680
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Список использованных источников
1. Арзыбаев А.А. и др. Международные стандарты финансовой отчетности.
Учебник. Бишкек. Изд. “Макспринт” 2016г. 320 с.
2. Ендовицкий Д.А. Формирование прибыли и анализ показателей прибыли
организации. // Экономический анализ: теория и практика №1(26), 2013г. с 14.
3. .Арзыбаев А.А. Организационные и методические аспекты учета и аудита
капитала. Монография. Алматы 2011г. 164 с.
4. Экономический анализ, / Л.Т Гиляровская, Г.В. Корнякова, Н.С. Пласкова и др.;
Под ред. Л.Т. Гиляровской. - 2-е изд., доп. -М.: ЮНИТИ-ДАНА, Изд.4. 2012г.-615 с.
Активтер аудитің ұйымдастыру мен жетілдіру
Бурлибаева А.А., Абдірахманова А.Е.
Алматы экономика
және статистика академиясы
E-mail:
uchet_audit_metodist@mail.ru
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу
жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз
әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік
қызметтің басқа түрлерімен айналысуға тыйым салынады.[1, с.65]
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады:
тәуелсіздік;
объективтілік;
кәсіби біліктілік;
құпиялылық;
Аудит – жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын
және олардың Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкестігін бағалау мақсатында
заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі аудиттелетін субъектілердің) қаржылық
есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз
тексеруі.
Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні
бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің
нэтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір
жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.
Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1)
ішкі
бақылаудың
тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік
есептің жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;
2)
орындалуы
тиіс
бақылау
процедурасының
көлемі
мен
өткізу уақытын, мазмұнын анықтауды.
Қаржылық аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау (болжалды
жұмыс) және аудиторлық бағдарламаларды (ХАС 300) әзірлеу кіреді. [1, с.78]
Ішкі бақылау, тексеру өз кезегінде аудит барысында жүйелі түрде уақтылы
тексеріп жіберілген қатені жедел түзетіп, жиналған мәліметті қарастыру кезіңде
қолданылатын аудит әдісі. Сондықтан да ішкі аудит тексеру барысында күдіктіліктің
деңгейін төмендетеді. 610 «Ішкі аудиттің жұмысын қарастыруда» аранайы тағайындалған
681
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
қызметкер жүзеге асыратын кәсіпорындағы ішкі бақылаудың элементі ретінде ішкі
бақылаудың мәні ашып көрсетіледі.[2, с.21]
Ішкі аудиттің қызмет нәтижелерінің бірталай бөлігін тәуелсіз аудитор қаржылық
ақпараттарды талдауда пайдалануы мүмкін. Ішкі аудитор жұмысын бағалауда тәуелсіз
аудитор ескеруі тиіс процедуралар келтірілген.
Енді қысқа және ұзақ мерзімді активтер аудитің қарастырайық.
Ақша қаражаты аудитінің негізгі мақсаты:
1. Ақша қаражатының қозғалысы мен олармен есеп айырысу операцияларын
уақытылы және дұрыс құжатау;
2. Ұйым кассасындағы ақша қаражаттары мен құнды қағаздардың сақталуына
жедел және күнделікті бақылау жүргізіп отыру;
3. Ақша қаражаттардың мақсатына қарай пайдаланылуын және бюджетпен,
банкпен, қызметкерлермен дұрыс және уақытылы есеп айырысқанын қадағалау;
4. Дебитор және кредиторлармен уақытылы есеп айырысып, кейінге
қалдырылған қарызды болдырмау;
5. Сатып алушылар және жабдықтаушылар мен келісім-шарт негізінде есеп
айырысу нысанын сақталуын қадағалау.
Ақша қаражатын тексеретін кезде банктік операциялардың орны ерекше.
Аудиторлық тексерістің бұл кезеңі тексерістің заңдылығын, сенімділігін және
шаруашылыққа бағытталғанын қамту керек.[3, с.84]
Бұл шоттың аудитін жүргізген кезде мыналарға көңіл бөлу керек:
-
Банктың қай бөлігінде есеп айырысу шоты ашылған;
-
Банк көшірмесіндегі сомалар алғашқы құжаттардағы сомалармен сәйкестігін
салыстыру;
-
Банк көшірмесіндегі банктік штамптың болуы. Егер құжатта штампы болмаса,
онда банктың өзінде тексеру қажет;
-
Банкке өткізілген қолма-қол ақшаның толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
-
Пошталық байланыс бөлімі арқылы жіберілген ақша қаражаттарының
негізделуі;
-
Банк көшірмесіндегі мәліметтерді 2-Журнал ордер мен 2-Ведомостегі
мәліметтермен салыстыру.
Осы құрылған құжаттар негізінде ары қарай жұмыс істегенде қажетті ақпарат алып
жұмыс істей береді. Құжаттағы мәліметтер (нөмірі, датасы, операция мазмұны және т.б.)
реквизиттер деп аталады. Шаруашылық операцияларды рәсімдейтін құжаттар
стандартталған болып табылады. Қателіктердің көбісі осындай құжаттарда кездесе береді.
Алғашқы құжаттарға қойылатын талаптар:
-
Алғашқы құжаттар жеңіл тексерілуі керек;
-
Өңделген құжаттар, оның бос жерінде шоттар корреспонденциясын,
атқарушының қолы және пайдалануға жол бермейтін арнайы белгілермен рәсімделуі
керек;
-
Алғашқы құжаттар заңды күште болу керек.
-
Алғашқы құжаттар ұзақ сақталатын мәліметтер негізінде құрылады;
-
Алғашқы құжаттардағы өзгертулерді анықтап, басқа адам оқи алатындай етіп
жазылады. Бірақ кассалық пен банктік құжаттарда өзгертулерге жол берілмейді;
-
Алғашқы құжаттар операция болған сәтте рәсімделеді, егер мүмкіндік болмаса,
операция біткен сәтінде. Құжаттардың дұрыс, уақытылы рәсімделуі және бухгалтерияға
уақытында өткізілуіне осы құжатқа қол қойған тұлға жауап береді;
-
Заңдылыққа қарсы операцияларға құжат рәсімделмейді.
Клиенттің бақылау процедураларын жүзеге асыруына тексеру жүргізу үшін
аудитордың сатып алушылардың шоттарын таңдап, іріктеп алуына болады:
А) дебеттік жазуларды шот-фактуралармен растауға болады;