Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет9/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134

тəсілдерді пайдалана отырып, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын 

шешу  құқығын  мойындады.  Əркімнің  тынығу  құқығы  бар.  Еңбек 

шарты  бойынша  жұмыс  істейтіндерге  заңмен  белгіленген  жұмыс 

уақытының  ұзақтығына,  демалыс  жəне  мереке  күндеріне,  жыл 

сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі. 

Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда 

жəне заңға сəйкес актілерде сипатталады. 

Еңбек  туралы  заңдар  жүйесінде  заң  шығарушы  актілердің 

маңызы  ерекше.  ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы  «Нормативтік 

құқықтық актілер туралы» заңына сəйкес заң шығарушы актілерге 

мыналар жатады: 

· Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар; 

· констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң 

күшіне ие жарлықтары; 

·  Қазақстан  Республикасының  кодекстері;  заңдар;  ҚР 

Президентінің заң күшіне ие жарлықтары; 

· 

Қазақстан 



Республикасы 

Президентінің 

нормативтік 

жарлықтары; 

· ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары; 

·  министрлердің  нормативтік  бұйрықтары;  мемлекеттік 

комитеттердің  нормативтік  қаулылары;  орталық  мемлекеттік 

органдардың нормативтік бұйрықтары жəне қаулылары; 

· мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері. 

Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары 

деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс. 

ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының жəне ҚР 

Орталық 

сайлау 


комиссиясының 

нормативтік 

қаулылары 

жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады. 

Заңның  өзге  заңға  сəйкес  актілерге  қарағанда  жоғары  күші 

болады. Бұл заңдылық қағидасының мəнінен де байқалады. Заңдар 

еңбекті  пайдалану  саласындағы  барлық  маңызды  қоғамдық 

қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек 

қабілеттігі мəселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды 

бекітеді, еңбек жағдайы, əлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты 

маңызды  мəселелерді  анықтайды.  Бұдан  өзге  қатынастардың 

барлығы заңға сəйкес актілермен реттеледі. 

Еңбек  құқығының  маңызды  қайнар  көздері  болып  Қазақстан 

Республикасының заңдары табылады. 



ҚР  Конституциясына  жəне  ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сəйкес заңдардың 

келесі түрлерін атап өтуге болады: 

1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін 

заңдар.  Олар  ҚР  Конституциясында (62-б. 3-т.)  белгіленген 

тəртіппен  қабылданады.  Мысалы:  мемлекеттік  қызметшілердің 

жасына  қойылатын  талапты  жойған    ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы  «ҚР 

Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы 

(33-б. 4-т.); 

2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР 

Конституциясында  осылай  танылған  жəне  Конституцияда 

белгіленген тəртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 

жылғы 16 қазандағы  «ҚР  мемлекеттік  тəуелсіздігі  туралы» 

конституциялық заңы; 

3) жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «ҚР 

еңбек туралы» заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «ҚР халқын 

жұмыспен қамту туралы» заңы жəне т.б. 

Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбек 

қатынастары саласындағы заңға сəйкес актілер де танылады. 

Заңға сəйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге 

де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл – ҚР Президентінің 

нормативтік  жарлықтары,  ҚР  Парламентінің  жəне  Үкіметінің 

нормативтік  қаулылары,  министрлердің  нормативтік  бұйрықтары, 

мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері. 

Заңға сəйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады: 

1)  заңға  сəйкес  нормативтік  актілер  заңдарға  қайшы  келмеуі 

жəне шегінен шықпауы тиіс; 

2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған. 

ҚР 

Конституциясының 62-бабына 



сəйкес, 

Парламент 

Республиканың  бүкіл  аумағында  міндетті  күші  бар  Қазақстан 

Республикасының  заңдары,  Парламенттің  қаулылары,  Сенат  пен 

Мəжілістің  қаулылары  түрінде  заң  актілерін  қабылдайды. 

Республиканың  заңдары  Республика  Президенті  қол  қойғаннан 

кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның 

Палаталарының  қаулылары  Конституцияға  қайшы  келмеуге  тиіс. 

Парламент  пен  оның  Палаталарының  қаулылары  заңдарға  қайшы 

келмеуі тиіс. 

Заңға  сəйкес  актілердің  қатарынан  ҚР  Президентінің 

нормативтік    жарлықтары  жоғары  заңды  күшке  ие.  Олар  ҚР 




Парламенті  мен  оның  Палаталарының  құзыретіне  кірмейтін 

мəселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 

жылғы 29 мамырдағы  «Мемлекеттік  жəне  еңбек  тəртібін  нығайту 

бойынша шұғыл шаралар туралы» жарлығы. 

Еңбек  туралы  нормативтік  құқықтық  актілердің  басым 

көпшілігін  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  нормативтік 

қаулылары құрайды. Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие. 

ҚР 


Конституциясының 69-бабына 

сəйкес 


Үкімет 

өз 


құзыретіндегі  мəселелер  бойынша  қаулы,  ал  Премьер-министр - 

өкімдер  шығарады.  Бұл  актілер  бүкіл  республика  аумағында 

міндетті сипатқа ие. 

Еңбек  құқығы  қайнар  көздерінің  арасында  Қазақстан 

Республикасының  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының  орны  ерекше.  Бұл 

акт  еңбек  құқығының  жүйесіне  кіретін  қоғамдық  қатынастардың 

бүкіл кешенін реттейді. 

Еңбек 

саласындағы 

маңызды 

заңдарға 

Қазақстан 

Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері ретінде жалпы 

сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек мəселелері бойынша 

маңызды заңдарға мыналар жатады: 



Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық 

деген  пайда  болып,  жұмыссыздардың  саны  көбейіп  келе  жатқан 

жағдайда  қабылданған  бұл  акт – біздің  республикамыздағы 

халықты  еңбекпен  қамтуға  бағытталған  алғашқы  заң.  Аталған  заң 

еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», 

«жұмыссыздың мəртебесі» сияқты түсініктерді анықтады, сонымен 

қатар,  мемлекеттік  органдардың  жұмыс  берушілермен  жəне 

жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді. 

Осы  заңға  сəйкес  еңбекпен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру 

органдары  да  жұмыс  істейді.  Қызметкерлер  еңбек  шартын 

бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі. 

Ұжымдық  шарттар  туралы  заң  кəсіпорын,  ұйым  деңгейінен  жоғары 

əлеуметтік-əріптестік қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, бұл заң ұжымдық 

шарт  жəне  оның  бекіту  тəртібін  реттейді  жəне  де  алғаш  рет  ұжымдық 

шарттарды  жəне  əлеуметтік-əріптестік  қатынастарды  бекіту  бойынша 

ұжымдық келіссөздерді жүргізудің тəртібін бекітті. 

Еңбекті  қорғау  туралы  заң  еңбекті  қорғау  саласындағы 

мемлекеттік  саясатты  бекітті.  Бұл  актінің  ережелері  жұмыс 

барысында  қызметкерлердің  өмір  жəне  денсаулық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету ережелерін реттейді. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау