99
Макроэкономикалық талдаудың мақсаты – ұдайы ӛндіріс процесін объективті
бейнелейтін кӛрсеткіштерді пайдалану арқылы елдің әлеуметтік–экономикалық дамуындағы
қалыптасқан жағдайларды анықтау болып табылады .
Ресурстар, жұмысбастылық, ӛндіріс дамуының динамикасын және оның экономикалық
тиімділігі, халықтың табыстары туралы нақты жағдайды білу шаруашылық субъектілердің
экономикалық бағытын анықтауға кӛмектеседі. Мемлекет деңгейіндегі экономиканың нәтижесі
елдің әр азаматына қатысты. Елдегі әлеуметтік–экономикалық жағдайлар туралы әр азамат, жұмыс
істейтін де, жұмыс істемейтін де хабарлар болуы қажет.
Макроэкономикалық талдаудың мақсатына жету үшін келесі талаптар орындалуы қажет:
1) макроэкономикалық процестердің негізгі динамикасын объективті кӛрсететін
статистикалық мәліметтер қажет;
2) елдің халық шаруашылығына тарихи тұрғыдан талдау жасау қажет;
3) экономикалық жүйенің потенциалын объективті бағалаусыз, мемлекеттің экономикаға
араласу қауіпі екендігін мойындау қажет;
4) макроэкономикалық теория нақты бір елдің экономикасын объективті зерттеу негізінде
құрылады және бұл зерттеудің нәтижесін басқа елдер абайлап қолданулары қажет;
Макроэкономикалық талдау батыс елдердің нарықтық экономикасында ӛткен ғасырдың 30-
шы және КСРО жоспарлы директивалық шаруашылық моделінің құрылуы барысында пайда
болды.
30-шы жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс нарықтық экономикаға
мемлекеттің араласуын қажет етті. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының объективті
қажеттілігін ең бірінші болып Д.М. Кейнс ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Кейнске дейінгі де
экономистер экономикадағы ұлттық ӛндірістің кӛлеміне, жұмыспен қамту деңгейіне, инфляцияға
және т. б. макроэкономикалық мәселелерге кӛп кӛңіл бӛлген. Бірақ, олардың ешқайсысы осы
мәселелерді біртұтас макроэкономика жүйесі ретінде қарастырмады. Кейнс экономикалық
теорияның макроэкономикалық бӛлімінің негізін қалаушысы болып табылады. Кейнс елдегі
қоғамдық ӛндірістің маңызды заңдылықтарын зерттеу негізінде, оларға мемлекеттің араласуы
арқылы экономикадағы келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын айқындауға әрекет жасады.
Кейнстің зерттеу тақырыбы бір–біріне тәуелді мынадай халық шаруашылық кӛрсеткіштері:
ұлттық табыс және ақша қаражатын салу, қор жинау және тұтыну, инвестиция және
жұмысбастылық, айналыстағы ақша массасы, баға деңгейі, жалақы, пайда және процент т.б.
Кейнс шекті пайдалылық теорясы негізін салушылар сияқты айырбасты ұдайы ӛндіріс
процесінің шешуші фазасы ретінде санады. Сол себепті оның пікірінше мемлекеттік реттеудің
негізгі қызметтерінің бірі ретінде сұранысқа ықпал ету арқылы нарықтық экономикада дағдарыс
жағдайын болдырмау немесе бәсендету мүмкін болды. АҚШ және Англияға соғысқа дейінгі
кезеңде айырбас мемлекеттік реттеудің басты сферасы ретінде ӛте маңызды болды.
Бірақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жағдай ӛзгерді: ғылыми–техникалық
ревалюцияның даму нәтижесінде ғылыми–техникалық стратегияны және оны жүзеге асыру
механизмін қалыптастыруда, ғылыми–зерттеу жұмыстарды қаржыландыруда, әлеуметтік
сфераны дамытуда және т.б. мемлекеттің рӛлі ӛсті.
100
Қазіргі кезеңдегі мемлекет тек айырбас сферасына ғана емес, ұдайы ӛндірістің басқа да
фазасына, соның ішінде, ең алдымен экономикалық ӛсу қарқынына, факторларына және
тиімділігіне араласа алады.
Макроэкономиканың басты міндеті ұлттық экономиканы зерттеу.
Макроэкономикалық модельді таңдау ұлттық экономиканың сол кезеңдегі жағдайына
байланысты болды. Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттердің ұлттық экономикасы бір–біріне
байланысты күрделі шаруашылық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде адамның орны ерекше, ол
экономикада бір жағынан қызметтер мен ӛнімдерді ӛндіруші болса, екінші жағынан, игіліктерді
тұтынушы болады.
Ұлттық экономиканың екінші бӛлімін табиғи байлықтар яғни, сол елдің территориясындағы
барлық табиғи ресурстар (жер, су ресурстары және т.б.) құрайды .
Ұлттық экономиканың үшінші бӛлімін капитал құрайды. Капитал бір жағынан ӛндіріс
факторлары ретінде (еңбек заттары, еңбек құралдары, тұтыну заттары және т.б.) екінші жағынан,
ақша құралы ретінде (экономиканы инвестициялауға арналған ақша сомасы) экономикада кӛрініс
алады.
Кез келген ұлттық экономика жүйесі халық шаруашылығының салаларының салалық
құрылымы екі топтан: материалдық ӛндіріс сферасының салаларынан және әлеуметтік сферадағы
салалардан құрылады. Бірінші топтағы салаларға: ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
байланыс, кӛлік, сауда және т.б. жатады. Екінші топтағы салаларға: мәдениет, ғылым мен білім,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және
халыққа тұрмыстық қызмет кӛрсету сфералары жатады.
Ұлттық экономика функционалды және салалық жағынан ғана емес, аймақтық немесе
территориялық экономикалық құрылымы жағынан да сипатталынады. Аймақтық экономика елдің
белгілі территориясында шоғырланған барлық экономикалық объектілердің жиынтығы болып
табылады. Аймақтық экономика экономикалық аудандардан тұрады. Қазақстанның
экономикалық территориялық құрылымы: шығыс, батыс, орталық, оңтүстік, солтүстік
экономикалық аудандардан тұрады. Қазақстанның экономикалық аудандары туралы мәселелерді
сендер экономикалық география пәнінде қарастырындар .
Ұлттық экономиканың негізгі мақсаты - елдің экономикасын дамыту негізінде қоғамның
барлық мүшелеріне қолайлы ӛмір сүрулеріне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін ғылым мен
техниканы дамытуды, шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануды, жұмыссыздық
пен инфляцияны тежеуді, әлеуметтік міндеттерді комплексті шешу туралы тұрақты жұмыстар
істелуі қажет.
Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық мақсаттар негізгі екі талаптарға
сәйкес келуі керек. Біріншіден, бұл мақсаттар ӛлшемді және нақты болуы керек (мысалы,
инфляцияның деңгейінің немесе жұмыссыздықтың тиісті бір мӛлшерге дейін тӛмендеуі).
Екішіден, нарық тікелей қамтамасыз ете алмайтын мақсаттарды алға шығару (мысалы, жеке
адамдардың табыстарын қайта бӛлу, қорғанысқа қаржыны ӛсіру және т.б.).
Макроэкономикалық мақсаттарға жету үшін және жалпы экономикалық саясатты жүзеге
асыру үшін мемлекетте тиісті құралдар болуы керек. Оларға сол елдің бюджеттік, салық, несие,
ақша және валюта жүйесі жатады. Осы құралдар арқылы мемлекеттің нақты экономикалық
Достарыңызбен бөлісу: |