Дәріс №8. Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
Жоспар:
Жаңа құжатты жасау;
Құжатты ашу;
Құжатты сақтау;
Қалай сақтау командасы;
Құжатты жабу;
Үлгіні (шаблон) ашу;
Файлдарды импорттау;
Файлдарды экспорттау.
1. Жаңа құжатты жасау. Corel Draw графиктік редакторын ашқанда қыстырмадан жаңа графикті таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты құралдар тақтасынан «Жаңа» батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға болады. Файл Жаңа (Файл Новый) командасы арқылы да жасауға болады. Жаңа құжат пішімін (формат) құралдар тақтасынан таңдаймыз.
2. Құжатты ашу. Мұны да қыстырмадан таңдауға немесе Файл => Ашу (Файл => Открыть) командасы арқылы орындауға болады. Сол кезде Құжатты ашу терезесі ашылады. Мұнда ашылатын құжаттың тұрған бумасын көрсетеміз. Сол арқылы іздеген құжатты табамыз. Файл типі тізімінен керекті құжат форматын құжат Corel Draw, Corel R.A.V.E немесе Corel Photo-Point файлы болса, онда алдын-ала құжаттың версиясын, қолданба программаның атын, ескерту, түйінді сөз, жасалған уақытын, тілін және типін білуге болады.
Бірнеше құжаттарды Ctrl және Shift пернелерінің комбинациялары арқылы таңдап ашуға болады. Басқа программаның құжатын ашқанда, ондағы графиктік және мәтіндік объекттер Corel Draw қолдайтын эквиваленттерге айналады. Кейбір құжаттар Corel Draw- да ашылмайды. Ол жағдайда құжатты импорттау керек.
3 Құжатты сақтау. Ең бірінші сақтағанда Файл => Сақтау (Файл =>Сохранить) командасымен сақталады. Сол уақытта Құжатты сақтау терезесі ашылады.
Мұнда сақталатын құжаттың аты, версиясы (алдыңғы 5 версияға дейін)
Егер құжат алдыңғы версияда сақталса, онда кейбір эффекттерден айырылады, нобай Нобай алдын-ала көру ауданында көрінетін кішкене көріністің параметрлерін көрсетеді. 10 Кбайт(толық түрлі- түсті көрініс), 5 Кбайт (түстер жиынында шектеуі бар түрлі-түсті көрініс),1 Кбайт (монохромдақ -қара түсті көрініс) және көрініс жоқ форматтарының бірі белгіленеді, тек белгіленгенобъекттерді сақтау Тек белгіленген объекттерді ғана сақтайды. Бұл келешекте тек белгіленген объектілермен жұмыс істеу үшін қолайлы, Web-баспа аты үшін қауіпсіз файл аты Егер сақталатын құжатты Web-бет ретінде қолданғыңыз келсе, осы бөлімді белгілеңіз, True Doc- пен қаріпті(шрифт) енгізу Басқа операциялық жүйеде не программада сіз қолданған қаріптер болмауы мүмкін. Егер бұл
бөлімді белгілесеңіз, қаріптер басқа жерлерде қиындықсыз ашылатындай болып өзгереді сияқтыларды белгілеуге болады.
4. Қалай сақтау командасы. Бұл Сақтау командасымен өте ұқсас. Бірақ басқа параметрлерін сақтай отырып, көшірмесін (копия) сақтауға болады.
5. Жабу. Программа Файл Шығу (Файл Выход)командасы арқылы, ал құжат Терезе Жабу (Окно закрыть)арқылы жабылады. Егер барлық құжатты жабатын болса, Терезе Бәрін жабу командасын белгілесе жеткілікті. Көбінесе жабу командасынан кейін Өгерісті сақтау-сақтамау туралы сұқбат терезесі шығады.
6. Үлгіні (шаблон) ашу. Егер шаблонды пайдаланып жұмыс істеу
керек болса, онда Файл Үлгі бойынша ашу (Файл Создать по шаблону) командасы орындалады. Бұл терезенің үстіңгі бөлігіндегі Толық бет,Белгі, Буклет, Брошюра
және Web үшін үлгі бөлімдерінен керекті үлгіні іздеуге болады. Шолу бөлімінен ертеректе сақталған үлгіні пайдалануға болады. Және де әр бөлімдегі тізімнің бірінші үлгісі таза үлгі бланкісін ашуға болады және растрлық суреттер, макеттер және сызбаларды орналастыруға болады.
Clipart жинағынан суреттер, формалар және Интернетке рұқсат болса,Corel фирмасының Web-сайтынан объекттерді жүктеуге болады.
Альбомды ашу үшін Құралдар => Альбомдар => Іздеу (Инструменты =>Тектографический файл =>Поиск) командасын орындау керек.
8. Файлдарды импорттау. Импорт - сырттан әртүрлі форматтағы файлдарды енгізу. Corel Draw 11 импортты 61 фильтр арқылы өткізеді. Импорттау Файл =>Импорт командасы арқылы жүзеге асады.
9. Файлдарды экспорттау. Бұл ағымдағы (текущий) файлдың басқа программаларда қиындықсыз колдану үшін қажет. Экспорттау үшін файл сақтағаннан кейін Файл => Экспорт командасын орындау керек. Экспорттау терезесінде файл форматын көрсетіп экспорттайды. Содан кейін файлдың параметрлерін келтіруге болады.
Дәріс №9. Corel Draw графиктік редакторындағы құралдар және олармен жұмыс. Таңдау құралы.Тіктөртбұрыш құралы.Үш нүктелі тіктөртбұрыш
Эллипс құралы.Үш нүктелі эллипс құралы. Көрбұрыш құралы
Жоспар:
Таңдау құралы;
Базалық фигуралар.
1 Corel Draw графиктік редакторындағы құралдар және олармен жұмыс. Құралдармен жұмыстан бұрын объектімен жұмысты (белгілеу,жылжыту, өлшемін ұзарту-қысқарту, көшірмесін алу, өшіру және тағы да басқа қарапайым операциялар) қарастырсақ.
Таңдау құралы. Таңдау құралы – ең маңызды құралдардың бірі. Алдыңғы айтылған операциялар осы құрал арқылы орындалады. Белгілеу дегеніміз объектіні Таңдау құралымен үстінен бір рет шерту. Жылжыту таңдау құралымен объектінің үстінен басып тұрып керекті жерге апарамыз. Өлшемін ұзарту-қысқарту объектінің шеткі маркерленрін тарту не қысу арқылы орындалады. Егер Shift пернесін бірге басып өлшемін өзгертсе, центрге қарағанда ұзарады не қысылады немесе үлкейеді не кішірейеді. Объектіні қисайту арқылы объектіні айналдыру, қисайту, өске қарағанда айналдыру операцияларын орындайды. Өшіру Таңдау құралымен белгіленген объектіні Delete пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Көшірмесін алудың бірнеше түрі бар: 1) Жылжыту кезінде тышқанның оң
жағын шертсе 2) Жылжыту кезінде бос орын(пробел) пернесін басу арқылы 3) Объектіні белгілеп + пернесін(цифрлық бөлігіндегі) басса, 4) Қосарлау арқылы Ctrl+D пернесін басса көшірмесі пайда болады. Клондау – көшірме алудың ең қызық түрі. Белгіленген объектіні Түзету→Клондау
(Редактировать→Клонировать) арқылы клондасақ, көшірмесі шығады. Егер клондалған объектіні өзгертсек, клон-көшірмелері де өзгереді.
2 Базалық фигуралар. Базалық фигуралар Құралдар жиынында орналасады. Құралды таңдау құралдар жиынынан белгілеу немесе тышқанның оң жағы→объектті жасау →құрал командасы арқылы орындалады.
Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрышты таңдап, бір төбесін тышқанды шертіп белгілеп жібермей диагональ арқылы қарама-қарсы төбесін көрсетіп тышқанды жібереміз. Тіктөртбұрыштың төбелерін дөңгелектеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |