Сұрақтар мен тапсырмалар:
ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.
шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.
жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының артықшылығын түсіндіріңдер.
Дәріс№11 Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.
Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.
Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.
Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.
Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.
Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.
Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.
Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |