Ахметов А., Ахметова Г


ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет8/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134

3  Т А Р А У 

 

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

 

 

Еңбек  құқығының  қайнар  көздері – бұл  қай  органның  қандай 



мəселелерге  қатысты  қабылдағанына  байланысты  ерекшеленетін 

еңбек  заңнамасының  нормативтік  құқықтық  актілері.  В.Н.Уваров 

атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада 

еңбек  құқығының  нормаларына  бастама  беретін,  еңбек  туралы 

нормаларды  туындататын  жəне  олардың  мазмұны  анықталатын 

қасиеттен  тұрады,  сондықтан  еңбек  құқығының  қайнар  көздерін 2 

құрамдас  бөліктің:  еңбек  туралы  құқықтық  нормалардың 

материалдық  мазмұнының  жəне  нысанының  біртұтастығы  ретінде 

сипаттауға болады. 

Еңбек  құқығы  қайнар  көздерінің  материалдық  мазмұны  еңбек 

қатынастарымен байланысты. 

Еңбек  қатынастары  барысында  бірлескен  еңбек  жүзеге 

асырылған  кезде  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  экономикалық, 

саяси  жəне  əлеуметтік  қажеттіліктері,  олардың  мүдделері  қарама-

қайшы  болуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  оларды  реттеудің,  еңбек 

қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-

тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады. 

Еңбек  қатынастары  жүйесіндегі  бұл  нормаларды,  жүріс-тұрыс 

ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек 

құқығы  қайнар  көздерінің  түсінігі  мемлекеттік  органдардың 

құқықты  қалыптастыру,  оған  заңдар,  жарлықтар,  қаулылар  жəне 

өзге  нормативтік  құқықтық  актілер  нысанын  беру  жөніндегі 

тікелей  қызметімен  байланысты.  Бұл  жерде  біз  еңбек  құқығының 

қайнар  көздері  түсінігінің  формальды  немесе  заңды  мағынасын 

байқаймыз. 

Сонымен,  еңбек  құқығының  қайнар  көздері  ретінде 



мемлекеттің  құзыретті  органдарының  еңбек  жəне  өзге  де 

қоғамдық 

қатынастарды 

реттеу 

саласындағы 

құқық 

шығарушы  қызметінің  нəтижелерін  тануға  болады.  Басқаша 

айтар  болсақ,  еңбек  құқығының  қайнар  көздері – бұл 

жалданбалы  қызметкерлердің  еңбегін  пайдалану  жəне 

ұйымдастыру  жөніндегі  қатынастарды,  еңбек  нарығын 

реттейтін нормативтік құқықтық актілер. 


Еңбек  құқығының  қайнар  көздері  осы  саланың  нормаларынан 

тұрады  жəне  оларды  осы  нормаларды  қолдану  актісімен 

шатастыруға  болмайды.  Мысалы,  ҚР  «Еңбек  туралы»  заңы  еңбек 

құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар 

көзі,  ал  ұйым  басшысының  жұмыстан  босату  (немесе  қызметке 

қабылдау,  ауыстыру,  тəртіптік  жаза  тағайындау)  туралы  бұйрығы 

құқыққолдану актісі болып табылады. 

Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар 

көздер  жүйесін  құрайды,  мұнда  олар  өз  мəні,  бағыңыстылығы 

бойынша  ҚР  Конституциясынан,  еңбек  туралы  халықаралық-

құқықтық 

актілерден 

(Халықаралық 

еңбек 


ұйымының 

конвенциялары  жəне  ұсынысатыр,  БҰҰ-ның  актілері  жəне  өзге  де 

халықаралық 

шарттар) 

жəне 

республиканың 



басқа 

да 


міндеттемелерінен,  сонымен  қатар  ҚР  Конституциялық  Кеңесінің 

жəне  Жоғарғы  Сотының  нормативтік  қаулыларынан,  ҚР  «Еңбек 

туралы»  заңынан  жəне  өзге  де  заңға  сəйкес  актілерден  (ҚР 

Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне 

халықты  əлеуметтік  қорғау  министрлігінің  қаулылары,  өзге  де 

министрліктер  мен  ведомстволардың  нормативтік  бұйрықтарынан 

бастап,  тіпті,  локальдық  нормалардан  (белгілі  бір  ұйым 

қызметкерлеріне  арналған)  тұратын  ұжымдық  шарттардың 

нормативтік  бөліктеріне,  сонымен  қатар,  əлеуметтік-əріптестік 

келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды. 



Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері. 

В.Н.Уваров  атағандай,  нормативтік  құқықтық  актілер  екі  түрге 

бөлінеді: негізгі жəне туынды. 

Еңбек  заңнамасы  саласындағы  негізгі  нормативтік  құқықтық 

актілерге  ҚР  Конституциясы,  конституциялық  заңдар,  еңбек 

туралы  жекелеген  заңдар,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

нормативтік 

құқықтық 

жарлықтары, 

ҚР 


Үкіметінің, 

Конституциялық  Кеңесінің  жəне  Жоғарғы  Соттың  қаулылары, 

министрліктердің  жəне  өзге  де  орталық  мемлекеттік  органдар 

басшыларының  нормативтік  бұйрықтары,  еңбек  мəселелері 

жөніндегі  мемлекеттік  комитеттердің  жəне  өзге  де  орталық 

мемлекеттік  органдардың  нормативтік  қаулылары,  мəслихаттар 

мен  əкімдердің  еңбекті  ұйымдастырудың  жергілкті  мəселелері 

жөніндегі нормативтік шешімдері жатады. 

Еңбек  заңнамасы  саласындағы  туынды  нормативтік  құқықтық 

актілерге  əр  түрлі  ережелер,  нұсқаулар,  ұсыныстар  жəне  т.б. 




жатады.  Туынды  актілер  негізгі  нормативтік  құқықтық  актілердің 

негізінде  қабылданады  жəне  олармен  бірге  біртұтас  жүйені 

құрайды. 

ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы  № 213 «Нормативтік  құқықтық 

актілер  туралы»  заңының 4-бабына  сəйкес,  Конституцияны 

қоспағанда,  өзге  нормативтік-құкықтық  актілердің  заң  күшінің 

арақатынасы  мынадай  төмендей  беретін  деңгейлерге  сəйкес 

болады: 


Қазақстандық  құқықтың,  соның  ішінде,  еңбек  құқығының 

қайнар 


көздерінің 

арасында 

ерекше 

орынды 


Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы  иеленген.  Конституцияның  ең 

жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол 

тікелей  қолданылады.  Қазақстан  Республикасында  қабылданатын 

заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы 

келмеуі тиіс. 

Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады. 

1)  Конституция  заңдар  мен  заңға  сəйкес  актілерге  қарағанда 

артықшылық рөлге ие; 

2)  Конституция  тиісті  мемлекеттік  органдардың  заңдар  мен 

заңға сəйкес актілерді қабылдау тəртібін белгілейді. 

Басқаша  айтар  болсақ,  конституциялық  нормалар  заңдар  мен 

өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз 

болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы  Конституциясы 

ағымдағы  заңнама  үшін  негізгі  база,  құқықтың  басты  қайнар  көзі 

болып  табылады.  Ол  жалпы  құқық,  соның  ішінде,  еңбек 

құқығының  қайнар  көздеріне  қатысты  бірқатар  жаңа  ережелер 

бекітті.  ҚР  Конституциясы  адам  жəне  азаматтың  құқықтарын, 

бостандықтарын  жəне  міндеттерін,  заң  мен  сот  алдында  жұрттың 

бəрінің  теңдігін  заңнамалық  тұрғыда  бекітті.  Тегіне,  əлеуметтік, 

лауазымдық  жəне  мүліктік  жағдайына,  жынысына,  нəсіліне, 

ұлтына,  тіліне,  дінге  көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жеріне 

байланысты  немесе  кез  келген  өзге  жағдаяттар  бойынша  ешкімді 

ешқандай  кемсітуге  болмайды.  Конституция  əркімнің  еңбек  ету 

бостандығын, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз 

еңбекке  тыйымды  жəне  қауіпсіздік  пен  тазалық  талаптарына  сай 

еңбек  ету  құқығын;  еңбегі  үшін  нендей  бір  кемсітусіз  сыйақы 

алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығын 

жариялады.  Конституция  қызметкерлердің  заңмен  белгіленген 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау