Алгоритмдер жєне деректер структурасы



жүктеу 19,16 Mb.
бет15/118
Дата25.12.2017
өлшемі19,16 Mb.
#5921
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118
Үш нүктелі тіктөртбұрыш. Үш нүктелі тіктөртбұрыш салу үшін бірінші бір төбесінбелгілеп сол арқылы тіктөртбұрыштың бір қабырғасын саламыз, сосын тышқанды жібергеннен кейін биіктігін көрсету арқылы тіктөртбұрышты салуды бітіреміз.

Эллипс. Тышқанды бір шертіп жібермей, алаған жаққа қарай тарсақ салынатын эллипстің контуры көрінеді, тышқанды жіберсек келтірілген формаға келеді. Құралдың қасиеттік тақтасынан салынған эллипсті доғаға не секторға ауыстырып, бұрыштарын келтіруге болад

Үш нүктелі эллипс. Үш нүктелі эллипс үш нүктелі тіктөртбұрышты салғандай етіп салады.

Көпбұрыш. Көпбұрыш салу тіктөртбұрыш сияқты оңай. Қасиеттік тақтада бұрыштар санын, көпбұрыштық не жұлдыздық режимін және бұрыштардың сүйірленуің көрсетуге болады. Көпбұрыш арқылы 3-тен 500 бұрышты көпбұрыш салуға болады.

Спираль. Спираль салынғаннан кейін қасиеттік тақтада орама санын, симметриялық не логарифмдік спираль қылып өзгертуге болады.

Диаграмдық тор. Қасиеттік тақтада тордың қатар мен баған санын және тордың шаршысының өлшемдерін өзгертіп, сан түрлі торлар салуға болады.

Автофигуралар. Автофигуралар – бұл динамикалық объектілер. Автофигураларды сырт көрінісінін бір не бірнеше контрольдық нүктелер (маркерлер) арқылы өзгертуге болады. Автофигуралар беске: негізгі фигуралар, бағдар, блок-схема, жұлдыз және шығарылған сөздер(выноски) болып бөлінеді.

Түзу салу құралдары. Түзу салу құралдары - Қисық(свободная рука), Безье қисығы, Көркемдік түзу(живопись), Қылқалам(перо), Сынық (Ломаной), Үш нүктелі қисық, Өлшемдік және Интерактивті түзу қосқыш (инструмент интерактивного соеденения ) құралдары. Түзу салу құралдарының мақсаты бір болса да, қолданатын жері мен қолдану ережелері әртүрлі. Барлық түзу тышқанды шетіп жібермей сызылады. Бұл құралдардың кейбірі бірнеше құралдардан тұрады. Төменде кейбір бір-біріне ұқсастығы бар құралдарға сипаттама берілген.

Көркемдік түзу. Көркемдік түзу әртүрлі “көркемдік түзулер” түрін салуға өте ыңғайлы. Көркемдік түзу құралы режимінде 5 түрлі: Дайын штрихтар (загатовка), Бояғыш(кисть), Бүріккіш(пульверизатор), Каллиграфиялық қылқалам, Қысқышы бар қылқалам(перо с нажимом).

Дайын штрихтар қалыңдығы 0,03-тен 10 дюймге дейін жететін 23 түрлі штихтарды пайдаланып түзу сызуға болады. Бояғыш арқылы дайын штрихтар тізімінен әртүрлі штрихті пайдаланып түзулер сызуға болады.

Бүріккішпен жұмыс істеу қиындау. Ол сызылған түзу орнына дайын объектілер тобын салады. Мысалы, шарлар, шөп, гүлдер, адамдар, жапырақтар және адамның ізі –объект бола алады.

Каллиграфиялық қылқалам мен қысқышы бар қылқаламның қалыңдықтарын және бұрышын өзгертуге болады. Осы құралдарды пайдалана отырып алынған түзуді дайын штрих ретінде сақтауға болады. Оны көп пайдаланатын түзулерге қолданған жөн.

Қисық және сынық құралдары. Екеуі де қисық сызық не түзу сызық сызуға көмектеседі. Екеуінің айырмашылығы Қисық құралымен түзудің басын тышқанды шерту арқылы бастапқы нүктесін белгілеп жібермей соңғы нүктесінде тышқанды жіберсек, түзуді сол жерде үзіп аламыз. Ал Сынық құралында түзудің соңғы нүктесінде түзу үзілмейді, жалғасып сызыла береді, үзу үшін екі рет шерту керек. Екеуінің де қасиеттік тақтасы бірдей десек те болады.

Үш нүктелі қисық құралы. Тышқан арқылы түзудің бастапқы нүктесін көрсетіп тышқанды жібермей соңғы нүктесін көрсеткеннен кейін тышқанды қозғау арқылы керек қисықты аламыз.

Безье қисығы және қылқалам құралдары. Бұл екеуіде дәл қисықтарды салуға арналған. Бірақ Безье қисығы құралымен қисықты үлкен дәлдікпен салуға болады.

Осы екі құралмен салынған қисықтар түйіндерден тұрады. Түйіндерді қозғау арқылы қисықты қисайтуға болады. Түйіндермен жұмыста



Форма құралы арқылы жүзеге асырылады. Қасиеттік тақтадағы түйіндермен жұмыс батырмалармен керек қисықты аламыз.

Өлшемдік құрал. Өлшемдік құрал инженерия, архитектура, электромеханика және тағы басқа салаларда жұмыс істейтіндерге қажет. Қасиеттік тақтаны пайдаланып, объектінің ұзындығын, енін, бұрышын және тағы басқаларының өлшемдерін көрсетуге болады.

Интерактивті түзу қосқыш құралы. Бұл құрал блок-схема, ғылыми және техникалық диаграмма сызуға арналған.

Жиектеу қаламы құралы. Жиектеу қаламы құралынан бұрын фигураның жиегі(обводка) туралы бір-екі сөз жазсақ. Әрбәр фигураның жиегінің түсі, қалыңдығы, стилі болады. Оларды басқару (өзгерту) қасиеттік тақтада орындалады. Мұнда объектіге қолданылған өзгерістерді бірден көре аламыз. Ал Жиектеу қаламының сұхбат терезінде жасалған өзгерістерді Ok батырмасы арқылы бекітеміз. Жиектеу қаламының сұхбат терезінде жиектің түрін, түсін, қалыңдығын, бұрышын және тағы басқаларын өзгерте аламыз.

Жиектеу қаламының сұхбат терезесі Жиектеу қаламы құралының жиынында жиектің түсі сұхбат терезесі, жиектеу қаламының сұхбат терезесі, түстер докері, 7 дайын жиек және тағы басқалар бар .

Пышақ құралы. Бұл құрыл боектіні кесіп тастауға арналған. Егер құралдың қасиеттік тақтасында қиюдан кейін автотұйықталу (автоматическое замыкание при отрезании) батырмасы басылса, кесілген объект тұйықталады. Ал бір объект қылып сақтау батырмасы басылмаса, объект екі бөлек фигуралардан тұратын болады.

Өшіргіш құралы. Өшіргіш суреттің керек емес жерін интерактивті өшіруге арналған. Құралдың қасиеттік тақтасында өшіргіш диаметрін, формасын және тағы басқаларын өзгертуге болады.

Езгіш бояуыш құралы. Езгіш бояуыш арқылы фигураның жиегін өзгертуге, ашып айтқанда езіліп жатқан сияқты қылып көрсетуге болады. Құралдың қасиеттік тақтасында езгіш бояуыштың қалыңдығын, интенсивтілігін және тағы басқаларын келтіруге болады.

Еркін өзгертуші құралы. Бір қарағанда Таңдау құралы мен Еркін өзгертуші құралы айырмашылығы жоқ сияқты. Бірақ Еркін өзгертуші құралы қасиеттік тақта мен Трансформация жапсырма терезесін пайдаланып үлкен дәлдікке қол жеткіземіз.

Масштаб және Қол құралдары. Бұл құралдар парақтағы объектілерді қарауға,бағдарлауға және масштабты үлкейту-кішірейту арналған. Қорыта айтқанда пакеті қуатты құралдар, графикалық дизайнның қиын тапсырмаларын оңайлатады, сан түрлі эффекттер, үш өлшемді графикамен жұмыс, растрлық объекттерді өңдеу және т.с.с. Corel DrawGraphics Suite 11 пакетінің өзіне теңдесі жоқ мықты графикалық пакет екендігін дәләлдейді.}

Дәріс №10. AdobePhotoShop программасымен танысу
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған.

Adobe Photoshop-ты кәсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб- дизайнерлер және қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны әркім өзіңе ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерлеп өзгертуге, кесуге, түс түзетуiн жасауға мүмкiндiк береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil және т.б.



Фотошоп растр суреттермен жұмыс iстейдi, бiрақ векторлы объектiлердi қолдайды

жүктеу 19,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау