Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет33/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54

85 
 
Қор  жинау  ӛндірісті  жаңартуға  және  дамытуға  пайдалынатын  қосымша  ӛнімнің  бір  бӛлігі 
болып табылады.  
Қор жинау процесін кез келген ұлғаймалы ұдайы ӛндіріс заңы ретінде қарастыруға болады. 
Себебі, ұлттық табыстағы қор жинаудың үлесі ӛспей экономикалық ӛсуді қамтамасыз ету мүмкін 
болмайды.  Қор  жинау  бір    субъектінің  ӛндіріс  құрал-жабдықтарына  меншік  иесінің    қызметі 
болып  табылады.  Әкімшілік-әміршілік  экономикада  бұндай  субъект  ретінде  мемлекет  болды,  ол 
қор  жинау  мақсатында  қосымша  ӛнімді  жұмылдыру  арқылы  ел,  аймақтар,  салалар  арасында 
қаржыны бір орталықтан бӛліп отырды. Нарықтық экономикада қор жинау қызметін кәсіпкерлер, 
фермерлер  немесе  олардың  ӛкілдері  –  менеджерлер,  еңбек  ұжымының  кеңесі,  акционерлік 
қоғамның басқару органы және т.б. атқарады . 
Демек,  қор  жинау  экономикалық  категория  ретінде  қоғамдағы  барлық  шаруашылық 
субъектілер  арасындағы  қосымша  ӛнімді  ӛндіру,  бӛлу,  айырбастау  және  тұтыну  туралы 
қатынастарды сипаттайды.  
Нарықтық экономикада қор жинаудың мӛлшері  мен даму қарқыны кәсіпорын немесе фирма 
деңгейінде айқындалады және жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар  жағдайында бұл сферада   
(кәсіпорын  деңгейінде)  қор  жинау  процесі  ұсыныс  және  сұраныс,  еркін  бағалар,  бәсеке  арқылы  
реттеледі.  Бірақ  дүние  жүзі  тәжірибесі  кӛрсетіп  отырғандай  мемлекет  қор  жинау  процесіне 
қолайлы  (тиісті)  инвестициялық  жағдай  жасап  отырады,  яғни  бюджет-салықтық,  ақша–несие, 
инвестициялық–құрылымдық  саясат  арқылы.  Сонымен  қатар,  мемлекеттің  ӛзі  қор  жинау 
процесінде негізгі субъекті ретінде әрекет ете алады. Мысалы Адам Смиттің «кӛрінбейтін қолы» 
жетпейтін сфераларды (ғылым, әлеуметтік сфера және т.б. ) қамтиды.  
Қор  жинаудың  негізгі  кӛздеріне  қосымша  ӛнім  мен  халықтың  жинақталған  (жинақ) 
ақшалары жатады.  
Қор  жинаудың  мӛлшеріне  және  дамуына  қоғамдық  ӛндірістің  тиімділігінің  жиынтық 
факторлары әсер етеді.  
Адамдар  ӛздерінің  қызмет  кӛрсету  мен  тауарларға  деген  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
үшін  ӛндірісті  үнемі  ұлғаймалы  түрде  дамытып  отыруы  қажет.  Ол  үшін  олар  табыстарының  бір 
бӛлігін ӛндірісті ұлғаймалы түрде дамытуға, яғни инвестиция түрінде пайдаланып отырады.  
Инвестиция  деп  табыс  алу  үшін  ел  экономикасында  жаңа  ӛндіріс  қуаттарын  құру 
мақсатында күрделі қаржыны пайдалануды айтамыз. Инвестиция құрамына құрылыс–монтаждық 
жұмыстарды  жүргізуге,  машина  және  құралдарды  сатып  алуға  жұмсалған    барлық  шығындар 
кіреді.  
Инвестиция  деңгейі  қоғамның  ұлттық  табысының  кӛлеміне  ықпал  етеді,  сондай–ақ  одан 
ұлттық экономиканың кӛптеген макропропорциялары да тәуелді болады.  
Ел  аумағындағы  инвестициялар  (күрделі  қаржы)  қоғамдағы  ұлғаймалы  ұдайы  ӛндіріс 
процесін қаржымен қамтамасыз етеді. Жаңа құрылыстар салу, яғни жаңа жұмыс орындарын жасау 
инвестициялық процестерге байланысты болады.  
Инвестицияның  негізгі  кӛзі  ретінде  халықтың  жинақталған  ақшалары,  жұмыс  істеп  тұрған 
ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындрдың жинағын (сбережения) қарастыруға 
болады.  Бірақ  біз  бұл  жерде  мына  жағдайды  ескеруіміз  керек,  егер  жинақ  пен  инвестициялау 
процестері сәйкес келмесе экономикадағы тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.  


86 
 
Инвестициялар  мына  факторларға  байланысты  болады:  біріншіден,    пайда  нормасынан 
немесе рентабельділіктен, екіншіден, пайыз мӛлшерлемесі деңгейіен. Егер пайыз нормасы күтіліп 
отырған  пайда  нормасынан  жоғары  болса,  онда  кәсіпкер  қаржысын  осы  салада  жұмсамайды,  ол 
процент  нормасы  тӛмен  болғанда  ғана  жұмсайды.  Үшіншіден,  инвестиция  сол  елдегі  салық 
салудың  деңгейіне  байланысты  болады.  Салық  ставкасы  жоғары  болса  инвестицияны 
ынталандырмайды. Тӛртіншіден, инвестиция процестеріне инфляция да әсер етеді.  
Инвестициялардың келесі түрлерін атап ӛтуге болады: 
1. Қаржы және нақты; 
2. Тікелей және портфелдік; 
Қаржылық  инвестициялар  –  ол  мемлекет  және  жеке  меншік  компаниялардың  шығарған 
акция, облигация және басқа құнды қағаздарға салынған қаржылары. Қаржылық инвестиция кӛп 
жағдайда ӛндірістік емес капиталға салынады.  
Нақты инвестициялар – ол материалдық-ӛндірістік запастарды ӛсіруге және негізгі капиталға 
салынатын қаржы.  
Тікелей  иевестицияларға  шетел  капиталының  отандық  экономика  салған  қаржылары 
жатады.  Портфелдік  инвестициялар–  ол  шетел  кәсіпорындарының  акцияларына,  басқа  елдердің 
облигациялары мен басқа құнды қағаздарына салынған капитал.  
 
7.Тақырып. Фирманың шығындары мен табыстары. 
1.Шығын түрлері 
2.Пайда түрлері 
Әр  фирманың  негізгі  мақсаты  пайданы  кӛп  мӛлшерде  табу  болып  табылады.  Кез  келген 
жағдайда фирманың осы стратегиялық мақсаты фирманың шығарған ӛніміне сұраныс және ӛндіріс 
шығындарымен  шектеледі.  Сондықтан,  фирма  тауарды  ӛндіру  туралы  шешімді,  бұрынғы 
шығындарды талдау негізінде қабылдайды.  
Сонымен,  өндіріс  шығындары    деп  ӛнімді  ӛткізу  және  ӛндірісті  ұйымдастыру  мен 
байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындарын айтамыз.  
Ӛндіріс  шығындарын жіктеудің  әр  түрлі  варианттары    (басқа  түрлері)    бар.  Сондықтан, ең 
алдымен шығындардың түрлеріне тоқталайық. Олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар.  
Бухгалтерлік  шығындар  ӛнімнің  белгілі  мӛлшерін  ӛндіру  үшін  жұмсалған  ӛндіріс 
факторларының  шығындары.  Кәсіпорынның  шығындары  бухгалтерлік  және  статистикалық  есеп 
беруде  ӛзіндік құн формасында кӛрініс алады.  
Ӛнімнің ӛзіндік қҧны кәсіпорынның ӛнімді ӛндіру мен ӛткізуге жұмсалған шығындарының 
ақшалай  кӛрінісі.  Ӛзіндік  құн  ӛнімді  ӛндіріп,  ӛткізудің  кәсіпорындарға  қаншаға  түсетіндігін 
кӛрсетеді.  Ӛзіндік  құнға  ӛнімге  ауыстырылған  бұрынғы  еңбектің  шығыны  (негізгі  қорлардың 
амортизациясы,  шикізаттың,  материалдың,  отынның  және  басқа  да  материалдық  ресурстардың 
құны)  және  кәсіпорын  қызметкерлерінің,  жұмысшыларының  еңбегіне  ақы  тӛлеу  шығындары 
(жалақы) кіреді.  


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау