Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет44/56
Дата29.01.2020
өлшемі1,88 Mb.
#27616
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56

90 
 
Scheme 1. 
 
 
 
 
 
In accordance with the data obtained at the first stage, the choice of exercises reflected the structure of the 
child's  defect:  with  the  predominant  disturbance  of  the  sound  structure,  the  exercises  from  the  second 
block  (the  rhythmic  ones)  prevailed.  If,  however,  the  diagnosis  revealed  a  predominant  violation  of 
syllabic structures, then the music-rhythmic forms were included in the individual program of the child. 
The analysis of the results of the forming and control experiments will be published in the next article. 
 
 
Used literature: 
1.  G.Volkova. «Logopedic Rhythmics», М., 1985 
2.  A.Mukhina .  ««Speech-and-movement Rhythmics»,  М.: Astrel,2008 
3.  Arkhipova E.F. «Styortaya disartria u detey», М.:АСТРЕЛЬ, 2008Г. 
4.  Steiner «Die Gesunde Entwicklung körperlich-physisch wie die Grundlage der freien Erscheinungsform 
herzlich-geistig:  das  Kind  von  sieben  bis  zu  zehn  Jahren:  die  Pädagogik  und  die  Didaktik»  -  Kaluga, 
1998 
                                                 
 
 
 
 


91 
 
УДК: 376,2 
МРНТИ: 14.29.27 
 
Кудушева Н.А
1
., Булабаева С.Т

 
1
Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты «Жалпы және 
қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы 
2
Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты «Арнайы білім 
беру» кафедрасының  оқытушысы 
 
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ 
ДАКТИЛЬДІК ФОРМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аңдатпа 
Есту қабілетінің бұзылысы өз көрінісін әрдайым айқындап отыратын фактор, осыған орай аталмыш 
балалардың  сөйлеу  тілінің  қалыптасу  мен  дамуы  өзіндік  сипатқа  ие.  Есту  қабілетінің  зақымдалуы,  тек 
сөйлеу тіліне ғана зиянын тигізіп қана қоймай, барлық психикалық үрдістерінде өз таңбасын қалдыратыны 
мәлім. Сондықтан ауытқушылықты ерте анықтап, осы мәселені ерте қол тізгініне алу, екінші бір кемістіктің 
алдын  алуға  жағдай  жасайды.  Мақалада  есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін 
қалыптастырудың  көмекші  құралы  болып  саналатын  дактильдік  сөйлеу  тілі  формасының  оқу  процесінде 
қолдану мәселелері қарастырылған. 
Кілттік сөздер: сөйлеу тілінің дактильдік формасы, естуқабілеті зақымдалған балалар 
 
Аннотация  
Кудушева Н.А., 
1
Булабаева С.Т

 
1
КазНПУ имени Абая, , институт педагогики и психологии, кафедра  «Общей и прикладной 
психологии»,  старший преподаватель 
2
КазНПУ имени Абая, , институт педагогики и психологии, кафедра  «Специального образования»,  
преподаватель 
 
Вопросы использования дактильной формы речи в обучении детей с нарушениями слуха 
Нарушение слуха у детей является фактором, который всегда проявляет свои особенности. В связи с 
этим, формирование и развитие речи у детей с нарушениями слуха имеют свои специфические особенности. 
Известно, что нарушение слуха влияют не только на речь, но и на психическое развитие ребенка, поэтому 
раняя  диагностика  помогает  предотвратить  проявление  вторичнего  дефекта.  В  статье  рассматриваютсяся 
вопросы  использования  дактильной  формы  речи,  которые  являются  вспомогательным  средством 
формирования устной речи у детей с нарушениями слуха.  
Ключевые слова: дактильная форма речи,  дети с нарушениями слуха 
 
Abstract 
Kudusheva N.A
1
, Bulabayeva S.T.

1
Kazakh National Pedagogical University named after Abay, Institute of Pedagogy and Psychology, 
Department of General and Applied Psychology, Senior Lecture 
2
Kazakh National Pedagogical University named after Abay, Institute of Pedagogy and Psychology, 
Department of "Special Education", Lecture 
Questions of using the doctella form of speech in the training of children with hearing disorders 
          Hearing  impairment  of  children  is  a  factor  that  always  shows  its  own  characteristics.  In  this  regard,  the 
formation  and  development  of  speech  of  children  with  hearing  impairments  have  their  own  specific  features.  It  is 
known  that  hearing  impairment  affects  not  only  speech,  but  also  mental  development  of  the  child,  so  the  early 
diagnostics help prevent the manifestation of a secondary defect. The article considers the use of the dactyl form of 
speech, which is an auxiliary tool for the formation of oral speech in children with hearing impairment. 
Keywords: dactyl form of speech, children with hearing impairments 
 
 
       Ауызша сөйлеу тілі баланың күнделікті іс  – әрекетіндегі қарым – қатынас процесінде өзіндік 
қолданысқа  ие  болған  жағдайда  ғана  қарым  –  қатынас  пен  танымның  әрекет  етуші  құралы  бола 


92 
 
алады.  Дегенімен,  бұл  жердегі  іс  –  әрекеттің  өзі  баланы  ауызша  сөйлеу  тілін  қолдануға 
итермелейтіндей  болып, дұрыс  ұйымдастырылуы керек.  Осыған  орай,  есту  қабілеті  зақымдалған 
балаларды коммуникациялық жүйеге оқытудың негізі қарастырылуда. «Коммуникациялық жүйеде 
сонымен қатар, сөздік қормен жұмыс, грамматикалық құрылыммен жұмыс, кезекті ағыммен жаңа 
сөздердің  мағынасын  түсіндіре  отырып  енгізу  бойынша  жұмыстар  қарастырылуда»  (С.А.Зыков, 
1977,  47б)  [6;  7;  14].  Мінеки,  бірнеше  ғасырлардан  бері    есту  қабілеті  зақымдалған  балаларды 
оқыту әдістемесінің құрылымына енген сөйлеу тілінің дактильдік формасының қолданысы бүгінгі 
таңға  шейін  өз  болмысын  жалғастырып,  қолданыс  ауқымын  кеңейтіп  келеді.  Алфавит  әріптерін 
шығаратын  саусақ  белгілерінің  жүйесі  өз  бастауын  латын  алфавиттерінен  алғандығы,  оның 
қолданысының  дұрыс-бұрыстығына,  болмысына  қатысты  сан-қилы  ойлар  көп  жылды  қамтитын 
бүтін  тарихи  жүйелер  тізбегі  болып  келеді.                    Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларды  ана 
тілімізде  арнайы  оқыту  мәселелері  бүгінгі  күнге  дейін  Кеңес  сурдопедагогикасының  жалпы 
теоретикалық  ұстанымдарына  арқа  сүйейтіндігі  баршамызға  мәлім.  Ал  төл  тілімізге  оқытудың 
мазмұны, қағидалары мен фактілік материалын жіктеу әрине ана тіліміздің ерекшелігіне негізделіп 
келеді. Дактилологияны қолдану мәселесі есту қабілеті зақымдалған балаларды арнайы оқытудың 
заманауи әдістемесінің құрамына кіретін болғандықтан, қазақ тілінің дактильдік альфавитін қайта 
қарастыру мен өңдеу білікті елдің білікті маман иелерін даярлаудағы заман талабы болып отыр. 
Себебі, әсіресе арнайы мектепте оқытудың оңтайлы жолын табу таптырмас нәтиже болып келеді. 
Ал,  біз  қозғап  отырған  дактилология  мәселесінің  өзі  есту  қабілетізақымдалған  балаларды 
оқытудың  бастапқы  кезінде  шынайы  ауызша  сөйлеу  тілін  қалыптастырудың  оңтайлы  көмекші 
құралдарының бірі болып танылады. 
     Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларды  оқытудың  коммуникациялық  жүйесін  іске  асырып,  оны 
баланың мектептегі алғашқы күнінен бастап орнатуда дактилология шынайы  қолдауға ие болды. 
Осыған  орай,  С.А.  Зыков  «сөйлеу  тілінің  дактильдік  формасының  басты  маңыздылығы:  оның 
қолданысы  әлеуметтік  тұрғыда  компенсациялау  мәселесін  шешу  жолындағы  орны»,  -деп  атап 
өткен. Бірақ,  оңтайлы жол  ретіндегі  дактилологияға деген  бұндай  қарым  –  қатынас  айтарлықтай  
ұзақ жылдар бойы қарастырылып келген болатын [15; 16]. 
     Қалыпты  еститін  тұлғалардың  сөйлеу  тілі  қарым  –  қатынас  процесесіне  тікелей    байланысты 
екенін  білеміз,  ал  есту  қабілеті  зақымдалған  тұлғалардың    сөйлеу  тілінің  дамуы  үшін  аталмыш 
«шынайы»  жол  мүмкін емес  немесе  шектеулі  болғандықтан,  олар  ауызша сөйлеу  тілін  толықтай 
меңгере алмайтындықтан, тек көруге сүйене, еліктей отырып, өз бетінше олар ауызша сөйлеу тілін 
шығара алмайды. Сондықтан, есту қабілеті зақымдалған балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру үшін 
барынша жағдайларды жасау керек. Яғни, сөйлеу тілін толыққанды қабылдаудың негізінде еліктеу 
арқылы сөйлеу тілін шығаруға мүмкіндік беретін жағдайларды іздестіру қажет [1;2] 
     Қимыл  –  қозғалыс    және  көру  анализаторларын  іске  қосуға  негізделген  сөйлеу  тілінің 
дактильдік  формасы  есту  қабілеті  зақымдалған  балаларға  ауызша  сөйлеу  тілін  оңай  әрі  тез 
түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар оны қатынас барысында белсенді қолдануға 
да мүмкіндік береді.Бұл жағдай баланың жалпы дамуына өз ықпалын тигізіп, ауызша сөйлеу тілін 
қолдануға итермелейтін факторлардың бірі болып танылады. 
     Біз  білетініміздей,  балаларды  ауызша  сөйлеу  тіліне  үйрету  сурдопедагогикалық  процестің 
басты 
мақсаттарының 
бірі  болып 
табылады. 
Соған  орай,  аталмыш 
балалардың 
ауытқушылықтарының  сипатына  орай,  бұл  үрдіс  еріннен,  бет-әлпеттен  оқу,  қол-қимыл 
бейнелеріне  сүйену  сияқты  синонимдерге  тұспа-тұс  келеді.  Сөйлеу  тіліне  оқытудың  барлық 
коммуникативті  жүйесінің  ең  жетекші  үрдісі  әрекет  пен  байланысқа  тікелей  байланысты. 
Сондықтан сурдопедагогикалық процесте ойын, оқу, еңбек сияқты іс-әрекеттер әрдайым орнымен 
қолданылып отырады. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруға деген жолды аз да болсын жеңілдету 
үшін  сөйлеу  тілінің  дактильдік  формасын  қолдану  тілдік  байланыстарды  жүзеге  асыруға 
байланысты.  Бірақ,  есту  қабілеті  зақымдалған  балаларды  сөйлеу  тілінің  дактильдік  формасына 
үйрету  өзіндік  жеке  мақсат  емес,  ол  тілді  меңгеру  процесін  жеңілдетуге,  әрі  жеделдетуге 
бағытталған шара болып табылады. 
     Есту  қабілеті  зақымдалған  оқушыларды  сөйлеу  тілінің  дактильдік  формасына  үйрету  сөздік 
қорды  жинақтап,  сөздің  құрылымын  меңгеруге  ықпал  ететіндігін  Л.М.Быков  пен  Г.Л.Зайцева 
сияқты ғалымдар атап өткен болатын [3]. 
     Бүгінгі  таңда  сөйлеу  тілінің  дактильдік  формасына  үйрету  сабағы  есту  қабілеті  зақымдалған 
балаларға арналған мектептегі кез-келген сабақ сияқты жалпы дидактикалық талаптарға сүйенеді. 
Мұнда  сабақтың  тақырыбын  айқындайтын,  мұғалімнің  баяндауы  мен  оқушылардың  іс-әрекетін 
ұйымдастыратын  сөздер  мен  фразалар  бастапқыда  тілдік  материалы  бар  кестелерге  тікелей 


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау