Академиясы



жүктеу 0,59 Mb.
бет5/7
Дата20.11.2018
өлшемі0,59 Mb.
#22433
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

2) Мақсаты: Сақтық санитарлық қадағалаудың негізгі мақсаты мен міндетін айқындап, тағам нысандары құрылысының жобаларын гигиеналық сараптауға үйрету.

3) Дәріс тезистері: Тұрғындардың тамақтануын мемлекеттік санитарлық қадағалау ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелері қадағалайды.

ҚР санитарлық – эпидемиологиялық қызметінің негізгі кешенді мемлекеттік мекемелеріне санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау мекемелері жатады, олар өзі қызмет көрсететін аудандағы барлық санитарлық – гигиеналық және санитарлық – індетке қарсы шараларды жүргізеді. Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері болып бөлінеді. СЭҚБ-ның құрылымдық бөлімінің біріне тағам гигиенасы бөлімі жатады. Егер ондай бөлім болмаған жағдайда тұрғындардың тамақтануын тағам гигиенасы дәрігері қадағалайды.

Санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің сақтық санитарлық қадағалау бойынша құқығы мен міндетті «ҚР мемлекеттік санитарлық қадағалау ережесінде» көрсетілген.

Сақтық санитарлық қадағалау санитарлық дәрігердің тәжірибелік жұмысындағы маңызды бөлімі, ол қолданыстағы гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

1) Тағам өнеркәсібінің дамуын перспективті жоспарлау; ауыл шаруашылығына қажетті өніммен шикізатты жеткізетін өндірістің жеке салаларын, тамақ өнеркәсібі мекемелерін, қоғамдық тамақтану мен сату (пестицидтер, орау, буып – түю материалдары, қондырғылар, мүліктер және т.б.) жоспарлау; 2) тағам өндірісі жобаларына нормалар өңдеу; 3) тағам өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және сату, мекемелерін салуға жер телімдерін бөлу; 4) тағам өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және сату мекемелерінің салу мен қайта жаңартудың технологиялық жобалары мен жұмыс сызба нұсқаларына қолданыстағы санитарлық – гигиеналық және санитарлық – індетке қарсы нормалар мен ережелерден ауытқығанда, сонымен бірге бекітілген нормалар мен ережелер болмаған жағдайда келісім береді; 5) тағам өндірісі кәсіпорындары немесе жеке цехтардағы қондырғылар үшін ғимараттарды лайықтандыру; 6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның жұмыс тәртібін өзгерту, жаңа технологияны енгізу немесе өзгерту; 7) шығарылған азық – түліктер мен өнімдердің ассортименттерін өзгерту, жаңа шикізат түрлерін пайдалану немесе өнімнің рецептурасын өзгерту; 8) жаңадан салынған, қайта жаңартқан және қайта жабдықталған кәсіпорындарды іске қосу; 9) азық – түліктерді өндіретін, сақтайтын және тарататын жаңа технологиялық желілерді, агрегаттар мен машиналарды құрастыру және іске қосу; 10) жаңа азық-түлік түрлеріне, ыдыстар мен қораптарға стандарттар мен техникалық жағдайларды өңдеу; 11) азық-түліктің, ыдыстардың, жабдықтардың, орайтын материалдардың, тағамдық мақсатта қолданылатын технологиялық, мұздатқыш және сауда құралдарының жабуларын (покрытие) шығару; 12) пестицидтер мен жууға арналған заттардың және т.б. жаңа түрлерін қолдану.

Сақтық санитарлық қадағалауды жүргізу барысында тағам гигиенасы бойынша дәрігер келесі нормативтік құжаттар мен ережелерді басшылыққа алады: санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің жұмыстың осы бөлімі бойынша құқығын, міндеттері мен жұмыстың мазмұнын айқындайтын құжаттар; құрылысты жобалау бойынша нормативті құжаттар; санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес типтік жобалар; тағам нысандарының құрылғылары мен құралдарына арналған санитарлық ереже; азық – түліктер мен тағамдық шикізаттарға арналған қолданыстағы стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптары.


4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 11

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Сақтық санитарлық қадағалау дегеніміз не?

  2. Сақтық санитарлық қадағалаудың мақсаты мен міндеті неге байланысты?

  3. Сақтық санитарлық қадағалаудағы санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің міндеттері мен құқықтары қандай?

2




  1. Тақырыбы: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының орналасуына және жер телімдеріне қойылатын санитарлық талаптар.

  2. Мақсаты: Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының орналасуына, жұмыс жағдайларына, жұмыс жағдайларына, құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға және тамақты қаптап-ораушы заттарға қойылатын талаптар.

3) Дәріс тезистері: Нысандар оңаша тұрған және жапсырлас салынған ғимараттарда, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсырлас салынған үй-жайларда, алаңы 700 шаршы метрден артық болмайтын ғимараттардың бірінші қабаттары мен төменгі қабаттарында, сол сияқты өнеркәсіптік және басқа да нысандардың аумағында орналаса алады. Бұл жағдайда қоғамдық тамақтандыру нысандарымен қатар немесе олардың үстінде орналасқан нысандар адамдардың тұрмысы, дем алу, емделу, еңбек етуде санитарлық-гигиеналық жағдайлары нашарламуы керек.

Тұрғын үйлерде орналасқан нысандарда тұрғындарда бөлінген оқшауланған кіретін есігі мен эвакуациялық шығатын есіктері болуы керек. Азық-түліктік шикі заттар мен тағам өнімдерін тұрғын үйлердің ауласы жағынан қабылдауға рұқсат етілмейді. өнімдерді тиеу тұрғын үйлердің терезелері жоқ, жер асты туннелдерінің магистраль жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлары арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Өндірісі шағын нысандар үшін жүкті түсіру – тиеу негізгі кіретін есік арқылы, жұмыс басталарға дейін жүргізуге рұқсат етіледі.

Тұрғын үйлердің бірінші қабаты терезесінің астына, тротуарларға қоғамдық тамақтандыру нысандарының жазғы алаңдарын орналастыруға, тағам дағайындайтын технологиялық жабдықтарын, дыбыс шығаратын аппаратураларын орнатуға рұқсат етілмейді.

Нысандардың аумағы таза ұсталынып, көркейтіліп, қасында уақытша автокөлік қоюға арналған алаңдар қарастырылуға тиіс, қоқсықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді қоюға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң болуы керек.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының сумен қамту жүйелері мен канализациясы қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Су құбыры жоқ елді мекендердегі, шаруа қожалықтарындағы қоғамдық тамақтандыру нысандарын сумен қамтамасыз ету үшін, сумен қамту көздері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде таңдалуы тиіс.

Ыстық және суық су араластырғышы қондырылған барлық жуатын ванналарға және раковиналарға, керекті технологиялық жабдықтарға араластырғыш арқылы келтірілуі тиіс.

Тез қызмет көрсететін нысандар (павильондар, палаткалар, үстелдер) қоғамдық дәретханалар орналасқан орындардың маңына орналасуы тиіс.



Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының шығаратын өнімдерінің түр-түрі нысандардың түріне, қуатына, оған бөлінген үй-жайлардың жиынтығы мен оның мұздатқыштармен және технологиялық жабдықтармен жабдықталуына қарай қатаң сәйкестікте өңделеді. Қоғамдық тамақтандыру нысандары өздерінің өнімдерін шығаруын нормативті және технологиялық құжаттар негізінде қамтамасыз етеді.

Өндірістік үй-жайлар мен келушілерге арналған үй-жайлардағы микроклимат гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.

Өндірістік, көмекші және санитарлық-тұрғын үй-жайлар қолданыстағы санитарлық талаптарға сәйкес сорып-шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіштермен жабдықталуы тиіс.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы сору-шығару желдеткіштерін тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың желдеткіш жүйелерімен біріктіруге тиым салынады. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған қоғамдық тамақтандыру нысандарын механикалық жолмен жұмыс істейтін сору-шығару желдеткіштерімен жабдықтағанда шуға қарсы шаралар қарастырылуы керек.

Кондитерлік өнімдерді әзірлейтін үй-жайларға келетін желдету жүйесінің құрамына шаңсүзетін және бактерицидты сүзгі орнатылуы тиіс. Желдету жүйелерінің тесіктері майда көзді полимерлі тормен жабылуы тиіс.

Қызмет жасауға арналған үй-жайлар керек кезінде ауаны сорып айдайтын желдеткіштің автономды жүйесімен жабдықталады.

Жүк тиелетін үй-жайлар, дәліздер жылу беретін шымылдықпен жабдықталуы тиіс.

Ылғал, жылу және газдардың бөлу көзі болып табылатын жабдықтар және жуатын ванналар жергілікті сорып айдайтын желдеткіш жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

Салқын тағамдарды, дәмдерді, кремдерді және торттар мен пирожныйларды әзірлеу цехтарында солтүстік-батыс бағытын және күннің тікелей әсерінен қорғайтын құрылғыларды қолдану тиіс.

Өндірістік үй-жайларды және қоймаларды жарықтандыру үшін ылғал мен шаңнан қорғанышы бар шамдарды қолдану қарастыруы тиіс. Жұмыс орындарында жалтырауық орын болмауы тиіс. Шамдар пештердің, технологиялық жабдықтардың, турайтын үстелдердің үстінде орнатылмауы тиіс. Қажет болған жағдайда жұмысшы орындарында қосымша жарықтандыру көздері қарастырылуы тиіс.

Үй-жайлардың құрылымы мен оларды жұмыс бабында пайдаланған кезде қойылатын талаптар.

Үй-жайларды көлемді-жобалағанда және конструкциялық шешімдер шығарғанда технологиялық үрдістер кезінде болатын шикізаттың, жартылай дайын шикі өнімдердің және дайын өнімдердің, кір және таза ыдыстардың бір-бірімен қатыспауын және де қызметкерлер мен тұтынушылардың бір-біріне кедергі жасамауын ескеретін ағымдылықты қарастыруы тиіс.

Өндірістік үй-жайлардың қабырғаларына кем дегенде 1,8м биіктікті қаптайтын тақталар немесе ылғалды тазарту және зарарсыздандыру жұмыстарына төзетін басқа да материалдармен әрленуі тиіс, қойма бөлмелері ылғалға төзімді сырмен боялуы тиіс. Едендер соққыға төзімді, адам жүргенде сырғанамайтын материалдардан жасалады және тиейтін жолдардағы қоймалық және өндірістік үй-жайлардың табалдырығы болмауы тиіс. Шикі заттар мен азық-түлікті тиеу үшін қалқасы бар платформамен жабдықталуы тиіс.

Кондитер цехының өндірістік және көмекші үй-жайларының төбесі мен қабырғасын керегінше бояп отырған жөн, бірақ жылына бір реттен сирек болмауы тиіс. Тамақтанатын үй-жайлардың (залдардың) әрленуіне пайдаланған материалдар жууға және зарарсыздандыруға төзімді болуы тиіс. Үй-жайлардың ішін әрлеу үшін қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылады.

Салқын тағамдарды, жұмсақ балмұздақты дайындауға арналған цехтарда, кондитерлік цехтарда бактерицидты шам орнатылуы тиіс.

Өндірістік цехтарда сынатын заттарды, айналарды, бөлмеде өсетін өсімдіктерді сақтауға болмайды. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс. Өндірістік цехтарда жуғыш және зарарсыздандыру заттарымен күнде тазалау жұмыстары жүргізіледі. Әр келушіден кейін тамақтанатын үстелді тазалау қажет.

Күрделі тазалау мен зарарсыздандыру жұмыстары айына бір реттен кем жүргізілмеуі тиіс.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарында жәндіктер мен кеміргіштердің болуына рұқсат етілмейді.

Дератизациялау және дезинсекциялау шараларын, аталған қызмет түрін лицензиясы бар ұйымдар жүргізе алады.

Құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға және тамақты қаптап-ораушы заттарға қойылатын талаптар.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарында қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес материалды-техникалық жабдықтау заттарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Технологиялық құрал-жабдықтар, керекті мүліктерге, ыдыстар және өнім салынатын ыдыстар белгіленген тәртіпте мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің рұқсат еткен материалдарынан жасалады.

Технологиялық жабдықтарды ластануына қарай және жұмыс аяқталғаннан кейін жуады. Өндірістік үстелдерді жұмыстың аяғында жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуып, ыстық сумен шайып, сүртеді.

Жұмысқа керекті өңдеу мүліктері әр цехқа бөлініп беріледі де, арнайы белгілермен белгіленеді.

Турайтын тақталар мен пышақтар өңделетін азық-түлікке сай белгіленеді: «ШЕ» - шикі ет, «ШБ» - шикі балық, «ШК» - шикі көкөністер, «ПЕ» - піскен ет, «ПБ» - піскен балық, «ПК» - піскен көкөністер, «ЕГ» - ет гастрономиясы, «Көктер», «АК» - ашытылған көкөністер, «Майшабақтар», «Н» - нан, «БГ» - балық гастрономиясы.

Әр технологиялық операциялардан кейін турайтын мүліктерді механикалық жолмен тазалайды, ыстық суға жуғыш заттарды қосып жуады, ыстық ағынды сумен шаяды. Керек-жарақ мүліктерін арнайы бөлінген орындарда сақтайды.

Ет шабуға арналған діңгекті айқастырмаға немесе арнайы тұғырыққа орналастырады, күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін үсті пышақпен тазаланып, оған тұз себіледі. Діңгектің үстін уақытылы аралап және сүргілеп отырған жөн.

Піскен тамақты дайындау және сақтау үшін таттанбайтын болаттан жасалған ыдыстар қолданылуы тиіс. Алюминийден және дюралюминийден жасалған ыдыстарды тек тамақ дайындағанда және тамақты аз уақытқа (бір сағаттан аспауы тиіс) сақтау үшін қолданады. Жарықшағы бар, шеті ұрылған, қалпы бұзылған, эмалі зақымдалған ыдыстарды қолдануға болмайды.

Ас бөлмелік ыдыстарды екі секциялық ванналарда мынандай тәртіпте жуады: тамақтың қалдықтарын механикалық жолмен тазалау; температурасы 400С-ден төмен емес суға жуғыш заттарды қосып шөткемен жуу; температурасы 650С-ден төмен емес ағын сумен шаю; еденнен 0,5м биіктікте тұрған тор көзді сөрелерде немесе стеллаждарда төңкерілген күйде кептіріледі.

Жұмыс күнінің аяғында барлық асханалық, шайға арналған ыдыстарды, құралдарды және кружкаларды, стакандарды, бокалдарды белгіленген тәртіпте рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттармен зарарсыздандырады.

Таза асханалық ыдыстарды шкафтарда немесе тор көздердің үстінде сақтайды. Таза асханалық құралдарды залдағы арнайы жәшік-кассеталарда, сабын жоғары қаратып сақтайды. Оларды подноста, шашылған күйінде сақтауға болмайды. Асханалық құралдарға арналған кассеталарды күнде жуып және кептіріп отырған жөн.

Келушілерге арналған подностар әрбір пайдаланғаннан кейін сүртіліп отырылуы тиіс. Ластанған және зақымдалған ыдыс тастағыштарды қолдануға болмайды.

Ыдыстарды жууға арналған шөткелерді жұмыс ақталғаннан кейін тазалайды да температурасы 450С-дегі жуғыш заттар қосылған ыстық суға батырып қойып, зарарсыздандырады , ағын сумен шаяды, содан соң кептіріп, арнайы бөлінген орында сақтайды.

Жуатын бөлімшелерде ыдыстарды және керек-жарақ жиһаздарды тазалау барысында қолданылатын, жуатын және зарарсыздандырғыш заттардың көлемі мен қанықпасының мөлшері белгіленген жуу ережелері туралы нұсқау ілінеді.

4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 29

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Қоғамдық тамақтану орындарына қандай талаптар қойылады?

2. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар қандай?

3. Бөлмелердің құрылымы мен мазмұнына қандай талаптар қойылады?

4. Құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға және тамақты қаптап-ораушы заттарға қойылатын талаптар қандай?

5. Ас үйдегі ыдыс аяқтар қалай жуылады?

6. Шыны ыдыстар мен ас үй жабдықтары қалай жуылады?

3


1) Тақырыбы: Азық – түлік саудасының ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.

2) Мақсаты: Азық – түлік сауда нысандарының жер телімдеріне, жоспарлануына, қондырғылары мен құрылымына қойылатын талаптармен, тағамдық азық – түліктерді қабылдау мен сақтауға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптармен таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Азық – түлік сауда нысандарының жер телімдеріне қойылатын талаптар

Жеке немесе ғимараттарға жалғастырып салынатын азық – түлік сауда нысандарының құрылысы мен қайта жөндеу, іске қосу жоба құжаттарын бекіту санитарлық – эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүргізіледі.

Оларға келетін жолдар мен тротуарлар, азық түліктерді түсіретін алаңдар асфальтталынып, жауын және еріген қар сулары үшін еңкіш болғаны жөн.

Азық – түлік сауда нысандарының аумағында тазалау жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі, жылы мезгілде аумақты жуады (күніне 2 реттен кем емес), ал қыс кезінде мұз бен қардан жүйелі түрде тазартып, мұздақ жолдарға құм себіледі.



Азық – түлік сауда нысандарының жоспарлануына, қондырғылары мен құрылымдарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына:



    1. шыны ыдыстарды қабылдау пунктін, ауданы 1000 м2-ден асатын дүкендерді;

    2. арнайы көкөніс және балық дүкендерін орналастыруға болмайды.

Ғимараттарға жалғастырып салынған азық – түлік сауда нысандары сол жерде тұратын адамдардың өмір сүруіне, демалуына, еңбек етуіне кері әсерін тигізбеуі қажет.

Барлық бөлмелерді шикізат, дайын тағамдық азық – түліктер, қызметкерлер мен келушілердің ағынын ескере отырып орналастыру қажет.

Бөлменің әрбір тобын жеке блоктарға біріктірген жөн: жүкті түсіру, қойма, азық- түлікті сатуға дайындау бөлмесі, әкімшілік-тұрмыстық, қосалқы, сату бөлмелері. Жүкті түсіру, қойма, азық – түлікті сатуға дайындау бөлмесі, сату залы бір-бірімен технологиялық байланыста болғаны жөн.

Көкөніс пен нанды қабылдау үшін жеке есік немесе қоймадан люк қарастырылады.

Тауарды:


    1. тұрғын үйлердің бір шетінен терезесі жоқ жағынан;

    2. жер асты туннельдері арқылы;

    3. егер арнайы жүк түсіретін алаң болса, магистральды көше жақтан қабылдауға болады.

Тауарды тұрғын үйлердің ауласы жағынан тиеуге рұқсат етілмейді. Егер дүкен тұрғын үйлерге жалғастыра салынса, аумағы бір – үш сатушының жұмыс орнына 50м2-ден аспаса, тауарды кірер есік арқылы дүкеннің жұмысы басталардан бұрын немесе үзіліс кезінде тасымалдауға болады.

Азық – түлік дүкендерінде тағамдық азық – түліктерді сатуға дайындау үшін оқшауланған және арнайы жабдықталған бөлмелер болуы тиіс: ет шабатын бөлме, гастрономиялық және сүт – май өнімдерін, балықты, көкөністі сатуға арналған бөлмелер жүкті тиейтін және сататын жерлерге максимальды жақын болғаны жөн, оларды адамдар жүретін жерлерге орналастыруға болмайды.

Ауданы 50м2-ге дейінгі (бір – үш жұмыс орны) дүкендер төмендегідей аудандағы бөлмелердің минимальды жиынтығымен қамтамасыз етіледі.


  1. сату залы – 15м2;

  2. тауарларды сатуға дайындайтын қойма учаскесімен бірге - 8м2;

  3. қызметкерлердің (меңгерушінің) бөлмесі - 6м2;

  4. санитарлық торап – 1,5м2 (кәріз жүйесі жоқ немесе жартылай кәріз жүйесі бар жерлерде аулада орналастырылады).

Егер қойманың ауданы - 10м2-ден кем болмаса, тұрмыстық бөлмені қоймамен біріктіруге болады. Егер дүкенде ет тұтас ұшамен, жартылай ұшамен немесе ұшаның төрттен бір бөлігімен сатылса, ауданы 10м2-ден кем емес қол жуатын раковинасы мен қосымша тоңазытқышы бар ет шабатын бөлме қарастырылады. Жаңа ауланған балық пен балық өнімдерін сақтау үшін бөлек тоңазытқыш болғаны жөн.

Тағамдық азық – түліктерді сатуға дайындау мен сақтау үшін салқындатқыш камераларды себезгінің, дәретхана мен қол жуатын орнының астыңғы қабатына орналастыруға болмайды.

Азық – түліктерді түнде қабылдау үшін оларды қабылдауға және сақтауға оқшау бөлме құрастырған жөн. Тез бұзылатын тағамдық азық – түліктер үшін салқындатқыш камералар қарастырылады. Тұрғын үйлерге жалғастыра салынған азық – түлікті сататын нысандарға түнде тағамдық азықтарды әкелуге тиым салынады.

Тез бұзылатын азық-түліктерді сататын бөлімнің қабырғасын 2м биіктікке дейін глазурленген тақтайшалармен қаптау қажет. Салқындатқыш камера тұрған қабырғаны глазурленген тақтайшамен толығымен қаптайды. Шыны тақтайшаны тек қана себезгі мен дәретханада ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Азық – түлікті сататын нысандардың едені тегіс, сәл еңкіштеу және ылғалға төзімді, ылғал өткізбейтін материалдардан төселеді. Асфальтты тек жүкті түсіретін бөлмелерде ғана көліктерге арналған алаңдарға рұқсат етіледі.

Азық – түлікті сататын нысандардағы жұмысшы әйелдердің саны 50 немесе одан да көп болса, әйелдердің гигиеналық бөлмесі қарастырылады.

Киім шешетін, әйелдердің гигиена бөлмесі, себезгі, дәретханалардың қабырғасы биіктігі 2м-ге дейін жуғыш заттарды қолдана отырып ыстық сумен жууға төзімді материалдардан жасалады. Жоғарыдағы бөлмелер қабырғасының 2м-ден жоғарғы жағы, төбесі суға төзімді заттармен қапталады.

Тұрмыстық бөлмелерде санитарлық киім мен аяқ киімге арналған шкафтар болуы тиіс.

Санитарлық киімдерді, арнайы және үй киімдерін бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Азық – түлікті сататын нысандардың барлық бөлмелері таза болғаны жөн. Жұмыс соңында 0,5% жуғыш заттармен, содан соң ыстық сумен сату жабдықтары (таразы, сөре, жайма, бөлшектеп өлшейтін қондырғылар) мен бөлмелерге ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Аптасына бір рет ҚР қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен тыңғылықты тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Азық – түліктерді сататын нысандарда айына бір рет санитарлық күн ұйымдастырылады, онда жабдықтарды, керек – жарақтарды, ыдыстарды, бөлмені тазалап жуып, зарарсыздандырады.

Санитарлық күн азық – түлікті сататын нысандардың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі. Азық – түлікті сататын нысанның әкімшілігі санитарлық күннің болатынын алдын ала келушілерге хабарлауы қажет.

Азық – түлікті сататын нысандарда жәндіктер мен кеміргіштердің болуына рұқсат етілмейді. Сату және қойма бөлмелерінде жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізілуі қажет.Тұрмыстық бөлмелерді аусымда ең кемі 1 рет жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуып тазалайды. Дәретхананы жинауға арналған заттарға арнайы белгі қойып, басқа бөлмелерді жинауға арналған заттардан оқшау, арнайы бөлінген жерде сақтайды. Тағамдық азық – түліктерді қабылдайтын, сақтайтын және дайындайтын бөлмелерге бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Азық-түліктерді сататын нысандарға ағымды жөндеу жұмыстары (ақтау, сырлау) қажет болған жағдайда, бірақ жылына кем дегенде 1 рет азық – түлік нысандарын жұмысын тоқтату арқылы іске асырылады.



Азық – түліктерді қабылдау мен сақтауға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар

Тағамдық азық – түліктер мен шикізаттың әрбір түрі дайындаған мекеменің сапасы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін растайтын, ҚР заңды құжаттарымен белгіленген тәртіпке берілген, міндетті түрде сақтау температурасы мен соңғы сату мерзімі көрсетілген арнайы құжат болуы тиіс. Қораптың сыртындағы затбелгі (этикетка) тағамдық азық-түліктердің сату мерзімі аяқталғанға дейін сақталуы тиіс.

Азық – түліктерді сататын нысандарға келіп түскен тағамдық азық – түліктердің сапасын тавароведтер, қоймашылар, материалдық жауапты адамдар, меңгеруші мен мекеме директоры тексереді. Азық – түлікті қабылдау ең алдымен леспе құжатты, қораптың сапасын, азық- түліктердің леспе құжат пен белгіленуіне сәйкестігін тексеруден бастайды. Аса тез бұзылатын азық – түліктердің леспе құжаттарында өнімнің шығарылған күні мен сағаты, сақтау температурасы мен сату мерзімінің соңғы уақыты көрсетіледі.

Азық – түліктердің ыдысы мен қорабы берік, таза, құрғақ, жағымсыз иіссіз және бүлінбеген болуы тиіс. Азық – түліктерді сақтау барысында тауар көршілестігі мен қоймада сақтау ережелері қатаң сақталуы тиіс. Өзіне тән иісі бар азық-түліктерді (сельд, дәмдеуіштер) осы иістерді қабылдайтын азық – түліктерден бөлек сақтаған жөн.

Тағамдық азық – түліктерді су және кәріз құбырларына, жылыту құралдарына жақын жерлерге, қоймадан тыс бөлмелерге, еденге жинауға болмайды, сонымен бірге бөлмелерде тұруға, азық – түліктерді сатумен байланыссыз жұмыс істеуге, қызмет көрсетуге болмайды.

Ет және сорпалық өнімдерді ветеринарлық белгі мен ветеринарлық бақылаудың қорытындысынан кейін ғана қабылдауға болады. Шартты түрде жарамды етті сатуға рұқсат етілмейді. Етті жартылай фабрикаттарды, сорпалық өнімдерді, мұздатылған және салқындатылған құс еттерін тасымалдаушының ыдысында сақтайды. Салқындатылған еттерді (ұша және жартылай ұшаны) іліп немесе сөрелерде сақтайды. Етті еденде сақтауға рұқсат етілмейді. Ішек – қарны алынбаған құс пен жабайы құсты, қауырсыны алынбаған жабайы құсты, қаз жұмыртқаларының әрбір партиясының құс шаруашылығының жұқпалы ауруларға бақуаттылығы туралы ветеринарлық куәлігі болмаса қабылдамайды. Жұмыртқаны пайдалануға дайын өнімдермен бірге, сатуға рұқсат етілмейді. Сүт өнімдерін лас ыдыстарда, қорабы бүлінген жағдайда қабылдауға, сақтауға рұқсат етілмейді.

Салқындатылған балықты тасымалдаушының ыдысында, мұздатылған балықты жәшікке қатарлап салып сақтайды. Тірі балықты аквариумда, жылдық жылы мезгілінде 24 сағаттан артық емес, салқын мезгілінде 48 сағаттан артық емес, температурасы +100С таза суда сақтайды.

Нан және нан – тоқаш өнімдерін қабырғаға таяу бірінің үстіне бірін қойып, ыдыспен еденде, еденнен 35 см-ден жақын қашықтықта сөрелерде сақтауға болмайды.

Белгіленген уақытта сатылмаған кремдік кондитерлік өнімдер сату мерзімі аяқталған соң 24 сағаттың ішінде қайта қайтарылуы тиіс. Механикалық зақымданған өнімнің органикалық қасиетінде өзгерістер және бөгде заттар болмаса қайтадан өңдеуге рұқсат етіледі.

Консервілерді сатуға жіберер алдында қойма меңгерушісі немесе товаровед оларды қарап шығады. Жеуге жарамсыз деп табылған консервінің әрбір партиясына жеуге жарамсыз банкалардың толық санын көрсетіп, акт толтырады. Жеуге жарамсыз деп табылған банкаларды ерекше есепке алып, бөлек бөлмеде сақтайды. Жеуге жарамсыз банкалармен не істеу қажеттігі туралы сұрақ шешімін тапқанша оның сақталуына азық – түлікті сату нысанының басшылығы жауапты. Сусымалы азық-түліктерді құрғақ, таза, жақсы желдетілетін, қойма зиянкестері жоқ, салыстырмалы ылғалдығы 75% көп емес бөлмеде сақтайды. Сусымалы азық – түліктерді қаптарда сақтап, қабырғадан 50 см алшақ сөрелерде бірінің үстіне бірін қойып жинайды, әрбір қатардың арасы кем дегенде 75 см болуы қажет.

Көкөністер мен жемістерді табиғи жарығы жоқ, температурасы +80С+100С, ылғалдығы 65% артық емес арнайы желдетілетін қоймаларда сақтайды. Көкөністер мен жемістерді сақтайтын қоймалар үрмелі – сормалы желдету жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Мұздатылған көкөністер мен жемістерді минус 180С температура мен 90-95% салыстырмалы ылғалдылықта 9-12 ай бойы сақтайды, ал минус 120С температурада 3-5 ай сақтайды. Көкөністер мен жемістерді сақтау үрдісінде оларды сұрыптап отырады.

Балаларға арналған құрғақ сүт қоспаларын оларды сақтауға жағдайы жасалмаған азық-түлікті сататын нысандарда қабылдауға, сақтауға және сатуға рұқсат етілмейді. Балаларға арналған құрғақ қоспаларды температурасы +100С-тан салыстырмалы ылғалдылығы 75%-тан арналған сүт қоспалары әрбір өнімге белгіленген уақытта сатылуы тиіс.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау