Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет243/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   420

491 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



1.  Өмір  сүруге  мүмкіндігі  жоқ  кедей  мұсылмандарға:  жетімдер,  жесірлер  және 

жұмыссыздар;  

 2. 

Күнделікті өмір сүру қаражаттары жоқ мұқтаж мұсылмандарға;  



 3. 

Қызметтегі  мұсылмандарға  –  Зекетті  жинаумен  және  таратумен 

айналысатындарға;  

 4. 


Мұсылмандықты  жаңадан  қабылдағандарға,  яғни  иманға  жақын  немесе 

діндарлығы әлсіз жандарға;  

 5. 

Құлдағы немесе тұтқындағы мұсылмандарды сатып алуға және азат етуге; 



 6. 

Қарызгер-мұсылмандарға  –  жағдайдың  қысымынан  туындаған  тәуелділіктен 

босатуға: табиғи, жол апаттары, аурулар, отбасы, үйлену шығындары, тұрғын үйін сатып 

алуға;  


 7. 

Аллаһ  жолындағы  мұсылмандарға,  яғни  Исламды  зерттеумен,  танумен  және 

үгіттеумен  айналысатындарға.  Бұл  дотациялар  олардың  шығындарын  жабуға  немесе 

сабақтарын жалғастыруға көмек ретінде бағытталады;  

 8. 

Жолаушы-мұсылмандарға,  өзге  жерде  қиналып  жүрген  және  көмекке  мұқтаж 



болғандарға. Ол өз отанында өзін қамтамасыз ете алатын жағдайы болған, кедей жолаушы 

болса да [2, 15 б.]. 

Келесі  діни-әдептілік  ереже  –  вакф  деп  аталады.  Арабшадан  аударғанда  «вакф» 

тыйым салуды білдіреді. Аталған сөз, исламда белгілі бір мүлікті ұстап қалу және адамдар 

үшін шектеулі пайдамен оны сақтап қалу деген мағынаны білдіреді, яғни аталған мүлікті 

белгіленген  мақсаттардан  тыс  кез  келген  бағытта  қолдану  мен  оны  бөлістіруге  тыйым 

салады. 

«Вакфқа» кіретін мүліктер шексіз мерзімге беріледі, оған сонымен қатар меншікті 

қолданбай-ақ пайда табуға болатын меншіктер де кіреді. Вакфтың объектілеріне кітаптар, 

ауыл шаруашылық техникалары, ірі қара мал, сонымен қатар бағалы қағаздар да кіреді.   

Вакфтың  бөлек  түрлері  бар.  Бірінші  діни  Вакфқа,  Мединедегі  ұлғаймалы 

құрылыспен  мешіт  салынатын  жерді  жатқызуға  болады.  Құрылыс  бойынша,  мешітті 

қамтамасыз ету бойынша барлық шығындар діни вакфтың категориясына жатқызылады.  

Вакфтың  екінші  түрі  –  қайырымдылық.  Аталған  түрі  қоғамның  жағдайы  төмен 

бөлігін қолдауға бағытталған және ол білім алуға мүмкіндік береді, ғылыми ізденістерді 

жүзеге  асыруға,  медициналық  қызметте  сенімді  болуға,  кәсіп  бастаушыларға  көмек, 

жолдарды, көпірлерді, тоғандарды, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды қоғамдық 

қорға өткізу кіреді.  

Вакфтың үшінші түрі отбасылық немесе ол атадан-балаға түрінде танымал болып 

келеді.  Аталған  вакфтың  шарты  бойынша  осы  жерлерден  алынған  өнім,  бірінші  өз 

балаларының  арасында,  кейін  тақыр  кедейлер,  қонақтар  мен  қоныс  аударғандардың 

арасында бөлістіріледі.  

Вакф түріндегі мүліктердің анықтамасы кейбір шарттарды қадағалауды талап етеді:  

− 

беріліп  жатқан  меншік  жылжымайтын  мүлік  нысанында,  немесе  ұдайы 



қолдануға болатын санаттардың қатарынан болған мүлік болу керек. 

− 

Мүлікті қолдану құқығы мәңгілікке арналады.  



Осы  аталғандардың  нәтижесі  Вакфты  алушы  үшін  қайырымдылық  актісі  болып 

табылады. Сонымен қатар, Вакф ықтиярсыз және өлген адамдарға берілмейді.  

Басқа  діни-әдептілік  ереженің  қағидатына,  тым  артық  тәуекелділікке  жүгінбеу 

болып табылады, оны біз гарар (gharar) деп  атаймыз. Ескерту, шариғат тәуекелді жоққа 

шығармайды – бұл дегеніміз келісім шарт жасаған екі жақтың біреуі, басқасының есебінен 

өзінің  шығындарын  жабуға  кепілдік  беруге  үміткер  болуына  жол  берілмейтінін  меңзеп 

отыр.  Кез  келген  шаруашылық  операциялар  тәуекелмен  байланысты  болатынын  бәрі 

мойындайды,  себебі  келісімге  отырған  адамдарының  қолдарында  бар  ақпараттың 

негізінде жаңылысулары мүмкін, сол себепті олар өз әрекеттерінің салдарын біле алады. 



492 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Сонымен  қатар,  гарар  тәуекелдің  қалыпты  деңгейінен  жоғары  болатын  белгісіздікті 

(ақпараттың жетіспеушілігін) білдіреді.  

Гарардың  мәнін  толық  түсіну  үшін,  құрамында  гарар  болатын  мәмілелерді 

қарастырып көрелік: 

тауарды  сатып  алу-сату,  егер  мұнда  мәміле  жасап  жатқан  сәтте  сатушының 



қолында  тауар  болмайтын  болса  (мысалы    әлі  туылмаған  үй  жануарын  сату;  қолдану 

саласы мен шарттары қатаң анықталған, алдын ала аванстауды болжаған мәмілелер оған 

кірмейді); 

нақты  активтердің  сипаттамаларын  жасырып,  оған  қызмет  етіп  отырған  қойма 



куәліктерін, «құрамын»  сатып алу-сату және т.б. (бұл жағдайда тауарларды); 

сарқылатын ерекшеліктері жоқ тауарларды сатып алу-сату; 



нақты  бағасы  көрсетілмеген  мәмілелер,  мысалы,  «ағымдағы  нарықтық  бағасы 

бойынша» қалыптастыру; 

анықталмаған уақыт жағдайында нақты міндеттемені орындауға шарттасу; 



мысалы, үмітсіз ауру малды немесе апатқа ұшырап жатқан кемедегі жүкті сату; 

тіпті  егер  сатып  алушы  мүліктің  жағдайы  туралы  барлығын  егжей-тегжей  білсе  де, 

келісім-шарт  дұрыс  болмайды,  себебі  бұл    жердегі  ниет  сатып  алу-сату  емес,  келісімде 

көрсетілмейтін басқа мақсат болып тұр [3, 63 б.]. 

Гарарды  ақпараттық  асимметрия  көрінісі  ретінде  санауға  болады.  Дәстүрлі 

қаржыда  ақпараттық  асимметрия  нарықтың  имманенттік  сипаты  боып  табылады  және, 

сәйкесінше  күресуге  тура  келмейтін,  бірақ  есепке  алынуы  қажет  объективті  құбылыс 

болып  саналады.  Исламдық  қаржыда  мәміленің  көбірек  ақпараттандырылған  жағына 

артықшылықтардың ауытқуу сипаты жай ғана құпталып қана қоймайды, мәміленің заттық 

қатынасындағы  келісіп  отырған  жақтардың  біреуі  екіншісінің  бағасын  немесе  нақты 

сипаттарын  немесе  мәміленің  екі  мағыналы  шарттарын  немесе  оның  күтілетін 

нәтижелерін  білместігін  пайдалануынан  пайда  болатын  мұндай  арбау  мен  алдау 

элементтері бар мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салады. Сол себепті, исламдық қаржы 

тұжырымдамасындағы тым жоғары тәуекелді қабылдамаудың себептеріне мыналар кіреді:  

1)  тәуекелді  мәмілеге  қатысушылардың  арасында  симметриялық  тұрғысында 

бөлістіру; 

2) мәмілелердің материалдық тұрғысында орындалып бітіуі, яғни қаржылық мәміле 

нақты мәмілемен тікелей немесе жанама түрінде байланысты болуы керек;  

 

3) мәмілеге қатысушы әрбір тұлғаның құқықтары ескерілуі тиіс. 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 


Бертаева К.Ж. Исламский банкинг: учебное пособие. – Алматы, 2014. – 136 с. 

2. 


Оналтаев Д.О. Исламские финансы: учебное пособие. – Алматы, 2015. – 282 с. 

3. 


М. Кабир Хассан Настольная книга по исламским финансам. – Астана, 2010. – 452 

с. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау