14
байқалады. Түйіспенің қызу нәтижесінде түйіспе материалының жеке
кедергісі, сәйкесінше өтпелі кедергісі арта түседі.
Сонымен қатар, түйіспе температурасының өсуі бетте өтпелі кедергіні
жоғары дәрежеде арттыратын тотығудың қалыптасуына ықпал етеді. Және
температураның жоғарлауы кезінде жанасу бетінің ұлғаюына байланысты
түйіспе материалы айтырлықтай жұмсарады. Жалпы алғанда бұл процесс
түйіспелерді бүлдіреді немесе оларды дәнекерлеуге алып келеді. Мысалы,
соңғысы ашылатын түйіспелер үшін өте қауіпті, өйткені осы түйіспеге ие
аппараттар тізбекті өшіре алмайды. Сондықтан да түйіспелердің әртүрлі
типтері үшін олардың бойымен көп мөлшерде ток берілген жағдайға рұқсат
етілген белгілі бір температура бекітілген.
Қызуды төмендету үшін металл түйіспелерінің массасын және жылу
ығысуды арттыратын олардың салқындату бетін арттыруға болады. Өтпелі
кедергіні азайту үшін түйіспе қысымын арттырып, материал мен түйіспенің
сәйкес түрін таңдау қажет. Мысалы, ашық контактілер сыртқа пайдалануға
арналған, оны әлсіз тотықтанатын материалдардан жасау керек немесе
олардың бетін коррозияға қарсы қабатпен жабу қажет. Мұндай материалдарға
түйіспелік бетті жабатын күміс жатады. Ашық емес мыс контактілерді
қалайымен жалатуға болады (қалайы жалатылған беттің тотығуы қиын). Осы
мақсатта түйіспелік бетті жабуда вазелин сияқты жақпалар қолданылады.
Майға батырылған түйіспелер тотығудан басқа ешбір шараларсыз жақсы
сақталады. Бұл майлы ажыратқыштар қолданылады.
Кез келген типтегі түйіспелер қалыпты пайдалану жағдайларында
рұқсат етілмеген қыздырусыз ұзақ жұмысты қамтамасыз етіп қана қоймай,
қысқа тұйықталу кезінеде талап етілетін термиялық және электрдинамикалық
тұрақтылықты да қамтамасыз етуі керек. Жылжымалы ашық түйіспелер
олардың ашылуы кезінде пайда болатын электр доғасының жоғары
температурасы әсерінен бүлінбеуі керек және қысқа тұйықталу кезінде
балқып, еріп кетпей оңтайлы түрді тұйықталулары шарт. Жоғарыда
қарастырылған шаралар осы талаптардың жүзеге асуына ықпал етеді.
Электр доғасының әрекетін бұзушы әсерлерге құрамында вольфрам
немесе молибдені бар ұсақталған мыс және вольфрам ұнтақтары бар күмістен
тұратын металл керамикалы түйіспе өте жақсы кедергі болады. Мұндай
жалғау мыс немесе күмісті пайдаланғандықтан жақсы электрөткізгіштікке
және вольфрам немесе молибденді қолданғандықтан балқытудың жоғары
температурасына ие.
Электр қондырғыларындағы және электрлік аппараттарындағы
түйіспенің негізгі конструкциясы.
Жылжымайтын (қатты) жабық түйіспелік жалғаудың конструкциясы
түйіспелік беттердің қатты бекітілуін және минимальды ауыспалы кедергіні
қамтамасыз етуі керек. Шиналарды бір үлкен болтпен жалғағанша, диаметрі
кіші бірнеше болттармен жалғаған дұрыс, өйткені ол жанасудың бірнеше
нүктесін қамтамасыз етеді. Шиналарды тарту барысында шинада саңылау
бұрғылауды қажет ететін өтпелі бұрандарды пайдалануға қарағанда
15
накдалкаларды пайдаланса ауыспалы кедергі төмен болады. сырманың шина
тесіктерін болттар бұрғылауға қарағанда, накладкалармен шинаны тарқан
кезде кедергі жоғарырақ болады. Түйіспелі жалғаудың жоғары сапасын
шинаны дәнекерлеу береді.
Жылжымалы ашық контактілер-коммутациялық аппараттардың негізгі
элементі. Барлық түйіспелер үшін жалпы талаптармен қоса олар доға
төзімділікке, қысқа тұйықталу болған жағдайда тізбекті мүмкіндігінше
жылдам өшіріп қосу қабілетіне ие болу керек, сондай-ақ механикалық залал
келтiрмей қосу, ажырату операцияларын белгілі бір мөлшерге дейін атқаруы
керек.
Контактінің қарапайым түрі - тегіс кесу. Қосу барысында жылжымалы
пышақ жылжымайтын серпім еріндерінің арасына енеді. Мұндай жалпақ
түйіспенің кемшілігі түйіспелік беттің жанасуы бет тегіс болмағандықтан
бірнеше нүктеде болғандығында.
Пышақ жолақтарында сызықты түйіспелерді алу үшін жартылай
цилиндрлік дөңестер
тесіледі, ал жолақтардың қысылуын арттыру үшін болат
бұрандалы скобтар пайдаланылады.
Саусақты өздігінен орнатылатын түйіспенің түйіспелік бөлігі саусақ
түрінде, табақша табақша түрінде, торцты - жалпақ ұштық (наконечник)
түрінде, ал розеткалы-ламельдер (сегмент) түрінде, щеткалы – жұқа, мықты
мыс немесе қола пластинадан жасалған.
Бұл
көрестілген
контактілердің
бөліктерінің
(бөлшектері)
конструкциясы қатарында жылжымайтын контактілерге қатысты шектеулі
түрде өз күйлерін өзгертулері мүмкін. Олардың сенімді электр байланысын
қамтамасыз ету үшін икемді өткізгіш байланыстар қарастырылған.
Ашық контактілердің серпімділігіне және қажетті қысым күшіне әдетте
пластина
немесе
серіппелер
арқылы
қол
жеткізуге
болады.
Саусақты және розеткалы контактілер 1000 В жоғары кернеулі
құрылғыларда әртүрлі токтар жұмысшы және доға өшіру мақсатында, ал
пластиналы түрі – жұмысшы ретінде колданылады. 110 кВ және одан жоғары
кернеулі құрылғыларда торцты контактілер, ал тогы 1-1,5 кА құрылғыларда
электр жұмысшы және доға өшіргіш ретінде орналастырады. Электр доғасы
салыстырмалы жұқа щетка тақтайшаны зақымдауы мүмкін, өйткені щеткалы
контактілер тек жұмыс қарым-қатынас ретінде, әртүрлі кернеулер және ірі
токтар үшін құрылғыларда пайдаланылады.
5 дәріс. Аппараттардың электрмагнитті механизмдері
Д
әрicтi
ң мақсаты: электрмагнитті механизмдерiнің арналуымен,
түрлерiмен,
құрылғысымен,
сипаттамасымен,
қолдануымен, жұмыс істеу
әрекеттерiмен оқушыларды таныстыру.
Электрмагнитті механизм электрлік аппарат құрылысында және
айналым контакты жүйесі ретінде де, мысалы, контакторлар, релелер, қосқыш
және т. б., және электр магнитті күшейткіш тудыратын құрылғы, мысалы,