|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 8-сынып Құрметті мұғалім!
|
бет | 16/16 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 6,35 Mb. | | #44868 | түрі | Сабақ |
| !10-ФО Геометрия 8 класс каз-1 4-ТОҚСАН Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Координаталары берілген жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтықтығын табады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
ОАВС трапециясының ауданын табыңыз, егер О-координата басы, А(2;5), В(11;5), С(3; 0) болса.
Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Кесіндінің ортасын табу формуласын қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
АВ кесіндісіндегі А нүктесінің координатасы (5;-3), АВ кесіндісінің ортасы О нүктесінің координатасы (-1; 3). В нүктесінің координатасын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
кесінді ортасының координаталарын табу формуласын қолданады;
теңдеу құрады;
теңдеуді шешеді;
В нүктесінің координатасын табады.
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Сызбасы бойынша шеңбердің теңдеуін жазады
Шеңбердің теңдеуінен шеңбердің центрі мен радиусын анықтайды
Шеңбердің центрінің координатасы мен радиусы арқылы шеңбердің теңдеуін жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
1-тапсырма
Суретте кескінделген шеңберлердің теңдеуін жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма
Шеңбердің центрі мен радиусын табыңыз.
№
|
Шеңбердің теңдеуі
|
Радиусы
|
Центрінің координаталары
|
1
|
(x-6)2+(y+5)2=81
|
|
|
2
|
(x+4)2+(y-2)2=12
|
|
|
3
|
(y+3)2+ x2=42
|
|
|
Дескриптор: Білім алушы
шеңбердің центрін жазады;
шеңбердің радиусын жазады.
3-тапсырма
Егер A(-4;0) және B(2;0) нүктелері шеңбер диаметрінің ұштары болса, онда оның центрінің координаталары, радиусының ұзындығын табыңыз және шеңбердің теңдеуін жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
екі нүктенің ара қашықтығын есептеу формуласын қолданады;
диаметрдің ұзындығын табады;
радиусты табады;
кесінді ортасының координаталарын табу формуласын қолданады;
шеңбердің центрінің координаталарын табады;
шеңбердің теңдеуін жазады.
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Берілген теңдеуі бойынша шеңбер салады
Теңдеуді шеңбердің теңдеуіне келтіреді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген теңдеулер бойынша шеңбер салыңыз:
a) (х+2)2+(у-1)2=9;
b) х2+(у-2)2=4;
c)
Дескриптор: Білім алушы
шеңбердің теңдеуін жалпы түрге келтіреді;
шеңбердің теңдеуінен шеңбердің центрінің координаталарын анықтайды;
шеңбердің теңдеуінен шеңбердің радиусын анықтайды;
шеңберді координаталық жазықтықта салады.
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу:
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Екі нүктенің координаталары арқылы түзудің теңдеуін жазады
Түзудің теңдеуін ax+by+c=0 немесе түріне келтіреді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары берілген: А(4;6), В(-4;0), С(-1;-4). АВ қабырғасын қамтитын түзудің теңдеуін және СМ медианасын қамтитын түзудің теңдеуін жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» |
Оқу мақсаты
|
8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Есептер шығаруда координаттар әдісін қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
1-тапсырма
А(-4;0), В(-1;-2), С(3;-2), D(0;0) нүктелері берілген. АВСD параллелограмм екенін дәлелдеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма
M(-2;3), N(3;5) және K(3;-5) нүктелері үшбұрыштың қабырғаларының орталары болып табылады. Үшбұрыш төбелерінің координаталарын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
үшбұрыш төбелерінің координаталарын айнымалылар арқылы өрнектейді;
кесіндінің ортасын табуға арналған формуланы қолданады;
абсциссалар арқылы теңдеулер жүйесін құрады;
ординаталар арқылы теңдеулер жүйесін құрады;
теңдеулер жүйесін шешеді;
үшбұрыш төбелерінің координаталарын жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|