«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм
басқармасы» ММ-нің 2018-2020 жылдарға арналған (жоспар)
бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба
Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша Көзделген іс-шаралар
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы»
ММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) ережесінде өкілеттіктерді айқындалған іске
асыруға бағытталған және негізі болып Қазақстан Республикасының
туристік қызмет туралы Заңы және 2017-2020 жылдарға арналған
инвестициялар тарту және ұстап қалу Ұлттық стратегиясы табылады.
Басқарма заңды тұлға болып табылады, ұйымдық - құқықтық
нысанындағы мемлекеттік мекеме.
Басқарма туристік қызметті және Ақтөбе облысының халықаралық
ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты
негізгі бағыттарын іске асырады және ҚР Конституциясына және
Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Басқарманың негізгі міндеттері болып аймақтың шет елдермен
өзара тиімді аймақаралық, интеграциялық байланыстарын нығайту,
шекаралық ынтымақтастықты жандандыру, тауар өндірушілер өнімі
экспортының географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу,
шетел делегацияларының облыс басшылығымен кездесулерін, ресми
қабылдауларын ұйымдастыруға жәрдемдесу, ішкі және сыртқы туризмді
дамыту, жол бойындағы сервис объектілерін дамыту табылады.
Қаржыландырудың негізгі бағыттары: ішкі, сыртқы, әлеуметтік және
өзіндік туризмді қолдау және дамыту, мемлекеттік мүдделерді есепке
алу, туристік ресурстарды пайдалану кезінде Қазақстан
Республикасының табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау,
облыстың инвестициялық тартымдылығын оң позициясын құруға
бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ облыстың туризмдік әлеуетті арттыру
өңірдің танымалдығы мен беделін арттыру.
Мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы
мен сипаты
2018 жылға арналған бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік
өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 12 бөлімінің, 64-67
баптарына сәйкес құрастырылған, жалпы сомасы - 148 979,0 мың
теңгені құрайды. Оның ішінде 2018 жылға – 58 700,0 мың теңге, 2019
жылға – 45 195 мың теңге, 2020 жылға - 45 084,0 мың теңге.
2018 жылға 735.001.000 бағдарламасы бойынша «Жергілікті
деңгейде сыртқы байланыстар және туризм саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 27 206,0 мың теңге.
111 «Еңбек ақы» ерекшелігі бойынша 14 291,0 мың теңге
құрайды, (штаттық саны 9 адам). Есеп Қазақстан Республикасы
Президентінің 2013 жылғы 7-наурыздағы №523 «Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілер лауазымдарының тізілімі туралы» Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы
№1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық
Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы
органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы»
Жарлығына сәйкес әзірленген.
113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша №1284 жарлығы
және №1400 қаулысына сәйкес,сондай-ақ Қазақстан Республикасы
заңдарында қарастырылған өтемақы төлемдері, біржолғы жәрдемақы
бойынша есептер шығыны 2017 жылы 2 382,0 мың теңгені құрайды.
121 «Әлеуметтік салық» ерекшелігі бойынша 2018 жылға
әлеуметтік салық - 772,0 мың тенге құрайды. ҚР 2001 жылғы
12 маусымдағы №209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер» кодексіне сәйкес (салық кодексі).
122 «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк
аударымдар» ерекшелігі бойынша 2018 жылға шығындар есебі 643,0
мың тенгені құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21
маусымдағы N 683 «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару
ережесiн бекiту туралы» Қаулысына сәйкес жасалынған.
123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша 2018
жылға шығындар есебі 15,0 мың теңгені құрайды.
124 «Мiндеттi әлеуметтік медициналық сақтандыру
жарналары» ерекшелігі бойынша 2018 жылға шығындар есебі 214,0
мың теңгені құрайды.
131 «Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу» ерекшелігі
бойынша 2018 жылға шығын 731,0 мың теңгені құрайды. (штаттық
саны 4 адам). Есеп Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
17 қаңтардағы №1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған
Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің
бірыңғай жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес әзірленген.
135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің
жарналары» ерекшелігі бойынша 2018 жылға - әлеуметтік салық
сомасы – 95,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар– 79,0 мың теңге,
Мiндеттi әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары – 26,0 мың
теңге. Есеп Қазақстан Республикасының «Салық және бюждетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі)
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N
683 «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту
туралы» Қаулысына сәйкес жасалынған.
136 «Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен
қызметтiк жол жүрулері»
ерекшелігі бойынша – 2018 жылға - 117,0
мың теңге жоспарлануда.
144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу»
ерекшелігі бойынша – 2018 жылға - 285,0 мың теңге,
соның ішінде газ
сатып алуға (норма бойынша 12,37 л/100 км. жазғы, 13,5 л/100 км. қыс
кезінде лимит 2 600 км) – 4 000 л. бензин АИ-92 – 530 л.
149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелік бойынша 2018
жылға шығындар сомасы – 980,0 мың теңге, сонын ішінде 2018 жылға
қажетті кеңсе тауарларын (А4 қағаз 260 * 1100 тг. = 286,0 мың тг.,
факске арналған қағаз 25*360 тг. = 9,0 мың тг, принтерлерге және МФУ-
ге арналған картридждер сатып алу, басқалары басқарманың өндірістік
және кезеңді басылымдары үшін (газеттер, журналдар) – 292,8 мың
тенге.
152 ерекшелік бойынша – «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу»
2018 жылға шығындар – 1 243,0 мың теңге, 8 абоненттік нөмірлерге
шығын – 143,0 мың.тг. құрайды. Интернет желісінен күнделікті қажетті
және уақытылы ақпарат алу қажеттілігіне байланысты, сонымен қоса
тоқсандық салықтық есеп жіберу (СОНО), «Казначейство-Клиент» АЖ,
«Минфин» АЖ, «Е-Қызмет» АЖ–интернет желісіне рұқсат қызметіне
және АЖ «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі» (БЭҚАЖ),
әкімшілік айыппұлдар ЕУСС және БД Закон қызметтерін жақсарту үшін
шығындар–548,0 мың.тг.
және қалааралық және халықаралық
байланысқа айына орташа есеппен 28 000 мың теңге, жылына 336,0
мың теңге құрайды.
Пошта-телеграфтық шығындар айына – 8,0 мың.тг. құрайды. Жыл
бойына жалпы шығындар – 96,0 мың. тг. құрайды. Есеп жасау үшін негіз
болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №
335 «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын
орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын
пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қаулысы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі
N 567 «Байланыс туралы» Заңы табылады.
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелік
бойынша жалпы шығындар– 2 004,0 мың. тг. мөлшерінде көрсетілген,
шығындарды есептеу үшін арналған қызметтер мен жұмыстар төлемі
бойынша- «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру»
мемлекеттік қызметшілердің квалификациялық дәрежелерін арттыру
мақсатындағы шығындардың жалпы соммасы, семинарлар жоспары
жобасына сәйкес курстар, тренингтар және т.б. – 274,0 мың.тг, орг.
техниканы жөндеу және техникалық сүйемелдеу, антивирус орнату
қызметтеріне – 208,0 мың. теңге, автокөлікке техникалық қызмет көрсету
– 130,0 мың теңге, КАЗ ПАРУС бюджеттік жоспарлау бағдарламасына
қызмет көрсету 676,0 мың.тг,
161 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелік
бойынша шығындар 1 168,0 мың теңгені құрайды. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428
«Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер
қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк
iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қаулысына сәйкес.
162 «Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар»
ерекшелік бойынша шығындар 1 101,0 мың теңгені құрайды. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 108 «Мемлекеттік
қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты
есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу
туралы» Қаулысына сәйкес.
735.004.000 «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік
бағдарламаға бойынша 2018 жылға - 17 994,0 мың теңге
жоспарланған.
Ақтөбе облысының туристік индустриясының ағымдағы
жағдайының қысқаша сипаттамасы.
2017 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша
орналастыру
орындарының саны
(қонақ үй, хостелдер, демалыс базалары, кемпингтер
және т.б.)
92 бірлікті құрады
( 2016 ж. 1 жартыжылдық – 75 бірлік, +22,7%)
,
онда 1819 номер бар
(2016 ж. 1 жартыжылдық – 1677 номер, +8,5%).
Келушілердің саны 46,1 мың
адамды құрады
(2016 ж.
1 жартыжылдық – 37,8 мың адам, +22,1%),
оның 41,5 мың адам резидент
болып табылады
(2016 ж. 1 жартыжылдық – 33,1 мың адам, +25,4%),
резидент еместердің саны 4 651 адам
( 2016 ж. 1 жартыжылдық – 4 623
адам, +0,6%).
Орналастыру орындарында көрсетілетін қызметтер 963,4 млн.
теңге сомасында
(2016 ж. 1 жартыжылдық – 679 154 мың. теңге, +41,8%).
Аймақта туризмді дамыту 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық
даму бағдарламасы, 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасының
туризм индустриясын дамыту тұжырымдамасы, Ақтөбе облысының
2016-2020 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы,
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге
асырылады.
Туризм инфраструктурасы
Бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде бүгінгі таңда облыс
және аудандар әкімдіктері келесі жұмыстарды жүргізуде:
- «Қобда - РФ шекарасы (Соль-Илецк)» автомобиль жолын (
334-371
км жер)
«Қобыланды батыр» мемориалдық кешенін күрделі жөндеуге
арналған
(ЖБ - тен 10,9 млн. теңге)
ЖСҚ әзірлеу
( аяқталу уақыты - а.ж.
желтоқсан);
- ұзындығы 15 км болатын «Абат Байтақ» кешеніне дейін автокөлік
жолын салуға арналған
(ЖБ - тен 13,8 млн. теңге)
ЖСҚ әзірлеу
(аяқталу
уақыты - а.ж. желтоқсан);
- ұзындығы 25 км болатын Бұлақ ауылына баратын жолдың күрделі
жөндеуі
(ЖБ - тен 9,2 млн. теңге)
ЖСҚ әзірлеу
(аяқталу уақыты а.ж.
желтоқсан);
- ұзындығы 7 км Исатай Тайманов кесенесіне дейін автокөлік
жолын салуға қатысты
(ЖБ - тен 7,6 млн. теңге)
ЖСҚ әзірлеу
(аяқталу
уақыты а.ж. желтоқсан);
- Жиренқопа ауылындағы Қобыланды батырдың мемориалдық
кешенін қайта құру жұмыстары жүргізілуде
(жобаның жалпы құны 20,5 млн.
теңгені құрайды);
- Бұлақ ауылындағы Шырақшы үйі және Абат байтақ кесенесі
аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар аяқтау сатысында
(жоба құны
40,9 млн. теңге, аяқталуы- а.ж. қараша);
- Жиренқопа ауылындағы Қобыланды батыр кесенесінің алдына
сыйымдылығы 16 адамдық қонақ үйдің
(ҚМЖ 34 млн. теңге демеушілік
қаражат).
құрылысына арналған ЖСҚ - ға мемлекеттік сараптама
жүргізілуде.
Оқиғалық туризм
А.ж. облыста ішкі туризмді ынталандыруға бағытталған бірқатар іш-
шаралар ұйымдастырылды:
- Ш.Қалдаяқовтың туылған күніне орай а.ж. 15 тамызында Қарғалы
ауданында облыстық музыка байқауы өткізілді;
- а.ж. 8-9 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы «Көкжар жәрмеңкесі»
өткізілді;
- а.ж. 21-23 шілде аралығында жыл сайынғы халықаралық «Дала
аккорды» бард әуендері фистивалі өткізілді;
- «Қобыланды» эпосындағы тарихи оқиғаларды театрландырумен
қайта жаңғырту,танымал батырлардың ұрпақтарымен жыл сайынғы
кездесу өткізу жоспарлануда.
Оқиғалық туризмді дамыту және нығайту үшін жоғарыда аталған
іс-шараларды мазмұнды оқиғаларды қосу арқылы тұрақты негізде
өткізуді ұсынамыз.
Балалар - жасөспірімдер туризм
«Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында 200 балаға
Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Орынбор облысының (Ресей) киелі
жерлерімен танысу мақсатында тур ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, балаларды туристік мәдениетпен таныстыру және
салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, а.ж. 10-11 тамыз
аралығында Ойыл ауданында «Менің Отаным Қазақстан»
республикалық экспедициясының облыстық кезеңі 3 бағыт: мәдени
-танымдық, экологиялық - өлкетану, спорттық - сауықтыру бойынша
өткізілді.
Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету.
Туристер мен тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету аясында
осы бағытта келесі жұмыс жүргізілді:
-
Ақтөбе облысының бренді әзірленді;
-
Ақтөбе облысының туристік сайты әзірленді;
-
Ақтөбе облысының және қаланың туристік картасы әзірленді;
-
Аймақтың туристік әлеуеті туралы бейнероликтер дайындалды;
-
Жарнама-имидждік және кәдесыйлық өнімдер дайындалды.
Жағдайды жақсарту және мәселелерді шешу жолдарын сипаттау
Ақтөбе облысының туризмін дамыту және насихаттау мақсатында
2018 жылға 17 994,0 мың теңге қарастырылған, оның ішінде мынадай іс-
шаралар:
1) Ақтөбе қаласында туристік автобуспен қазақ және орыс
тілдерінде экскурсия ұйымдастыру (мамырдан тамызға дейін -
аптасына бір рет) - 1 054,0 мың теңге. Қазіргі кезде облыста ішкі
туризмнің дамуымен 2 туроператор айналысады, бірақ олар туристік
автобустардың болмауына байланысты Ақтөбе қаласында тұрақты
турлар ұйымдастырылмауда
.
Бұл іс-шаранының өткізу мақсаты мектеп
оқушыларының демалыс уақытында туған жерінің тарихымен таныстыру,
сондай-ақ туристік компанияларды қонақтарға және облыс тұрғындарына
ақылы экскурсиялар жасауға ынталандыру.
2) Ақтөбе облысының 12 ауданында агротуризмді дамыту
мақсатында қонақ үйлерді ашу бойынша оқыту семинарларын өткізу
– 1 500,0 мың теңге.
Эко-туризмді дамытудағы басты мәселелерінің бірі
- елді мекендерден туристік объектілердің қашықтығы және тұру мен
тамақтану орындарының болмауы. Аудан елді мекендерінде қонақ
үйлерді құру үшін үлкен қаржы қаражат талап етіледі және бұл бизнес
ұзақ уақыт бойы өтеледі. Бұл мәселені шешу үшін демалыс үйлерді
туристік объектілерге жақын жерде ашу керек. Қонақ үйді ашуға аулаға,
үйге, қонақ бөлмеге, ас үйге, ванна/душқа, дәретханаға, демалыс үйдің
иесіне және т.б. талаптар қойылады. Осыған байланысты
қонақ үйді ашу
және оқыту бойынша семинарлар өткізу қажет. Бұл шара шалғайдағы
елді мекендерде үлкен соманы инвестицияламай, қонақ үйдің ашылуына
түрткі болады, туристерге арналған үйді қамтамасыз етеді және қонақ
үйлердің иелеріне табысты болуға мүмкіндік береді.
3) мәдени және тарихи ескерткіштеріне QR-код кестелерін орнату
және кодтар мен аудио-экскурсоводтарды оқу үшін мобильді қосымшаны
әзірлеу (косымша
www.visitaktobe.kz
сайтына тіркелетін болады) –
4 500,0 мың теңге. QR-кодтау жүйесі әлемнің көптеген елдерінде
танымал болып келеді, сонымен қатар ол әртүрлі туристік ақпаратты
іздеуді жеңілдетеді. QR (quick response) коды камерасы бар телефон
арқылы ақпаратты оқи алатын екі өлшемді штрих-код. Жеңіл танудың
арқасында пайдаланушы өз телефонына мәтіндік ақпаратты енгізе
алады, мекен-жай кітабына контактілерді қосады, веб-сілтемелер
бойынша шарлауға, SMS хабарларын жіберуге және т.б. Бұл жаңа
еңгізілім қала және елдегі көрнекті орындардың орналасқан жері туралы
ақпаратты іздеуді жеңілдетеді. Облыстың 100 ескерткіштеріне код қою
жоспарланып отыр. Ақпараттандыру және компьютерлендіру
жағдайында туризм саласын дамыту жаңа ақпаратты өңдеуді талап
етеді. Соңғы кездерде өсім бойынша туристік топтарға белгілі бір
ескерткіш, сәулет құрылымы туралы және т.б. ақпаратты тез және
толықтай хабарлау қажет етеді;
4) Борттық журналдарда жарнаманы орналастыру (Aspan-SKAT
әуе компаниясы, «Тенгри» - «AirAstana») - 2 500,0 мың теңге.
4 миллионнан астам аудиторияны, 60 ішкі және халықаралық
бағыттарды қамтиды;
5) Ақтөбе облысының тұрғындары арасында «Туризмнің ең
креативті промо-ролигі» байқауын өткізу – 500,0 мың теңге. Бұл
байқау облыстың креативті жастарының үлкен аудиториясын жинауға,
туристік объектілерге келу және оларды әлеуметтік желілерде
насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, байқау аяқталған соң
әлеуметтік желілерде туризм туралы көптеген видеороликтер пайда
болады;
6) Туристік карталардың таратылымы 3 000 дана көлемінде -
540,0 мың теңге және Ақтөбе қаласында қонақ үй мен
мейрамханаларында тарату үшін 3 тілде туристік жолсілтеме (300
дана) - 1 080,0 мың теңге;
7) кәдесый өнімдерін дайындау - 2 360,0 мың теңге
(декоративті
тәрелкелер d-20 - 55 дана (30 000 теңге), резеңке магнит - 800 теңге (200 дана),
металл брелоктар - 100 дана (5500 теңге);
8) аумақтың туристік әлеуеті туралы сапалы ақпараттарды
интернет желісінде тарату және орналастыру үшін кәсіби және жоғары
сапалы материалдар қажет. Кәсіби фотографтардың қызметтері
(облыс және қала бойынша 200-ден кем емес объектілер) – 453,8 мың
теңге;
9) «KITF-2018» (Алматы) және «Astana Leisure-2018» (Астана)
қазақстандық және халықаралық туристік көрмелерге қатысу -
1 615,0 мың теңге (ауданды жалдау). Бұл көрмелерге 25-тен астам
елдер қатысады, бұл ынтымақтастық пен туристік әлеуетті
насихаттауға мүмкіндік беред;і
10) доменді, хостингті және сайт лицензиясын ұзарту - 226,9
мың теңге. Ағымдағы жылы www.visitaktobe.kz сайты әзірленіп, жұмыс
істей бастады. Бұдан әрі пайдалану, жаңарту мен техникалық қызмет
көрсету үшін аталған көлемде қаражат қажет;
11) www.visitaktobe.kz (техникалық және мазмұнды қолдау) сайтына
қызмет көрсету - 226,9 мың теңге;
12) іс-сапар шығыны - 1 400,0 мың теңге. Көрмелерге қатысу –
облыстың туристік әлеуетін халықаралық нарықта (қатысу, стендтің
дизайны және т.б.) өңірдің туристік әлеуетін дамытудың тиімді құралы
болып табылады.
«Облыстың инвестициялық имиджін арттыру» бойынша
735.005.000 бағдарламасына – 13 500,0 мың теңге.
Инвестициялар тарту – Елбасының «Қазақстанның үшінші
жаңғырыу: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асыру
жөніндегі жұмысымыздың басымдықтарының бірі.
Ақтөбе облысның экономикасына инвестиция тарту мақсатында
2018 жылға 13 500,0 мың теңге қарастырылған, соның ішінде келесі іс-
шараларған:
1.
Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуеті туралы
жарнамалық-беделдік өнімдерін жасау - 13 500,0 мың теңге.
Ақтөбе облысы экономикасының нақты секторларының әртүрлі
салаларына инвестициялық тартымдылығын жоғарлату мақсатында ең
алдымен аналитикалық құжат дайындау қажет. Құжат арқылы өңір
экономикасы туралы толық қамтылған ақпарат және кешенді баға алуға
мүмкіндік береді. Өңір экономикасы туралы аналитика объективті анализ
жасауға және орта мерзімді және ұзақ мерзімді дәйекті шешім
қабылдауға, сонымен қатар өңірдің инвестициялық тартымдылығы
бойынша рейтингтік баға беруге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға 2018
жылға 11 500,0 мың теңге қарастырылған.
2. Флэш-карталарды жасау және оларға «Ақтөбе облысының
инвестициялық әлеуеті» туралы бейнероликті, «Инвестордың ақпар
кітапшасы» электронды ақпараттық анықтаманы және «Ақтөбе
облысының инвестициялық жобалары» электрондық бүктемені тираждау
- 2 000,0 мың тенге (флэш-карта саны 500 дана, көлемі 8 Гб).
2018 жылға қосымша қажеттіліктер – 59 078,3 мың теңге
құрайды, оның ішінде «Облыстың инвестициялық имиджін
арттыру» бойынша 735.005.000 бағдарламасына – 44 260 мың теңге,
«Туристік қызметті реттеу» бойынша 735.004.000 бағдарламасына –
14 818,3 мың теңге.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына
Жолдауында инвестицияларды тарту бойынша нақты мақсаттар
қойылған.
Инвестицияларды тарту және іздеу жұмысы қарыздық
қаржыландырудан қиынырақ болып табылады. Оған себеп -
инвестицияның жоғары тәуекелділігі.
Бәсеке жағдайында инвестициялар тарту әр өңірдің басты мақсаты
ортақ жобаларды жүзеге асыру барысында өз облысын сенімді әріптес
ретінде таныту, инвестициялық тартымдылықты жоғарлату,
инвестицияларды тарту бойынша жоспарды мұқият ойластыру және
тиімді қолдану болып табылады. Қазақстанның әр өңірі инвестициялық
ахуалды көтеру және облыстың инвестициялық беделін жылжыту үшін
қосымша алаңдар, құралдар мен тетіктер қалыптастырады.
Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығын жоғарлату үшін
белгілі жұмыстар жасалуда. Олар инвесторлармен тікелей келіссөздер
жүргізу, шет елдерге, дипломатиялық корпусқа облыстың инвестициялық
әлеуетін таныстыру, Елшіліктермен және басқа мемлекеттік
мекемелермен (ҚР ИДМ, KAZAKH INVEST), жұмыстарды, инвестициялық
және басқа іс-шараларға қатысуды және ұйысмдастыруды атап өтуге
болады. Осы және басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін
«Облыстың инвестициялық имиджін арттыру» 735.005.000
бағдарламасы бойынша 46 260,0 мың теңге қосымша бюджет
қаражат қажет, оны ішінде:
1) Халықаралық Инвестициялық Форум өткізуге – 30 000,0 мың
теңге.
Инвестициялық форум өткізудің басты мақсаты облыстың
инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, сонымен қатар өңір
экономикасының нақты секторына инвесторларды тарту болып
табылады.
Инвестициялық форум келесі іс-шаралардан құралады:
1.
Ақтөбе облысының Инвестициялық форумы секциялар бойынша
бөлінген пленарлық отырыстардан;
2.
Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін көрме түрінде
таныстыру.
3. Инвестициялық форумды PR- и SMM-сүймелдеу.
ҚР Үкіметімен бекітілген 2017-2020 жылдарға арналған инвестиция
тарту мен ұстап қалудың Ұлттық стратегиясы аясында ҚР Инвестиция
және даму Министрлігі және «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ (бұдан әрі -
ҚазақИнвест) өңірлердің қаражаты есебінен «Солтүстік-Оңтүстік-Батыс-
Шығыс» географиялық қағидасына сәйкес жергілікті атқарушы
органдардың инвестициялық форум өткізудің жаңа форматы
пысықталды.
Осыған байланысты, ҚР өңірлері арасында Ақтөбе облысы бірінші
болып 2018 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Батыс
облыстарының қатысуымен «West Invest - 2018» Халықаралық
Инвестициялық форумын өткізеді. ҚазақИнвест қолдауымен форумға
2000 астам халықаралық және шетел қаржы институттар, шетелдің жеке
инвесторлар, трансұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар, ұлттық
бизнес және экспорттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
Басқа облыстарда халықаралық инвестициялық форумдар өткізу
бойынша сараптама өткізіліп, Ақтөбе облысының форум өткізуге
бөлінетін бюджет басқа облыстарымен салыстырғанда ең төмен болып
табылады. Мысалы, 2017 жылы «Байқоңыр Инвест» форумын өткізуге
Қызылорда облысының бюджетінен 50 млн. теңге («Атырау Инвест» - 50
млн. теңге, «Қарағанды Инвест» - 40 млн. теңге, «ВэстҚазИнвест – 35
млн.теңге, Ертіс Инвест – 20 млн. теңге) бөлінген.
Сонымен қатар, жаңа форматтағы форум Елбасының және Үкімет
Басшысының халықаралық шаралар кестесіне сәйкес өткізіледі. Ақтөбе
облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы кең көлемді
ақпараттандыру және өңірге инвесторларды тарту мақсатында ағымдағы
жылы «AKTOBE INVEST-2017» V Халықаралық Инвест Форум өткізілді.
Форум аясында жалпы сомасы 209,4 млрд. АҚШ долл. құрайтын 11
интымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, форумға дүние
жүзінің 20 елінен 400 астам қонақ қатысты.
2)
Ақтөбе облысының инвестициялық қызметін PR
сүймелдеуге және ақпараттандыру бойынша қызмет – 14 260,0 мың
теңге.
Ақтөбе облысының инвестициялық беделін құру мақсатында жалпы
сомасы 14 260 мың теңгеге шетел және қаржы басылымдарында,
сонымен қатар интернет ресурстарында бірқатар іс-шаралар белгіленді,
оның ішінде:
Өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы шетел БАҚ-ында 80
кем емес мақалалар жариялау, сонымен қатар Air Astana (Tengri)
әуе
компаниясының борт журналында жарияланым орналастыру - 11 760,0
мың теңге;
Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуеті туралы
жарнамалық-беделдік өнімдер жасау – 2 500,0 мың теңге.
Аналитикалық деректер негізінде әр қайсысы 500 данадан
«Инвестордың ақпар кітапшасы», «Ақтөбе облысының инвестициялық
жобалары» ақпараттық анықтамасын жасап шығару жоспарлануда. Бұл
бүктеме әлеуетті инвесторларға арналып, облыста бизнес жүргізудің
бәсекелік артықшылықтары, облыс экономикасының стратегиялық
салалары, облыста жұмыс жасап жатырған инвесторлар
менкәсіпкерлердің табыс тарихы туралы ақпараттар құрайды. Облыстың
инвестициялық әлеуетін және беделін арттыру мақсатында «Amsterdam
Media Group» PR-компаниясымен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Жоғарыда аталған компания ҚР бірқатар өңірлерінің (Астана, Алматы,
Шымкент және т.б.) қолайлы имиджін қалыптастыруда және жоғарлатуда
көшбасшы болып табылады. Облыстың инвестициялық беделін
жоғарлату аясында шетелдің және Қазақстанның жетекші БАҚ-ында
(Forbes, Kapital, Tengri, Бизнес Мир, Бизнес Life, Деловые Эмираты және
т.б. журналдар мен веб-сайттарда) имидждік жарияланымдар
орналастырылды. Өз кезегінде осы іс-шаралар «AKTOBE INVEST-2017»
V Халықаралық Инвестициялық Форумына шетел инвесторларының
қатысуына түрткі болды.
«Туристік қызметті реттеу» 735.004.000 бюджеттік бағдарлама
бойынша 2018 жылға қосымша қажеттілік - 14 818,3 мың теңге
1) Облыс қонақтарына барлық қажетті ақпаратпен қамтылған
электронды туристік ақпараттық тіреулерді орнату - 1 553,3 мың
теңге;
2) Шетелдік жетекші туроператорлар мен БАҚ-қа ақпараттық
тур ұйымдастыру және өткізу - 3 765,0 мың теңге. Аталған іс-шараның
мақсаты облыстың туристік әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету,
елдер арасындағы туристік алмасу ағымын өсіру, шетелдік
әріптестермен қарым қатынастарды кеңейту және нығайту болып
табылады.
3) Халықаралық қонақ үйлер форумын ұйымдастыру және
өткізу (халықаралық сарапшылар, мастер-класстар) – 2 000,0 мың
теңге. Аталған форум қатысушыларға қонақжайлық индустриясын
дамыту стратегиясымен, білімдерімен, пікірлерімен, тәжірибемен
алмасуға және өзара ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндіктер береді;
5) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі
географиясы» арнайы жобасы және балалар-жасөспірімдер туризмін
дамыту аясында ШҚО, СҚО, Ақмола және Маңғыстау облыстарымен
туристік топтармен алмасу жоспарлануда – 6 000,0 мың теңге. Ақтөбе
облысының киелі орындарын тамашалауға басқа өңірлерден 100
оқушының келуі күтілуде;
6) «7 причин сорваться в ......» жоба аясында Ақтөбе облысының
әлеуеті туралы бейнероликті түсіру – 1 500,0 мың теңге. Қазақстанның
танымал актері, шоумені және әншісі Ануар Нурпеисовтың қатысуымен
«7 причин сорваться в ......» қазақстандық жоба үлкен танымалдылыққа
ие болуда. Бүгінде каналдың бейнероликтері 660 мың рет қаралған.
Жоба мақсаты ел тұрғындарының арасында облыстың жағымды имиджін
қалыптастыру, сондай-ақ ішкі туризмнің әлеуетін ашу.
Күтілетін соңғы нәтижелер:
•
Өңірдің танымалдылығы мен имиджін көтеру;
•
Аудандарда демалыс үйлердің ашылуы, туристерге қызмет
көрсету;
•
Спорттық-экологиялық және экстрималды туризмді дамыту;
•
Туризмнің әлеуетін насихаттау;
•
Көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын көтеру;
•
Облыстың туристік әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету,
елдер арасындағы туристік алмасу ағымын өсіру, шетелдік
әріптестермен қарым қатынастарды кеңейту және нығайту болып
табылады;
•
Қолайлы инвестициялық имиджді ілгерілету;
•
Ақтөбе облысының экономикасына шетелдік және отандық
инвестицияларды ағымын көбейту.
Басқарма басшысының м.а. А.С.Салыкбаев
Бас есепші Ә.С.Құрманбаева
Достарыңызбен бөлісу: |