Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 3,05 Mb.
бет11/16
Дата18.12.2017
өлшемі3,05 Mb.
#4750
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Дәріс мақсаты: Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация толтыруды үйрену және салық салу тәртіптерімен танысу
Сұрақтары:

1. Салық есеп беруін жасау тәртібі

2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация
1. Салық есеп беруін жасау тәртібі

Салық есептілігі (68-бап)



1. Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші, салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

2. Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді:

салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы;

резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш;

арнаулы салық режимдерін қолдануға патент алуға өтініштер;



Салық Кодексітің 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;

қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;



қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берілген өтініштер;

шот-фактуралар тізілімі;



Салық Кодексіке сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.

  1. Салық есептілігі — салық төлеушінің, салық агентінің Салық Кодексіте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.

  2. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетілуге тиісті белгілі бір деректер болмаған жағдайда, оған уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тиісті қосымшалар табыс етілмейді.

Салық есептілігін жасау мен табыс ету тәртібі (69-бап)

  1. Салық есептілігін салық төлеуші, салық агенті не олардың өкілдері Салық Кодексіке сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша дербес жасайды.

  2. Салық есептілігі қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жасалады. Салық есептілігі электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеуші, салық агенті салық органдарының талап етуі бойынша осындай құжаттардың қағазға түсірілген көшірмелерін табыс етуге міндетті.

3. Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс. Салық төлеуші — жеке тұлғаның өзі болмаған не ол іс-әрекетке қабілетсіз болған жағдайда салық есептілігіне оныңөкілі қол қойып, куәландырады.

4. Салық төлеушінің, салық агентінің салық есептілігін жасау жөнінде қызмет көрсететін өкілі оған қол қойып, мөр басуға және өзінің салық төлеуші ретінде тіркеу нөмірін көрсетуге міндетті.

  1. Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін жасаған кезде, оның ішінде мұндай есептілікті оның өкілі жасаған жағдайда, салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығы үшін жауаптылық салық төлеушіге, салық агентіне жүктеледі.

  2. Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін тиісті салық органдарына Салық Кодексіте белгіленген тәртіппен және мерзімде табыс етеді.

  3. Салық төлеуші (заңды тұлға) қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбір салық төлеушіге салық кезеңі басталғаннан қайта ұйымдастырылу немесе тарату аяқталған күнге дейін тиісінше бөлу, тарату және өткізу баланстарының негізінде салық есептілігі бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептілік салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде табыс етіледі.

  4. Салық төлеушілер, салық агенттері салық есептілігін өз қалауы бойынша:

  1. өзі келу тәртібімен;

  2. хабарланатын етіп почта арқылы тапсырыстық хатпен;

  3. уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жағдайларда ақпаратты компьютерлік өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.

9. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептілік жөнелтілімі электрондық почта арқылы жеткізілгендігі туралы хабарланған күн салық есептілігі салық органына табыс етілген күн болып табылады.

Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына Салық Кодексіте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде сағат жиырма төртке дейін тапсырылған салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күні қойылған белгісі болса, мерзімінде табыс етілген деп саналады.

10. Салық есептілігі алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады. Егер салық есептілігінде:

  1. салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;

  2. салық кезеңі көрсетілмесе;

  3. осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.

Салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту (70-бап)

  1. Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің Салық Кодексіте белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

  2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу (71-бап)

  1. Салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Салық Кодексіте көзделген талап қою мерзімі ішінде жол беріледі.

  2. Салық төлеушінің салық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және (немесе) есеп-қисапты осы өзгерістер мен толынқтырулар жатқызылатын салық кезеңі үшін қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап жасау жолымен жүргізеді.

  3. Қосымша салық декларациясындағы және (немесе) есеп-қисаптағы тиісті жолдарда бұрын табыс етілген салық декларациясымен және (немесе) есеп-қисаппен салыстырғанда анықталған айырманың сомасы ғана көрсетіледі.

  4. Тексеру басталғанға дейін қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап табыс еткен кезде, салық төлеуші анықтаған салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы бюджетке айыппұл есептелмей енгізілуге тиіс.

Салық есептілігін сақтау мерзімі (72-бап)

1 Салық есептілігі Салық Кодексіте белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушілерде, салық агенттерінде және салық органдарынд сақталады.



  1. Салық төлеуші, салық агенті — заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңі үшін салық есептілігін сақтау жөніндегі міндеттемелер оның құқық мирасқорына жүктеледі.


2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация

Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару (125-бап)

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңі үшін Салық Кодексінің 135-бабының 1 -тармағында белгіленген ставканы Салық Кодексінің 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа Салық Кодексінің 122-бабына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.

Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару (126-бап)



  1. Салық төлеушілер Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен аванстық төлемдерді енгізу жолымен салық кезеңі ішінде корпорациялық табыс салығын төлейді.

  2. Салық кезеңі ішінде төленетін корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеуші өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілген нақты салық міндеттемесі сомасын негізге алып, ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып есептеп шығарады.

  3. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңдегі аванстық төлемдер сомалары өткен салық кезеңі үшін төленген (есептелген шекте және одан кем емес) орташа айлық аванстық төлемдер мөлшерінде есептеп шығарылады.

  4. Салық төлеуші төлеуге тиіс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.

  5. Салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін жасап, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына табыс етеді.

  6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін салық төлеуші декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

7. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық кезеңі ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдердің болжамды сомасының есебін салық органына табыс етуге міндетті.

8. Салық төлеуші салық органдарына негізделген жазбаша өтініш берген кезде салық органымен келісе отырып, салық кезеңі ішінде аванстық төлемдер сомасының салық кезеңінің алдағы айлары үшін түзетілген есебін табыс етуге құқылы.



Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі (127-бап)

  1. Егер Салық Кодексінде өзгеше көзделмесе, салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.

  2. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке Салық Кодексінің 136-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, Салық Кодексінің 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

  3. Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебіне жатқызылады.

  4. Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкілікті есеп айырысуды (төлемді) декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту (70-бап)

  1. Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің Салық Кодексінде белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

  2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

Салық кезеңі (136-бап)

  1. Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып табылады.

  2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылу күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

Бұл ретте ұйымның оның уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге алынған күні оның құрылған күні болып саналады.

  1. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

  2. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзінің құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

Салық декларациясы (137-бап)

  1. Салық Кодексінің 368-377,385-397-баптарына сәйкес арнайы салық режимін қолданатын заңды түлғаларды қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың ЗІ наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

  2. Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттарды ашу жөніндегі қосымшалардан тұрады.

2012 ЖЫЛ ҮШІН КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША

ДЕКЛАРАЦИЯНЫ (100.00-НЫСАН) ЖАСАУДЫҢ МЫСАЛЫ

100.00-нысандағы "Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация" (бұдан әрі - Декларация) резидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, коммерциялық емес ұйымдарды және Салық кодексінің 115, 120 және 121-баптарына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың кірістерін мәлімдеуге және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған.

Декларация Декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық салу объектілері мен корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер туралы ақпараттарды ашу жөніндегі оның қосымшаларынан (100.01-ден 100.32-нысандар бойынша) тұрады.

Қосымшаларда көрсетілуге тиісдеректер жоқ болған жағдайда, аталған қосымшалар берілмейді және салық төлеуші оларды салық органдарына тапсырмайды.

Салық кодексінің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушілер Декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады. Егер Декларацияны тапсыру мерзімі демалыс немесе мейрам күніне келсе, Декларация келесі жұмыс күні болып табылатын күні беріледі.

Салық телеуші (заңды тұлға) қайта құрылған, таратылған кезде қайта құрылған, таратылған әрбір салық төлеушіге тиісінше бөлу, тарату және табыстау баланстарының негізінде салық кезеңінің басынан қайта құру немесе тарату аяқталған күнге дейін жеке Декларация жасалады. Бұл Декларация қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес күннің ішінде салық органдарына беріледі.

Декларация тапсырған кезде:



  1. келу тәртібімен қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық төлеушіге қайтарылады;

  2. почта бойынша хабарлама жазылған тапсырыс хатпен - салық төлеуші хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;

  3. келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Декларацияның жеткізілгені туралы хабарлама-ны салық органында не электрондық почта бойынша алады.

Салық кодексінде белгіленген Декларацияны тапсыру мерзімі басталғанға дейін салық төлеушіден жазбаша өтініш алынған кезде уәкілетті мемлекеттік орган Декларацияны тапсыру мерзімін үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.

Декларацияны тапсыру мерзімін ұзарту корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімін өзгертпейді.

Декларацияға салық төлеушінің, салық агентінің (басшының немесе бас бухгалтердің) қолдары қойылуға, сондай-ақ салық төлеушінің, салық агентінің мөрімен расталуға тиіс. Декларация электрондық түрде жасалған кезде электрондық құжат басшының, бас бухгалтердің электрондық қолдарымен және заңды тұлғаның электрондық мерімен расталуға тиіс.

Салық төлеушілер салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есептеу әдісі бойынша белгілейді.

Салық кодексінде салық салудың әртүрлі шарттары- көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің бөлек есебін жүргізуге міндетті.

Салық төлеушілер бөлек есепті бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде есеп-қисаптарды жүзеге асыру арқылы жүргізеді. Бұл есеп-қисаптар қызметтің әрбір түрі бойынша жеке жасалады (егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта езгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушылар үшін - әрбір кен орны бойынша).

Қызметтің белгілі бір түріне жатқызылған барлық кірістер мен шығыстар тиісті есептік құжаттармен расталуға тиіс.

Заңды тұлға тіркелгеннен кейін бірінші болып табылатын Декларация тапсырылған кезде салық төлеуші "алғашқы" торкөзін белгілейді; заңды тұлға таратылған, қайта құрылған кезде "тарату" торкөзі белгіленеді; егер күнтізбелік жылдың басында құрылган ұйым таратылып, осы жылдың аяғына дейін қайтадан құрылса, "алғашқы" және "тарату" торкөздері белгіленеді; Декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде "қосымша" торкөзі белгіленеді.




PIc №

Операцияның атауы


Жасалған күні



Сомасы

Есеп айырысу күні


Өтем сомасы

Оң бағам дық айыр-маның сомасы (теңге)



долл.

теңге

долл.

теңге

1

Өнімдерді өткізу (Ресей)

31.03.02

250 000

38350000

30.04.02

250 000

38201000

150000

2

1 жылға депозит, Қазком-мерцбанкте жылдық 10%

31.05.01 (01.01.02)

8000

1204800

31.05.02

8000

1223200

18400

3

ҚР-дан тысқары жерден 1 жылға кредит, 6%

31.11.01

(31.08.02)



600 000

92460000

30.11.02 (30.09.02)

600 000

92340000

120100

4

Проценттер - 6%

31.11.01 (31.08.02)

30000

4623000

30.11.02 21.10.02

30000

4617600

5400

5

Автомашиналарды жалдау (Қырғызстан)

31.01.02 (20.04.02)

7500 1 500

229095

30.04.02 (28.04.02)

6450

229050

45




Жиыны:



















293845

Жасалу күні алдыңғы салық кезеңдеріне келетін операциялар бойынша оң бағамдық айырманы есептеген кезде салық салу мақсатында операцияның жасалған күні 01.01.2012 ж. болып табылады.

100.09.001-қосымша нысанның D бағанының 293 845 теңге мөлшеріндегі жиынтық мөлшері 100.09-нысанның 100.09.001-жолына көшіріледі.

100.00.016 -100.00.019-жолдарда көрсетілген табыстар біздің мысалда жоқ.

100.00.020-жолда салық төлеушінің 100.00.001-100.00.019-жолдарда көрініс таппаған, бухгалтерлік есепте мынадай операциялар бойынша 830 000 теңге мөлшеріндегі табыстар сомасы көрсетіледі:

800 000 теңге мөлшеріндегі сақтандыру өтемі сақтандырылған және ұрланған, өзіндік құны 600 000 теңге құрайтын материалдарды есептен шығару нәтижесіңце алынған

35 000 теңге сомадағы тауарлардың ұрлануы нәтижесінде келген залалды компания күзетінің өтеуі 5 000 теңге құрады, сондай-ақ 25 000 теңгені сақтандыру компаниясы өтеді, өйткені бұл тауарлар сақтандырылған болатын.

100.00.021-жолда 100.00.001- 100.00.020-жолдарды қосу арқылы анықталатын 389 858 643 теңге мөлшеріндегі жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі.

100.00.022-жолда жылдық жиынтық табысты түзетудің 94 000 теңге мелшердегі сомасы көрсетіледі (100.00.022 D-жолы - мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар), соның ішінде 100.02.008-жолдан (15 000 теңге) және 100.08.002 С-жолынан (79 000 теңге).

100.00.023-жолдатүзетуіескерілгең 100.00.021 (389 858 643 теңге) және 100.00.022-жолдардың (94 000 теңге) сомаларының айырмасы ретінде анықталатын жылдық жиынтық табыстың 389 764 643 теңге мөлшердегі сомасы көрсетіледі.

ШЕГЕРІМДЕР

Салық кодексінің 92-бабына сәйкес Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс. Бұл ретте ескеретін жайт - шегерімдер жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі жөніндегі заңдарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

100.00.024-жол бойынша өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстардың 100.12-нысанда көрсетілген 294413919 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі.

100.12.001-жолда есепті салық кезеңінің басындағы ТМҚ құны көрсетіледі, ол алдыңғы кезеңнің соңындағы ТМҚ құны болып табылады. 100.12.001-жол бухгалтерлік баланс бойынша есепті салық кезеңінің басында белгіленген деректерге сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің басындағы ТМҚ құны барлығы - 87 070 000 теңге, соның ішінде: өндірістік материалдар - 6970000 теңге; аяқталмаған ендіріс - 10 000 000 теңге; дайын өнім, тауарлар - 70 100 000 теңге.

100.12.002-жол бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің аяғындағы ТМҚ құны барлығы - 67 526 669 теңге, соның ішінде: өндірістік материалдар - 8 766 669 теңге; аяқталмаған өндіріс - 50000000 теңге; дайын өнім, тауарлар - 8 760 000 теңге.

100.12.003-жолда салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметі үшін кезеңнің ішінде сатып алынған, өтеусіз алынған материалдардың (шикізаттар мен материалдардың, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдардың, конструкциялар мен тетіктердің, отынның, қосалқы бөлшектердің және т.б.), тауарлардың, тысқары ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлер орындаған жұмыс-тар мен көрсеткен қызметтердің құны керсетіледі.

Біздің мысалда материалдар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жалпы 186 731 022 теңгеге сатып алынған, оның ішінде:

100.12.003 А-жолы бойынша сатып алынған шикізаттың, материалдардың, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың құны көрсетіледі - 122 300 000 теңге, соның ішінде мынадай шоттар бойынша:

теңге


Шикізаттар мен материалдар" 78 000 000

Дайын өнім 100000

Қосалқы бөлшектер" 23100000

Басқалары" 20 200 000

Құрылыс материалдары" 900 000

100.12.003 С-жолы бойынша - отын мен жылу энергиясы - 55210453 теңге, соның ішінде:

Отын 54 300 000

Жылу энергиясы" талдамалы бабы 660 453

Жылу энергиясы" талдамалы бабы 250 000

100.12.003 D-жолы бойынша - электр қуаты

100.12.003 Е-жолы бойынша - көлік шығыстары - 300 000 теңге.

100.12.003 F-жолы бойынша - байланыс бойынша шығыстар - 400 000 теңге. Бұл ретте ескеретін жайт - Салық кодексінің 92-бабының ережелеріне сәйкес жылдық жиынтық табыс алу мақсатымен жүзеге асырылған байланыс жөніндегі шығыстар шегерімге жатқызылады.

100.12.003 G-жолы бойынша - аудиторлық қызметтер шығыстары - 225 000 теңге.

100.12.003 І-жолы бойынша жалдық ақы бойынша864 440 теңге мөлшеріндегі барлық шығыстар керсетіледі, соның ішінде:

1) Түркиялық компаниямен бір жылдық мерзімге жасалған жалдау шарты бойынша офистік жабдық әкелінді. Жалдың басталған күні - 01.10.02 ж. Жал үшін шот алынды қазан үшін

154 150 теңге сомасында; қараша үшін 154 200 теңге сомасында және желтоқсан үшін - 154 000 теңге. Жалдық ақы бойынша барлық шығыстар 462350 теңге құрайды;

2) жабдықтарды жалдау жөніндегі 402 090 теңге шығыстар,

100.12.003 J-жолы бойынша 100.12.003-жолында ескерілмеген басқа да шығыстар көрсетіледі. Біздің мысалда аталған шығыстар 5931129 теңгe соманы құраған, соның ішінде:

теңге


  • мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын жөндеу жұмыстары 2840529

  • қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығыстар 655600

  • жарнамаға жұмсалатын материалдарды, тауарларды сатып алу 1285000

  • басқа да цехтық шығыстар 1000000

  • ақауды түзету жөніндегі шығыстар 150000

100.12.004-жол бойынша еңбекақы төлеуге жұмсалған, шегерімге жатқызылатын 116622910 теңге мөлшерінде шығыстар көрсетіледі, ол 100.10-нысанның 100.10.006-жолынан көшірілген.

100.10.001-жол бойынша тікелей тауар (жұмыс, қызмет) өндірісімен шұғылданатын қызметкерлерге, әкімшілік персоналына және өткізумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген жалақының 114 199 460 теңге мәлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде:

100.10.001А-ЖОЛЫ бойынша бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталған 98 999 460 теңге мөлшеріндегі өндірістік жұмысшылардың жалақысы көрсетіледі:

100.10.001 В-жолында бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталған жалпы және әкімшілік персоналының 15201000 теңге мөлшеріндегі жалақысы көрсетіледі:


100.10.002-жолда қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік игіліктерінің 2 723 450 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде:

- 100.10.002 А-жолы бойынша - бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталған өндірістік жұмысшылардың 2 600 000 теңге мөлшеріндегі сомасы:

- 100.10.002В-жолы бойынша бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталған жалпы және әкімшілік персоналының 123 450 теңге мөлшеріндегі сомасы:

100.10.003-жол бойынша 100.10.001 және 100.10.002-жолдарда көрсетілмеген қызметкер-лердің еңбекақы жөніндегі шығыстары көрсеті-леді. Біздің мысалда еңбекақы жөніндегі басқа шығыстар 1 150 000 теңгені құрайды, ол ЮО.Ю.ООЗА-жолы бойынша көрсетілген:


100.10.004-жолда қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалған, 100.10.001-жолдың (114 199 460 теңге); 100.10.002 (2923450 теңге) және 100.10.003-жолдардың (1150000 теңге) сомасын қосу арқылы анықталған, 118072910 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі.

100.10.005-жолда негізгі құралдарды жөндеумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген табыстың сомасы мен оларға берілген материалдық және әлеуметтік игіліктердің сомасы көрсетіледі. Біздің мысалда негізгі құралдарға шаруашылық тәсілмен жөндеу жүргізуші қызметкерлердің жалақысы 1450000 теңге соманы құрады:

100.10.006-жолда жұмыс беруші төлейтін және шегерімге жатқызылуға тиіс қызметкерлердің еңбекақы телеу жөніндегі шығыстарының 116 622 910 теңге мөлшеріндегі сомасы кәрсетілгең ол 100.10.004-жол (118 072 910 теңге) мен 100.10.005-жолдың (1 450 000 теңге) сомаларының айырмасы ретінде анықталған.

100.12.005-жолда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және өткізу жөніндегі барлық басқа шығыстардың 200 000 теңге мөлшеріндегі, 100.12.003-жолда ескерілмеген сомасы көрсетіледі.

100.12.005А-жолында лимит шегіндегі іссапар шығыстарының 938-шотпен корреспонденцияланған 333-шотта көрсетілген 200 000 теңге жалпы сомасы көрсетіледі, бұл ретте аталған сома I ден III ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде анықталады:

теңге


  1. Жол жүру шығыстары 48 000

  2. Тұрғын үй-жайын жалдауға шығыстар 72 992

  3. ҚР шегіндегі іссапар бойынша тәулікақы (2 AEK шегінде) 79 008

100.12.007-жолда ТМҚ және өткізілген тауарлар (шығыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстарға енгізілген басқа шығыстардың 323097263 теңге мөлшеріндегі жиынтық сомасы көрсетіледі.

100.12.008-жол бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған ТМҚ, жұмыстар мен қызметтердің 27832248 теңге мөлшеріндегі құны көрсетіледі, ол бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталған:

100.12.009-жолда әлеуметтік салада пайдаланы-лған ТМҚ, жұмыстар мен қызметтердің 851 096 теңге мөлшеріндегі құны көрсетіледі, соның ішінде:

100.12.010-жолда өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстардың 100.12.008 және 100.12.009-жолдардың 28638344 теңге мөлшеріндегі сомасын 323 797 263 теңге мелшеріндегі 100.12.007-жолдың сомасынан шегеру арқылы анықталатын 294 413 919 теңге мөлшеріндегі жалпы со масы көрсетіледі.

100.00.025-жол бойынша шегерімге жатқызылатын, 100.13.001 және 100.13.002-жолдарға қосымша нысандардың деректерінің негізінде 100.13-нысанда көрсетілген 8407664 теңге мөлшеріндегі сыйақының сомасы көрсетіледі.

100.13.001-жолға қосымша нысанда 01.02.02 ж. қабылдау-өткізу актісі бойынша 7 жыл мерзімге лизингке алынған жабдықтың 30 000 000 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшеріндегі құны көрсетіледі, ол бухгалтерлік есепте мынадай шоттар корреспонденциясымен көрсетілген: Салық кезеңі үшін резидентке есептелген сыйақының сомасы 4500000 теңге құрайды Резидентке төленген және салық салу мақсатында шегерімге жататын сыйақының сомасы 4 050 000 теңге құрады.

100.13.002-жолға қосымша нысанда Казкоммерцбанктен валютамен алынған кредиттің 90 780 000 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі, алынған күні – 31.01.02ж., сыйақы ставкасы – жылдық 10%, өтеу мерзімі – 31.07.02 ж.

100.13.02 – жолға қосымша нысанның Н бағанында резидентке төленетін, сыйақының 4 583 750 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі. 100.13.002- жолға қосымша нысанның М бағанасында көрсетілген, Салық кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген сыйақы сомасы 1 831 064 теңгені құрайды, ол кредитке алынған соманың кредитті пайдалану күндерінің санын ескере отырып, салық салу мақсатында қолданылатын ставкаға көбейтіндісі ретінде есептеледі ((90 780 000 х 4.0675%) : 365 х 181).

100.13.002-жолға қосымша нысанда сондай-ақ Түрік Банкінен валютамен алынған кредиттің 90 120 000 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі, алынған күні - 30.11.01 ж., сыйақы ставкасы – жылдық 6%, өтеу мерзімі – 30.11.02 ж.

100.13.002-жолға қосымша нысанның І бағанында резидент емеске төленетін, сыйақының 5 053 200 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі. 100.13.002-жолға қосымша нысанның N бағанында көрсетілген, Салық кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген сыйақы сомасы 3 935 689 теңгені құрайды, ол былайша анықталған: ((90 120 000 х 4.7725%) : 365 х 334).

100.13.003 А - жолында шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақының 8 407 664 теңге мөлшеріндегі ең жоғарғы сомасы көрсетіледі, ол мынандай формуламен анықталады: (100.13.001Е + 100.13.002Е) + (100.13.001С + 100.13.002С) х 15% : 30%.

100.13.003 В-жолында шегерімге жатқызылатын, 100.13.003А (8 407 664 теңге ) 100.13.003В (9 816 753 теңге) жолдарының ең азы ретінде белгіленген сыйақының 8 407 664 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі.

100.00.026-жол бойынша төленген, 100.14.001-жолға қосымша нысанның негізінде 100.14-нысанында көрсетілген күмәнді міндеттемелердің 500 000 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі. Бұл сома бухгалтерлік есепте 441-шотпен корреспонденцияланған 681-шоттың дебеті бойынша көрсетілген. Шегерімге жатқызылатын, 100.00.027 – 100.00.029-жолдарда көрсетілетін шығыстар біздің мысалда жоқ.

100.00.030-жол бойынша 100.17.001-жолға қосымша нысанның негізінде 100.17-нысанда көрсетілген сақтандыру сыйлықақылары жөніндегі шығыстардың 2 000 000 мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі. Қосымша нысанның J бағаны бойынша шегерімге жатқызылатын, бухгалтерлік есепте 671.1-шотпен корреспонденцияланған 100.00.031-жол бойынша 100.18-нысанда көрсетілген әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстардың 1 868 750 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі.

Біздің мысалда 100.00.032-жол толтырылмайды.

100.00.033-жол бойынша шегерімге жатқызылатын, 100.20.001-қосымша нысанның негізінде 100.20-нысанда көрсетілген теріс бағамдық айырманың 4 422 750 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі. Қосымша нысанның С бағаны бойынша нәтижесінде теріс бағамдық айырма пайда болған шетелдік валютадағы операциялардың атаулары көрсетіледі. D бағанында бухгалтерлік есептің деректері бойынша теріс бағамдық айырманың 5 243 572 теңге сомасы тиісті шоттармен корреспонденциялану арқылы көрсетіледі

Е бағанында есеп айырысу жүргізіліп қойылған іске асырылған операциялар бойынша анықталатын, салық салу мақсатындағы теріс бағамдық айырманың тиісті сомалары көрсетіледі. Салық салу мақсатында есепті кезеңдегі теріс бағамдық айырманың сомасы 4 442 750 теңге құрады, өйткені операцияның жасалу фактісі де, мұндай операциялар бойынша есеп айырысу фактілері де орын алды:


P/c


Операцияның атауы


Жасал-ған күні


Сомасы

Есеп айыры-су күні



Өтем сомасы

Теріс бағамдық айырманың сомасы (теңге)

долл.

теңге

долл.

теңге

1

Өнімдөрді өткізу (Қытай)

06.01.02

400000

320100


48320100

28.02.02

320 000

48608000

288 000

2

6 айға кредит, Қазкоммерцбанкте жылдық 10%

31.01.02

600 000

90780000

31.07.02

600 000

92310000

1 530 000

3

6 айға кредит бойынша процент, Қазкоммерцбанкте жылдық 10%

28.02.02

30000

4 583 750

31.07.02

30000

4615500

31 750

4

ҚР-дан тысқары жерден 1 жылға кредит, 6%

01.01.02

600 000

90 000 000

30.11.02

600 000

92 520 000

2 520 000

5

ҚР-дан тысқары жерден кредит бойынша проценттер, 1 жыл, 6%

Қаңтар-қазан

30000

4 539 000

30.10.02

30000

4 591 800

52800

6

Жабдықтарды жалдау (Түркия)

01.10.02

2010

308 300

12.12.02

2010

308500

200



Жиыны:



















4422750

жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау