ПОӘК 042-18.39.1.206/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
81 беттің 39
•
Интернеттің белгісіз салаларын аралағанда мүқият болған жөн. Қазіргі уақытта вирустар мен
қауіпті бағдарламалар қаулап баражатыр. Олардың компьютерге кіріп кетуі үшін сайттарды
ашудың өзі жеткілікті.
•
Модемнің динамигі қосулы тұруы қажет. Бұл компьютерге кірмекші болған алаяқтарды дер
кезінде табуға мүмкіндік береді. Егерде жұмыс кезінде модем сіздің бұйрығыңыз сіз нөмір
тере бастаса тез арада Интернеттен шығып кетіңіз, оны желіні суырып тастау арқылы жүзеге
асыруға болады. Содан соң компьютерді арнайы Antispyware тектес бағдарламалармен
тексеріп шығу керек.
•
Интернеттен файлдарды, архивтерді көшіріп болғаннан кейін міндетті түрде оларды
антивируспен тексеріп алып содан кейін оларды ашуға болады.
•
Егерде белгісіз жіберушіден немесе күмәнді адрестен келген хаттарды да жаңартылған
мықты антивирустық бағдарламалармен тексерген жөн.
•
Егерде сізге жасырын код не күмәнді щеттерді төлеуге хат келсе, еш уақытта оған
жауапбермеңіз.
•
Спамдық хаттарға да жауап бермеген жөн. Жауап берген жағдайда ол хаттардың саны
көбейіп кетуі ықтимал.
•
Интернетте жұмыс істеп болғаннан кейін желілік кабельді телефон желісінен ажыратып
тастаған дұрыс.
Интернетте жасырын жұмыс істеу.
Интернетті қолданушылардың көбі «интернет желісінде жасырын жұмыс істеуге мүмікндік
бар ма?» - деген сұрақты жиі кояды. Бар, ол көптеген мүмкіндік береді. Мысалы, кез келген
ресурстарды аралап, сол мезетте IP-адрес арқылы ешкімде сізді анықтай алмайды. Одан басқа,
қарапайым жағдайға қарағанда веб-ресурстарға жол ашылады. Жалпы алғанда желіде ешқандай із
қалдырмаған дұрыс, өйткені ол алаяқтарға өте қолайлы жағдай жасайды. Интернет жұмысында
жасырын істеудің бірнеше амалдарын қарастырайық.
Ақпаратты қорғау жүйелердің сипаттамалық қасиеттері.
Өз жұмыстарыңның іздерін жасыру режиміне өту үшін Сервис^Свойства обозревателя
командаларын басып пайда болған терезеден ОБЩИЕ бөліміне өтіңіз (1- сурет) .
Сол бөлімдегі Удалить «Cookie», Удалить файлы и Очистить батырмаларына көңіл
аударыңыз. Бұл файлдар қолданушының пайдаланған түйіндер жайлы ақпараттарды сақтайды.
Удалить «Cookie» батырмасын басқан кезде бұйрықты растайтын терезе шығады.
Удалить файлы батырмасы Интернеттің уақытша файлдарын тез арада өшіруге арналған.
Үнсіз жағдайда ондай файлдар C:\Documents and Settings\Қолданушы аты^осаі Settings\Temporary
Internet Files адресінде орналасады.
Алайда қалаған жағдайда ол адресті қалауыңыз бойынша өзгертуге болады. Ол үшін
Параметры батырмасын басу қажет. Пайда болған терезеден
Переместить батырмасын басқанда
кішігірім тағы бір терезе пайда болады, онда Windows ережелеріне сәйкес Обзор папоктерезесінен
өзіңізге қажет бағытты таңдайсыз.
Егер де Интернетте тек сылкаларды ғана қолданған болсаңыз онда жоғары айтылған амалдар
арқылы із жасыруға болады, ал Internet Explorer адрестік жолағына жазған болсаңыз онда ол
ашылмалы тізімінде сақталады.
Ол үшін Свойства обозревателя терезесіндегі Общие бөліміндегі Очистить батырмасын
басу керек, сол кезде адрес жолағының ашылмалы тізімі түгелдей өшеді сол үшін алдын ала
керекті адрестерді сақтап алған дұрыс болады.
Керек болған жағдайда өшірілген тізімді қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін соған
арналған функция арқылы жүйені қалпана келтірсе болғаны.
Қорғау пәні. Қорғау құралдары. Интернетте прокси серверді қолдану
Прокси-серверді қодану. Өз IP-адресіңді Интернетпен жұмыс істегенде жасыру амалының ең
көп тарағаны ол прокси-серверді қолдану болып табылады.
Прокси-сервер деген не және оны қалай қолданады?
ПОӘК 042-18.39.1.206/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
81 беттің 40
Прокси-сервер - бұл пайдаланушы компьютері мен Интернет арасындағы компьютер.
Прокси-серверді пайдалану арқылы жасырыну пайдаланушының IP-адресін өзге бір адреспен
алмастыру арқылы жүзеге асады. Бұл амал веб-ресурстарға кіруге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар прокси-серверді қолдану Интернеттегі жүмыс істеу жылдамдығын жылдамдатады, алайда ол
керісінше де болуы мүмкін. Ол прокси-серверге байланысты болады.
Прокси-серверді қолдану үшін алдымен оның адресін және порт нөмірін табу керек. Оны
таныстарыңыздан сұрап көріңіз, мүмкні олар нақты жұмыс істейтін прокси-сервердің адресі мен
порт нөмірін білетін болар. Ал білмесе -Интернеттегі іздеу программаларында «прокси-сервер»
сөздерін теріп табылған адрестерді қарасаңыз болады.
Алайда мынаны ескерген жөн, табылған адрестердің көбі жұмыс істемейді. Прокси-
серверлердің қайсысы жұмыс істейтінін өз күшіңізбен тексеруге болады, бірақ ол өте көп уақытты
талап етеді. Ол үшін арнайы утилиттерді пайдалануға болады. Оларды Интернеттің өзінен табуға
болады. Утилиттердің жұмысы қарапайым, прокси-сервер адрестерінің тізімін енгізгеннен кейін
көп ұзамай олардың істеп тұрғандарының тізімі бөлек шығады.
Интернетке прокси-сервер арқылы шығу үшін браузерді алдын ала теңшеп алу керек. Мысал
ретінде
Internet
Explorer
параметірлерін
теңшеуді
қарастырайық.
Басты
менюден
Сервис
Свойства обозревателя командаларын таңдап пайда болған терезеден Подключения
бөліміне өтеміз.
Подключения бөліміндегі Настройка батырмасын басамыз.
Нәтижесінде Интернет Параметры терезесі пайда болады.
Прокси-сервер режимін іске қосу үшін, прокси-сервер аймағында Использовать прокси-
сервер для этого подключения (не применяется для других подключений) деген жерге жалауша
қоямыз. Сол сәттен бастап Адрес және Порт аймақтары ашылады. Пернетақтаның көмегімен
қажетті прокси-сервер қолданатын IP-адрес пен порт нөмірін енгіземіз.
Порт жолағының оң жағындағы Дополнительно батырмасының арқасында прокси-сервердің
қосымша параметірлерін өзгертуге мүмкіндік аламыз. Батырманы басқаннан кейін экранда терезе
пайда болады.
Бұл терезе екі аймақтан тұрады: Серверы және Исключения.
Серверы аймағында әр-бір протоколға бөлек прокси-сервер белгілеуге болады. Ол үшін Один
прокси-сервер для всех протоколов деген жерден жалаушаны алып тастап прокси-сервер
қолданатын IP-адрестер мен порттарды енгізу керек. Үнсіз жағдайда жалауша қоюлы тұрады, ал
өзгерту енгізгенге тек НТТР жолағы ғана жарамды болады.
Исключения айманыда прокси-серверді қолданбайтын веб-адрестер тізімін жасауға болады.
Бекіту сұрақтары:
1.
Ақпараттық кауіптерге карсы әрекеттер қандай?
2.
Қорғау пәні дегеніміз не?
3.
Қорғау құралдарын атаңыз.
4.
Прокси-сервер деген не және оны қалай қолданады?
Дәріс 9. Ақпаратты қорғау есептерін шешуге қажетті қорғау элементтері мен
объектілерінің сипаттамаларын анықтау. Ақпаратты қорғау жүйесін моделдеу әдістерін
жіктеу және жалпы талдау. Айқын емес жиындар теориясының негіздері.
Мақсаты: Ақпаратты қорғау жүйесін модельдеу әдістерін жіктеуді және талдауды оқып
үйрену.
Жоспар:
- Анонимайзерді қолдану;
- Ақпаратты қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету құралдары;
- Ақпаратты қауіпсіздендіруді камтамасыз ету әдістері.
Анонимайзерді қолдану. Прокси-сервермен қатар кең қолданысқа енген анонимайзер.
Анонимайзер-негізінен прокси-севрердің бір түрі. Бірден-бір айырмашылығы анонимайзерді