Акционерлік қоғам



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет2/23
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 

Түйіспелі  емес  аппараттарда    ажырағыш  және  сырғанағыш  түйіспелері 



болмайды.  Бұл  аппараттар  басқаруды  өзінің  электр  параметрін  өзгерту 

арқылы іске асырады; 

в) түйіспелі аппараттар автоматты және автоматты емес болуы мүмкін. 

Автоматты  аппараттар  тізбектің  немесе  машинаның  берілген  жұмыс 

тәртібі  арқылы  іске  қосылады.  Автоматты  емес  аппараттар  оператордың 

көмегімен іске қосылады. 

Бір топтың немесе типтің шегінде аппараттар бөлінеді: 

а) кернеуіне байланысты – төмен кернеулі  (1000 В дейін) және жоғарғы 

кернеулі (1000 В жоғары);  

б) токтың түрі бойынша – тұрақты токты, өндірісті жиіліктегі айнымалы 

токты және жоғарғы жиіліктегі айнымалы токты; 

в) қоршаған орта әсерінен қорғауына байланысты  – ашық орындаулы , 

әр түрлі шашыраудан, жарылыстан, т.б. сақтайтын. 

г)  жұмыс  атқару  әдісіне  қарай  –  электромагниттік,  магнитті  электр, 

жылулық, индукциялық және т.б.;  

д)  басқа  факторларға  байланысты    (тез  әсер  етуіне,  доғаны  сөндіру 

әдісіне,т.б. байланысты). 

Электр 


аппараттарына 

қойылатын 

негізгі 

талаптар. 

           Электр  аппараттарына  қойылатын  негізгі  талаптар  әр  түрлі  және 

аппараттың қолдану шартына және пайдалануына байланысты болып келеді.  

Аппараттың белгілі бір типіне байланысты болып келетін спецификалық 

талаптардан  басқа  аппараттар  мынандай  ортақ  талаптарды  қанағаттандыруы 

қажет: 

а)  кез  келген  аппарат  жұмыс  кезінде  бойымен  электр  тогы  жүргенде 



қызады, нәтижесінде аппараттың температурасы берілген аппарат және оның 

бөлшектеріне рұқсат етілген өлшемнен асып кетпеуі қажет; 

б)  әрбір  электр  тізбегінде  қалыпты  емес  (асқын  жүктеме)  және 

авариялық  (қысқа  тұйықталу)  жұмыс  режимі  болуы  мүмкін.  Бұл  режимдегі 

аппарат бойымен өтетін ток аппапараттың номиналды тогының  мәнінен асып 

кетпеуі  қажет.  Мұның  өзінде  аппарат  көптеген  термиялық  және 

электрдинамикалық  әсерлерге  ұшырайды,  бірақ  аппарат    оның  әрі  қарайғы 

жұмысына кедергі болатын деформацияға төтеп бере алуы қажет

в) әрбір электр аппараты белгілі кернеуі бар тізбекте жұмыс істейді, бұл 

тізбекте  кернеудің    асып  кетуі  де  мүмкін.  Бірақ  аппараттың  электр 

оқшауламасы аппараттың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет;  

г) аппараттың түйіспелері жұмыс режимдерінің барлық  токтарын қосып 

-өшіру қабілетіне ие болуы қажет

д)  әрбір  электр  аппаратқа  белгілі  жылдам  әсер  етуіне,  сенімділігі  мен 

жұмыс істеу дәлдігіне байланысты талаптар қойылады

е) кез келген электр аппараты мүмкіндігінше ең аз көлемді, аз салмақты, 

төмен  бағалы,  құрылысы  бойынша  қарапайым,  қызмет  көрсетуде  ыңғайлы 

және өндірісте технологиялы болуы қажет. 

Аппарат құрылысында қолданылатын негізгі материалдар. 



 

Аппарат  құрылысында  қолданылатын  негізгі  материалдарды  келесі 



топтарға бөлуге болады: 

а) өткізгіш материалдар – мыс, алюминий, болат, латунь және т.б.; 

б)  ферромагнитті  материалдар  -  әр  түрлі  қалыптағы  болат  магнит 

өткізгіштеріне арналған балқымалар

в) оқшаулаушы материалдар – ток откізетін бөліктердің бір-бірінен және 

жерлестірілген бөліктерінен электрлі оқшаулаға арналған

г) доғаға төзімді оқшаулаушы материалдар – астбест, керамика, доғаны 

сөндіретін камераларға арналған пластмассалар

д) жоғарғы кедергілі балқымалар - әр түрлі кедергіні тудыруға арналған. 

е)  түйіспелі  материалдар  –  күміс,  мыс,  қызған  денелердің  сызықты 

ұзаруын пайдаланатын материалдар; 

и)  конструкциялық  материардар  –  материалдар,  пластмассалар, 

аппараттарға және оның бөлшектеріне белгілі форма беруге және бөлшектерді 

жасауға арналған оқшаулаушы материалдар. 

Аппарат  құрылысындағы  техникалық  прогресс  жоғарыда  көрсетілген 

материалдардың сапасымен анықталады. 



 

2 дәріс. Электр аппараттардағы электр динамикалық күштер 

 

 



Д

әрicтi


ң  мақсаты:  электродинамикалық  күштердің  пайда  болуын  және 

есептеу әдістерімен студенттердi таныстыру. 

 

Қалыпты пайдалану жағдайларында электрдинамикалық күштер, әдетте, 



шағын сондықтан  аппараттарға  қандай да бір ақаулар келтiрмейдi. Алайда, 

қысқа тұйықталу кезiнде бұл күштер өте үлкен мәндеріне жетіп  аппараттың   

жекелеген  бөлшектеріне  ғана  емес,    бүкіл  аппаратқа    деформация  немесе 

қирату  тудыруы  мүмкін.  Бұл  мән-жай    аппараттың  немесе  оның  жекелеген 

тораптарының  электродинамикалық  тұрақтылығын  есептеуін    талап  етеді, 

 яғни


  ықтимал  пайдалану  жағдайларында  (немесе  берілген)  қысқа  тұйықталу 

тогының өтуін шыдау қабілетін анықтау. Аппараттардың  габариттерін азайту 

мақсатымен  ток  өткізгіш  бөліктері    бір-біріне  жақын  орналастырады,  сол  

себебiмен мұндай есеп әсіресе қажет. 

Апериодты құрамдас бөлiгi болмаған кезде айнымалы ток токтың күші 

мен бағыты  синусоида заңы  бойынша өзгеруі себебімен электродинамикалық 

күші де айнымалы мәнді болады . 

Жеңілдету  үшін  электр  аппаратының  түрлі  бөліктерінде  тұрақты  токта  

туындайтын  электрдинамикалық  күштердi  қарастырайық.  Бұдан  әрі,  электр 

аппаратқа  әкелетiн  олардың  әсерін    әртүрлі    жағдайларда 

 үш

фазалы 


айнымалы ток кезiнде бағайлайық.  

Электродинамикалық күштердің (ЭДК) пайда болуы.  

Индукциясы  В  ,  магнит  өрісінде    орналасқан  ұзындығы  l  токпен  орай 

ағу  тіке  сызықты  өткізгішке  (2.1-сурет)    келесi    механикалық  күш 

 әрекет 

етедi: 



жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау