86
Данияда мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам немесе коммерциялық
құқыққа шеңберінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қызмет жасайды.
Сонымен қатар, жекелеген заңнамалық актілер шеңберінде әрекет ететін мемлекеттік
кәсіпорындар да бар.
Финляндияда кейбір мемлекеттік кәсіпорындар азаматтық кодекс шеңберінде
акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қызмет жасайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір категорияларын реттейтін
заңнамалық актілер бар.
Венгрияда мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам немесе коммерциялық
құқық шеңберінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қызмет жасайды. Сонымен
қатар, жекелеген заңнамалық актілер шеңберінде әрекет ететін мемлекеттік кәсіпорындар
да бар (мысалы: кейбір қаржы мекемелері).
Италияда мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі саны бұл акционерлік қоғам
ретінде тіркелген коммерциялық шаруашылық субъектілері.
Жапонияда мемлекеттік компаниялар қоғамдық корпорациялар және жартылау
мемлекеттік ұйымдар ретінде қызмет жасайды. Олар акционерлік қоғам ретінде тіркелген
немесе мемлекеттік кәсіпорындардың жекелеген категориялары үшін қабылданған,
жекелеген заңнамалық акт шеңберінде қызмет жасайды.
Оңтүстік Кореяда кейбір мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам ретінде
«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңға сәйкес қызмет жасайды. Басқа мемлекеттік
компаниялар (газ саласы, әуежайлар) «Бірлескен басқаруды жақсарту және мемлекеттік
компанияларды жекешелендіру» Заңы шеңберінде қызмет жасайды.
Ұлыбританияда мемлекеттік кәсіпорындар құқықтық формасының үш түрі бар: а)
«Кәсіпорындар туралы» Заңға сәйкес жұмыс жасайтын жауапкершілігі шектелген
компаниялар және акционерлік қоғам; б) парламенттің ерекше акті негізінде құрылған
корпорациялар; с) түрлі министрліктердің атқарушы органдары болып табылатын сауда
қорлары. Бұл сауда қорларының қызметі мемлекеттік кәсіпорын категориясы бойынша
жекелеген заңдармен және жекелеген заңдармен мемлекеттік кәсіпорындар бойынша
реттеледі.
Түркияда «қазыналық портфель» құрамындағы мемлекеттік кәсіпорындар, оларға
құқықтық статус беретін, жеке қабылданған №233 Қаулы шеңберінде қызмет жасайды.
Сонымен қатар жекешелендіру бойынша комитет компаниясының портфелі де бар.
Аталған компаниялар коммерциялық бірлік ретінде қызмет жасайды. Мемлекеттік
кәсіпорындар акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде,
сондай-ақ жекелеген заңнамалық құжаттарға сәйкес қызмет жасайтын, мемлекеттік
мекемелер құқықтық форманы қабылдайды.
Швецияда кӛптеген мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам немесе
жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қызмет жасайды. Және олар «Кәсіпорындар
туралы» Заңға сәйкес әрекет етеді. Сонымен қатар жекелеген заңнамалық актілер
шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындар ретінде қызмет жасайтын Әуежайларды басқару
және Ұлттық энергетика жүйесі де бар.
Словакияда мемлекеттік кәсіпорындар жарғы капиталында мемлекеттің белгілі
үлесі бар, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде
құқықтық формаға ие. Сонымен қатар арнайы заңнамалық актілер шеңберінде әрекет
ететін мемлекеттік бюджеттік мекемелер де бар.
Польшада мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі
шектеулі серіктестік ретінде Польшаның Коммерциялық Компаниялар Кодексіне сай
жұмыс жасайды. Сонымен қатар 1981 жылғы қыркүйектегі «Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы» Заңға сәйкес әрекет ететін (коммерциялық емес) мемлекеттік компаниялар да бар.
Норвегияда мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам немесе
жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде жұмыс жасайды. Сонымен қатар
«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңға сәйкес әрекет ететін мемлекеттік кәсіпорындар
да бар [4].
87
Мемлекеттік кәсіпорындар қор биржаларының листингіне енгізілген жағдайда,
акция пакеттері кӛп жағдайда мемлекет қолында болады. Осылайша мемлекеттік
кәсіпорындар нарықтық экономика дисциплинасына түсіп отырады. Мемлекет ӛз атынан
осы кәсіпорындарға ықпал ету мүмкіндігін сақтап қалады, сондықтан аталған
кәсіпорындарда құқық меншігін тиімді пайдалануға міндетті.
ЭЫДҰ елдерінде меншік иесі қызметін ұйымдастырудың үш негізгі үлгісі шартты
белгіленеді: орталықсыздандыру (салалық министрлік үлгісі), араласқан немесе екіжақты
(екі министрлік үлгісі), орталықтандырылған. Ұйымдастырудың бірінші түрі – ең кӛп
таралған түр. 20-ғасырдың 70-ші жылдары Чехия, Польша және Венгрия елдерінде
олардың нарықтық экономикаға ӛтуіне дейін орталықсыздандырылмаған үлгі басым
болды. Аталған үлгі бүгінгі күні де ЭЫДҰ елдерінде қолданады, мысалы, Словакияда,
Финляндияда және аз мӛлшерде Германияда қолданылады.
Мысалы, Финляндияда 50 мемлекеттік кәсіпорындарға меншік қызметін практика
жүзінде түрлі тоғыз министрліктер жүзеге асырады. Ұлыбританияда мешік қызметі
тарихи түрде министрліктердің кӛп саны арасында бӛлінген, ал қазіргі таңда құқықтық
меншік түрлі тоғыз департаменттер, министрліктер және басқармаларға бӛлінген.
Орталықсыздандырудың
негізгі
артықшылығы
және
логикасы салалық
тәжірибемен
және
белсенді
ӛнеркәсіп
саясатын
жүргізу
мүмкіндігімен
байланыстырылады. Нарықты ырықтандырудан кейін аталған үлгі артықшылығын жойды.
Оның негізгі кемшілігі (қаупі) меншік қызметін мемлекеттің басқа қызметтерінен, жеке
алғанда оның реттеу үлгісінен және ӛнеркәсіп саясатынан бӛлу қиындығында болды. Ең
қиыны мемлекеттік кәсіпорынды кім басқаратынын анықтау. Іс жүзінде, кәіпорындарды
Директорлар кеңесі емес, министрлік басқаратын жағдай қалыптасқан. Финляндияда 2005
жылы орталықсыздандырылған үлгіден орталықтандырылған үлгіге кӛшу міндеті
тапсырылды.
Орталықтандырылған үлгі қазіргі заманға сай – оны меншік қызметін барынша
орталықтандыру сипаттайды: мемлекеттік кәсіпорындардың кӛпшілігі бір министрлікке
немесе мекемеге беріледі. Кӛп жағдайда бұл Қаржы министрлігі (Дания, Нидерланды,
Испания) немесе Ӛнеркәсіп министрлігі (Норвегия и Швеция), олардың қарамағында аса
маңызды мемлекеттік кәсіпорындар болды. Бельгияда мемлекеттік қатысуы бар
кәсіпорындардың жеке Министрлігі бар.
Кӛптеген жағдайларда ерекше, ӛзіндік мекеме құрылады, олар ереже бойынша
Қаржы министрлігі (Франциядағыдай) қарамағында болады. Орталықтандырылған үлгі
кӛп жағдайда реформа салдарынан туындайды немесе бұрынғы социалистік елдердегідей
жаппай жекешелендіру процесі салдарынан құрылады. Польшада мемлекеттік
кәсіпорындардың негізгі массасы жекешелендіру мен бірлескен басқаруға жауапты жеке
құрылымдық бӛлімшелері бар (220 қызметкері бар) Қазынашылық министрлігіне қарасты
болды. Мемлекеттік кәсіпорындардың аз бӛлігі басқа министрліктер қарамағында болды,
негізіннен Экономика министрлігі мен Инфрақұрылым министрлігі, сондай-ақ провинция
губернаторлары (биліктің аумақтық органдары) қарамағында [4].
Мемлекеттік басқару үлгілері мен кәсіпорындар санының әр түрлілігіне
қарамастан, жалпы болып еуроықпалындағы контексті қоса алғанда, ұлттық
реформаларды жүргізудің ӛзі болып табылады.
Біріншіден, реформалар меншік қызметін мемлекеттің басқа қызметтерінен,
мысалы, ӛнеркәсіптік саяаттан және реттеуден, бӛлуге тырысады.
Екіншіден, меншік қызметін орталықтандыру меншікке қатысты бірлік пен
бірізділік саясатына едәуір ықпал етеді. Ұлыбританиядағы Мемлекеттік акционерлік
басқару «мемлекеттік меншік қызметіне орлатықтандырылған және бірізді тәсілді
қамтамасыз ету» мақсатында құрылды.
Бұл ӛз кезегінде ақпаратты ашу, директорлар кеңесін құру және атқарушы
басшылыққа сыйақы тағайындауға байланысты бірегей ұсынымдарды іске асыруда
кӛмектеседі. Сондай-ақ қандай да бір деңгейде директорлар кеңесі ӛкілдігі тәрізді
салаларда түрлі министрліктердің тәжірибесін бірыңғайлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |