14
–Жинақталған ON-LINE жүйелер үшін көппараметрлі интеллектуалды
жиіліктік датчиктердің жұмыс алгоритмдері мен бағдарламаларын жобалау.
–Техногенді объектілерден өндірілетін, қоршаған ортаны ластаудың жеке
есебін жүргізетін жүйені жобалау.
–Жобалау нәтижелерінің эксперименталды апробациясы.
Жұмыстың негізгі болжамы ұсынылған көппараметрлі жиіліктік ФШД
мен бұлтты және мобильді технологиялар негізіндегі бағдарламалық
жабдықтарды пайдалана отырып, қоршаған ортаның күйін бақылау жән
мониторинг үдерістерінің өткізілу сапасын көтеру болып табылады.
Зерттеу нысаны көппараметрлі жиіліктік ФШД бар қоршаған ортаның
күйін бақылау және мониторинг жүйесі болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысын
жүргізу барысында зерттеу жұмысының міндеттері квалиметрияның
математикалық аппараты, қатты дене физикасы теориясы, математикалық
модельдеу әдістерін, жоспарлау теориясы және ғылыми танымның өзге
әдістері арқылы (өлшеу, салыстыру, талдау, синтездеу) шешілді. Алынған
ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар көпқызметті датчиктердің
эксперименталды үлгілерін тексеру арқылы расталды.
Зерттеудің теориялық негізін қоршаған орта күйі, қоршаған орта күйін
бақылау және мониторинг жүйелерінің өзекті мәселелерін зерттеген отандық,
жақын және алыс шетел ғалымдарының талдаулары мен тұжырымдары
құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
1. Қоршаған орта күйін бақылау жүйелерінің техникалық және
бағдарламалық құрылғыларының қазіргі жай-күйі мен дамуының талдауы мен
зерттеуі жүргізіліп, негізгі құраушылары анықталған.
2. Қоршаған орта күйін бақылау жүйелерінде қолданылатын физикалық
шамалар датчиктеріне қатысты техникалық талаптар жобаланған.
3. Физикалық шамалардың көппараметрлі интеллектуалды датчиктерінің
физико-математикалық моделдері жобаланған.
4. Көппараметрлі интеллектуалды датчиктердің сапасын көтерудің
құрылымдық және бағдарламалық әдістері зерттелген және талданған.
5. Көп параметрлі датчиктерді сынақтау және метрологиялық аттестаттау
әдістемесі жобаланды.
6. Табиғи және өнеркәсіптік объектілерді мониторингтеу жүйелерін іске
асыру әдістері мен міндеттерін талдау негізінде ҚО БМЖ ақпараттық және
бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымдары жобаланған.
Диссертациялық жұмыста қорғалатын қағидалар:
1. Қоршаған орта күйін бақылау және мониторинг жүйелері мен
техникалық құрылғылар кешендерінің қазіргі заманға жай күйі мен
дамуы жайлы зерттеулер нәтижелері.
2. Жинақталған ON-LINE қоршаған орта күйін бақылау және мониторинг
жүйелерінің элементтері, құрылу және қызмет ету принциптері.