төмендеп кетті, және Х материалын жобалауға шыққан шығындардан болашақ экономикалық пайда алынатынына жеткілікті сенім жоқ. Сондықтан 1 542 000 теңге сома кезең шығыны деп танылды.




2.Залалдардың салық есебі.
Залал ұғымы (123-бап)

1. Түзетілген жылдық жиынтық табыстан шегерімдердің асып түсуі кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп танылады.

2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал мыналар:

борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма;

борыштық бағалы қағаздар бойынша—өткізген күнгі дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегі өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма.
Залалдарды ауыстыру(124-бап)

1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды өткізуден шеккен залалдар кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін үш жылға дейінгі мерзімге, үшінші жылы қоса есептеліп, ауыстырылады.

Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге, жетінші жылы қоса есептеліп, ауыстырылады.

Салық төлеуші салық кезеңінде Салық Кодексінің 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерімдерге жатқызу нәтижесінде шеккен залалдарға осы баптың ережелері қолданылмайды.

2. Өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтеледі.

Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейінгі мерзімге ауыстырылып, өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтелуге тиіс.


ЗАЛАЛДАРДЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІ

Салық кодексінің 123-бабына сәйкес түзетілген жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің асып түсуі кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп танылады.

Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал мыналар:

» борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма;

» борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізген күнгі дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегі өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма.

Салық кодексінің 124-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды өткізуден шеккен залалдар кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін үш жылға дейінгі мерзімге, үшінші қоса есептеліп, ауыстырылады.

Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге, жетінші қоса есептеліп, ауыстырылады.

Салық төлеуші салық кезеңінде Салық Кодексітің 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерімдерге жатқызу нәтижесінде шеккен залалдарға (Қазақстан Республикасының аумағында алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизацияның екі еселенген нормасы) осы баптың ережелері қолданылмайды. 2012 жылдан бастап 124-бап жаңа 2-тармақпен толықтырылды, ол бойынша өткізу күніне қор биржасының "A" және "B" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдарды есепке алудың тәртібі белгіленген.

2012 жыл үшін декларацияда залалдардың ауысуын көрсету мысалын қарастырайық.

Мысал:


Ұйымның қызмет нәтижелері мынадай: 2012 жылы 1 610 мың теңге залал, 2010жылы-8 113,0 мың теңге залал шекті (есептелгендерінің шегінде төленген салықтар - 1200,0 мың теңге), 2011 жылы -81,0 мың теңге залал); 2012 жылы -1 554,0 мың теңге табыс, 2012 жылы - 4 000,0 мың теңге табыс алды. Залалдың қандай сомасы 2012 жылдың табысымен жабылатын болады?


Жыл

Қызметтің нәтижесі

2012

2010

2011

2012

2012

Ауыстырылатын залал

Ауыстырылмай-тын залал

2012

-1 610,0

-1 610,0













-1 610,0




2010

-8 113,0

-1 610,0

-1 200,0










-2810,0




2011

-81,0

-1 610,0

-1 200,0

-







-2 810,0




2012

1 554,0

-1 610,0

-1 200,0










-1 200,0

-56,0

2012

4 000,0




-1 200,0










-1 200,0




Айталық 2012 жылы 1 610,0 мың теңге сомасында залал шегілді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Заңының 27-бабына сәйкес келесі жылдардың табысы есебінен өтеу үшін келесі жылға ауыстырылады.

2010 жыл үшін декларация бойынша залал 8113,0 мың теңгені құрады. Есептелгендерінің шегінде төленген салықтар - 1 200,0 мың теңге. Аталған жағдайда 6 913,0 мың теңге (8113-1 200) айырма табыс болып танылады. Бұл сома декларацияның 15-жолы бойынша көрсетіледі. Ауыстырылатын залал 1 200,0 мың теңге болды.



  1. жыл үшін декларация бойынша 81,0 мың теңге залал шегілді, ол табыс ретінде 2011 жылғы декларацияның 15-жолы бойынша көрсетіледі және залал ретінде ауыстырылмайды.

  2. жыл үшін салық салынатын табыс 1 554,0 мың теңге, алдыңғы жылдардың залалы - 2 810,0 мың теңге болды, оның ішінде 1 610,0 мыңтеңге- 2012 жылдың залалы. Бұл сома бойынша ауыстыру мерзімі - 3 жыл, демек, ең алдымен алғаш пайда болған залалдар өтеледі, ауыстырылмайтын залал 56,0 мың теңгені (1 554,0 - 1 610,0) құрады.

2012 жыл үшін салық салынатын табыс есеп-қисап бойынша 4 000,0 мың теңгені құрады, салық салынатын табыс 2011 жылдың залалдарын өтеу есебінен 2 800,0 мың теңгені құрайды, салық 840,0 мың теңге болады.

Шеккен залалдарды 2012 жыл үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсету

2012 жыл үшін KTC бойынша декларация ҚР Қаржы министрінің 10.12.2012 ж. № 608 бұйрығымен бекітілген Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны жасау ережелеріне сәйкес жасалады.

"Залалдарды ауыстыру" атты 100.27-нысан Салық кодексінің 124-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметтен шеккен ауыстырылатын залалдарды есептеуге арналған.

2012 жыл үшін 100.27-қосымшаның нысаны мен мазмұны 2012 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ. 2012 жылы нысанның тақырыбында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің толық атауы көрсетілмейді.

Біздің мысалдың қорытындысын 100.27.001-жолға қосымша нысанда көрсетеміз.




A

B

C

D

E

F

Нөмірі

Салық кезеңі

Алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар

Салық кезеңінде 100.00.040, 100.00.042-жолдардан алынған табыс (ауыстырылуға тиіс залал)

Келесі салық кезеңдеріне ауыс-тырылатын залал (D+C+100.02.002)

Келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмай-тын залал

1




-1 200,0

4 000,0




56,0

2

2012

-1 610,0










3

2010

-1 200,0










4

2011

-










5

2012

1 554,0







56,0

2012 жыл үшін 100.27.001-жолға қосымша нысанның C бағанының мөлшері 100.27.001-жолға көшіріледі. Біздің мысалда 100.27.001-жолға 1 200,0 мың теңгені енгіземіз (-1 610-1 200) = -2 810,0 + 1 554 = -1 256,0 мың теңге, оның ішінде 56,0 мың теңге - ауыстырылмайтын залалдар. Олар аталған сомадан алып тасталады және F бағанында көрсетіледі. 100.27.001-жолдың деректері ауыстырылмайтын залалдарды шегере отырып, тиісінше 100.00.004-жолға көшіріледі.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми-зеттеу,жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер есебі.

2.Залалдардың салық есебі.



жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау