40
УДК 338.001.36
Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің дамуы
Дүржанова Г.Г.,
магистрант
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
Gulnure_2011@mail.ru
Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін,
егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік
шаруашылықтағы орны мен рӛлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен
қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық
ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен,
ӛнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және ӛңдеудің күшті
индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының кӛп профильді жаңа базасы,
жоғары сапалы дайын тауарлар ӛндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі
тауарлар ӛндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы
нашар дамыған,
химиялық индустрия, мұнай, газ және кӛмірсутек шикізаттарды ӛңдеу потенциалы
жеткілікті түрде қолданылмайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан
ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру
арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет кӛрсету саласындағы
шағын
сектордың
ғылыми-техникалық
ұйымдарын,
шағын
инновациялық
кәсіпорындарды, кӛптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау
жасаушы,
консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан
мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп,
инновациялық ӛсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек
құтыламыз.
Индустриялық ӛндірістің тұрақты ӛсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық
ӛзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде
шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа
мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет.
Ӛйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы
саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын кӛздеген саясаттарды
орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік
береді. Халықтың әл-ауқатының кӛтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі кӛп
жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта
қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-
инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел
келешекке ұмтылғандығының айғағы.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және
сыртқы
саясаттың
негiзгi
бағыттары
туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы
форумында
берген
тапсырмаларына
сәйкес
әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық
саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың
шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Ӛңдеушi ӛнеркәсiпте және қызмет кӛрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және
экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер ӛндiрiсi мемлекеттiк