Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет17/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119

37 
 
инновациялық  ӛсуді  қолдаған  жағдайда  ғана  дағдарыстың  зардаптарынан  тезірек 
құтыламыз.  
 
Индустриялық  ӛндірістің  тұрақты  ӛсу  тенденцияларын  нығайту  және  оның 
құрылымдық  ӛзгерістерін  жақсарту  үшін  отандық  индустрияны  дамыту  мәселелерін 
кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге 
арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру 
қажет. Ӛйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы 
саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын кӛздеген саясаттарды 
орындау  барысында  қателіктер  мен  кемшіліктердің  пайда  болуын  тежеуге  мүмкіндік 
береді.  Халықтың  әл-ауқатының  кӛтерілуі  мен   ұлттық  экономиканың  тиімділігі  кӛп 
жағдайда   инновациялық  үрдістердің  даму  сатысымен  айқындалады.  Осы  мақсатта 
қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-
инновациялық  даму  стратегиясының  жүзеге  асырылуы  –  тәуелсіз  Қазақстанның  кемел 
келешекке  ұмтылғандығының айғағы. 
 
Қазақстан  индустриясы  халық  шаруашылығының  индустриализация  деңгейін, 
егеменді  ел  экономикасының  нақтылығы  мен  перспективасын,  қазіргі  әлемдік 
шаруашылықтағы  орны  мен  рӛлін  ақтайтын  басты  фактор  болып  табылады.  Сонымен 
қатар,  Қазақстанда  үлкен  руда  қорлары,  минералды  шикізат,  отын-энергетикалық 
ресурстар,  құнды  және  сирек  кездесетін  жер  металдар  қоры  бар,  сондай-ақ,  негізінен, 
ӛнімі  шетелдерге  жіберілетін  пайдалы  қазбаларды  табудың  және  ӛңдеудің  күшті 
индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының кӛп профильді жаңа базасы, 
жоғары  сапалы  дайын  тауарлар  ӛндіру  және  іс  жүзінде  ғылыми-техникалық  күрделі 
тауарлар ӛндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, 
химиялық  индустрия,  мұнай,  газ  және  кӛмірсутек  шикізаттарды  ӛңдеу  потенциалы 
жеткілікті түрде қолданылмайды. 
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан 
ауыспалы  типтегі  ұлттық  инновациялық  жүйеде  (ҰИЖ)  венчурлік  қорлар  қалыптастыру 
арқылы  қызмет  атқаруда.  Жаңа  ҰИЖ-ге  индустрия  мен  қызмет  кӛрсету  саласындағы 
шағын 
сектордың 
ғылыми-техникалық 
ұйымдарын, 
шағын 
инновациялық 
кәсіпорындарды,  кӛптеген  мемлекеттік  емес,  коммерциялық  емес,  ғылыми,  талдау 
жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады. 
Нарықтық экономикадағы ғылыми жұмыстар нәтижелерін пайдалану мүмкіншіліктерінің 
мол  болуы  «инновация»  деген  экономикалық  және  жалпы  ғылыми  категорияны  ӛмірге 
әкелді.  Қоғамдық  қатынастарда  пайда  болған  бұл  түсінік  -  «жаңалық  енгізу»  деген 
техникалық  мағынаны  білдіретін  «инновация»  сӛзімен  атала  бастады.  «Инновациялық 
қызмет  туралы»  заңның  түсініктерге  арналған  1-бабы  бойынша,  «инновация  –  жаңа 
немесе  жетілдірілген  ӛнім,  жаңа  немесе  жетілдірген  техникалық  прогресс,  жаңа 
ұйымдастырушылық-техникалық,  қаржылық  –  экономикалық  немесе  басқа  да  ӛнеркәсіп 
немесе  қоғамды  басқару  салаларына  прогресивті  ықпал  ететін  әр  түрлі  қоғамдық 
қатынастар салаларындағы шешімдер ретінде жүзеге асырылынған, инновациялық қызмет 
нәтижелері».  Жалпы  инноватика  теориясының  қалыптасуы  -  Й.  Шумпетер  теориясынан 
басталады.  1920  жылдары  Австриялық  ғалым  И.Шумпетер  ӛзінің  «Экономикалық  ӛсу 
теориясы»  еңбегінде  экономикалық  теория  ғылымдырында  алғаш  рет  инновация 
түсінігіне  кӛңіл  аударды.  Оның  айтуынша  экономикалық  тұрақтылықты  жаңашыл 
кәсіпкерлер  бұзады.  Бұл  кәсіпкерлер  рынокқа  жаңа  ӛнім  әкеліп,  басқа  кәсіпкерлерді 
бәсекеге  шақырады.  Әр  кәсіпкер  бәсекеге  қабілетті  болу  үшін,  ӛз  тарапынан  басқа  да 
сұранысқа ие болатын жаңа ӛнімдер ойлап шығаруға мәжбүр болады .  
 
Қазіргі  кездегі  мемлекеттік  дамудың  заманауи  деңгейі  ӛнеркәсіптік  ӛндірістің 
бәсәкеге қабілеттілігін анықтауға жаңа талаптар қоя бастады. Ӛңдеуші саланы дамытатын 
және  ӛндіріс  саласының  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылататын,  тұтыну  нарығында 
бәсекеге  қабілетті  болатын  ӛнімдерді  әрдайым  енгізіп  тұру  қажеттілігі  туындады.  Бұл 
үрдіс  –  инновациялық  ӛнім  шығару  мен  қызмет  түрлерін  ұсыну  мақсатында,  ғылыми 


38 
 
ұйымдар  мен  ӛндірістік  кәсіпорындар  арасында  қарым-қатынасты  ұйымдастыруды  және 
болашақта стратегиялық жоспарлауды қажет етеді.  
Инновациялық  даму  ерекшеліктерінің  негізінде  оны  басқа  баламалардан  ажырататын 
базалық  қағидаларын  анықтап  алу  керек.  Ӛндірістік  саланың  инновациялық  дамуының 
негізін қалайтын қағидаларына жататындар:  
1) Ӛзгерістердің тұрақтылығы;  
2) Ӛзін-ӛзі дамыту;  
3) Мақсаттық бағдарлану.  
 
Ӛзгерістердің  тұрақтылық  қағидасы  ӛндіріс  саласындағы  жаңа  бағыттардың 
құлдырауы  мен  қалыптасуына  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұйымдастырушылық 
экономикалық  қатынастардың,  материалдық-техникалық  және  технологиялық  базаның 
қалыптасуына  негізделеді.  Тұрақты  қалыптасудың  сатылы  ӛзгерістер  механизмі  саланың 
бәсекеге қабілеттілік деңгейін және жаңа жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді.  
Ӛзін-ӛзі  дамыту  қағидасы  –  инновациялардың  қалыптасу  механизіміне  және  қоғамдық 
сұраныстың  белсенді  қарым-қатынасына  сүйенеді.  Инновациялар  қоғамдық  сұранысты 
қанағаттандырудың негізі болып, прогресивті ӛндірісті қалыптастырады. Инновацияларды 
коммерцияландыру  –  белгілі  бір  сұранысты  қанағаттандыруға  және  ӛз  кезегінде  жоғары 
деңгейлі  сұранысты  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Олардың  пайда  болуы  әлемдік 
және  отандық  нарықта  салалардың  бәсекелестік  басымдықтарын  қамтамасыз  етеді,  жаңа 
идеяларды  іздеуге  серпіліс  береді.  Бұл  қағидаға  сүйену,  ӛнеркәсіп  салаларының  ӛзін-ӛзі 
дамытуы мен ӛзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.  
Мақсаттық  бағдарлану  қағидасын  жүзеге  асыру  үрдісінде  ӛзгерістердің  тұрақтылық 
қағидасы мен ӛзін-ӛзі дамыту қағидасы ӛзара қарым-қатынас жасайды. Тұрғындардың әл-
ауқатын кӛтеретін, экономикалық ӛсу қарқынын жоғарылататын, инновациялық дамудың 
критериі  ретінде  анықталады.  Қарастырылған  қағидалар  жиынтығы  инновациялық  даму 
үрдістерін  жүйелі  түрде  қарауды  кӛздейді  және  ӛндіріс  салаларының  қызмет  етуінің 
тиімділігін анықтайды, сонымен қатар саланың даму бағытын анықтайды және қоғамдық 
сектордағы ӛзгерістермен ӛндірістік сектордағы ӛзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді  
 
Салалық дамытуды басқарудың заманауи технологиясы кӛрсеткендей, басқару тек 
қана  қарым-қатынас  сипаты  жане  басқару  функциясымен  ғана  анықталмайды.  Яғни 
саланың  дамуын  басқару  үшін,  инновацияның  нарық  талаптарына  бейімделуін 
қамтамасыз  ететін  және  инновациялық  даму  стратегиясын  тиімді  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз  ететін  инновациялық  даму  механизмдер  жүйесі  құрылады.  Оларға: 
ұйымдастыру  механизмі,  құрастыру  және  енгізу  механизмі,  қаржыландыру  және 
ынталандыру  механизмі,  интеллектуалды  меншік  және  технологиялық  трансфер 
механизмі жатады. Ӛнеркәсіптік саладағы инновациялық үрдістердің дамуын зерттеу бір 
шетінен ӛнеркәсіп салаларының басқару жүйесіндегі тиімді инновациялық механизмдерді 
қалыптастыру  мен  жүзеге  асыруға,  екінші  жағынан  ӛндірістік  саладағы  инновациялық 
қызметті белсендіруге негізделген инновациялық дамуға кӛшу тенденцияларын кӛрсетеді.  
 
Инновациялық даму – бұл тек қана негізгі инновациялық үрдіс емес, сонымен қатар 
оны жүзеге асыруға қажетті факторлар мен жағдайлар жүйесінің дамуы.  
Инновациялық даму элементтерінің құрылымдық қарым- қатынастар сұлбасы кӛрсетілген. 
Сұлба  инновациялық  даму  үрдісіндегі  себепті  зерттеулер  байланысын  және  ӛндіріс 
саласының  дамуындағы  ӛзгерістер  бағыттарын  кӛрсетеді.  Осыдан  келе,  инновациялық 
даму  үрдісі  қоғамның  экономикалық  жане  әлеуметтік  даму  үрдісіндегі  ғылыми- 
техникалық  салалардың  жүйелі  интеграциясын  кӛрсетеді.  Мұндай  интеграция  тиімді 
жаңалықтар ағымын тұрақтандыратын ғылыми-техникалық салаға  
стимул  бола  алатын  институттар  жүйесін  қалыптастырады  және  бәсекелестікті 
күшейтумен  қатар  ғылымға  негізделген  ӛнімдер  мен  қызмет  кӛрсету  нарығын 
қалыптастырады.  Нәтижесінде  ұлттық  инновациялық  жүйе  қалыптасады.  Инновацияның 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау