Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет43/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   420

89 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



радикалдық  діни  құрылымдарға  тартуға  ықпал  ететін  ішкі  факторларға  әлеуметтік-

экономикалық  проблемалар,  тұрғындардың  діни  сауаттылығының  төмен  деңгейі, 

өскелең  ұрпақтың  моральдық-имандылық  және  патриоттық  тәрбиесінің  кемшіндігі 

жатады.  Көбінесе өз орнын таппаған жастар арасындағы теріс пиғылды көңіл-күй мен 

билікке  сенімсіздіктің  туындау  себептерінің  бірі  сонымен  қатар  жекелеген  жергілікті 

мемлекеттік шенеуніктер тарапынан орын алатын сыбайлас жемқорлық көріністері мен 

бюрократизм  болып  табылады.  Күмәнді  мазмұндағы  діни  әдебиеттер  мен  өзге  де 

ақпараттық  материалдардың  жаппай  таралуы  діни-экстремистік  идеологияның 

таратуына  белгілі  бір  жағдайлар  туғызады.  Сонымен  қатар,  ғибадат  үйлерінің 

(орынжайлардың)  қажет-қажет  еместігі  ескерілместен  қызмет  етуі  және  діни 

қызметкерлердің  кәсіби  дайындығының  төмен  деңгейі  өткізіліп  жатқан  алдын  алу 

жұмысына  теріс  әсерін  тигізіп  отыр.  Зорлық-зомбылық  экстремизмі  мен  терроризмі 

актілері  санының  артуы  шеңберінде  аталған  құқыққа  қайшы  әрекетті  қаржыландыру 

көздері  мен  арналарын  анықтау  бірлі-жарым  сипатта  екендігін  атап  өту  қажет.  Түзеу 

мекемелері 

жағдайында 

анағұрлым 

айқын 


көрінетін 

радикалдық 

діни 

қауымдастықтардың  қылмыстық  құрылымдармен  біте  қайнасуының  алаңдатарлық 



үрдісі  байқалуда.  Қалыптасқан  жағдайда  террористік  тұрғыдан  осал  объектілердің 

қауіпсіздігін,  сондай-ақ  қару,  оқ-дәрі,  жарылғыш  құрылғылар  мен  олардың 

құрауыштарының  айналымына  тиісті  бақылауды  қамтамасыз  ету  мәселелері  елеулі   

түрде өзекті сипатқа ие болды[1]. 

 Бүгінде әлемнің әр түкпірінде терроризм мәселесі  ушығып тұрған кезде, онымен 

күрес  те  өткір  болмақ.  Жалпы,  лаңкестік  әрекетпен  күреске  барлық  ел  жұмылғанымен, 

соның  ішінде  тікелей  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесіне  мүше  мемлекеттердің  орны  бөлек. 

Өйткені  барлығына  пәрмен  беретін  іргелі  мекеме  сол.  Ал  ол  құрамда  Қазақстан  да  бар. 

2017-2018  жылдары  Қазақстанның  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесіне  тұрақты  емес  мүше  болуы 

еліміздің  адамзатқа  қауіп  төндіретін  барлық  мәселемен  тікелей  араласуына  жол  ашады. 

Осы  орайда  Нұрсұлтан  Назарбаев  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесіне  арналған  саяси  үндеуінде 

әлем үшін өзекті жеті мәселені қозғайды. Соның төртіншісі  – лаңкестікпен күрес. Онда 

«Халықаралық  терроризм  мен  зорлық-зомбылық  экстремизмі  бүгінде  жаһандық 

бейбітшілік  пен  қауіпсіздікке  төнген  және  шиеленіскен  сын-қатерлердің  бірі  болып 

табылады.  Тек  барлық  мемлекеттер,  халықаралық  және  өңірлік  ұйымдар  мен  басқа  да 

негізгі  әріптестердің  бірлескен  күш-жігерлерімен  ғана  осы  өрбіген  дағдарысты  басқа 

арнаға  ауыстырып,  бұл  зұлматты  жоя  аламыз.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  Қазақстан  саяси 

және  діни  көшбасшылардың,  әсіресе,  зорлық-зомбылық  экстремизмі  және  радикализм 

саласындағы  диалогты  жандандыруға  шақырады»  делінген.  Осы  сала  бойынша  Қазақ-

станның иығына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Неге десеңіз, Қазақстан Қауіпсіздік 

кеңесінің  ИЛИМ  (ДАИШ)  мен  әл-Каида  жөніндегі  1267  Комитетіне  төрағалық  етуде. 

Жалпы, Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  БҰҰ  Бас  ассамблиясының  70-сессия-

сындағы сөйлеген сөзінде БҰҰ аясында Жаһандық антитеррористік коалицияны (жүйені) 

құру  мәселесін  көтерген.  Бұл  ұсыныс  алдағы  уақытта  жалғасын  табуы  тиіс.  Өйткені 

террорлық  әрекеттер  бүгінгі  күні  төрткіл  дүниенің  төрт  бұрышында  да  орын  алуда. 

Қаншама жазықсыз жандардың өмірі қиылуда. Бір ғана мысал, соңғы 4-5 жылда елімізде 

бірнеше мәрте лаңкестік әрекеттер болды. Дегенмен күрес тобы лаңкестерді дер кезінде 

жойды,  құрықтады.  Бұл  тәжірибені  ендігі  кезде  Қазақстан  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің 

тұрақты емес мүшесі бола отырып қолдануға мүмкіндік алмақ[2]. 

Жыл сайын терроризм индексін жариялап отыратын, «Maple Croft» британ 

компаниясының мәліметтері бойынша Гренландия мен Антарктиданы есепке алмағанда, 

әлемде терроризм қаупі төніп тұрмаған аймақ жоқ. Осындай жіктеу бойынша Қазақстан 

терроризм  қаупі  төмен  елдер  қатарына  жатады  және  көптеген  еуропалық  елдермен  бір 

деңгейде  орналасқан.  Ал  Ұлыбритания,  Франция,  Испания  және  АҚШ  секілді  елдерде 

қауіп-қатер деңгейі айтарлықтай жоғары. Сондықтан, терроризм ортақ қауіп-қатер. 



90 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Сонымен  бірге  терроризм  қаупін  дұрыс  бағаламай,  оны  елемей  және  жекелей 

алынған елде қауіптің өзін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ терроризмді асыра бағалауға 

да  болмайды,  қоғамда  дүрбелең  салып  және  үрей  мен  қорқыныш  ұялатып,  қоғамдық 

резонанс  әсерін күшейту  арқылы  террористерге  қолдау  көрсетуге  болмайды,  себебі  кез-

келген  теракт  ең  алдымен,  кең  ақпараттық  әсерге  есептелген. Осындай  теңгерімді  ұстап 

тұру  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  тиімді  жүйесін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

береді. Бірақ,  ең  бастысы  -  терроризм,  экстремизм  сияқты  қауіп-қатерге  төтеп  беріп, 

тиімді  қарсы  тұрудың  ең  басты  шарты  -  ол  қоғам  мен  биліктің  өзара  келісімі,  ұлттық 

бірлік. Осы  зұлымдықпен  ондаған  жылдар  бойы  күресіп  келе  жатқан  басқа  елдердің 

тәжіриебесін  зерттеп  қарасақ,  бірден  байқайтынымыз  -  бірлігін  шайқалтып,  нешеме 

себептермен  іштей  бөлініп,  жіктеліп  отырған  қоғам,  ел,  мемлекет  ғана  осы  қауіптің 

құрбанына  айналуы  ықтимал. Сондықтан,  осы  да,  басқа  да  қазіргі  заманның  сынақтары 

мен  қатерлеріне  қарсы  тұру  үшін  -  ең  алдымен,  қоғамның  жіктелуіне,  бөлінуіне  жол 

бермеу керек. 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 

шілдедегі № 416-I Заңы 

2.Интрнет  ресурс: 

http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/kazakstannyn-buu-

kauipsizdik-kenesinin-2017-2018-zhyldardagy-turakty-emes-musheligine-sailanuyna-bailanysty-

kazakstan-respublikasynyn-prezid

 

3.Замковой 3, Терроризм глобальная проблема современности. М. 1996 



 

 

 



Виктимология ілімнің негіздері 

 

Четкельбаев Е.Д. 

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы 

Е-mail- 


b.abulkairova@mail.ru

 

 



Криминология ғылымдардың интеграциясы нәтижесінде дүниеге келді, ол құқық, 

социология,  психология,  биология,  статистика,  астрономия  т.б.  ғылым  салаларының 

тоғысуынан  туындады  Бірақ,  дүниеге  жаңа  ғана  келіп,  буыны  бекімей  жатып,  өзінің 

құрсауынан  жаңа  бір  ғылым  саласын  қанаттандырмақшы.  Ол  –  виктимология. 

Виктимология  деген  не?  Виктимологияның  қандай  түрлері  болады?  деген  сұрақтар 

ойымызға келуі мүмкін. Сол сұрақтардың жауабын табу мақсатында виктимология ілімі 

жайлы шолу жасап өтсем [1]. 

 Виктимология  латынша  vіctіma  (құрбан)  және  грекше  –  logos (ілім) деген екі 

сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге келеді. Виктимология - қылмыс құрбаны 

туралы ғылым, криминологияның бір бөлімі. Виктимология құрбан болған адамның жеке 

басын, 


қылмыскер 

мен 


құрбан 

арасындағы 

қатынасты, қылмыс пен қылмыскерліктің туындау  себебіндегі  оның  рөлін  зерттейді. 

Виктимология  осы  негізде  қылмыстың  құрбанына  айналу  ықтималдылығын,  қылмыс 

құрбанымен  жұмыс  істеу  тәсілін  болжайтын  теорияны  жасайды;  сондай-ақ  қылмыс 

құрбаны  болуы  мүмкін  адамдарды  қорғау  тәсілі  туралы  ақпараттар  береді.Бірақ  осы 

ілімнің табиғаты туралы ғылымда пікіралуандығы да жоқ емес [2]. 

Бұл туралы үш түрлі көзқарас бар: 

1) Виктимологияны криминологияның  саласы деп есептейтіндер; 

2)  Виктимологияны криминологиямен  қатар өмір сүретін салааралық  

ғылым деп санайтындар; 

3)Виктимологияны жалпы барлық құбылыстардың құрбандары  туралы 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау