1) еңбек заңнамасы актілерін қабылдауға осы сала
субъектілерінің өздері қатысады (қызметкерлер өз еңбек
ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне өзге де өкілдік органдар арқылы;
жұмыс берушілер локальдық нормаларды шығару кезінде жəне өз
өкілдері арқылы);
2) қайнар көздер жүйесіне еңбек құқығының біртұтастығын
жəне əр түрлілігін көрсететін жалпы (барлық қызметкерлер үшін)
жəне арнайы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін) еңбек
заңнамасы енеді;
3) еңбек құқығы қайнар көздерінің барлығы заңдарға жəне заңға
сəйкес актілерге бөлінеді. Заңдар, өз кезегінде, негізгі
(Конституция), өзге де конституциялық (Адам құқықтарының
жалпы декларациясы) жəне ағымдағы (мысалы, «ҚР мереке күндері
туралы» заң) деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен ҚР «Еңбек туралы» заңы Қазақстан
Республикасының аумағында жоғарғы күшке ие.
4) бұл жүйеде мамандандырылған органдардың (мысалы, ҚР
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі) актілері мен
еңбекті қорғауға, еңбек заңнамасына бақылау мен қадағалауды
жүзеге
асыратын
мамандандырылған
мемлекеттік
инспекциялардың
нормативтік
бұйрықтары,
ережелері,
нұсқаулықтары бар;
5) ҚР еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесіне, сонымен қатар,
Қазақстан Республикасы таныған еңбек мəселелері жөніндегі халықаралық-
құқықтық актілер жəне Қазақстан Республикасының өзге
мемлекеттермен əлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша бекіткен
халықаралық шарттары жатады. ҚР Конституциясында осы
халықаралық нормалардың ұлттық заңнамадан үстемдігі атап
көрсетілген.
Еңбек құқығының барлық қайнар көздерін бағыңыстылығы
бойынша заңдар мен заңға сəйкес актілер деп қана емес, олардың
əрекет ету ауқымы бойынша (республикалық, облыстық, қалалық,
салалық жарғылар, ережелер) жəне еңбек құқығының жүйесі, яғни,
институттар бойынша да бөлуге болады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 3-бабы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек
қатынастарын реттейді.
2. Егер Конституцияда, заңдарда жəне Қазақстан
Республикасының бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, осы Заңның күші Қазақстан Республикасының
аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге
жəне азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Қазақстан
Республикасының
аумағында
орналасқан,
құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығымен немесе
ішінара) шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып
табылатын
ұйымдардың
қызметкерлеріне
Қазақстан
Республикасының еңбек туралы заңдары қолданылады.
Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші. Еңбек
құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік
құқықтық актілер үшін олардың əрекет ету күшінің басталу жəне
аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің
тəжірибелік маңызы зор.
ҚР Конституциясының нормалары мен ережелері оны ресми
түрде жариялаған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылға 30
тамызда республикалық референдумда Конституцияны қабылдаған
күн Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп
саналады. ҚР Конституциясы күшіне енгенге дейін Қазақстан
Республикасының аумағында қолданыста болған заңдар мен өзге
де құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмейтін бөліктері
қолданылады. Конституция жəне оның жекелеген нормативтік
ережелері белгіленген тəртіп бойынша жаңа Конституция
қабылдағанға дейін немесе осы ережелерге өзгертулер мен
толықтырулар енгізетін конституциялық заң қабылдағанға дейін
қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Президентінің
жарлықтары жəне ҚР Үкіметінің қаулылары, егер осы актілердің
өзінде не олардың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім
көрсетілмесе, алғаш рет ресми түрде жариялаған күннен бастап
күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Мысалы, Қазақстан
Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңы 1999 жылғы 10
желтоқсанда қабылданды, ал «ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының
күшіне енуі туралы» арнайы заңның негізінде 2000 жылғы 1
қаңтардан бастап күшіне енді.
ҚР Парламентінің жəне оның Палаталарының қаулылары, егер
осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш
жарияланған күннен бастап, ал ҚР Конституциялық Кеңесінің
қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Орталық атқарушы жəне өзге де орталық мемлекеттік
органдардың нормативтік құқықтық актілері, егер осы актілердің
өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Дəл осындай
мерзімдер жергілікті өкілдік жəне атқарушы органдардың
нормативтік құқықтық актілерінің күшіне енуі үшін де белгіленген.
Нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену уақытының
маңызы өте зор, себебі, ол осы актілерде көзделген заңды
жауапкершіліктің туындау мерзімдерімен жəне осы актілердің кері
күші туралы мəселені шешумен байланысты. Жалпы ереже
бойынша нормативтік құқықтық актінің күші бұл акт күшіне
енгенге дейінгі қатынастарға таралмайды. Тек актінің өзінде
немесе осы актінің күшіне енуі туралы арнайы заңда нормативтік
құқықтық актінің не оның бөлігінің кері күші көзделсе ғана ол өзі
күшіне енгенге дейінгі қатынастарды реттеуде қолданылуы мүмкін.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің (ҚР Жоғарғы Сотының
жəне Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларын
есептемегенде) күшіне енуінің маңызды жағдайы болып олардың
ҚР Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі табылады.
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілердің
заңды күші болмайды.
Нормативтік құқықтық актінің күші тұрақты немесе уақытша
болуы мүмкін. Егер актінің өзінде немесе осы актінің күшіне енуі
туралы актіде өзге мерзім көзделмесе, нормативтік құқықтық
актінің күші тұрақты деп танылады. Əрекет ету күшінің уақытша
мерзімі бүкіл акт не оның жекелеген бөліктері (бөлігі) үшін
белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда еңбек туралы нормативтік
құқықтық актінің күші қандай мерзімге дейін сақталатыны міндетті
түрде көрсетіледі. Бұл мерзім өткеннен кейін нормативтік
құқықтық актіні қабылдаған орган актінің күшіне қатысты жаңа
мерзімді белгілеуі немесе оны тұрақты
деп тануы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген
түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде
мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су жəне
əуе кеңістігі танылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |