|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 8-сынып Құрметті мұғалім!
|
бет | 12/16 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 6,35 Mb. | | #44868 | түрі | Сабақ |
| !10-ФО Геометрия 8 класс каз-1Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Өрнектерді ықшамдаңыз:
а) tg2 х + sin2 х + cos2 х
б) 3sin2 х + 10 + 3cos2 х
в) 16 - 6sin2 х - 6соs2 х
г)
д)
Дескриптор: Білім алушы
өрнектерді негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер түріне әкеледі;
өрнектерді негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданады;
өрнекті ықшамдайды.
|
Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.23 α және (900 – α) бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Өрнекті ықшамдаңыз:
a)
b)
c) ;
d) .
Дескриптор: Білім алушы
қолданады;
негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданады;
түрлендіруді орындайды;
өрнекті ықшамдайды.
|
Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»
|
Оқу мақсаты
|
8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
Төмендегі мәліметтер бойынша бұрышын салыңыз:
Дескриптор: Білім алушы
түзу жүргізеді;
осы түзуге перпендикуляр жүргізеді;
перпендикулярдың бойынан ОА бірлік кесінді өлшеп салады;
осы перпендикулярдың бойынан тура осындай төрт бірлік кесінді болатындай ОВ-ны кескіндейді;
ОВ кесіндісін циркульмен өлшеп; центрі А нүктесі болатындай шеңбер жүргізеді;
шеңбердің түзумен қиылысу нүктесін С арқылы белгілейді;
А мен С нүктесін қосады;
ОСА бұрышы ізделінді бұрыш болады.
2-тапсырма
Ұзындығы 6 метр сымтемір берілген. Егер, болса,онда осы сымтемірді пайдаланып бұрышын салыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы синусының анықтамасын қолданады;
- есепті шешу алгоритмін анықтайды;
- бұрышын салады.
|
Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»
|
Оқу мақсаты
|
8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Есептер шығару кезінде берілген тригонометриялық функциялардың мәндері арқылы тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті 600 бұрышқа ауытқу арқылы тепе-теңдік қалпынан шығарды. Маятниктің АС ұзындығы 20 см.
a) Жүктің биіктігі тепе-тең қалыппен салыстырғанда қаншаға өзгерді?
b) С жүгінен АВ түзуіне дейінгі ара қашықтық CD-ның ұзындығын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
a) - сүйір бұрыштың косинусының анықтамасын қолданады;
- AD-ның ұзындығын табады;
- DB-ның ұзындығын табады.
b) - сүйір бұрыштың синусының анықтамасын қолданады;
- CD-ның ұзындығын табады.
|
Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»
|
Оқу мақсаты
|
8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Есеп шығару кезінде тікбұрышты үшбұрыштың берілген екі элементі бойынша белгісіз элементтерді табады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
Параллелограммның бір төбесінен жүргізілген биіктіктері 4 см және 6 см, сүйір бұрышы 300. Параллелограммның қабырғаларын және қабырғаларының екінші қабырғаға проекцияларын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
есептің шартына сай сызбасын салады;
тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін қолданады (сүйір бұрыштың синусының анықтамасын қолданады);
параллелограммның қабырғаларын табады;
Пифагор теоремасын қолданады;
проекциялардың ұзындығын табады.
2-тапсырма
Биіктігі 8 фут болатын футбол қақпасынан 10 фут қашықтықта доп қойылған. Сіз допты қақпаға қарай тептіңіз, доп қақпаның жоғарғы арқалығына тиді. Допты тебу бұрышы неге тең?
Дескриптор: Білім алушы
сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;
сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) мәнін табады;
кестенің немесе инженерлік калькулятодың көмегімен ізделінді бұрыштың мәнін табады.
3-тапсырма
Мұнарадан 60м қашықтықта адам тұр. Мұнараның төбесі адам тұрған жерден 400 бұрыштан көрінеді. Мұнараның биіктігін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;
биіктікті тангенс (котангенс) арқылы өрнектейді;
сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) мәнін табады;
мұнараның биіктігін табады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|