Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет39/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   119

84 
 
УДК 371.044.3 
 
Мемлекеттік активтерді басқарудың шетелдік өтілі: батыстық 
корпоративті менеджменті 
 
Ауезбекова Ж.А., магистрант 
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ. 
 E-mail: 
Mahinur_13@mail.ru
  
 
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (ЭЫДҰ)  елдеріндегі  мемлекет 
меншігінің  маңыздылығын  мемлекеттік  кәсіпорындар  қызмет  жасайтын  сектордың 
«стратегиялық»  табиғатымен  байланыстырады.  Бірақ  «стратегиялық  сектор»  ұғымы 
қарама-қайшы  болып  келеді,  ӛткені  оған  ӛндіріс,  энергияның  негізгі  кӛздерін  табу  және 
бӛлу (гидроэнергетика, мұнай және газ, кӛмір), пошта қызметтері, телекоммуникациялар 
жүйесі,  кӛлік  жүйесі  (темір  жол  және  әуе  кӛлігі)  және  белгілі  бір  деңгейде  қаржы 
қызметтері  [1].  Мемлекеттік  активтерді  тиімді  басқару  мақсатында  мұндай  кӛпшілік 
меншік нысандары (мемлекеттік және ұжымдық меншік) ЭЫДҰ кейбір елдерінде олардың 
қызмет  саласына  сәйкес  топтастырылады.  Кейін  қызметтің  әр  саласы  шеңберінде,  олар 
аталған кәсіпорын орындайтын әлеуметтік міндеттердің маңыздылығына қарай түзілінеді. 
ЭЫДҰ  қатысушы-елдер  бұрын  бұл  секторларды  бақылап  отырған  және  де  осы 
уақытта да белгілі бір бақылау деңгейін сақтап отыр. Дегенмен бақылау табиғаты нақты 
ӛзгерістерге шалдықты. 
ЭЫДҰ  қатысушы-елдерінің  басым  бӛлігі  осы  секторларда  бақылау  мен 
мемлекеттік  меншікті  әлі  де  сақтап  отыр.  Атап  айтқанда  Чехия,  Дания,  Финляндия, 
Италия және Норвегия тәріздес елдер орталық пошта қызметтерінің, темір жол кӛлігінің 
бір  және  жалғыз  меншік  иесі  болып  келеді,  әуе  кӛлігі  және  энергетикалық  компаниялар 
жүйесінде меншіктің басымды үлесіне иелік етеді.  
Тіпті  қаржы  секторын  жекешелендіру  мен  ырықтандарудан  кейін  де,  кейбір 
мемлекеттер, кейде Чехия мен скандинавия елдерінде болған банктік кризис салдарынан, 
бірнеше қаржы мекемелері акцияларының 30 дан 100%  пайызға дейін меншігінде сақтап 
қалып отыр. 
Стратегиялық  салаларда  мемлекет  меншік  құқығын  сақтап  қалған  стратегиялық 
секторлардың толық тізімі 9 Қосымшада кӛрсетілген.  
Германияда,  мысалы,  муниципалды  және  федералды  деңгейде  мемлекет  толық 
және ішінара меншікті келесі салаларда ӛзіне қалдырады:  
 
Жекелеген медициналық мекемелер (склерозды емдеу орталығы және ӛзге арнайы 
медициналық мекемелер); 
 
Мәдениет  нысандары  және  дем  алу  сипатындағы  нысандар  (театрлар, 
мұражайлар, парктер); 
 
Әуежаулар  және  жапсарлы  инфрақұрылым  (әуе  кӛлігін  реттеу  жүйесі, 
әуежайларда  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жүйесі,  әуежайлардағы  медициналық 
орталықтар); 
 
Халықаралық сауда жәрмеңкелерін ӛткізуге мамандандырылған мекемелер; 
 
Кӛлік  инфрақұрылымының  және  кӛлікпен  қамтамасыз  ету  жүйесі  (туннель,  жол 
ӛтпелері және т.б.); 
 
Қалалық кӛлік жүйесі (жолүсті және жоласты кӛлігі);  
 
Газбен қамтамасыз ету жүйесі; 
 
Атомдық электростанциялар; 
 
Жылумен қамтамасыз ету жүйелері;  
 
Сумен қамтамасыз етудің муниципалды жүйесі. 
Бұл  кәсіпорындарда  мемлекеттің  қатысуы  жеке  сектормен  бір  жақты  тәртіпте 
жүзеге  асырылуы  мүмкін  емес  маңызды  қызметті  орындау  қажеттілігімен 


85 
 
байланыстырылады.  Аталған  меншікті  федералды  және  муниципалды  билік  органдары 
арасында  бӛлу  аталған  кәсіпорындарда  орындалатын  әлеуметтік  міндеттердің 
маңыздылығы, олардың экономикалық мәнділігі және меншік нысандарының масштабына 
қарай  жүргізіледі.    Мемлекеттің  бұл  салаларға  қатысуы  инфрақұрылымның  ӛмірлік 
маңызды  нысандарының  тоқтаусыз  және  тиімді  қызметін  қамтамасыз  ету  қажеттілігімен 
байланыстырады.  
Ӛмірлік  маңызды  инфрақұрылым  (critical  infrastructure)  –  бұл  активтерге  қатысты 
кӛптеген  елдердің  үкіметтері  қолданатын  термин,  оның  бар  болуы  қоғам  үшін  және 
экономиканың  қалыпты  қызмет  етуі  үшін  қажетті.    Негізінен  мұндай  активтерге 
тӛмендегілер жатады: 
 
ӛндіріс, электр энергиясын беру және бӛлу;  
 
газ шығару, тасымалдау және бӛлу;  
 
мұнай шығару және қайта ӛңдеу, оны тасымалдау және бӛлу;  
 
телекоммуникациялар секторы;  
 
сумен қамтамасыз ету (ауыз су, канализация жүйесі, жер үстіндегі су ресурстары);  
 
ауыл шаруашылығы, азық-түлік тауарларын ӛндіру және бӛлу;  
 
жылумен  қамтамасыз  ету  жүйесі  (табиғи  газды  беру,  отындық  жанармай,    қалалық 
жылумен қамтамасыз ету жүйесі);  
 
денсаулық сақтау (стационарлық және амбулаторлық емханалар);  
 
кӛлік  жүйесі  (жағармай  жеткізу,  темір  жол  жүйесі,  әуежайлар,  теңіз  порттары,  теңіз 
порттарында тиеу және түсіру жүйесі);  
 
қаржы қызметтерін кӛрсету (орталық банк жүйесі, клирингтік жүйе);  
 
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қарулы күштер) [2]. 
Германияда,  мысалы,  мемлекет  кәсіпорындарға  Германия  Бундестагы,  Бюджеттік 
комитет  және  Аудит  жӛніндегі  комитетінің  шешімдеріне  сай,  сонымен  қатар 
Аудиторлардың  федералды  сотының  кепілдемесіне  және  ұйғарымына  сәйкес  толық 
немесе  ішінара  билік  етеді.  Бір  уақытта  кейбір  нысандарға  ұжымдық  меншік  жүзеге 
асырылады.  
Мұндай 
кәсіпорындар 
акционерлік 
қоғам 
түріндегі 
құқықтық 
үлгіні 
(Aktiengesellschaften -  AG) және шектеулі жауапкерлігі бар серіктестік (Gesellschaften mit 
beschrankter  Haftung  GmbH),  сонымен  қатар  ұжымдық  меншіктің  ӛзге  де  үлгілерін 
қабылдауы мүмкін.   
Аталған  кәсіпорындардың  меншік  иесі  Мемлекет  кәсіпорын  басшыларымен  сол 
ұйымдардың  қызметін  реттейтін  әлеуметтік  шарт  жасасады.  Мемлекет  бұл  ұйымдарда 
аталған кәсіпорындар меншігінің 100%-пайызын тікелей немесе жанама иелену жолымен 
қатыса  алады.  Меншікті  толық  немесе  ішінара  иелену  кәсіпорын  қызметін  толық 
бақылауды жүзеге асыру қажеттігіне (толық меншік) және бәсекелестік ортада қызмет ету 
маңыздылығына  (жеке  меншік)  тәуелді.  Германия  заңнамасы  федералды  билікке  Ашық 
Сауда  Ассоциацияларына  (OHG)  және  шектелген  үлес  иелігімен  Серіктестерге 
(Kommanditgesellschaft auf Aktien) қатысуға тыйым салады [3]. 
Австралияда  мемлекеттік  кәсіпорындар  «Коммерциялық  кәсіпорындар  туралы» 
Заңға сәйкес әрекет ететін, шектелген жауапкершілікті қауымдастық немесе акционерлік 
қоғам түрінде қалыптасуы мүмкін. Жекелеген заңнамалық актілерге сейкес әрекет ететін 
мемлекеттік ұйымдар да бар.   
Австрияда  мемлекеттік  мекемелер  акционерлік  қоғам  немесе  жауапкершілігі 
шектеулі  серіктестік  ретінде  қызмет  жасайды.  Сонымен  қатар,  жекелеген  заңнамалық 
актілер шеңберінде әрекет ететін корпорациялар - мемлекеттік заң мекемелері де бар.  
Канадада  мемлекеттік  корпорациялар  (Королдік  Корпорациялары  деп  те  аталады) 
әдетте  жекелеген  заңнама  актілері  шеңберінде  әрекет  етеді.  Сонымен  қатар,  жалпы 
коммерциялық  құқыққа  сай  тіркелген  кейбір  мемлекеттік  корпорациялар  да  бар.  Кейбір 
корпорациялар акционерлік капиталға ие, ал кейбіреулері акционерлік капиталсыз әрекет 
етеді.  


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау