97
Сондықтан, ӛндіріс шығындарын кемітудің негізгі жолдарына тоқталайық.
Біріншіден, ӛндірістің техникалық дәрежесін арттыруға шығындарды кемітудің кӛп ықпалы
бар. Жаңа техниканы енгізу және ӛнім дайындау технологиясын жетілдіру ӛндіріс шығындарды
азайтуға кешенді әсер етеді. Олар материалдық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға,
бұйымды жасауға жұмсалатын еңбекті азайтуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, жұмыс істеп тұрған жабдықтарды жаңғырту және қолданылатын техниканың
пайдаланылуын жақсарту есебінен ӛнірістің артық шығындарын едәуір қысқартуға болады . Жаңа
техника мен технология, сондай–ақ ӛндірісті басқаруды жетілдіру негізінде еңбек ӛнімділігі
артады, мұның ӛзі шығындарды кемітуге жол ашады.
Үшіншіден, материалдық және ақшалай қаржыларды жұмсауда үнем тәртібін қатаң
сақтаудың зор маңызы бар. Жабдықтарды ұстау жӛніндегі шығындарды қысқарту, материалдарды
сондай–ақ, ӛндіріс қалдықтарын барынша пайдалану, қор қайтарымын арттыру, жалақы қорын
тиімді жұмсау және т.б. Осының бәрі ӛнімнің арзандауына белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.
Тӛртіншіден, материалдық–техникалық жабдықтуды жақсарту, шығындарды кемітуге
жағдай жасайды. Кәсіпорынға шикізатты, материалдарды, отынды және энергияны мезгілінде
жеткізбеу ӛндірістің бір қалыпты
қарқынының бұзылуына, соның салдарынан ӛнімсіз шығындарға
ұрындырады.
Бесіншіден, еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру шығындардың кемуіне әсер етеді. Кез
келген техниканы, ӛндірісті дұрыс ұйымдастырмайынша, оны барынша тиімді пайдалануға
болмайды. Сондықтан технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандырумен
қатар еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыруға барынша кӛңіл бӛлу қажет.
Кәсіпорынның ӛндіріс шығындары азайған сайын оның алатын пайдасы ӛсіп отырады.
Пайда ӛндірісті дамытуда ынталандыратын аса маңызды фактор болып табылады. Ӛндіріс кӛлемі
ӛскен сайын, кәсіпкердің алатын пайдасы да ӛседі. Сондай–ақ, кәсіпкер қосымша пайда алу үшін
қосымша шығындар жұмсау арқылы ӛндірісті жетілдіреді.
8.Ӛндіріс факторларының нарығы және табыстардың қҧрылуы.
1.Еңбек нарығы және жұмысбастылық
2.Жалақы
және оның формалары
3.Жер
нарығы және оның бағасы
1.Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және
сатып алу жүзеге асады. Еңбек нарығы нарық түрлерінің ішіндегі ең жетілмеген түрі
болып саналады. Ӛзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, әдетте, олардың еңбегіне
сұраныстың бар не жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған.
Жұмыссыздық – бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыста халықтың бір бӛлігі
жұмыс таба алмай, салыстырмалы артық халықты құрайды, резервтік еңбек армиясына
айналады. Жұмыссыздықтың бірнеше түрлері бар:
1.Жасырын түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі, әсіресе, ауыл шаруашылығында кӛп
байқалады.
2.Маусымдық. Белгілі бір салада ӛндіріс ауқымының ӛзгеруіне байланысты,
маусымдық ауытқулардың себебінен болатын жұмыссыздық.
3.Фрикциондық. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбек нарығының техникалық жағынан
жетілмегендігінен, жұмыс орындары туралы мәліметтердің жоқтығынан болады.
98
4.Құрылымдық. Ӛндіріс қуатының жетіспеушілігінен, жыныс, ұлт, біліктілік және
т.б. адамдардың жеке ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмауы.
5.Технолгиялық (ағымдық). Машиналардың адамдарды алмастыруы нәтижесінде
болатын жұмыссыздық түрі.
2.Жалақы – бұл кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлеріне еңбегі үшін тӛленетін
материалдық сыйақы түріндегі ӛндірілген және ӛткізілген ӛнімнің құнының бір бӛлігі.
Жалақы – құндық категория. Олжұмысшы күшінің ӛмір сүруіне қажетті және ұдайы
ӛндіру үшін объективті қажетті жағдай. Жалақы деңгейі нарықтық экономикада
ұжымдық-келісім қатынастары негізінде белгіленеді. Жалақының номиналды және нақты
түрлері бар.
Номиналды жалақы – бұл сағат, күн, апта және т.б. жұмыс істегендері үшін берілетін
ақша сомасы. Нақты жалақы – бұл номиналды жалақыға сатып алуға блоатын тауар мен
қызмет саны.
Жалақының негізгі екі формасы бар: мерзімді және кесімді.
Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады.
Кесімді жалақы ӛндірілген ӛнімнің кӛлеміне байланысты анықталады.
9.Тақырып. Экономиалық ӛсу және нарық экономикасының циклділігі
1.Макроэкономикалық тепе – теңдік.
2.Экономикалық ӛсу
3.Экономикалық циклділік
4.Жұмыссыздық
және инфляция
Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын
зерттейтіңэкономикалық теорияның бӛлімі.
Макроэкономика деңгейінде зерттелетін негізгі проблемалар:
-
ұлттық табыстың және ұлттық ӛнімнің құрылымы мен кӛлемін
анықтау
-
ұлттық экономика шеңберінде жұмысбастылықты реттейтін факторларды анықтау
-
инфляцияны
зерттеу
-
экономикалық ӛсудің факторлары
мен механизмін зерттеу
-
экономикада конъюнктуралық ӛзгерістер мен циклдық тербелістердің себептерін
қарастыру
-
ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарын
зерттеу
-
мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүзеге асыру формаларын, мазмұнын және
мақсаттарын теория жағынан дәлелдеу .
Макроэкономика жүйе ретінде қоғамдық ӛндірісті ұйымдастырудың үш негізгі деңгейі –
жұмыс орнының, фирманың, ұлттық шаруашылықтың ара қатынастарының нәтижесі болып
табылады. Бұл жүйенің әр элементі ерекше қызметтер атқарады.
Мемлекет деңгейінде әлеуметтік–экономикалық даму заңдылықтары, жаңа құбылыстар мен
даму бағыттары айқындалады. Сонан соң олар барлық субъектілердің шаруашылық іс-әрекетінде
ескеріледі. Фирма деңгейінде экономикалық заңдылықтар практика жүзінде жүзеге асырылады.
Сондай–ақ , егер фирманың әрекетін сипаттайтын басты экономикалық кӛрсеткіштер: пайда,
шығындар болса, макро деңгейдегі экономикалық процестер жалпы ұлттық ӛнім, ұлттық табыс,
қоғамдық ӛндірістің тимділігі және т.б. категориялар арқылы кӛрініс алады .