«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілді
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма отырысының 2012 жылғы 5 шілдедегі
№ 29/12 хаттамасына қосымша
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының
шешімімен (2014 жылғы 25 шілдедегі
№ 35/14 хаттама) енгізілген өзгеріспен;
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының
шешімімен (2016 жылғы 18 сәуірдегі
№ 12/16 хаттама) енгізілген
өзгерістермен
«Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу мәселелері бойынша
шағымдарды қарау жөніндегі комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Осы «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу мәселелері бойынша шағымдарды қарау жөніндегі комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2016 жылғы 28 қаңтардағы № 126 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) сәйкес әзірленді.
Ереже Сатып алу мәселелері бойынша шағымдарды қарау жөніндегі «Самұрық-Қазына» АҚ комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, оны құру тәртібін, негізгі міндеттері мен функцияларын, құрамын, отырыстарын шақыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ шағымдарды қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды айқындайтын құжат болып табылады.
Комиссия тұрақты қызмет жасайтын, алқалы орган болып табылады.
Комиссия «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен құрылады және оған есеп береді.
Комиссия осы Ережеге сәйкес Сатып алу қағидаларында берілген өкілеттіктер шеңберінде қызмет етеді.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Сатып алу қағидаларын, осы Ережені және Қордың өзге де құжаттарын басшылыққа алады.
Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Қор – «Самұрық-Қазына» АҚ.
Холдингтің ұйымы - дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызына Қор тікелей немесе жанама түрде иелік ететін заңды тұлға.
Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қор Басқармасы белгіленген тәртіппен айқындаған еншілес ұйым.
Комиссияның жұмыс органы – Холдинг ұйымдарының сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін Қордың құрылымдық бөлімшесі.
Комиссия қызметінің мақсаты
Комиссияның негізгі мақсаты Сатып алу қағидалары нормаларының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Комиссияның және Комиссияның жұмыс органының
негізгі функциялары
9. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Комиссия мынадай функцияларды:
сатып алу қорытындылары жөніндегі әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) шағымдарына Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жүргізген тексеруінің қорытындылары бойынша Холдингтің әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) мен ұйымдарының қарсылықтарын қарауды;
Сатып алу қағидаларын сақтауға қатысты Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның Холдингтің ұйымдарына жүргізген жоспарлы тексерісінің қорытындылары бойынша тексеру актісіне Холдингтің ұйымдарының қарсылықтарын қарауды;
Сатып алу қағидаларының 73-тармағы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес өткізілмеді деп танылған сатып алудың қорытындыларын тексеру нәтижелері бойынша айқындалған Сатып алу қағидалары нормаларының бұзылуы бойынша сатып алу қорытындыларының күшін жою қажеттілігі туралы Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тұжырымын қарауды орындайды.
10. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды:
1) Комиссия шешімдерінің уақытында орындалуын бақылауды;
2) Комиссия шешімдерінің орындалмау және/немесе уақытында орындалмау фактілері туралы Комиссияға хабарлауды жүзеге асырады.
Комиссияның құрамы
11. Комиссия 3-тен (үш) кем емес адамнан тұруы тиіс.
12. Комиссияның қызметін басқаруды Комиссияның төрағасы жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
13. Комиссияның отырыстарына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың (одақтың) және партиялардың өкілдері, сондай-ақ Холдинг ұйымдарының өкілдері, Қордың қызметкерлері шақырылуы мүмкін.
Комиссия отырыстарын өткізу және онда шешім қабылдау тәртібі
14. Комиссия отырысында қарауға арналған материалдарды (бұдан әрі – материалдар) Комиссияның жұмыс органы қалыптастырады.
Комиссияның қарауына шығарылатын құжаттардың материалдарымен электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы танысуға рұқсат етіледі.
15. Материалдар мыналарды:
- ұсынып отырған мәселе бойынша қажетті ақпаратты (әлеуетті өнім берушінің өтінішінің көшірмесін, Холдинг ұйымының түсіндіме жазбасын, Тексеру актісін, Холдинг ұйымының тексеру актісі бойынша қарсылықтарын), сондай-ақ мәселені қарау үшін шақырылған адамдардың тізімін;
- әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның тұжырымын;
- өзге де қажетті материалдарды қамтуы тиіс.
16. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай белгіленеді.
17. Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем емесі бар жағдайда Комиссия шешім қабылдайды. Комиссияның шешімдері отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. тең дауыс болғанда - тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Комиссияның отырысы ішкі тәртіппен өткізілуі тиіс.
Комиссия мүшесінің өкілеттіктері берілген өзге адамның жоқ адамды өзара алмастыруы Комиссияны құру туралы бұйрықта алдын ала қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Комиссия мүшесінің өзге адамдарға, оның ішінде Комиссияның өзге де мүшелеріне дауыс беру құқығын табыстауына рұқсат етілмейді.
Комиссия шешімді жұмыс органына (Қорға) материалдар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұжырым түрінде отырыстың қорытындысы бойынша қабылдайды.
Комиссияның шешіміне Холдингтің әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) мен ұйымдарының шағымы түскен жағдайда Қор Басқармасы төрағасының тапсырмасы бойынша өтініште көрсетілген фактілер қаралатын Комиссияның отырысын қайтадан өткізуге рұқсат етіледі.
Комиссия отырысының қорытындысында мыналар:
1) отырыс өткізілген күні, орны және уақыты;
2) Комиссияның күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға қатысқан Комиссия мүшелерінің тізімі, сондай-ақ Комиссияның отырысына қатысушы өзге де адамдардың тізімі;
3) қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Комиссия отырыстарының қорытындыларына Комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. Комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және Комиссия шешімдер қабылдаған кезде оның дауыс беруге құқығы жоқ.
Сатып алу қағидаларына сәйкес Қор отырыстың қорытындылары бойынша Комиссияның қорытындысы негізінде шешім қабылдайды. Қордың тапсырмасымен отырыстың қорытындылары бойынша Комиссияның қорытындысы негізінде Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Холдинг ұйымдарына тиісті хатты жібереді.
Қол қойылған қорытынды мен Комиссияда қаралған мәселелер бойынша материалдардың түпнұсқалары Комиссияның жұмыс органында сақталады және іске тігіледі. Хаттаманың көшірмелері талап ету бойынша Комиссияның төрағасы мен барлық мүшелеріне, Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне табыс етілуі мүмкін.
Комиссияның жұмыс органының істер номенклатурасында көрсетілген сақтау мерзімі өткен соң Комиссияның хатшысы барлық істерді іс жүргізу мәселелері реттелетін Қордың ішкі құжаттарына сәйкес қабылдау-тапсыру актісі негізінде Қордың мұрағатына тапсырады.
Қорытынды ережелер
Осы Ереже, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қор Басқармасының шешімімен бекітіледі.
Осы Ережеде реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Сатып алу қағидаларымен, сондай-ақ Қордың өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |