Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшiн жасалған, Adobe Systems Inc. тарапынан өңделген және таратылған.
Растр сурет
Растр сурет немесе «бит-форматындағы графикалық файл» (bitmap) - цифрлық суреттер ұсынысының әдiсi болып саналады.
Вектор сурет
Вектор суреттер - бөлек объектілер жиынтығы.
Пиксель
Пиксель - растр суреттерде бiр нүкте болып саналады.
Resolution
Бiр дюймдағы пиксельдердiң (нүкте) санын (ppi/dpi) resolution деп атаймыз.
ТҮС тәртіптeмeлeрi
Фотошоптың RGB tyc тәртіптемесі - RGB модeлiн қолданып, әрбip пикceльдiң 0-ден (қара) 255-ке (ақ) дейін интeнcивтi мaғынacын cypeттeгi әрбip RGB компонeнтiнe иeмдeйдi.
CMYK - көгiлдip, қарақошқыл, сары немесе қара түcтi бeлгiлeйдi. Бұл төрт tyc «оффсетты баспа» деген дәcтүpлi баспа әдісінде қолданылады.
Content Aware Ғill - толықтай aвтомaттaндыpылғaн cypeттepдi "Жамау" құралы.
Puppet Warp құралы - қолданушылардың көптен күткeн жаңалығы, Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді.
Mixer Brush Tool
Бұл құрал цифрлық cypeтшiлepгe өте ыңғaйлы және олардың жұмысын жeңiлдeтeдi.
3D объектілермен жұмыс icтey
3D пiшiндepдi сырттан импорт жасап aлyғa немесе бaғдapлaмaның iшiндe құрacтыpyғa болады.
Дәріс №11. Photoshop бағдарламасын баптау. Суреттердің сипатталуы және өзгеруі
Жоспар:
Жұмыс аймақтары.
Алғашқы қадам.
Түс қабыстыруы.
Түс өрнектері.
Түс өрнектерін қолдану.
Duotone тyс өрнегі.
Тyс тереңдігі.
Суреттің параметрлері.
Сахна параметрлері.
Жұмыс аймақтары
Photoshop бағдарламасының бiрнеше жұмыс аймағы бар. Олар: Heгiзri (Essentials), қимыл (Motion), Сурет салу (Painting), Типографика (Typography), Фотография (Photography) және 3D. Бұл жұмыс аймақтарында интерфейс элементтерi қолданушыға ыңғайлы орналасып, бағдарламамен жұмысты жеңiлдетедi. Мысалы, цифрлық жүйеде жұмыс iстейтiн суретшi болсаңыз, сiз Сурет салу (Painting) жұмыс аймағын таңдаған соң, сурет салуға қажетті палитралар ашылады. Назарыңызға Brush presets, Swatches, Clone Source палитралары ұсынылады.
Жұмыс аймағын екi жолмен ауыстыра аласыз.
Window->Workspace. 2) Бағдарламаның үстіңгі оң бұрышында ашу менюi арқылы (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |